Мұқағали Мақатаев (Махамбеттер Абайлар-ай)
Өмірдің қысы, жазы, көктемдері,
Қысылтаяң шақтары, өткелдері,
Адамның аққан қаны, төккен тері,
Мұратқа жетпегені, жеткендері --
Жанымды жеп жүр менің көптен бері.
Атысу, аңдысу мен таласудың,
Санасу, табысу мен жарасудың,
Мінезін мынау адам баласының
Білсем деп құпиясын аласұрдым,
Алдында алуан-алуан мінездердің,
Амалсыздан келеді мың өзгергің.
Әркім өзін балайды данышпанға,
Бір-бір құдай санайды бір өздерін.
Білмейді екем...
Қолымнан келмейді екен,
Жоқты аңсап, жоқ сусынға шөлдейді екем.
Қой енді, тыйылайын, бұғынайын,
Ойымды орасанға белмей бөтен.
Жасырмай ойымды айттым талай-талай,
Қайтейін кетті бәрі қарайламай.
Айтарын ашып айтқан абайламай,
Дариға-ай,
Махамбеттер, Абайлар-ай!!!
Қысылтаяң шақтары, өткелдері,
Адамның аққан қаны, төккен тері,
Мұратқа жетпегені, жеткендері --
Жанымды жеп жүр менің көптен бері.
Атысу, аңдысу мен таласудың,
Санасу, табысу мен жарасудың,
Мінезін мынау адам баласының
Білсем деп құпиясын аласұрдым,
Алдында алуан-алуан мінездердің,
Амалсыздан келеді мың өзгергің.
Әркім өзін балайды данышпанға,
Бір-бір құдай санайды бір өздерін.
Білмейді екем...
Қолымнан келмейді екен,
Жоқты аңсап, жоқ сусынға шөлдейді екем.
Қой енді, тыйылайын, бұғынайын,
Ойымды орасанға белмей бөтен.
Жасырмай ойымды айттым талай-талай,
Қайтейін кетті бәрі қарайламай.
Айтарын ашып айтқан абайламай,
Дариға-ай,
Махамбеттер, Абайлар-ай!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: мұқағали мақатаев Махамбеттер Абайлар-ай өлең мукагали макатаев олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Махамбеттер Абайлар-ай