Тіл ұстарту

Тасшы тас қалады,

Басшы басқарады.

 

Досшыл – дос табады,

Қасшыл – қас табады.

 

Төсшіл – төс қағады,

Асшыл – ас бағады.

 

Бәсшіл – бәстеседі,

Мәсшіл....

kz
Толық

Аңдардың төлдері

Ал, балалар, балалар,

Аңдардың біл төлдерін,

Еске сақтап, санап ал,

Бар ма, естіп, көргенің?

 

Арыстанның баласы –

Абдан екен тісі ірі.

Шөнжікті де....

Санамақтар
Толық

Аптаның балалары

Ал, кәнекей, санайық,

Балаларын Аптаның.

Орындарын табайық,

Сен де босқа жатпағын.

 

Ең үлкені - Дүйсенбі,

Барлығының басшысы.

Одан кейін....

Санамақтар
Толық

Оқытушының, мұғалімнің рейтинг картасы

Оқытушының рейтинг картасы

Психологиялық-педагогикалық білімі

оқыту процесінің психологиялық түйінін білуі
оқыту процесінің педагогикалық заңдылықтарын білуі
білім беру стандарты және оқыту ақпаратын талдаудың тәсілдерін меңгеруі
оқыту ақпаратын логикалық құрастырудың тәсілдерін меңгеруі
білімді локальдық, жүйелік және қызметтік дәрежеде бағалаудың тәсілдерін меңгеруі
пәнаралық байланысты талдаудың тәсілдерін меңгеруі
пән бойынша және пәнаралық білім беруде жүйелілікке қызығушылықты тудыруы
білім берудің мазмұынын кұрылымдандыру мен алгоритмдеуге тырысуы
кәсіби іс-әрекет объектісіне бағытталғаны

Презентациялар
Толық

Ыстық қой, шіркін туған жер!

Тарихқа көз жүгіртсек сонау ықылым заманнан сан ғасырлар бойы естіп өзімізбен бірге жасасып келе жатқан Шоқан Уалихановтың Қашқария сапары, «Орбұлақ» шайқасы, «Ұлы Жібек Жолы», VII ғасырдан астам уақыт тамырын тереңге жайған «Әулиеағаш», тұтастай ағаш арқылы Тянь-шань шыршасынан бірде-бір шегесіз қиюластырылған тарихи мешіті де еріксіз еске түседі. Дей тұрғанымен Қытаймен шекаралас жатқан бұл тұнған тарихқа толы өлкені біріміз білсек, біріміз біле бермейміз. Сондай-ақ бұл өлке «Желтоқсан» көтерілісінің батырлары Ләззат Асанова мен  Ербол Сыпатаевты, қазақ бейнелеу өнерінің дарабозы атанған Әбілхан Қастеев есімдерін дүниеге әкелген Алматы облысына қарасты Жазиралы Жаркент қаласы.

Тіпті атынан ат үркитін, атағы айғайлап тұрған адамның да қарадан бастап ханға дейін айналып келер, табан тірейтін мекені Туған жері бар емес пе? Иә, бұл менің Туған Жерім қазақылықтың қаймағы бұзылмаған орта саналатын Жазиралы Жаркентім. Осы орайда Алаш қайраткері Жүсіпбек Аймауытов атамыздың: «Туған жердің....

Шығармалар
Толық

Мен өз Отанымды мақтан тұтамын

Туған жер... Туған ел... Осы екі ғана сөзде қаншама мағына, қаншама ой жатыр десеңізші?! Туған жердің қадірін әр адам әрқалай түсінетін шығар. Ал мен үшін туған жер қадірі дүниедегі ең ұлы деген нәрсемен пара-пар. Себебі, ол – менің әлпештеген анам, аялап өсірген әкем, туған-туысым, аға-әпкелерім, білімге ұмтылу жолындағы тай-құлындай тебіскен жора-жолдастарым дүниеге келген жер. Менің Туған жерім, Отаным – кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат әрі киелі  Қарасу жері. Осы мекенде менің көңілді де шаттыққа толы, уайымсыз да бейкүнә балалық шағым өтті. Қызыққа толы...

Шығармалар
Толық

Туған жер — тұғырың

«Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» деген сөз бар. Расында осы бір туған жер сөзінің астарында  оттан да ыстық Отан, Атамекен, кіндік қаным тамған жер деген ұғымдар астасып кетеді. Ал Отанды қазақ анасына теңеп, тіпті Отан ана дейді. Осыдан-ақ бұл түсініктің қазақ үшін киелі екенін аңғару қиын емес. Жаугершілікті көп көріп, «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама», ашаршылық, тәркілеу, репрессия, Ұлы Отан соғысы сияқты толып жатқан тарихи кезеңдердің нәубеттерін бастан өткізген халқымыз бізге осындай алпауыт жерді мұра етіп қалдырды. Сондықтан бүгінгі және келер ұрпақ алдында үлкен міндет — туған жерімізді көздің қарашығындай сақтап, оны өркендету көркейту тұр.  Осы бір...

Шығармалар
Толық

Адамзаттың бәрі де туған жерін сүйіп өткен

Қымбат сөз, ұғынған жанға!
Дүние есігін шырылдап қаққаннан сізге таза ауасын,мөлдір бұлағын,жасыл жайлауын,бұлттармен таласқан асқар тауларын,құнарлы ,жұмсақ жерін,шырынды жемісі мен ырысы мен асын сыйлаған мекен. Ақындардың сөзмоншағы,күйшілердің күмбірі,суретшілердің бейнелеуі туған жеріне деген сезімін жүректен жүрекке еш қиындықсыз жеткізіп отырған.Саналы адамзаттың бәрі де туған жерін сүйіп оған тым болмаса жылы лебізін мен жақсы тілегін арнаған.
Туған жер жайлы ойлап отырып бала күнгі....

Шығармалар
Толық

Туған жерім - Түркістан

2002 жыл еді... Ауа-райы жайдарлы,өте керемет, күн шуағына бөленіп гүлдер өсіп, барлық тірі жанды денелердің бәрі жер бетіне шығып, кереметтей көктем мезгілі басталған уақыт еді. Қазақ халқының «Жаңа жылын», күн мен түннің теңесетін күнін көру үшін он жетінші наурыз күні дүние есігін аштым.
Кішкентай кезімнен өсіп- өнген жерім қазіргі Түркістан облысы, Түркістан қаласы. Мен үшін Түркістан қаласы жылдың қай мезгілі болмасын өте қатты ыстық. Өйткені бұл жерде ата-анам, мектебім....

Шығармалар
Толық