Біздің жүрегіміз темір емес. Бірақ біздің кек отымыз қандай темірді болса да ерітіп, күйдіріп жібере алады. Біздің үрейді жеңетін ең күшті қаруымыз бар, ол - Отанға деген сүйіспеншілік Бауыржан Момышұлы Бүгінгі таңда Ұлы Отан соғысындағы үлкен Жеңісімізге 71 жыл толып отыр. Арада көп уақыт өткенмен, соғысқа қатысқан ата-бабаларымыз есімізден кеткен емес. Оларды үйлерінен айырып соғысқа алып кеткенде, қаншама жас төгілді. Жүрегінде “елім, жерім” деген ұраны бар миллиондаған адамдар сол соғыста көз жұмды. Олардың ерліктерін ешқашан ұмытпаймыз. Ата-бабаларымыз елі мен жері үшін, елінің азаттығы үшін өмірлерін сарп еткен. Жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ісімен, ерлігімен, атының туын жықпай, ананың намысы үшін туған жердің топырағын жауға таптатпай, еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып, дұшпанның туын жығып, жеңістің таңбасын басқан күн – Жеңіс күні. Ұлы Жеңіс күні туған-туысқандарына, жақын-жарандарына, туған жеріне оралмай қалған қаһарман ерлерді барлығымыз еске аламыз.....
Адамзат тарихында қайғылы қара уақыттың біріне «Ұлы Отан соғысын да қосуға болатынына да ешбір күмән жоқ. Бауыржан Момышұлы ағамыз айтпақшы «Соғыс-өмір мен өлім арасындағы қыл көпір» атты сөзі бұл уақытқа сынды теңеу болатыны рас.Басталған күнінен аяқталған сәтіне дейін Ұлы Отан соғысының ауыртпалығы қанды майдандарда дүние салған жандармен-ақ өлшенер. Тарихтың қара беттеріне жазылғандай бұл оқиға барысы 1941 жылдың 22 маусымында таңның маужырап тұрған тыныштығын бұзған болатын. Ол неміс фашистерінің тарапынан бүкіл адамзатқа қасірет әкелген «Ұлы Отан» соғысының басталған күні болғандығы айғақ. Дүние жүзіне апат әкелген бұл соғыс 1418 күн мен түнге ұласты. Соғыс мәселесіне қарсы Қазақстанның барлық жерінде фашизмнің зұлымдығын айыптайтын жаппай халықтық митингілер өтті. Сол сияқты жаппай қарсы іс шаралардың бірі біздің Торғай облысы (Қазіргі Қостанай обл.), Аманкелді ауданында өтіп, Отан қорғауға аттануға көптеген азаматтар өз еркімен тілектерін білдірген болатын. Осы сұрапыл соғыста даңқты халық батыры Амангелді ауданының азаматтары ерліктің небір жанқиярлық үлгілерін көрсетті. Олар майдан далаларында жаулармен арыстанша айқасып, жолбарысша жұлқысты. Жан алып, жан беріскен сұрапыл соғыста ата-баба ерлігін одан әрі жалғастыра білді. Олардың көбі майдан далаларында шаһит болса, енді біразы елге мүгедек және біразы дін аман болып оралды. Отанға оралған соң бейбіт еңбекте ерліктерін кеңінен жалғастыра білді. Қай салада болмасын қызмет атқара жүріп, халықтың көңілінен шықты. Әрине, олардың бәрін түгендеп шығу мүмкін емес. Ең бастысы олардың қай-қайсысының болмасын есімдері еліміздің есінде болуы парыз болса, ерліктері ұрпаққа ұлы өнеге болатыны мақтаныш! Олардың ерекше ерлік көрсеткендері Батырбеков Тайжан және менің мақтан тұтар атам Наурызбаев Бөстекбай Абламбайұлы. «Ұлы Отан» соғысына қатысқан әрбір азамат батыр болғандықтан, туған жерін, өскен өңірін білуі меніңше әрбірімізге міндет......
Соғыс... Әлемнің барлық тілдеріндегі ең үрейлі сөз. Ұлы Отан соғысы ХХ ғасырдағы ірі оқиға болып, тарихқа қасіретті беттер қосыты. Мен бақыттымын. Өйткені мен өз көзіммен соғысты көрген жоқпын. Осы сұм соғысқа біздің құрдастарымыз қатысқаны туралы ойлаудың өзі ауыр. Төрт жыл бойы адамдар қанды қырғынның, зұлымдықтың, қатігездіктің салтанат құруына куә болып, онымен күресіп, күл талқан етіп жеңді. Аязға, суыққа, аштыққа, жау оғына шыдап, ұйқы туралы ұмытты. Соғыста менің халқымның адам баласына тән ең жақсы қасиеттері: батылдық, ерлік, қайсарлық, кіндік қаны тамған жеріне деген сүйіспеншік сезімі бой көтерді. Қанша қиындық көрсе де сағы сынған жоқ. Соғыс адал, мейірімді адамды қатігез ете алмайды, олай болуы мүмкін емес. Жаратушы табиғаттың заңына ол қайшы келеді. Сол жылдар туралы естеліктерді майданнан келген бір жапырақ қағаз, жұпыны ғана ашық хаттар, ардагерлердің кеудесіндегі алқалар сақтап келеді. Соғыс ешқашан ұмытылмайды. Соғыстың түнегін, азабын көрген жауынгердің, баласынан, қосағынан айрылған ананың, талай адам көз алдында бақилық болып кеткен майдандағы дәрігердің түсіне енері анық. Жаңғырып орны жараның, Жазылып әлі кеткен жоқ, Жоғалтқан ұлын ананың, Көз жасы әлі кепкен жоқ .......
ХХ ғасырдың ең алапат соғысы- Екінші дуниежүзілік соғыс немесе Ұлы Отан соғысы болып табылады. 1941 жылғы 22 маусым - тарихта мәңгі қалатын қасіретті күн.Себебі, сол күні неміс фашистері сол уақыттағы Кеңес Одағына тұтқиылдан, соғыс жарияламастан басып кірді. Соғыстың алғашқы күндерінде Кеңес Одағының әскери ері көп шығынға ұшырады. Халқымыздың Отанпарыздығының ерлігінің арқасында, соғыстағы жауынгерлердің батырлығы мен жанкештігінің арқасында жауға тойтарыс берілді. Төрт жылға созылған бұл соғыста жеңіске жету біздің халқымыз үшін өте қымбатқа соқты. Соғыс жылдарында тарихи мәліметтер бойынша жиырма бес миллионнан астам әскерлер мен бейбіт халық апат болыпты. Қазақстандықтар қатарынан алты жүз мыңнан астам ерлер соғысқа шақырылған. Оның ішінде үш жүз елу мыңнан астамы қазақтар. Майдандағы ерлігі үшін қазақстандық жауынгерлердің көбісі Кеңес Одағының Батыры атағын алған. Көптеген аға –апайларымыз ел басына түскен ауыр күнде елім деп қолдарына қару алып,жауға қарсы тұра білді. Олар:Ә.Молдағұлова,М.Мәметова,Қ.Аманжолов,Б.Момышұлы,Т.Бегиль динов,Р.Қошқарбаев сынды және аттары аталмай хабарсыз кеткен батыр бабаларымыз. Осы жауынгерлердің ерліктерін айта кетсем деймін. ....
Ата мен әжемнің ойлы әңгімелерін ұйып тыңдап, санаға тоқығанға не жетсін?! Нағашы атам Қазиев Оржанның да кеудесі сыр сандыққа толы.Ол үнемі бізді әңгімеге тартады.Солардың бірін паш етейін. Ұлы Отан соғысы басталғанда мен бес жастағы бала едім.Бір күні біздің ауылдың ортасына көп атты кісілер жиналды.Ауылдың бар адамы жиналып шулап, жылап жатыр. Тіпті, үлкен шалдарға дейін кемсеңдеп,әлдебір ағалармен қимастықпен қоштасып, «қарақтарым,жортқанда жолдарың болсын, Қыдыр баба қолдап жүрсін» деп бата қылып шығарып салып жатыр екен.Мезгіл желтоқсан айының іші болса керек.Жерде қар бар. Көк атты жортып,ауылдан ұзай берді.Бір кезде менің ағам Қазиев Серғазы астында өзіміздің жүйрік жирен бие,қайырылып шауып келіп мені ат үстіне көтеріп алып, сүйіп-сүйіп: «аман бол,әлі ертең сен жігіт боласың»деп маңдайымнан иіскеп,қайта жерге түсіріп манағылардың артынан шауып кетті.Ауыл адамдары кетіп бара жатқандарды көз ұшына шығарып салмай,үйлеріне қайтар емес.Мен де тосын жайға таңырқап, есік алдындағы күлдің үстіне жалаңаяқ шығып тұрғанмын.Соны байқаған ағайым мені қимай, аяп оралған беті екен.Әлі есімде.«Мына ит тоңып қалды ғой» деді.Бұл мен көрген бір көрініс.Ол кезде біздің ауыл №17ауыл совет деп аталады.Үш кішкентай Социнал, Коммуна, Чапай атты колхоздардың басын құрайды.Орталығы біздің ауыл-Коммуна колхозы.Ол кезде біздің ауыл Мақат ауданына қарайды.Әскери комиссариат Доссорда. Жаңағы кеткендер сол жерден аттарын қайтарып өздері майданға аттанбақ. Кейін есейгенде естігенімдей бұл кеткендер шамасы 25 адам болса керек......
Иә, биылғы жылы талай ұл-қызды әкесіз талай ата-ананы баласыз қалдырып, етігімен су кешкен зұлмат соғыстың аяқталғанына 71жыл. Қаншама ержүрек батыр ата-әжелеріміз басын қаперге тігіп, ұрпақтарға бейбіт өмір сыйлайды. Ал, ол ел үшін кеудесін оққа тосып, ерлік көрсеткен ата-бабаларымыздың ізгілікті ісінің арқасы. Демек, Ұлы Отан соғысына қатысушы майдангерлер ерлігін бүгінгі және кейінгі ұрпаққа насихаттап, оларды өнеге тұту парыз.Ерлік мәңгі ескірмейтін, ұрпақтар жанында сақталатын қасиетті іс. Осы ерлік көрсеткен батырлардың бірі –жерлесіміз «Даңқ» Орденінің толық иегері Ш.Т.Еркіновте бар. Ол 1924жылы Ойыл ауылдық кеңесінде Даулетиман елді мекенінде дүниеге келіп,Батыс Қазақстан облысы ,Қаратөбе айданы, Саралжын ауылындағы бастауыш мектептен дәріс аладыда Миялыдағы Орлыкөл мектебінде білімін жалғастырып , үздік бағамен бітіреді.1942жылдың 18 тамызында Ақтөбе облысы, Қобда аудандық әскери дайындық тан өтіп,1943 жылдың шілде айынан бастап,ұрыстың қызған жері Батыс майданының құрамында Сталинград шайқасында шыңдалады......
1941 жылы соғысты кім бастап, оған адамзат тарихында бұрын-соңды болып көрмеген қандай қатер төніп тұрғанын бірден сезді. 1941 жылдың 22 маусымы, таңғы сағат төрт. Бұл күні талай шаңырақты от шарпып, миллиондаған адамның өмірін жалмаған адамзат тарихындағы ең сойқан соғыс басталды. Фашистік Германия Кеңес Одағына басып кірді. Ұлы Отан Соғысы деген атпен тарих дәптерінің парағына қанды әріптермен таңбаланған зұлмат қантөгістің алапатынан қазақстандықтар да шет қалмады. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлігі үшін 500 қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағын алды. 1418 күнге дейін созылған Ұлы Отан соғысы Қазақстан тарихында өте күрделі кезеңдердің бірі. Соғыс - күйретуші күш! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын ажал. Бұл сол кездегі кеңес халқының ер жүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Мен соғысты жек көремін. Соғыс адамдарға азаптан басқа ештеңе бермейді. Елімізді қорғау үшін адамдар соғысқа аттанды. Бірақ бұл соғыстан тек кейбір адамдар тірі қалып, үйлеріне қайтты. Қайтыс болған адамдардың үйлеріне қара хат жіберілді. Зар жылап отырған аналар үмітін үзбей, оларды күтеді. Баласының өлгенін ешқандай ана мойындамайды. Сөйтіп жүріп, ауырып, бұл дүниеден өтеді. Осындай жағдайды ойласам, көңіл-күйім түсіп, көзімнен жас шығады. Мұндай соғысты кім жақсы көріп, кім қалайды. Мен соғыстың ешқашан болмағанын тілеймін. Біз қазақтар бәріміз біргеміз. Бұл біздің ең басты байлығымыз. .......