Әдебиет | Көркем шығарманың тілі

Курстық жұмыстың өзектілігі. Халқымыз бала тәрбиесіне қашанда ерекше мән берген, өйткені бала біздін болашағымыз, өміріміздің жалғасы. Сондықтан бүгінгі таңда да балаларлы қорғау - әлеуметтік мәні зор халықтық іс болып табылады. Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау, оларды тәуелсіз мемлекетіміздің білімді, білікті, мадениетті азаматы етіп тәрбиелеу барысында жасалып жатқан тың жұмыстар, өмірімізге еніп жатқан жаңалықтар осыны дәлелдейді.
"Бала тәрбиесі — бесіктен басталады"— деген ұлы қағидаға сүйенсек, 1,5 – 6 жас аралығындағы сәбилерге білім және тәрбие беретін мекемелердің орны да маңызды да ерекше.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің халыққа арналған «ЖАҢА ӘЛЕМДЕГІ ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН» атты Жолдауының «Тоғызыншы бағытында – Жоғарғы технологияларды енгізуге және инновацияларды қолдауға бағытталған біртұтас мемлекеттік стратегия жүргізу жүйесін өте мұқият зерделеген жөн » деп атап көрсетті.
Тіл-адамзат қоғамында қатынас, сөйлесіп пікір алысудың құралы ретінде қызмет атқаратын құбылыс. Тіл мен қоғам өзара тығыз байланысты, біріншіден, тілсіз ешбір қоғам өмір сүре алмайды. «Тілсіз ұлт құрымақ». Тіл адамзат қоғамының өмір сүруінің қажетті шарты. Екіншіден, тіл қоғам бар жерде ғана өмір сүреді. Қоғам — тілдіқ өмір Сүруінің шарты. Қоғамның өмір сүруі үшін, тіл қаншалықты қажет болса, тілдіқ дамып, әрбір халык өз тілінде асыл армандары мен әсем жан дүниесін, барша жақсылық атаулыға құрметін, адамзат бақытына кесір келтіретіндерге лағнетін бейнелеген. Тіл — оны жасаушы халықтың тарихы, шежіресі, бүкіл өмірінің жанғырығы мен ізі: арманы мен алдағы үміті, қайғысы мен қуанышы, күллі рухани өмірінің үні естіліп тұрады. М.Жұмабаев тілдің осы бір қасиеттері жайында....
Курстық жұмыстар
Толық

Қазақ әдебиеті | Бастауыш сыныпта көркем шығарманың оқушылардың қалыптастыруына ықпалы

Кіріспе
Туған тіліміздің мемлекеттік мәртебеге ие болуы мектеп, оның мұғалімі, жалпы білім беру жүйесіне де игі әсерін тигізіп, білім мазмұнын, оқыту әдістемесін жетілдіру, бүкіл білім беру жүйесін қайта құру, ол үшін педагогикалық жаңаша ойлау, тың ізденістерге жол ашу сияқты көкейтесті мәселелер егеменді елімізде болып жатқан өзгерістер, ізгілендірілген қоғам құруға беталыс болды. Білім беру мектеп өміріндегі жаңалықтар мазмұны қай тұрғыда жүру керек деген сұрақтардың жауабы да ең алдымен демократияландыруды көздейді. Мектепті демократияландыру деген оның қоғамдық қажетін, соған қоса жеке адамдардың да сұраныс, талабын өтейтін дәрежеде еңбек ететін қоғамдық-мемлекеттік жүйе болуын білдіреді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Қазақ әдебиеті | Бастауыш сыныпта көркем шығарманың кейбір түрлерін оқытудың әдіс-тәсілдері

Зерттеудің өзектілігі: әлемдік саяси аренада Қазақстан Республикасының өзіндік салмағын пайымдау оның ұлттық білім жүйесінің жоғары дәрежеде дамуымен байланысты. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев ел халқына Жолдауында «Қазақтың ел болуы, ұлт тағдыры – оның келешек мектебінің қалай болып құрылуына тіреледі.» - деп атап көрсетті.
Егемендіктің тұғыры тұрақталып, мемлекеттің іргесін нығайту және қазіргі уақыттағы жаһандану жағдайында ұлттық бірегейлікті, тұтастықты сақтау, ұлттық сананың сарқылмауы, тіл мен ділдің баянды болуы үшін мектеп қабырғасында елжандылық тәрбие идеяларының санасына дарытуда әдебиеттің алатын орны ерекше.
Әдебиет сабағындағы ең басты жұмыстардың біріне оқушылардың көркем шығарманы қабылдауы, одан әсер алуы, көркем туындыны бүкіл бітім – болмысымен түсіне білулері жатады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Арман

Шіркін арман, қынабыңнан

Келесің мені суырып.

Жауабы қиын сұрағыңның

Қаламын кейде жығылып.
Тақпақтар
Толық

Жақыпбек Зəрипа Оралханқызы | Адам арманынан қалай адасады


Адам көп нəрсені армандайды. Бірақ нақты не нəрсені армандау керек екенін, арманы орындалуы үшін қандай жоспар құрып жүзеге асыру керектігін ойламайды. Кейде арманшыл адамдар өз арманы орындалатын арман ба, орындалмайтын арман ба деген ойдың түбінде қалып қойып жатады.

Арман деген - адамның қиялындағы нəрселеріне шынайы өмірде қол жеткізу үшін жасайтын əрекетінің жеңісі мен жемісі дер едім. Əрине, ол ойдағыдай жүзегі асып оң нəтижесін көрсетіп жатса ғана. Ал жүзеге аспаған жағдайда, ол адамның ең үлкен өкінішіне айналады. Мені мынадай сұрақ толғандырады. Жалпы адамдар не нəрсені армандауы керек? Адамдардың тұрмыс жағдайы жақсы, əлем жақсы болу үшін барлық адам арманшыл болуы керек пе? Адамдар неге армандарынан адасып жатады? Бұл сұрақтарға былай жауап іздедім.

Адамдар барлық нəрсені армандауға құқылы. Барлық түрін. Арман деген шексіз. Біреулер денсаулығының күшті болғанын, енді біреулер тұрмыстық жағдайының жақсы болғанын, тағы біреуі туыстарының бар болғанын, тағысы ұсақ-түйек нəрселерді армандап жатады. Машина, үй, ақша, атақ, мансап, билік сынды нəрселер. Жоғарыда айтылған үш арманды армандап отыруға болады. Оның орындалуы үшін түк істей алмайсың, жай ған армандап жүре бересің. Ал қалғандарына жетуі үшін өмірде дұрыс бағытты таңдап, дұрыс əрекет жасай білуі керек. Ал қазіргі таңда қалай. Адамдар армандайды, бірақ жүзеге асуы үшін іс-əрекет жасамайды. Жасайтындар аз-ақ дер едім. Адам бір нəрсені армандады ма, арманына жетпейінше тынбау əрекет етуі қажет. Ал орындалмайтынына көзін жеткізсе, ол арманынан бас тартқаны жөн. Ал қазір қалай? Армандаймыз, тым көп армандаймыз. Арманда емес, армандағанымызда шек жоқ. Біз тым көп нəрсені армандаймыз, оның орындалуы үшін еш нəрсе істемейміз. Уақыт өте келе басқа нəрсені армандауға көшемізде, ол да бұрынғы армандар сияқты қалып жаңасы пайда бола береді. Сөйтіп көп нəрсені армандап армандарымыздан шатасамыз.

FacebookTwitterGoogle+OdnoklassnikiMail.RuVKWhatsApp
.....
Әңгімелер
Толық

Әбдіжапар Арман | Ұлттың тілі

Тіл - сарқылмас қазына. Ұлт Көшбасшысы айтқандай, әр азамат өзінің ұлттық тілін, ұлттық құндылықтарын білуі тиіс. Тіл біздің болмысымыз, оның қатысуынсыз ештеңе болмайды. Жалпы қазақ халқы өзінің шешендігімен және даналығымен ерекшеленеді. Мақал-мәтелдердің мағынасына үңіліп карасаң үлкен даналықты байқайсың.

Тіл – ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы – оның ана тілі. Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды. Әр ұлттың басты тірегі. Елбасы Н.Ә. Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен жалғай отырып, «мемлекеттің ең басты дүниесі тек қана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы» деген болатын. «Ана тілін үйрену – ұлы іс, әркім өз ана тілінде сөйлеу керек. Ең жақсы тіл – ана тілі» - дейді Сәбит Мұқанов. Ана тілін жетік білу, таза сөйлеу мәдениеттіліктің белгісі. Тіл бар жерде – ел бар.

Елбасы «Қазақстан – 2050» Стратегиясында»: «Ұлттық мүддеге қызмет ету үшін әркім өзгені емес, алдымен өзін қамшылауы тиіс. Тағы да қайталап айтамын: Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін. Сонда ғана қазақ тілі барша қазақстандықтардың жаппай қолданыс тіліне айналады. Тілге деген көзқарас, шындап келгенде, елге деген көзқарас екені даусыз. Сондықтан оған бей-жай қарамайық. Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәніндегі мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, біз елімізді «Қазақ мемлекеті» деп айтатын боламыз»-деп атап өткен болатын. Міне, бүгінде мемлекеттік тілдің мәртебесі биіктей түсті. Елбасының БҰҰ мінберінде қазақша сөйлеуін ана тіліміздің халықаралық мінберге көтерілуі деп бағалаймыз. Бұл біздің көптен күткен мерейлі сәтіміз.

.....
Әңгімелер
Толық

Аш қасқырдың арманы

Шытынаған аяз. Қойлар жылы қорада бырт-бырт күйіс қайырып жатады. Сыртта маң төбеттер маңқ-маңқ үреді. Қорада күзет сақ. Аш қасқыр ауыл сыртын торуылдайды. Арлан бұл маңда қойдың барын сезеді. Сілекейі шұбырады. Сөйтіп ауылға жақын келеді. Мұны сезген төбет арс ете қалады. Қасқыр қаша жөнеледі. Жапан дала. Қасқыр әлдекімге мұң шаққандай, ұзақ ұлиды. Бірақ гулеген боранның гуілі одан басымырақ болады.
Бәрі тағы да жортуылға шығады. Таң атады. Ауылдан өрген қалың қой өріске беттейді. Қасқыр отардың алдын ториды. Сол кезде шопан атына қамшы басады да отардың алдыңғы жағына шығады.......
Ертегілер
Толық

Мамай батырдың арманы

Бұрынғы өткен заманда үш жігіт жолаушы жүріп, қоналқа ауылға жақындағанда, бір малшыға жолығып:
— Мына көрінген ауыл кімнің ауылы? – деп жөн сұрапты. Малшы:
— Мамай батырдың ауылы, – депті. Одан жүріп кетіп тағы бір малшыға жолығып:
— Мына ақ ауыл кімнің ауылы? – депті. Малшы:
— Мамай батырдың ауылы, – депті. Сонымен бұлар тоғыз ауылдың малшысынан сұрағанда, тоғызы да Мамай батырдың ауылы болыпты. Күн бата оныншы ауылға келіп, бірақ үйдің артына түсіп, бір жігіттен жөн сұрап:
— Бұл кімнің ауылы, қонуға бола ма? – депті.......
Ертегілер
Толық