Ертеде бір асқан мерген болыпты. Атқан оғынан жүгірген аң, ұшқан құс құтылмайды екен. Аңшы үстіне өзі атқан аңдардың терісін жамылып жүріпті. Сондықтан өзінің түр-түсі де алыстан қарағанда аң сияқты боп көрінеді екен. Бір күні мерген биік тауды сағалап келе жатса, иір мүйізі шаңырақтай иіліп, қожыр-қожыр жартастың үстінде тұрған құлжаға көзі түседі. Басқа арқарлар арғы беттегі шалғында жайылып жүреді. Мерген құлжаны атпақ болып, бір жалпақ тастың үстіне шығып, садағын кезей бергенде, өзін бір алып құс аспанға көтеріп ала жөнеледі. Мерген не де болса қапы қалмайын деп, алысып бағады. Бірақ қанша бұлқынса да онысынан ешбір пайда болмайды. Құрсаудай бүрген шымыр шеңгел қаңбақтай домалатып, қалықтап кете барады.......
Күндерде бір күн Сүлеймен патша: – Алтын, күміспен көмкерілген ақ ордаларда отыра-отыра жалықтым. Енді маған әдемі қырналған ақ сүйектен, кемігі жоқ қақ сүйектен, ылғи ғана бас сүйектен, сарғаймаған жас сүйектен сарай салынсын, – деп бұйырады. – Сарайдың бірінші қабаты әйелдердің, екінші қабаты еркектердің, үшінші қабаты құстардың бас сүйегінен қалансын!......
Ертеде Сапаһи деген кісінің теңдесі жоқ, өте сұлу әйелі болыпты. Әйелінің сұлулығы сонша бір көрген адам екінші көруге құмарланып, сол көргенін ауызбен айтып жеткізе алмайды екен. Ері Сапаһи әйелін өте жақсы көріп, әйелі үйде отырса үйде отырып, тысқа шықса әйелімен бірге тысқа шығып, қашан ұйқыға барғанша әйелінің бетіне қарап мөлиіп отырудан басқа тіршілік етпепті.
Сонымен бірнеше жылдар өткізіпті. Сапаһи басында жақсы ауқатты адам болса да, басқа әрекеті болмаған соң, ақыры кедейлене бастапты. Бара-бара тұрмысы тіпті нашарланып кеткен соң, бір күні әйелі отырып Сапаһиге:
— Қолдағы мал-мүлік, ақша таусылды, жұрт қатарлы істеп жүрген тіршілігіміз жоқ. Енді жанды қалай......
Қарапайымдылардың морфологиялық сипаттамасы. Жасуша құрылысы эукариоттық, бактериялар мен саңырауқұлақтарға қарағанда морфологиялық және функциональді құрылымдары күрделі. Қарапайымдылардың сыртынан эластикалық және ригидті пелликула қоршайды. . Қарапайымдылардың бірнеше ядросы болуы мүмкін......
Көктіңұлы Сапақ датқа, Сапақ датқа (би) Қалдарбекұлы 1814-1903 жылдар аралығында қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы Сыр өңірінде дүниге келіп,өзінің бойындағы табиғат берген ақыл-парасаттылығымен, тапқырлығымен, сөзге шешендігімен халқын өз соңына ерте білген Қоңырат тайпасы, Байлар-жандар руынан шыққан қазақ батырларының бірі. Көктіңұлы атану себебі, Қоңырат тайпасының 6-ата Көктіңұлы( Алғи, Байлар-Жандар, Құлшығаш, Тоқболат, Оразгелді, Қаракөсе ) руларынан шыққандықтан өз замандастары Көктіңұлы Сапақ датқа деп атаса керек. Сапақ датқа 19-ғасырдың екінші жартысында Қоқан хандығы, Бұхара әмірлігіне қарсы күрес жүргізіп елін, жерін, халқын басқыншылардан азат ету жолында тер, қан төккен ірі тұлға. Аты шулы Мырза би оқиғасы да осы Сапақ датқамен тығыз байланысты. Аш көз Қоқан бегі Мырза би мал орнына қазақ қыздарынан зекет алғанда Бадам өзенінің жағасында, Ордабасы тауының баурайында, Қотырбұлақ қасында тап осы Сапақ датқаның туған інісі Мұсабек батыр қол жинап Мырза бидің басын алған. Қоқан хандығының Сыр бойындағы өкілі Мырза бидің қазасына қатты ашуланған Қоқан ханы Сыр бойының қазақтарын (Қоңыраттарды) жазалуға жіберген әскерін тоқтатқан да осы Көктіңұлы Сапақ датқа мен жандар Қанай датқа болатын. Сапақ датқа жайлы атақты ақындар көптеп жазды.Мысалға:Майлы қожа,Мәделі қожа,Сыр ақыны Ергөбек,Құлыншақ,сыпра шежіреші Байғұт Хәрпіш,Жамбыл Жабаев,Молда Мұса,айтыскер ақын Талап Өскенбаев, ағартушы ұстаз Бауыржан Момышұлының ұстазы Тәңірберген Отарбаев,Нәмет Сүлейменов,сенатор Болат Жылқышиевтың әкесі Әбжапар Жылқышиев,Сары арқа шежірешсі Мәшһүр Жүсіп Көпеев сынды ақын-жазушылар өз еңбектерінде жазып, қалдырып отырды.Көкшетаудың тумасы жас шежіреші Шыңғыс Оразалының айтуынша Сапақ датқа Малайсары,Сырымбет батырдың қарындасын тоқалдыққа алған.,сол Малайсары мен Сырымбеттің қарындасынан туылғанСапақ датқа -ның ұрпақтары белгісіз себебтермен арқада қалып әлі күнге дейін Көкшетау обылысы Қызылту аудандарында тұрады делінген.Бұл жайында Сапақ датқа-ның оңтүстіктегі ұрпақтары біле бермейді. Майлықожа ақынның Тәнен датқаны сынауы. Сапақ датқа бірнеше жолдастарымен Тәнен датқаның ауылына қонаққа шығады.Жолшыбай Сапақ датқаМайлы қожаға жолығып қалады. Сонда Датқа: —Уа Қожеке Дастархан жағалайық,бізбен бірге жүр!— деп қолқалайды.Майлы қожа ақын өзінің асығыс екенін айтып ырзалықпен өз жөнімен кетеді. Майлы қожа бұл топтан тай шаптырым ұзағанда алдынан үш-төрт серігі бар Тәнен датқа жолаушылап ауылына қайтып келеді екен.Майлықожа ақынға ой келеді:«[[осы Тәнен датқа сөз таный ма екен?сынап көрейін !]]»—деп,сәлем—сауқаттан соң: —Уа ,Датқа ! Тура сенің шаңырағыңа жүрісі суыт бір топ аттылар барады!—дейді. Ойында ештеңе жоқ Тәнен датқа түрі өзгеріп: —Ой, пірім-ай! Олар кімдер болды екен? Ай ,Майлы !Ең болмаса кескін —келбетін айт!- дейді. Сонда Майлы қожа ақын: —Ай көзіме алғаш ілінген, Адам шошиды түрінен! Дөңгелек жүзді,дөң маңдай, Қасы менен қабағын, Ұрып-соғып қосқандай! Оң қолында қыран бүкіт, Қауқа сақалы ормандай! Оң шекесінде құс .....
Сапақ (Сопақ) би Әлімнің Төртқара руының Оразгелді тармағына жатады. Сапақ Сапай баласы шамамен 1774-1775 жылдарда өмірге келіп, Арал ауданында өз атымен аталатын «Сапақ» атты жерде 1859-1860 жылдары дүниеден өткен. Сапақ биде – Шөңкі, бейіс, Есенжол, Аманжол атты ұрпақ тараған. Сапақ биге сәлемдесуге келген інісі Жетеске: «Шырағым, бір-екі күн еру бол, осы Қарақұмда ағайын-туғандарым бар, бірге аралайық»,- депті. Елемес Жөненұлы қонақтарды күтіп алып, қонағасында сояр қойға бата сұрапты. Сапақты жасы үлкен болса да Жетеске қарап: «Жетес жаста болсаң да алыстан келген қонақ едің, осының .....
ЧЕРНОБЫЛЬ АПАТЫ, Украинадағы Чернобыль атом электр станциясында, 1986 ж. сәуір айында АЭС-тің 4-энергоблогында апат болды. Ч. а-ның нәтижесінде Украинаның елеулі аумағы мен Ресейдің Брянск және Калуга облыстарының аумағы радиоактивтік ластануға ұшырап, адамдар өміріне қауіп төнді. АЭС-тен радиусы 30 км. жерде тұратын халық басқа жерлерге көшірілді. 1986 жылдың қараша айына дейін апатқа ұшыраған блок залалсыздандырылып, оғашталды. Апатты залалсыздандыруға Қазақстан азаматтары да тартылды......
Сапалы білім беру үздіксіз ізденумен тығыз байланысты. Үздіксіз іздену-бүгінгі таңда ұстаздарға қойылып отырған басты талаптардың бірі. Барлық ізденімпаз мұғалім өз сабағында жаңаны көрсетуге, танытуға қажет. Әрбір мұғалім Л.Толстойдың: «...мұғалімнің өзі неғұрлым көп оқитын болса, әр сабақты жан-жақты.......