Тіл ұстарту


КІМ, НЕ ІСТЕЙДІ?

 

Тасшы тас қалады,

Басшы басқарады.

 

Досшыл – дос табады,

Қасшыл – қас табады.

 

Төсшіл – төс қағады,

Асшыл – ас бағады.

 

Бәсшіл – бәстеседі,

Мәсшіл – мәс теседі.

 

Есшіл – естеседі,

Бесшіл – беске өседі.

 

Сесшіл – сескенеді,

Десшіл – бек келеді.

 

                                    С мен Ш

 

Сергітейік  сананы,

Сырғанатып шананы.

Таудың соққан самалы,

Соқпай тұр-ау, шамалы.

Көл жағасын сағала,

Көлде көп қой  шағала.

Тәтті қант та, секер –

Қайнатылған шекер.

Мынау күшік сабалақ,

Көп үретін – шабалақ.

Көп баққан-ау сиырды,

Топайды атып, шиырды.

Ұлы біздің Сәкен де,

Ұлы және Шәкен де!

Ғажап судың сырылы,

Құстың әйбат шырылы.

Өмір-өзен сағасы –

Адам, бала-шағасы!

Көк құрақта сабақ,

Көк теңізде шабақ.

 

Р мен Л

 

Оқы, үйрен, біл,

Санның басы – бір.

Кішкентаймыз әлі,

Жаттығамыз әрі.

Қандай тәтті бал,

Дәрумені бар.

Жылы үйде қал,

Тыста суық қар.

Әдемі екен тал,

Өскен жері тар.

Еңбек бәрі – бұл,

Көңіл соған бұр!

 

 Н мен Ң

 

«Н» деген – басқа әріп,

«Ң» да бар басқалық.       

Қатені байқайық,

Дұрыстап айтайық.

Ал, кәне, бастайық,

Абдырап, саспайық.

Ын-ын-ын, ын-ын-ын,

Ың-ың-ың, ың-ың-ың.

Сен-сен-сен, сең-сең-сең,

             Мен-мен-мен, мең-мең-мең

Бас қадам он-оннан,

Іс болсын оң-оңнан!

Кигенге тон қалың,

Сүйменге тоң қалың.

Айтқаның шын болсын,

Шыққаның шың болсын!

Жақсы жұрт қайынды,

Жақсы тал қайыңды.

Өзгенің білгенін,

Жақсы ғой білгенің!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Пікірлер 1
  1. Оқырман Нұрасыл
    1 + 0 -
    Керемет формалары дайын?
    [cmxgiven_youtube][cmxvalue_youtube][/cmxgiven_youtube] [cmxgiven_gallery][cmxvalue_gallery][/cmxgiven_gallery]

Ілмектер: тіл ұстарту, тіл