Есімде әлі, Қарасаздағы диірмен. Су соққан барлық тастарды ұршық үйірген. Есімде бәрі... Жылқыбай қарттың үйі де, Өзі де, диірмені де, Аппақ тозаңға киінген. .....
Шай - сергіткіш, жанды жадыратып, шөлді басатын сусын. Шайдың отаны Қытай елі болып табылады. Ертеректе, 4 мың жылдай бұрын, Қытайда шайды дәрі ретінде пайдаланған. Кейіннен емдік сусын ретінде пайдаланады. Ол кездегі шай мен қазіргі шайдың айырмашылық – тары баршылық. Мысалы, ол кезде шай жабайы өсімдік болатын, ал қазіргі шайлар мәдени өсімдікке жатады. Шайдың құрамы Шайдың құрамында 200-ге тарта биологиялық белсенді заттар бар. Олардың кейбірі шайға сүт қосылған кезде еш пайда жүргізілмеген. Сол себепті де мамандардың арасында әр түрлі тұжырымдар бермейді немесе кері әсер етуі де мүмкін. Бұл мәселе төңірегінде үлкен, ауқымды зерттеулер бар.
Шай адам ағзасының кейбір мүшелері үшін пайдалы. Көзге және ойлау жүйелеріне. Шай ішкен кезде адамның ойлау жүйесі мен есте сақтауы азда болса артады Шығармашылық ой-өріс оянады. Шай психикалық ауыртпалықтар (депрессия) түскен кездерде оны жеңілдетуге тырысады. Антиаксиданттық және ракқа қарсы тұрушылық қасиеті бар Қан құрамындағы холестеринрді төмендетеді Қан тамырының эластикалық қасиетін арттырады Иммунитетті жоғарылатады Шөлді қандырыды Организмдегі жасушалардың және тіндердің ылғалдылығын сақтап тұрады ....
Өңім бе, не түсім бе, жанарымның жарқылы сол бір бейтаныс бейненің әлденеше рет бой көрсетуін тағы бір мәрте аңғарғандай. Көзайым боларлықтай таңғажайып па екен өзі? Әлде, көз жауын алатындай емес, көңілге дақ салатындай келбетсіз кескінге, тартымсыз тұрпатқа ие ме? Сансыз сауалдар санама сыймай, сергелдеңге салды. Ойыма оралса – жаным тыныштық табады, жадымнан жырақтаса – көкірегімді мұң кернейді. Қандай алапат күш бұл? .....
Табиғат - адам баласының еңбек етіп, өмір сүретін ортасы. Бар байлық, қазына, тіршілік, табиғат дүниежүзі әдебиетіндегі ірі классик ақындардың барлығының да шығармаларынан орын алды. Әр дәуір, әр жағдайға лайықты табиғатты әркім әртүрлі жырлады. Біреулер табиғат арқылы өмір сүретін, біреулер табиғатты суреттеу арқылы көңіл-күйін, өз көзқарасын айтып берді. Ал кейбіреулер белгілі бір кезеңдерде өмірдегі күрес-тартыстардан безіп...
Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат, Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат. Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік Ер табылса жарайды, қылса сұхбат. Кейбіреу тыңдар.....
Жаһандану үстіндегі әлемдік кеңістікте “рыноктың көрінбес қолымен” және бел¬сенді мемлекеттік реттеу арқылы халық¬аралық еңбек бөлінісіне тартылған елдердің өзара тәуелділігінің, өзара астасула¬рының күшеюі байқалады. Ұлттық экономика¬лардың бір-біріне тар¬тылысында тереңдей де кеңейе түскен сауда байланыстарына ерекше рөл жүктеледі. Индустриялық және дамушы елдердің экспорттық-импорттық саясатқа әрқилы қатысуы, соңғыларының тәуелділігі күшейе түсуі әлемдік экономикадағы күштер орналасуына ықпал етіп келеді. Салыстырмалы түрде алғанда әлемдік шаруашылық үдерісіне жуырда қосылған аса ірі мемлекет Қытай болып табылады, ол халықаралық өндіріс пен тауар айналымына белсене қатысып келеді. Бұл ел көп ретте Шығыс, Оңтүстік-Шығыс, Орталық Азия¬дағы макроэкономикалық ахуалды айқындап отыр. Экономикалық өсу қарқыны бойынша (1999 жылы – 7,1%, 2000 жылы – 8, 2001 жылы – 7,5, 2002 жылы – 8, 2003 жылы – 9,3, 2004 жылы – 9,3, 2005 жылы – 9,9%) ҚХР барлық елдердің алдында келеді. 2005 жылы ІЖӨ деңгейі бойынша (2,3 трлн. доллар) ол әлемде 4-ші орында болды. Жалпы өнімді жан басына орташа тұтыну 1,7 мың долларды құрайды. 2010 жылға қарай 2000 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткішті екі есе арттырып, 2,5 мың долларға жеткізу жоспарланып отыр. Экономика “қызынуы” факторының өсуі ретіндегі жоғары сер-пінділік Қытай үкіметін мазалап отырғаны байқалады, сондықтан да 2006 жылы ІЖӨ-нің өсуін 8%-ға дейін шектеу көзделуде. Бұл ретте негізгі қорға салымдарды қысқарту, кредиттеу шарттарын қатаңдандыру секілді құралдар пайдаланылмақ. Континенттік Қытайда 1,32 млрд. адам тұрады. Бұл ел аумағы жағынан әлемде 3-ші орында (9600 мың шаршы шақырым). Жұмыс күшінің саны 750 млн. адамнан асады, мұның өзі Үндістанға қарағанда 1,7 есе, ЕО елдеріне қарағанда 2,4 есе көп, соның ішінде Германиядан – 19 есе, Ұлыбританиядан – 25 есе, Франциядан – 28 есе, АҚШ-тан – 5 есе, Жапониядан – 11 есе артық. ....
Ғарыш техникасының күнбе-күнгі дамып келуі, адамдарды бірнеше он жылдықтан кейін айды толық игеруге мүмкіндік береді. Алдымен ғарыш кемелері мен станциялары едәуір үлкен геостационарлы орбиталарға айналады да, одан соң ай маңындағы кеңістікке алмасады. Геостационарлыорбита дегеніміз - бұл Жерден шамамен 35800 км биіктіктегі шеңберлер экваторлы орбита. Әрине адамдарға Ай не үшін қажет, одан қандай пайда түседі деген сұрақтар тууы мүмкін. Адамдардың соңғы жылдардағы шаруашылық әрекеттерінде басты мақсаттардың бірі болып отыр. Бұның бәрі энергия көзінің, пайдалы қазбалардың, таза және тұщы судың жетіспеушілігінен шығып отыр. Біздің планетамызда жоқ заттардың орнын алмастыру қажет. Сол себепті адамдар Айға көз жүгіртеді. Бұл біздің ғарыш кеңістігіндегі көршіміз. Айдың жерге жақындығы және жаңа ғарыш техникасына қолайлы болуы оны жердегі проблемаларды шешуге пайдалануға әкеліп соғады. Ай ресурстарын мақсатқа сәйкес қолдану деген кезде, тек қана пайдалы қазбаларды іздеп, оларды өңдеу емес, табиғи серігімізді қажетті потенциалды ресурстарды ғарыш саласының дамуына сай қолдану. Қазіргі заманғы жоғары дәрежелі өнеркәсіптің өркендетілуі жылма жыл бізді дүние жүзілік экологиялық апатқа әкелуде. Ай бізге қалай көмектеспек, егер онда ауа да, су да болмаса? Әрине, Айдан ешкім су мен ауа әкелейін деп жатқан жоқ. Бірақ та жердегі индустрияны, әсіресе зиянды реактивті және химиялық өндіріс орындарын Айға апаруға болады. Үлкен бұл жұмысты жүзеге асыру үшін қиын да, ауыр жолдардан өту қажет, міне, осы жолдың бастамасын ХХІ ғасырдың 1 жартысында қалау керек. Айға қоныстандырудан бұрын, алдымен тұрғындарды қалай оттегімен және сумен қамтамасыз етуді ойлау қажет. Сонымен бірге тіршілікке қажетті заттарды жергілікті орында қайдан алуға болатынын қарастыру керек. Жерден бәрін тасу мүмкін емес қой! Айдағы негізгі жыныс құрайтын минерадарда орташа алғанда 40% оттегі бар. Бұл минералдар пироксен, плагиоклаз, ильменит болып табылады. Осыларды оттегіні өндіруде қолдану қажет. Ай топырағынан оттегі ал технологиясы жердегі зертханаларда пайдаланылған. АҚШ-та Ай бетінде оттегіні өндіру өнеркәсібіне автоматтандырылған завод жобасы жасалған. Бұл заводтың өндіргіштігі - -жылына 1000т дейін оттегіні құрайды. Негізгі тапсырмалардың бірі – бұл суды алу және қорландыру болып табылады. Ай бетінде жоғарғы мұз жамылғылары ретінде көп су құрамының болуы мүмкін жағдай. Соңғы ашылған «Ай күмбезі» деп аталатын аймақ түгелімен мұз басқан ай бетінің шыңдары. Олардың гидролакколит деп те атайды. Айдағы мол су қорлары мүмкін осылар шығар. Негізінде күн желінің ағына мен галактикалық ғарыштық сәулелер гелиймен араласқан таза сутегін құрайды. Есептеулер нәтижесінде 1млрд жылда 1 см² ай бетіне корпускулярлы сәулелену түрінде 10г сутегіден түсу керек екендігі анықталды. Ай реголиті губка тәрізді суды өзіне сіңіріп алады. Ай пайда болғаннан бері оның бетіндегі реголиттің 1м³-де 1 литр су жинақталған. ....