Қытайдың экономикалық саясаты

Қытайдың экономикалық саясаты

Қытайдың экономикалық саясаты

Жаһандану үстіндегі әлемдік кеңістікте “рыноктың көрінбес қолымен” және бел¬сенді мемлекеттік реттеу арқылы халық¬аралық еңбек бөлінісіне тартылған елдердің өзара тәуелділігінің, өзара астасула¬рының күшеюі байқалады. Ұлттық экономика¬лардың бір-біріне тар¬тылысында тереңдей де кеңейе түскен сауда байланыстарына ерекше рөл жүктеледі. Индустриялық және дамушы елдердің экспорттық-импорттық саясатқа әрқилы қатысуы, соңғыларының тәуелділігі күшейе түсуі әлемдік экономикадағы күштер орналасуына ықпал етіп келеді.
Салыстырмалы түрде алғанда әлемдік шаруашылық үдерісіне жуырда қосылған аса ірі мемлекет Қытай болып табылады, ол халықаралық өндіріс пен тауар айналымына белсене қатысып келеді. Бұл ел көп ретте Шығыс, Оңтүстік-Шығыс, Орталық Азия¬дағы макроэкономикалық ахуалды айқындап отыр. Экономикалық өсу қарқыны бойынша (1999 жылы – 7,1%, 2000 жылы – 8, 2001 жылы – 7,5, 2002 жылы – 8, 2003 жылы – 9,3, 2004 жылы – 9,3, 2005 жылы – 9,9%) ҚХР барлық елдердің алдында келеді. 2005 жылы ІЖӨ деңгейі бойынша (2,3 трлн. доллар) ол әлемде 4-ші орында болды. Жалпы өнімді жан басына орташа тұтыну 1,7 мың долларды құрайды. 2010 жылға қарай 2000 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткішті екі есе арттырып, 2,5 мың долларға жеткізу жоспарланып отыр. Экономика “қызынуы” факторының өсуі ретіндегі жоғары сер-пінділік Қытай үкіметін мазалап отырғаны байқалады, сондықтан да 2006 жылы ІЖӨ-нің өсуін 8%-ға дейін шектеу көзделуде. Бұл ретте негізгі қорға салымдарды қысқарту, кредиттеу шарттарын қатаңдандыру секілді құралдар пайдаланылмақ.
Континенттік Қытайда 1,32 млрд. адам тұрады. Бұл ел аумағы жағынан әлемде 3-ші орында (9600 мың шаршы шақырым). Жұмыс күшінің саны 750 млн. адамнан асады, мұның өзі Үндістанға қарағанда 1,7 есе, ЕО елдеріне қарағанда 2,4 есе көп, соның ішінде Германиядан – 19 есе, Ұлыбританиядан – 25 есе, Франциядан – 28 есе, АҚШ-тан – 5 есе, Жапониядан – 11 есе артық.
ҚХР-дың сыртқы саудасы ұлғайып келеді, оның көлемі 1,42 трлн. долларды құрады. Бұл елдің үлесіне әлемдік тауар айналымының 7 пайыздайы келеді. Тауарлар мен қызметтер саудасындағы үлес салмағы – 10,5 пайыз. Бұл тұрғыда Қытай алдына тек АҚШ пен ГФР-ды ғана салады.
Қытай экономикасының феноменін зерттеген британ және американ ғалымдары жедел дамып отырған Азиядағы көршілес елдерге қарағанда “Қытайдың экономика¬лық қарыштауы сондайлық та сенсациялық емес” деген тұжырымға келген. Ал енді Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының бас хатшысы Х.Гуррианың болжамы бойынша таяудағы 30 жылда бұл ел АҚШ-ты басып озып, әлемдік эконо¬микада көшбасшыға айналады. Бәсекелестік әлеуеті туралы мәліметтерге сәйкес Қытай кейбір дамыған және көптеген дамушы мемлекеттерді артқа тастап, алғашқы отыздықтың ішінде тұр.
Өткен ғасырдың 70-ші жылдарының ая¬ғынан басталған экономикалық реформалар¬дың шаруашылық жүргізудегі бұрынғы қағи¬даттарды сақтауды (жоспарлылық, қаржы, кредит, сыртқы сауда салаларын, баға көр¬сеткіштерін және жоспарлы тетіктің басқа да жәйттерін мемлекеттік реттеу) олардың біртіндеп нарықтық қатынастарға қарай өзгеруімен, жеке меншік сектор ауқымын ұл¬ғай¬туымен ұштастыру ұлттық шаруашы¬лықты айтарлықтай жаңартты. 1990 жылдан 2000 жылға дейінгі кезеңде ІЖӨ өндірісіндегі мемлекеттік сектордың үлес салмағы 35%-ға дейін, өнеркәсіпте 54,6%-дан 30%-ға дейін төмендеді. 1995 жылдан бастап мемлекет бақылайтын компания¬лардың саны 300 мыңнан 150 мыңға дейін қысқарды. 1998 жылдан бастап бұл сектордағы жұмыс күші¬нің саны 16 млн. адамға азайды. Сонымен бірге мемлекет шаруашылық үдерістерді басқару мен бақылаудың функцияларын толық мәнінде сақтап қалды.
Еркін кәсіпкерлік нығайды. Жергілікті жеке меншік фирмалардағы өндірістің көлемі 1998-2003 жылдар аралығында 5 есе, шетелдік капиталға тиесілі кәсіпорындарда 3 есе өскен. Жеке меншік фирмаларда капи¬тал мен жұмыс күшін пайдаланудың тиімді¬лігі мемлекеттік секторға қарағанда 2 есе жоғары. Ресурстарды жеке меншік құрылым¬дардың пайдасына қарай қайта бөлудің нәтижесінде тұтастай алғанда экономикада еңбек өнімділігі артып отыр. Экспорттық салада шетелдік инвесторлардың басымдығы байқалады. Оларға тиесілі кәсіпорындар шетелге шығарылатын өнімдердің жарты¬сынан астамын өндіреді.
Қалыптасқан модельдің өзіндік ерекше¬ліктері ретінде мемлекеттің терең, кешенді нарықтық өзгерістерге кеңінен қатысуын, ашықтық, икемділік, халықаралық экономи¬калық қатынасты белсенді ету саясатын жүргізуін атауға болады.
Ғалымдардың пікірі бойынша эконо¬миканы жаңарту үдерісінде Қытай үкіметі стратегияны талдап жасап, тактиканы нақтылау арқылы, орын алған қателіктерді дер кезінде түзете отырып, ішкі ресурстарға және халықаралық еңбек бөлінісіне белсене қатысуға арқа сүйейтін елдің барынша дербестігін қамтамасыз етті. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының баяндамасында жігерлі шаруашылық реформаларының арқасында 2010 жылға қарай Қытай аса ірі әлемдік экспортшыға айналатыны атап көрсетілген.
Ашықтық саясаты экономиканың бәсе¬келестік артықшылығын нығайтты, оның өскелең талаптарын қажетті ресурстармен қамтамасыз етті. Мұның өзі реформалау кезеңінде импорт алмастырудан экспортқа бағдарланған үлесті ынталандыру жүйесіне көшу мүмкіндігін берді. Жеңіл және тамақ өнеркәсібінің өнімдерін жеткізіп беруден бастаған ҚХР экспортқа барған сайын көп тауарлар шығара отырып, сауда-саттық көлемін ұлғайтты. Алынған табыс техника¬лық-технологиялық үдерістерді жаңарту мен жаңғыртуға жұмсалды, мұның өзі әлемдік тауар айналымына қатысуды кеңейтті.
Соңғы жылдары бұл ел бірінші, екінші және әлдеқайда жоғары өңдеу формала¬рының өнімдерін шығару мен сатуда алғаш¬қы орынға шықты. Болат, көмір, цемент, мақта, әйнек, мақта-мата кездемелерін шығаруда көш бастап келе жатқан Қытай осы заманғы бұйымдарды жеткізіп беру көлемін ұлғайта түсіп, сауда әріптестерінің санын барған сайын көбейтіп отыр.
АҚШ бастамасы бойынша жаңа құ¬ры¬лым – Үлкен Орталық Азия туралы жария етілгенін айтқан жөн. Оған Орталық және Оңтүстік Азия елдері, соның ішінде Қазақ¬стан да, Шыңжаң-Ұйғыр автономиялы райо¬ны да кіреді. Мұның өзі Қытайдың әрқилы құ¬ры¬лымдарға кіруге деген ұмтылысын көрсетеді.
Бұл елдің сыртқы сауда саясаты жаппай, өршілдік сипатта болып келеді. Ішкі рыноктарға, қалыптасқан экспорттық-импорттық байланыстарға, әлемдік рынок коңюнктурасына қатысты алаңдаушылық білдірген аса ірі елдер де өнім өндіру мен жеткізіп беруді, капиталдар ағынын өсіре түскен қытайлық әрекеттерге қарсы тұру жөнінде шаралар қолдануда.
Көптеген елдердің рыноктарын тол¬тырып жіберген қытай экспортының көле¬міне үкіметтің монетарлық саясаты қолдау жасайды. Дамыған мемлекеттердің юань құнын қайта қарауға шақыруы, оның елеусіз дерлік ревальвациясы, талдамашылардың пікірі бойынша әлемдік қаржыларды айтарлықтай тұрақсыздандырып, саудадағы әріптес елдердің жағдайды шиеленістіріп жіберуі мүмкін. Қазақстан қаржыгерлері қытай валютасының нығаюын бағалай оты¬рып, мұның өзі біздің экcпорттың табыс¬ты¬лығын арттырып, отандық өнімдердің сырт¬қы рыноктардағы баға тұрғысынан бәсекеге қабілеттілігін жақсартады деп санайды.
Юань – шектеулі тұрғыда конвертация¬ланатын валюта екендігін ескеру қажет. Қытайдың Орталық банкі сыртқы саудадағы есептесулерді қатаң бақылап отырады. Бар¬лық сауда операциялары АҚШ доллары¬мен жүргізіліп, юань мардымсыз көлемде пайдаланылады. Қазіргі кезде Ресей мен ҚХР кедергілерді алып тастап, шекаралық сауда жөніндегі бастапқы жобаны іске асыруда. Қазақстан Үкіметімен де осындай құжатқа қол қою қарастырылуда. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру