Қызбен жүру күнә ма?

Ассалаумағалейкум! Жасым 25-ке толып, үйленуге асығып жүрмін. Екі жылдан бері сөз байласып жүрген қалыңдығым да бар. Үйлене қояйын десем, не жұмыстың, не қаражаттың ыңғайы келер емес. Екі жылдан бері қызбен жүруім күнәға жата ма?
Ерлерге (жігіт) пайдалы кеңестер
Толық

Жұмбақтар жауабымен: Жануарлар (сиыр, қоян, мысық, ешкі, тасбақа, зебра, аю, мал, бота, түйе)

Айран берген, құрт берген,
Шелек-шелек сүт берген,
Айтыңдаршы балалар,
Бұл қандай мал, кім білген?
Сиыр

Басында мүйізі бар,
Үстінде киізі бар.
Сиыр

Өзінше ноян
Қорқақ кім?
Қоян
Жұмбақтар жауабымен
Толық

Жұмбақтар жауабымен: Ыдыс-аяқтар (қасық, дастархан, сүзгі, үстел, құмыра, ыдыс, термос, кесе, оқтау, пышақ)

Жер баспайтын аяғы,
Апамның ақ таяғы.
Жұдырықтай қамырды,
Жаулықтай ғып жаяды.
Оқтау

Кесе-кесе мұқалды,
Жони-жони жұқарды.
Пышақ

Аяғы жоқ, басы бар,
Іліп алған асы бар.
Тиген кезде қолыңа,
Аузыңа тез асығар.
Қасық
Жұмбақтар жауабымен
Толық

Жұмбақтар жауабымен: Есеп және сауда

Арзан ба, әлде қымбат па?
Білесің де бағасын,
Барлық затты бір затқа
Айырбастап аласың.
Ақша

Бір қара дөңгелек,
Арлы-берлі дөңгелеп.
Әр нәрсені тексеріп,
Санағанда тым зерек.
Есепшот
Жұмбақтар жауабымен
Толық

Алфавит, әріптер

Бір атадан туыпты жиырма тоғыз баласы,
Бірлігінде бұлардың, ешкімнің жоқ таласы,
Бірігіп жүріп іс қылар, өзің ойлап қарашы.
Жиырма тоғыз әріп

Қаздар бар жиырма тоғыз бірге туған,
Әлемнің былық басқан бетін жуған.
Қор болмайды, өмірде кем болмайды,
Туа салып анадан соны қуған.
Жиырма тоғыз әріп

Жансызға жиырма тоғыз* болдым таныс,
Тамаша бір жүйрікпен қылдым жарыс.
Жансыз тұрып, жандының себебімен,
Аяғын басады екен шәркем шалыс.
Жиырма тоғыз әріп

Жұмбақтар жауабымен
Толық

Ерлан Ахмет (Ұлы елім)

Аллаһ бізді жаратқан құлы етіп,
пенделердің тәубешіл бірі етіп.
Көрші ақысын жемейтін ұлт болғаннан,
көрген емес ешкімге құны кетіп.
Көне дала төсінде.....
Өлеңдер
Толық