Сабақтың тақырыбы: «Алғашқы қоңырау» (Шуақты қыркүйек айының алғашқы күні)
Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен қадірменді ата - аналар! Армысыздар ардақты, мектеп оқушылары мен балауса балдырғандар! Биылғы 2018 - 2019 жаңа оқу жылының басты мерекесі кішкентай бүлдіршіндеріміздің бірінші сыныпқа қадам басуы. Ендеше, «Алғашқы қоңырау» атты салтанатты жиынымызға қош келдіңіздер! Мектеп деген білім күні, жыр күні, Мектеп деген ғылымның ең үлкені. Мектеп деген тәрбиеші адамға, Мектеп деген даналардың мекені. Құрметті ұстаздар, қонақтар, ата - аналар, аяулы оқушылар! Бүгінгі сағынышқа, шаттыққа толы «Алғашқы қоңырау» мерекелеріңіз құтты болсын! Ендеше барлығымыз да сағынышпен күткен “Алғашқы қоңырау” атты білім күніне арналған мерекелік шарамызды ашық деп жариялаймыз. Шуақты қыркүйек айының алғашқы күні барша оқушы қауым алтын ұя мектебіне қайта оралып, мектеп табалдырығын алғаш аттаған балдырғандармен бірге сыңғырлаған қоңырау үнімен табысып отыр. Құрметті ұстаздар, қонақтар, ата - аналар, аяулы оқушылар! Бүгінгі сағынышқа, шаттыққа толы «Алғашқы қоңырау» мерекелеріңіз баршаларыңызға құтты болсын!.....
Қазақ халқының ең бір ұлы ақыны, жазба әдебиетінің негізін салушы, дана ойшыл,халқымызды әлемге әйгілі еткен философ, ағартушы, композитор Абай Құнанбайұлының дүниеге келгеніне, міне, 175 жыл толып отыр.Небәрі 58 жыл ғұмыр кешсе де, ұзақ ізденістері арқылы халқымызға тәлім-тәрбие беретін, адамның рухын көтеріп, санасын ашатын шығармалары – бүкіл халықтың тарихи мұрасы. Ол – лирик, ол- ақын, ол – эпик... Жинақтап айтар болсақ, сегіз қырлы, бір сырлы аса ірі тұлға. Абай есімі – алға қарай ұмтылу мен әлеуметтік әділдіктің символы. Бұл оның әр ісі мен шығармасынан көрінеді.