Ағажай - Алтай (Қазақ ауыз әдебиеті)
Аппақ шыңы Ай сүйген асқар Алтай,
Арайлы күн алтын нұр шашқан, Алтай!
Ағажай,
Алтайдай жер қайда-ай?!
Анам болып әлдилеп, күндіз-түні,
Бесігімдей тербеттің, жастан, Алтай.
Ағажай,
Алтайдай жер қайда-ай?!
Мінген атым астымда телкүреңім-ой,
Ел аралап, ән салып көп жүремін,
Ағажай,
Алтайдай жер қайда-ай?!
Болсам егер дәрігер қолы жеңіл-ой,
Жараланған емдейтін ел жүрегін,
Ағажай,
Алтайдай жер қайда-ай?!
Екі торы ат белдеуге байламадым-ой,
Бұл дүниенің өтерін ойламадым,
Ағажай,
Алтайдай жер қайда-ай?!
Жастық дәурен барады арманда өтіп-ой,
Қол ұстасып өзіңмен ойнамадым,
Ағажай,
Алтайдай жер қайда-ай?!
Арайлы күн алтын нұр шашқан, Алтай!
Ағажай,
Алтайдай жер қайда-ай?!
Анам болып әлдилеп, күндіз-түні,
Бесігімдей тербеттің, жастан, Алтай.
Ағажай,
Алтайдай жер қайда-ай?!
Мінген атым астымда телкүреңім-ой,
Ел аралап, ән салып көп жүремін,
Ағажай,
Алтайдай жер қайда-ай?!
Болсам егер дәрігер қолы жеңіл-ой,
Жараланған емдейтін ел жүрегін,
Ағажай,
Алтайдай жер қайда-ай?!
Екі торы ат белдеуге байламадым-ой,
Бұл дүниенің өтерін ойламадым,
Ағажай,
Алтайдай жер қайда-ай?!
Жастық дәурен барады арманда өтіп-ой,
Қол ұстасып өзіңмен ойнамадым,
Ағажай,
Алтайдай жер қайда-ай?!
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: қазақ ауыз әдебиеті Ағажай - Алтай өлең казак ауыз адебиети казакша олен, қазақ ауыз әдебиеті өлеңдері, олен Агажай - Алтай казак ауыз адебиети стихи, казак ауыз адебиети олендери, Ағажай - Алтай