Оңтүстiк Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайы 1920 жылы құрылған. 1977 жылы музей арнайы салынған жаңа ғимаратқа қоныс аударды. Облыстық мұражайдың 3 бөлiмшесi: Түркiстан қаласында С.Ерубаев атындағы әдеби-мәдени мұражай; Сайрам ауданында Сайрам тарихи-өлкетану мұражайы; Түлкiбас ауданында Тұрар Рысқұлов атындағы тарихи-өлкетану мұражайы және 1 секторы: Ескi Иқан ауылындағы Мiртемiр әдеби-мемориалдық мұражайы бар. Қазақстан Республикасы Президентi Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауына сәйкес жасалған 2004-2006 жылдарға арналған ортамерзiмдiк "Мәдени мұра" Бағдарламасының негiзгi бағыты мен мақсаттарын iске асыру барысында Оңтүстiк Қазақстан облыстық тарихи өлкетану музейi өлкемiздiң мәдени, тарихи және ғылыми құндылықтарын сақтау, музейлiк заттар арқылы мәлiметтердi жинақтап тарату, өскелең ұрпаққа ата-бабамыздан қалған мұралар жөнiнде тәлiм-тәрбие беру сондай-ақ халқымыздың материалдық ескерткiштерi мен рухани мәдениетiн зерттеп, көрнектерi мен көрмелерi арқылы жеткiзуде өзiнiң қоғамдағы әлеуметтiк мiндеттерiн яғни, ғылыми зерттеу, жинақтап iрiктеу, экспозициялық, әдiстемелiк, ғылыми-ағартушылық, экскурсиялық қызмет жұмыстарын уақыт талабына сай атқаруда. Оңтүстік Қазақстан облыстық саяси қуғын-сүргін құрбандары мұражайы Облыстық саяси қуғын-сүргін құрбандарының мұражайы 2001 жылы 2-қарашада Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл толуына орай облыс әкімшілігінің тікелей бастамасымен ашылды. 2002 жылдың 13-тамызында облыс әкімінің №284 қаулысымен «Оңтүстік Қазақстан облыстық саяси қуғын-сүргін құрбандарының мұражайы мемлекеттік коммуналдық - қазыналық кәсіпорыны» болып құрылды. ....
Сіздер дәл қазіргі уақытта Отбасы атты жаңа да жас мемлекеттің тең құқықты қожайынына айнала алдыңыздар. Осынау жолда өмір сіздерге қуанышы мен қызығын қатар ұсына отырып, қос жүректе бірдей лаулаған сезімдеріңіздің беріктігін де сынаққа салуды ұмытпайды. Сол сынақта сіздердің Махаббаттарыңыз Өмір теңізіндегі жұбайлар мінген бақыт кемесінің ұдайы желбірер желкеніне айнала берсін!
Ұлағатты ұл, ұяты бар қыз өсіре отырып, олардың бақытты болашағына қиял патшалығында сан рет, тіпті ұйқысыз түндерде ой жүгірткен қос ата-ананың көз алдында дәл қазіргі сәтте олардың өз перзенттерінің жүрек қалауымен қалап тіккен Ақ Отауы пайда болды. Бақытты жұбайлар, Бұл - сіздердің отауларыңыз. Сол отауларыңыздың шаңырағы сіздердің асқақ армандарыңыздың белгісіндей болып биіктей берсін, сол отауларыңыздың іргесі сіздердің селкеусіз сенімдеріңіздің көрінісіндей болып бекісін, көңіл......
Ойынға қажетті құрал: екі тұзақталып байланған ұзындығы 7-8 метр жіп немесе арқан.
Ойынның тәртібі:ойыншылар қарама-қарсы жаққа қарап жүрелеп отырады да, арқанның байланған ұшын мойнына салып, екі қолтықтың астынан өткізеді.
Төрешінің белгісі бойынша әр ойыншы қарсыласын өз жағына қарай тартуға тырысады. Белгілі межеге қарсыласын кім бұрын тартып жеткізсе, сол ұтқан болады.
Төтенше жағдай дегеніміз – табиғат немесе өндіріс апаттарының зардаптарын күнделікті қызметпен, қаражатпен жоюға мүмкіндік бермейтін, ол үшін әдейі материалдық, техникалық, ақша қаражатын және адам күшін талап ететін жағдай. Қазақстан мемлекетінің орналасқан жері – орасан зор, кең байтақ. Ол жерлерде табиғат апатының неше түрі: жер сілкіну, қар тасқыны, қатты жел, су тасқыны сияқты құбылыстар жиі болып жатады. Зілзала – бұл кенеттен пайда болатын, халықтың қалыпты тірлігін күрт бұзатын, материалдық құндылықтарды үлкен шығынға ұшырататын, сондай – ақ адамдар мен хайуанаттардың өлім – жітімі болатын табиғат құбылысы. Әрбір зілзаланың өзіне тән физикалық қасиеті, пайда болу себебі, қозғаушы күші, сипаты мен даму сатысы, қоршаған ортаға өзіндік ықпал ету ерекшелігі бар. Зілзала кез – келген мемлекет үшін үлкен ауыртпашылық, келтірер залалы мол төтенше оқиға. Қазақстан Республикасы аумағында мынадай зілзалалар болуы мүмкін: жер сілкінісі, сел, қар көшкіні, сырғыма, дауыл, су тасқыны, буырқасын, өрт. Дүние жүзінде су тасқынына бүкіл зілзаланың 40 пайызы келеді екен, 20% - тропикалық циклондары, 15% - жер сілкінісіне, ал қалған 25% - зілзаланың басқа түрлері. Каспий теңізі деңгейінің өзгеруіне, Арал теңізінің құруына, Балқаш көлінің таяздануына байланысты құбылыстар табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар арасында ерекше орын алады.
Жер сілкінісі. Жер сілкінісі кенеттен пайда болады және қас қағымда өтеді. Жер сілкінісі – бұл жер қыртысында немесе мантияның үстіңгі бөлігінде кенеттен болған қозғалыс пен жарылыс нәтижесінде пайда болған, елеулі ауытқу түрінде, үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпуі мен жер астының қозғалысы. Бұл құбылыс жер асты дүмпулерінен, тербелістен болады. Әзірге ғалымдар жер сілкінісі қашан, қайда, қанша уақыт болатынын және қандай зардап әкелетінін тура басып айта алмай отыр. Сейсмикалық станциялардың көрсетулері – дәл емес. Жыл сайын жер бетінде 100 – ден аса жер сілкіністері болып тұрады. Жер қыртысының тектоникалық қозғалысын тудыратын жер сілкінісі өте жойқын болып келеді. Жер сілкінісінің барысында адамдар қаза болады, үйлер, жолдар, көпірлер, каналдар, тоғандар мен басқа да инженерлік ғимараттар, су құбырлары, канализация, электр беру жүйесі қирайды, байланыс желісі бұзылады, қар көшкіні, сел, сырғыма мен қопарылыс пайда болады. Тау жыныстарынан тастар құлайды, адамдарда үрей болады. Су асты және су жағалауындағы жер сілкінісі кезінде, теңіз түбінің қозғалыс нәтижесінде теңіздің гравитациялық толқындарынан цунами пайда болып, құрылыста үлкен бүлінушілік жасайды. Жер сілкінісінің жойқын күші оның әсерінен болатын апаттар көпшілікке мәлім. Өйткені Қазақстанның 450 мың шаршы километр аумағында жер сілкіну қауіпі бар. Бұл аймақта 6 милионнан астам халық тұрады, 27 қала, 400 – ден астам елді мекендер бар. Еліміздің 40 пайызға жуық өндірістік әлеуеті осы аймақта шоғырланған. Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстары мен Алматы қаласы сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан. Онда өнеркәсіптің негізгі қорының 30% - ы шоғырланып, тұрғын үй қорының 35% - на жуығы орналасқан, Республика халқының 40% - ы тұрады. ....
Алыс замандарда өткен бабаларымыздың өмір –тіршілігі жайлы қазіргі түсінігіміз олар тұрған үңгірлер мен үңгіме қуыстарды зерттеп білуге негізделген,сол үңгірлер мен қуыстарда адам еңбегінің белгісі-тас құралдар,соларды дайындаудан қалған қоқыстар тамақ қалдықтары –жануарлардың сүйектері сақталған.Қазіргі заманның артта қалған халықтары дейтін жұрттар өмірінен алынған этнографиялық мәліметтердің де маңызы аз емес.Мұндай мәліметтер ежелгі адамзаттың материалдық және рухани мәдениетінің біраз қырлары мен сырларын анығырақ түсіндруге мүмкіндік жасайды.Алайда ең басты хабарды алғашқы қауымның бәрінен де көбірек кездесетін материалы-еңбектің тас құралдары береді. Белгілі бір әлеументтік экономикалық формацияның дамуына байланысты адамзат тарихы ұзақ-ұзақ кезеңдерге бөлінеді. Археологияда кезеңдендірудің өзіндік әдісі жасалған,оған сәйкес адамзат тарихы тас,қола мен темір және орта ғасырлар дәуірлеріне бөлінеді.Ал,өзінің рет-ретімен жоғарыда айтылған дәуірлер кезеңдер мен мәдениеттерге-палеолит,мезолит,неолит кезеңдеріне бөледі. Көне тас ғасыры дәуірі адамзат және оның шаруашылығының қалыптасу кезі-өндіргіш күштердің төмен деңгейінде болуымен сипатталады. Арнайы шаруашылық қам-харекеті табиғаттың дайын тұрған өнімдерін пайдаланумен ғана шкетелген. Әуелгі адам жабайы өсетін дәндерді,жемістер мен жидектерді жинап,жануарларды аулаған.Адамдардың өзара қарым-қатынасы,мүшелерінің экономикалық теңдестігіне,еңбек бейнеті жынысы сипаты жағынан үжымдық қатынастар болды. Адамдардың қоғамдық ұйымы палеолит дәуірінде дамудың күрделі де ұзақ жолына өтеді.Оның бастапқы кезі алғашқытабыр тобы-бас қосып қорғану және бассалу үшін,аң аулау,жиын-терін үшін бірлесу болды.Осынау рулық қатынасқа дейінгі әлеументтік құрылымдық қоғамдық қарым қатынасы мүлде дамымаған ,қауымдық үйшілік шаруашылығы болмаған,дегенмен де оларда некелік байланыстардың біраз реттелгені байқалады. Алғашқы тобыр төменгі полеолиттің ертеректегі екі басқышына-шелльге дейінгі және шелль кезеңдеріне сәйкес келеді.Ашель заманында жаңа әлеументтік организм –алғашқы қауымға қажетті алғы шарттар біртіндеп толысып жетіле бастайды. Мустье дәуірінде отырықшылық ,еңбекті жынысы мен жасына қарап ,табиғи түрде бөлу жүзеге асады,қауымның бастапқы түрі пайда болады.кейінгі полеолитадами ұжымы әлеументтік жағынан жаңа бір қырынан сипатталады-оларда алғашқы рулық қауымның толысқан түрлері құрылады. Көптеген зертеушілердің пікірінше,осы бір сапалық секіріс неандерталдардың дене бітімі кәзіргі адаммен бірдей саналы жанға айналуына сай келеді.....
Төтенше жағдай дегеніміз-табиғат немесе өндіріс апаттарының зардаптарын күнделікті қызметпен,қаражатпен жоюға мүмкіндік беретін,ол үшін әдейі материалдық,техникалық,ақша қаражатын және адам күшін талап ететін жағдай.Қазақстан мемлекетінің орналасқан жері-орасан зор,кең байтақ.Олжерлерде табиғат апатының неше түрі;жер сілкіну,қар тасқыны,қатты жел,су тасқыны сияқты құбылыстар жиі болып жатады. Зілзала-бұл кенеттен пайда болатын,халықтың қалыпты тірлігін күрт бұзатын,материалдық құндылықтарды үлкен шығынға ұшырататын,сондай-ақ адамдар мен хайуанаттардың өлім-жетімі болатын табиғат құблысы. Әрбір зілзаланың өзіне тән физикалық қасиеті,пайда болу себебі,қозғаушы күші,сипаты мен даму сатысы,қоршаған ортаға өзіндік ықпал ету ерекшелігі бар. Зілзала кез келген мемлекет үшін үлкен ауыртпашылық,келтірер залалы мол төтенше оқиға. Қазақстан Республикасы аумағында мынадай зілзалалар болуы мүмкін:жер сілкінісі,сел,қар көшкіні,сырғыма,дауыл,су тасқыны,буырқасын,өрт. Дүние жүзінде су тасқынына бүкіл зілзаланың 40пайызы келеді екен,20 %-тропикалық циклондары,15% жер сілкінісі ал қалған 20 %-зілзаланың басқа түрлері. Каспий теңізі деңгейінің өзгеруіне,Арал теңізінің құруына,Балқаш көлінің таяздауына байланысты құбылыстар табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар арасында ерекше орын алады. Жер сілкінісі. Жер сілкінісі кенеттен пайда болады және қас қағымда өтеді.Жер cілкінісі-бұл жер қыртысында немесе мантияның үстінгі бөлігінде кенеттен болған қозғалыс пен жарылыс нәтижесінде пайда болған,елеулі ауытқу түрінде,үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпуі мен жер астының қозғалысы.Бұл құбылыс жер асты дүмпулерінен,тербелістен болады.Әзірге ғылымдар жер сілкінісі қашан,қайда,қанша уақыт болатынын және қандай зардап әкелетінін тура басып айта алмай отыр.Сейсмикалық станциялардың көрсетулері- дәл емес.Жыл сайын жер бетінде 100 ден аса жер сілкіністері болып тұрады. Жер қыртысының тектоникалық қозғалысын тудыратын жер сілкінісі өте жойқын болып келеді.
Жер сілкінісінің барысында адамдар қаза болады, үйлер, жолдар, көпірлер, каналдар, тоғаңдар мен басқа да инженерлік ғимараттар, су құбырлары, канализатция, электор беру жүйесі қирайды, байланыс желісі бұзылады, қар көшкіні, сел, сырғыма мен қопарлыс пайда болады. Тау жыныстарынан тастар құлайды, адамдарда үрей болады. Су асты және су жағалауындағы жер сілкінісі кезінде, теңіз түбінің қозғалыс нәтижесінде теңізде гравитациялық толқындарынан цунами пайда болып, құрлыста үлкен бүлінушілік жасайды. Жер сілкінісінің жойқын күші оның әсерінен болатын апаттар көпшілікке мәлім. Өйткені Қазақстанның 450 мың шаршы километр аумағында жер сілкіну қауіпі бар. Бұл аймақта 6 милионнан астам халық тұрады,27 қала 400-ден астам елді мекендер бар.Еліміздің 40 пайызға жуық өндірістік әлеуметтік осы аймақта жоғарыланған. Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда,Маңғыстау обылыстары мен Алматы қаласы сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан.Онда өнеркәсіптің негізгі қорының 30% -ы шоғырланып,түрғын үй қорының 35%-на жуығы орналасқан,Республика халқының 40 % -ы тұрады. Жер сілкінісі қауіпі бар аймақтарда ірі қалалар мен елді мекендер,гидротехникалық ғимараттар мен зиянды өнеркәсіп орындары,жасанды және су қоймалары,жарылғыш және улы материялдар қоймалары орналасқан.Түрғын үй алқабының бұзылуымен қатар тізбеленген объектілерді кейбіреуінің бұзылуы,оңалмайтын экологиялық өзгеріске алып келіуі мүмкін.Инженерлік желілер мен комуникациялардың жер сілкінудің салдарынан бұзылуы аса қауіпті. Жер сілкінісі кезіндегі қондырғы мен ғимаратты зақымдалыуынан шегілген залал ғимараттың өзінің зақымдалуынан шнккен шығыннан біршама есе асып түседі.....
Қазіргі уақытта барлық посткоммунистік елдерде экономикалық парадигманың ауысуы, шаруашылықты жүргізу теориясыиен тәжірибесінде гуманистік даму бағыттарының дами түсуі болып жатыр. Жақында өткен заманда экономикалық өсу қайнары басты түрде материалды-техникалық базаның қалыптасуына байланысты қарастырылды. Елдің даму деңгейі өндіріс көлемінің өсу дәрежесіне сәйкес анықталды, және адам капиталдың түпкілікті элементтері сияқты тура сондай қор ретінде болғанда, тиімділік критерийлері өндірістің негізгі элементтері қайтарымының түрлерімен ұштастырылды. Жаңа экономикалық парадигмада акценттер ығыстырылады. Оның орталығында – экономиканың тиімді сапалы түрленуге және құрымдылық ығысуға қабілеттілігін бағалау тұрады. Экономиканың даму дәрежесі туралы аса толық түсінікті халық шаруашылығының құрылымы береді, ол нарықтық жағдайларда жеке салалардың ілгері дамуына қойылатын талаптарға сәйкес келу керек. Елдің экономикалық құрылымы өндірістік күштердің орналасуымен, өндірістік және ғылыми потенциалдармен және материалдық өндірістің әлеуметтік-экономикалық даму қарқындарымен өзара әрекеттеседі. өндірістің тиімді орналасуы – халық шаруашылық және территориялық пропорцияларды жетілдіруге арналған база. Ғылыми ауқымды, бәсекеге қабілетті жаңа кәсіпорындарды орналастыру арқылы үйлеспеушіліктер жойылады, олар қоғамның мұқтаждықтарын есепке алумен қажетті пропорцияларды белгілейді. Ішкі құрылыстағы ығысулар да салалардың даму қарқындарына, табиғи ресурстарды және қолда бар өндірістік аппаратты пайдалануға байланысты болады (46,47). Сонымен, бір аймақтың дамуы меншікті міндеттерді шешуді ескермегенде басқа аймақтардың мұқтаждықтарын қанағаттандырумен анықталды. Оның экономикасы тиімсіз құрылымдық саясаттың салдары болып табылған, бірқатар ерекшеліктермен сипатталады: - ауыр өнеркәсіптің шамадан тыс дамуы, соңғы емес, аралық өнімді шығаратын материал сыйымы салалардың басым болуы; - тұрғындардың қажеттері үшін өндірілетін өнімнің төмен үлесі; - өндірістік аппараттың технологиялық артта қалғандығы (өнеркәсіптің негізгі қорларының тозуы – 60 % -тен артық, оның шамадан тыс көп үлесі металлургиялық, отын-энергетикалық комплекстерде); - экологиялық проблемалар – Орталық Қазақстан қоршаған ортаның ластану және құлдилау дәрежесі бойынша, табиғатқа антропогенді жер етудің жиынтығы бойынша республикада алдыңғы орындардың бірін алады (ол атмосфераға зиянды заттардың лақтырыстары бойынша – бірінші орын).....
Мен бұл жұмысты бастап қолға алуымы бірнеше себептер бар. Егеменді ел болып, тэуелсіздіктің көк байрағын желбіреткенімзге де біршама жылдың жүзі болды. Осы жылдар ішінде ата-бабаларымыздың жүріп өткен жолдары, тарихы зерттеліп жатыр. Дегенмен тарих қойнауында бұғып жатқан қүлия сырлар аз емес. Елеусіздеу қалып жатқан дүниелер де жетерлік. Сондықтан қазіргі аға буын зерттеуші тарихшы ғалам үстаздарға кішкентайда болса үлес көмегімді тигізсем деп ойлаймын. Менің басты мақсаттарымның бірі осы деп есептеймін. Осы бағытта жүмыстар жүргізе отырып мектеп шэкірттеріне тың деректер үсына алсам деген ниетім бар. Сонымен қатар оқушыларға отанымыздың тарихы жайлы бар білгенімше бойына сіңіре білсем деген ойдамын. Әрине біз тарих қүпияларын зерттеу үшін көне ежелгі дэуірлердегі тарихты оқып білуіміз керек. Бүл орта білім беру ошақтары мен мектеп қабырғасында бесінші сныптан бастау алады. Демек Қазақстанның ежелгі дэуірлердегі тарихы мен таныспыз. Онда жерімізде алғашқы адамдардың қалай пайда болғандығы туралы білеміз. Олар алғашқы кезде тас құралдарды пайдаланса, одан біртіндеп дамудың нэтижесінде қола, темір сияқты металдардан құрал - сайман, қару-жарақ жасап үйренді. Грек, парсы, қытай сияқты елдердің жазба деректерінің хабары бойынша темір дэуірі кезеңінде жерімізде сақ, ғүн, үйсін, қаңлы, сармат тайпаларының өмір сүргендігі белгілі. Бұл тайпалар біздің жерімізде өмір сүруді одан эрі қарай жалгастырды. Олардың ұрпақтары да, бастарынан талай тарихи оқиғаларды өткізді. Сол тарихи оқиғалар мен олардың элеуметтік экономикалық мэдени даму жолдары жайлы осы жұмыста нақты көрсетіледі. Сонымен қатар хронологиялық мерзімі жағынан біздің заманымыздың УІ-ХУІІ - ғасырлар аралығын қамтиды.Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы негізінен бір-біріне жалғасқан үш кезеңнен тұрады. Бұл кезеңдерді орта ғасырлар дэуірі деп те атауға болады. Біріншісі -Қазақстьанның ерте орта ғасырлық кезеңі./УІ-ІХ ғ./ Екіншісі - Қазақстанның орта ғасырлық дамыған кезеңі / Х-ХІУғ./. Үшіншісі -біртұтас Қазақ мемлекетінің құрылу кезеңі. /XV-XVII ғ./. ....