Тақырыбы: 1 Қырқүйек - Білім күні (Менің балабақшам)
Мақсаты: Білім тұралы мағлұмат беру. Сөздік қорларын молайтып, тілдерін дамыту. Достыққа, бірлікке тәрбиелеу. Егеменді ел Қазақстан жайында толық мағлұмат беріп, ой - өрістерін дамыту. Өз отаның сүюге, қастерлеуге баулу. Өз еліне деген қызығушылықтарын арттыру. Билингвальдік компоненті: Отан - Родин, Тәуелсіздік - независимость, Білім - знание. Іс - әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс - әрекеті Жылулық шеңбері.
Армысың ба? Алтын күн! Армысың ба? Жер - Ана! Армысың ба? Достарым, Сендерді көрсем қуанамын......
Балабақша ауласы 1 - Қыркүйек - Білім күніне сай безендіріледі. Жеңіл музыка ырғағымен әр топтың балалары екі қатармен келіп, орындарына тұрады. Жүргізуші баларды мерекемен құттықтайды. Қастерлемес даңқын кім, Қадірлемес салтын кім? Әнұраны елімнің, Үні, Тілі халқымның! (Әнұран орындалады)
Жүргізуші: Сәлем, достар, балалар! Жаңа білім күніңмен! Білім - күні мереке, Ән салсам да әдемі. Туған тілім - береке, Сөз арнасам кәделі!...