Ерлан Ахмет (Тәуелсіздік – тәуекел)
Ғасырлар үнін жаңғыртып жеткен бостандық –
ғасырлар бойы зарығып жүріп тосқан құт.
Аңсаған арман қанатындағы бір үміт –
Азаттық оты өшпесе екен деп жасқандық.
Сол үшін боран, дауылды тосып кеудемен,
сол үшін ақ қар жамылып, көк мұз жастандық.
Ананың сүті сіңірген бойға тілі үшін,
бабадан жеткен құдіретті күш – діні үшін,
шетсіз де шексіз кең-байтақ Ұлы далада
еркіндік кешкен, самалдай ескен күні үшін,
қасқайып тұрып қарсы алған қара түнекті,
қазағым менің – қайсарым, елім – ірі, шын!
Тәуелсіздігім – тәуекел, түбі – ырысым,
қырандай самғап, кеңіткен кеуде тынысын.
Қарашаңырақ астына жиған Отаным
тағдыры, тіні, танымы өзге ұлысын.
Қасиет тұнған бойынан қазақ жұртының
тектілік көрді Батысым менен Шығысым.
Жайдары жаздың шуағын құшсын алашым,
көктемнің гүлі көркейтсін дархан даласын.
Жаратқан Тәңір оятсын ұрпақ санасын,
ұлағат тұтар ұлықтары менен данасын.
Баянды қылсын егемен елдің ертеңін,
бақытты етсін қазақтың әрбір баласын!
ғасырлар бойы зарығып жүріп тосқан құт.
Аңсаған арман қанатындағы бір үміт –
Азаттық оты өшпесе екен деп жасқандық.
Сол үшін боран, дауылды тосып кеудемен,
сол үшін ақ қар жамылып, көк мұз жастандық.
Ананың сүті сіңірген бойға тілі үшін,
бабадан жеткен құдіретті күш – діні үшін,
шетсіз де шексіз кең-байтақ Ұлы далада
еркіндік кешкен, самалдай ескен күні үшін,
қасқайып тұрып қарсы алған қара түнекті,
қазағым менің – қайсарым, елім – ірі, шын!
Тәуелсіздігім – тәуекел, түбі – ырысым,
қырандай самғап, кеңіткен кеуде тынысын.
Қарашаңырақ астына жиған Отаным
тағдыры, тіні, танымы өзге ұлысын.
Қасиет тұнған бойынан қазақ жұртының
тектілік көрді Батысым менен Шығысым.
Жайдары жаздың шуағын құшсын алашым,
көктемнің гүлі көркейтсін дархан даласын.
Жаратқан Тәңір оятсын ұрпақ санасын,
ұлағат тұтар ұлықтары менен данасын.
Баянды қылсын егемен елдің ертеңін,
бақытты етсін қазақтың әрбір баласын!
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: ерлан ахмет Тәуелсіздік – тәуекел өлең стихи на казахском казакша олен, ерлан ахмет өлеңдері, ерлан ахмет стихи на казахском языке, ерлан ахмет олендери казакша, Тәуелсіздік – тәуекел, тәуелсіздік туралы өлеңдер мен тақпақтар, тәуелсіздік туралы өлеңдер жинағы, тәуелсіздік туралы өлең шумақтары, Қазақша өлең Тіл және тәуелсіздік, 16 желтоқсан өлеңдер, 16 желтоқсан туралы өлеңдер, 16 желтоқсан туралы өлең, 16 желтоқсан тәуелсіздік күні өлеңдер, тәуелсіздік күні өлең, тәуелсіздік күні өлеңдер, тауелсиздик куни олен, Қазақша өлең: 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні (Желтоқсан), тілдер күніне қазақша өлең, тәуелсіздік күніне қазақша өлең, Қазақша өлең, тил тауелсиздик туралы казакша олен