Класстастар


      Класстастар

Оң жыл оқып бір сыныпта жүрген ек,

Сабақ үсті әзілдесіп күлген ек.

Жүрек сырын жеткізе алмай қыздарға,

Ғашықтықтың хатын жазған біздер ек.

                Қыз жүрегін жаулай алмай сол кезде,

Қыз сезімі жұмбақ болды біздерге.

Ғашықтыққа жетелеген құштарлық,

Қол жетпестей арман болды біздерге.

Ғашық көңіл ынтық болып сол кезде,

Картадағы суретке.

Көрсетіп ек қыздарға,

Қыз назары қымбат болып біздерге.

Бірі ұяң, бірі қиян болса-дағы,

Жеткізіп ек алып ұшқан жүректегі сезімді.

Ренжіттік те, жұбаттық та,

Күйзелттік те, қуанттық та қыздарды.

Сол сезімге оттай жанып тұрғанда,

Айтпап па едік біз мәңгілік біргеміз деп.

Сол сезімнің құшағында,

Сенсіз маған өмір жоқ деп.

Уақыт жылжып,

Жылдар өтіп білінбей.

Арман қуып кетпеп пе едік жан-жаққа,

Мектеппенен қоштасып.

Қонса-дағы басымызға бақ келіп,

Бақытты да іздеп кеттік басқадан.

Өткен күндер, бақытты кездер,

Оралмасын кім білген.

Күндер өтті, жылдар өтті,

Қайдасыңдар құрдастар, кластастар.

Жанымыз да, сырымыз да, жырымыз да бір еді,

Жүздесейік, сырласайық,   жастық шақты еске алып.

Қайран өткен жастық шақ,

Қайта оралмас бүгінде.

Сол кездегі бала сезім,

Есте қалған ең алғашқы махаббат.

Кеше ғана оқушы боп жүргендер,

Ақыл айтар аға боп жүр бүгінде.

Кеше ғана сезімге ұяң қыздарың,

Бүгіндері ақ жаулықты аналар.

Айтбек Әліпов Рымбекұлы

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу