Маған қымбат ашық аспан

 Маған қымбат ашық аспан

Елжанова Айгерім

Соғыс... Әлемнің барлық тілдеріндегі ең үрейлі сөз. Ұлы Отан соғысы ХХ ғасырдағы ірі оқиға болып, тарихқа қасіретті беттер қосыты. Мен бақыттымын. Өйткені мен өз көзіммен соғысты көрген жоқпын. Осы сұм соғысқа біздің құрдастарымыз қатысқаны туралы ойлаудың өзі ауыр. Төрт жыл бойы адамдар қанды қырғынның, зұлымдықтың, қатігездіктің салтанат құруына куә болып, онымен күресіп, күл талқан етіп жеңді. Аязға, суыққа, аштыққа, жау оғына шыдап, ұйқы туралы ұмытты. Соғыста менің халқымның адам баласына тән ең жақсы қасиеттері: батылдық, ерлік, қайсарлық, кіндік қаны тамған жеріне деген сүйіспеншік сезімі бой көтерді. Қанша қиындық көрсе де сағы сынған жоқ. Соғыс адал, мейірімді адамды қатігез ете алмайды, олай болуы мүмкін емес. Жаратушы табиғаттың заңына ол қайшы келеді. Сол жылдар туралы естеліктерді майданнан келген бір жапырақ қағаз, жұпыны ғана ашық хаттар, ардагерлердің кеудесіндегі алқалар сақтап келеді. Соғыс ешқашан ұмытылмайды. Соғыстың түнегін, азабын көрген жауынгердің, баласынан, қосағынан айрылған ананың, талай адам көз алдында бақилық болып кеткен майдандағы дәрігердің түсіне енері анық.
Жаңғырып орны жараның,
Жазылып әлі кеткен жоқ,
Жоғалтқан ұлын ананың,
Көз жасы әлі кепкен жоқ
Ұлы Отан соғысы алыста қалып бара жатыр. Дегенмен ұлын жоғалтқан халықтың жан жарасы қайдан жазылсын. Аналары мен жарлары өздерінің окоптарда қаза тапқан аяулыларын жоқтауға да уақыттары болған жоқ. Ашынған ана, жар, тіпті жас балаға дейін қолдарына қару алып, дұшпанға қарсы тұрды. Қан майдан адамдардың өмірін қыршынынан қиды. Жеңістің бағасы - мемлекет пен халықтың тарапынан жұмсалған материалдық, экономикалық, зияткерлік, рухани күш. Аранын ашқан соғыс орасан зор материалдық ресурстарды жалмады, табиғатты қан-жоса етті. Соғыс адамзатқа қарсы бағытталған зұлым күш еді. Көп сарбаз соғыстың кермек дәмін ғана татып, тарыдай оқтан ажал құшты, бірақ ерлікпен қаза тапқан жауынгерлер даңқы, олардың есімдері біздің жүректерімізде мәңгі сақталады.
Міне 71 жылдан бері Жеңістің таңы атып келеді. Осы күнге жеткізген ардагерлерге алғысым шексіз. Сіздер сыйлаған ашық аспан бізге бақытты балалық шақ, жалынды жастық, шексіз мүмкіндіктер беріп отыр. Мен бейбітшілікті сүйемін. Бұл ашық аспан, қайғысыз өмір бізге қымбатқа түсті. Оны көздің қарашығындай сақтап, қызғышша қору керек деп ойлаймын. Тәуелсіз еліміздің лайықты азаматтары болу бізге абырой, міндет, сын, майданнан оралмаған жауынгерлерге тағзым. Ардагерлеріміз біздің бейбіт күндегі жеңістемізге куә болып Жеңіс күнін қарсы алып жүргендерін қалаймын. Болмасын соғыс! Жасасын Жеңіс – мамыр – ай!


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру