Ұйқыға жатардын алдын, төсектің үстінде отырып, екі аяқты созып, екі қолды дұғаға ашып, Ықылас, Фалақ, Нас сүрелерін оқып құрғақ түкіріп, содан соң бүкіл денемізді сүртіп шығамыз. Бұл тәсілді үш рет қайталап істеп шығу керек. Мұны Пайғамбарымыз (с.а.с.) әр күні кешкісін жатардан алдын істеп жүрген. Яғни, мұның қасиеті дем есебінде түрлі пәлекеттерден қорғап тұрады және бұл дұғаларды оқу пайдалы: «Бисмикәл-лаһуммаәмуту уә ах-йа». Осыдан соң төмендегі тәртібі тартылады....
Оба — ауыр түрде уланып, без түйіндері, өкпе және басқа мүшелері ерекше зақымданғаны білінетін жедел жұқпалы ауру. Ағымы ауыр, жоғарғы өлімді ауру, көп жерге таралу мақсатымен аса қауіпті аурулар тобына кіреді. Тарихы. Оба адамзатқа ерте заманнан қаһарлығымен белгілі, көп көлемді жерлерді ойрандатушылығымен танымал. Көп жерлерге таралуына байланысты миллиондаған адамдардың өмірлерін алып кетті. Тарихта 3 белгілі обаның пандемиясы (көп құрлықтарға тараған ауруды осылай атайды) болып өтті. Бірінші тарихқа "юстинианов обасы" (531-580ж.ж.) деп аталды. Ол Египетте басталып жақын Шығысқа, Африканың Солтүстігіне және Европа елдеріне енеді. Осы пандемияда 100 млнға жақын адам өлген. Екінші пандемия XIV ғасырда "қара өлім" аталды, 1334 жылы Қытайда басталып, кейіннен Иңдияны, Африканы және Европа елдерін қамтыған. Екінші пандемияда 50 млн.нан астам адамдар өлген. Сонда оба ауруы Ресейдің солтүстік -батысына, орталық және оңтүстік – шығыс облыстарына кірген. Обаның үшінші пандемиясының басталуы 1894 жылға жатады. Кантоне және Гонконгте ласталып 100 мыңнан астам адамдар өлген Соның 10 жылдары оба ауруы 87 порттағы қалаларға негізгі пароходтар жүретін барлық кұрлықтарға тараған. Ең адамы көп өлген Индия болыпты, өлген адамдары 12 млн-нан асқан. Оба ауруы Ресейдің Одесса қаласында 1901,1902 және 1910 жылдары болғаны байқалған. Обаның үшінші пандемиясы зерттеген ғалымдардың өте үлкен- жаңалық ашқандарымен танылды: қоздырғышын тапты, егеуқұйрықтың (крыса) жұқпалы ауруды үзбей жалғастырып отыратын маңызы дәлелденген. Орыс ғалымдары Д.С.Самойлович, Г.И.Минх, Н.Ф.Гамалея, Д.К.Заболотный, И.И.Мечников, Н.Н.Клодницкий, В.А.Хавкин и Д.А.Деминский оба ауруын зерттеп мың жылдық адамзаттың жауымен күресіп, батырлық еңбектерін тарихтың бетінде қалдырды. Қазақстанда 1926 жылы оба ауруы тышқандардың арасында көп тарағаннан кейін адамға да жұғып үлкен өріс алған. Эпизоотия түйелер мен қояндарға тарап екі айға созылған. Түйенің обасы кейінгі жылдары Индияда, Пакистанда, Индонезияда, Индоқытайда, Африканың экватория аймағында, Бразилияда, Перу және Аргентинада кездесіп тұрады. Егеуқұйрық арқылы обаның таралуы соңғы уақыттарда Азия, Африка, Америка, Франция, Испания, Италия порттық қалаларыңда болып жүр. Біздің Қазақстанда сирек кездеседі. Көбінесе Арал аумағының құмдарында, Қызылқұммен Мойынкұмдарда құмтышқанмен үлкен сұр тышқандардың арасында кездесіп, олардың денесінен оба қоздырғышы табылып тұрады. Осы жұмыстарды Арал, Ақтөбе, Оңүстік Қазақстан, Атырау обаға қарсы станциялары өз уақытысында анықтап оба ауруының қоздырғьшттарын табылған жерлерде қарсы көп жұмыстар жүргізеді Тышқаңдардың ініне түрлі улы заттар тастап, оларды өлтіреді. Алматыдағы Орта Азиялық обаға қарсы институтта тиянақты ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіледі.....
Егер холецистит ауруына шалдықсаңыз, күн сайын аш қарынға екі алмұрт жеу керек. Сонымен қатар кептірілген алмұрттан компот қайнатып ішуге болады. Бірақ қант қосудың қажеті жоқ.
Тамақтан кейін ішіңіз ауырса, құсқыңыз келсе, лимон шырынына жарты шай қасық ас содасын араластырып ішіңіз немесе сұлы жармасына (геркулес) 8 литр қайнаған су құйып, бір сағат бөлме температурасында қойып, тұтынуыңызға болады.
Сонымен бірге мынадай қоспа дайындаңыз: 1 қасық ашытқы, 2 шай қасық қант, 1 стақан су, 1 стақан ұн. Барлығын жақсылап араластырып, жылы жерге қойыңыз. Бірнеше сағаттан соң қоспаны сұлы жармасына қосып, тоңазытқышқа салу қажет. Дайын қоспаға сайын таңертең кілегей майын қосып жеңіз.
Бұл әдіс тек холецистит емес, гастрит, энтероколит, ойық жара ауруларына қарсы күресіп, алдын алуға көмектеседі. ......
Кіріспе Қазақстан Республиканың егемендік алуымен әлеуметтік мәселе жөнінен әр-түрлі туындай бастады. Осы мәселенің ішінде зейнетақымен қамтамасыз ету мәселесі алдынғы орынға шықты. өйткені зейнеткерлер қамқорлықты қорғауды қажет ететін тұлғалардың алдынғы қатарына жатады. 1990 жылдардың басты кезендерінде зейнеткерлерге зейнетақы төлемдері ретінде төлейтін қаражаттардың болмауы олардың әлеуметтік жағдайының нашарлауына әкелді. Зейнетақымен қамтамассыз ете алмау мәселесі келесі себептерге байланысты болды: 1 мемлекетте қарттардын көбеюі 2 зейнетақы жарналарын есепке ал ып отыратын арнайы үйымның болмауы. 3 өз бетімінен жүмыс істеп жатқан тұлғаларға деген бақылаудын болмауы 4 Бюджеттік емес қорлардың қолдануындағы бақылаудың болмауы 5 әрбір облыстын жағдайын есепке алмай жергілікті бюджеттен ақша төлеудің мүмкіндігінің болуы және т.б. 1998 жылдың 1 қантарынан бастап зейнетақы Республикасындағы зейнетақы мен қамтамассыз ету туралы заң жатыр.....
Кіріспе Қазақстан Республиканың егемендік алуымен әлеуметтік мәселе жөнінен әр-түрлі туындай бастады. Осы мәселенің ішінде зейнетақымен қамтамасыз ету мәселесі алдынғы орынға шықты. өйткені зейнеткерлер қамқорлықты қорғауды қажет ететін тұлғалардың алдынғы қатарына жатады. 1990 жылдардың басты кезендерінде зейнеткерлерге зейнетақы төлемдері ретінде төлейтін қаражаттардың болмауы олардың әлеуметтік жағдайының нашарлауына әкелді. Зейнетақымен қамтамассыз ете алмау мәселесі келесі себептерге байланысты болды: 1 мемлекетте қарттардын көбеюі 2 зейнетақы жарналарын есепке ал ып отыратын арнайы үйымның болмауы. 3 өз бетімінен жүмыс істеп жатқан тұлғаларға деген бақылаудын болмауы 4 Бюджеттік емес қорлардың қолдануындағы бақылаудың болмауы 5 әрбір облыстын жағдайын есепке алмай жергілікті бюджеттен ақша төлеудің мүмкіндігінің болуы және т.б. 1998 жылдың 1 қантарынан бастап зейнетақы нарығында күрделі өзгерістер пайда болуы негізінде 1997 жылдың 20 маусымында жарық көрген Қазакстан Республикасындағы зейнетақы мен қамтамассыз ету туралы заң жатыр. 1998 жылдын 1 қантарына дейінгі зейнетке шыққан тұлғалар және еңбек етуші тұлғалар, олар зейнетақы төлеу орталықтары арқылы зейнетақы алу мүмкіндігіне ие болды. ....
Бүгінгі қоғамызда Қазақстанның даму қарқыны жылдан-жылға екпінді серпін алып келе жатқаны өз елімізде ғана емес, әлемдік деңгейде ашық айтылып отыр. Бұл тарапта ел басымыз Н.Ә.Назарбаевтың биылғы жолдауында бәсекеге қабілетті озық елу елдің қатарына қосылу жайындағы стратегиялық міндетті нақты қоюының өзі де мемлекетіміздің қазіргі кезеңдегі қарым-қатынас қабілет мүмкіндігін жан-жақты елеп-екшеп, айқындағаннан туындап отыр. Әлемдік өркендеудің алдыңғы елулігіне ену киелі келешектің мағызды сатысы. Ал, басты мақсаттың одан биік болуы заңдылық. Межені бағындыру негізгі мақсатқа барынша жақындай түсу бағытындағы жұмыстар өміріміздің барлық саласында бірдей күнделікті атқарылып жатуы қажет. Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қылмысының сан-салалығы олардың күнделікті қылмысынан көрініс табуда. Оларды жаңа рухта, жаңа көзқараста тәрбиелеу қоғамының міндетінің бірі болып табылдаы. Жасөспірімдердің тағдыры мемлекетіміздің алдында, бүкіл қоғамының, мектеп, ата-ана, ұстаздардың келешек ұрпаққа білім беру, өз құқығын білуге үйрету, кері әрекеттерін алдын-алу қажет. Қазақстан ғалымдарының жалпы кәмелетке толмағандар қылмысының нақты материалдарға сүйене отырыпжазғанК.А.Бегалиев,К.А.Вайсберг,Ө.С.Жекебаев,С.Х.Жадбаев,Е.І.Қайыржанов,М.С.Нарықбаев,С.А.Шапинова және басқада көрнекті ғалымдар еңбектерінде баса көңіл бөлінген.Сонымен қатар белгілі педагогтар:А.С.Макаренко,А.В.Сухомлинский.т.б. ....
Қазақстан Республикасының Конституциясы Қазақстандағы жеке адамның құқығы мен бостандығын қамтамасыз ету үшін жеке адамға қол сұғылмайтындығына кепілдік беретін жүйені көздеген заң базасын құрды, ол қылмыстық сот өндірісі аясында қылмыс жасаған адамға да, қылмыстық әрекеттің құрбаны болған адамға да қатысты. Ата Заңымыздың 12-бабында: «Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі» - деп атап көрсетілген. Қазақстан Республикасы Конституциясының 13, 14, 16-баптарында әр азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауына, білікті заң көмегін алуға, заң мен сот алдында жұрттың бәрінің тең екендігіне, негізсіз қамауға алынудан, ұсталудан қорғануға, ұсталған, қамауға алынған немесе айыпталушы ретінде танылған сәттен бастап қорғаушының көмегін алуға құқылы екендігіне кепілдік белгіленген. ....
Зерттеу тақырыбының көкейкестілігі. Спортшыларда медицина саласын қолданудың негізгі мақсаты жас спортшының бойындағы ағзаның қасиеттерін сақтап қалу мен қатар, дене күшінің сапалық қасиеттерін дамытып жетілдіру. Сондай-ақ спорттық медицинаны білген пайдалы әрі ықпалы бар екендігін көрсету зерттеудің өзектілігін айқындай түседі. Спортшылардың мәселесіне спорттық медицинаны енгізе отырып бала денесінің жарақат алған жағдайдан кейін дұрыс қалыптасуына әсері бүгінгі күнгі өзекті тақырыптың бірі болып табылады. Спортта жарақат алған жағдайда медицинадағы емдік шаралардың жүргізілуінің маңызы зор. Бұрынырақ медицина саласы дамымағандықтан түрлі жарақаттардың асқынуының алды алу мүмкін болмаған, қазіргі таңда жаңа технологиялардың арқасында жарақаттарды толықтай емдеп шығуға мүмкіндік жетерлік. Сонымен, спорт саласында спорттық медицинаны енгізу, балалардың дене шынықтыру және спорт сабақтары мен сабақтан тыс жұмыстарына жүйелі қатысуларын бір-бірімен ұштастырып, былайша айтқанда, спортпен шұғылданатын балалардың ағзаға түскен ауырлығы бір қалыпта болады, жұмсалған күш тезірек қалпына келтіріледі және еңбекке деген сенімділік артады, осылайша дамыған тұлға болып тәрбиеленеді. ....
Бастауыш сынып оқушыларының үлгермеушілігінің алдын алу және жеңудің жолдары Отандық білім беру жүйесін реформалаудың заңнамалық тұжырымдамалық негіздері болатын Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы; Қазақстан Республикасының білім беруді 2010 жылға дейін дамытудың мемлекеттік бағдарламасында, Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамытудың тұжырымдамасында; Қазақстан Республикасының 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасында; Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында оқу-тәрбие процесінің сапасына, оның соңғы нәтижелеріне жаңа, күрделі талаптар қойылған. Өзгермелі әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүруге дайын ғана емес, айналасындағы шынайы өмірге белсенді қатысатының байқатып, оны жақсартуға ықпал ете алатын, бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру». Қазақстан қоғамының өзекті мәселелерінің бірі ретінде қарастырылады. Осыған байланысты жеке тұлғаға қойылатын мынадай талаптар алдыңғы қатарға шығады: креативтілік, белсенділік, төзімділік, әлеуметтілік, жауапкершілік, ой-өрісінің кеңдігі, жоғары кәсіби деңгейлі сауаттылық, танымдық әрекетке қызығушылығының басымдылығы. ....