Аптаның балалары


Ал, кәнекей, санайық,

Балаларын Аптаның.

Орындарын табайық,

Сен де босқа жатпағын.

 

Ең үлкені - Дүйсенбі,

Барлығының басшысы.

Одан кейін Сейсенбі,

Дүйсенбіден жас кіші.

 

Үшіншісі Сәрсенбі,

Ішіндегі сәттісі.

Бел ортада Бейсенбі,

Балалардың нақ күші.

 

Жұма – ұлдың ұлысы,

Бар мұсылман сыйынған.

Сенбі бөлек ұлы ісі,                     

Бойына күш жиылған.

 

Кенже туған баласы –

Жексенбі ғой жігерлі.

Қанша бала санашы,

Атауларын біл енді!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу

Ілмектер: балалар, апта, санамақ