Таяу және Орта Шығыстағы ежелгі империялар неліктен қуатты болды? 2-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 5 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.2A. Қос дөңгелекті күйме арбалар мен империялар
Сабақтың тақырыбы: Таяу және Орта Шығыстағы ежелгі империялар неліктен қуатты болды? 2-сабақ
Сабақ барысында қамтылатын оқу мақсаттары: 5.3.2.2 басқыншылық соғыстар мен империялардың пайда болуы мемлекеттердің шекараларын қалай өзгергерткенін түсіндіру
5.3.1.1ежелгі мемлекеттердің саяси құрылымының ерекшеліктерін сипаттау
Сабақ мақсаттары: Ассирия империясы, екінші Вавилон империясы, Парсы империясы секілді ежелгі мемлекеттердің саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуын оқып үйренеді.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Таяу және Орта Шығыстағы ежелгі империялар неліктен қуатты болды? 1-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 5 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.2A. Қос дөңгелекті күйме арбалар мен империялар
Сабақ тақырыбы: Таяу және Орта Шығыстағы ежелгі империялар неліктен қуатты болды? 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 5.3.2.2 басқыншылық соғыстар мен империялардың пайда болуы мемлекеттердің шекараларын қалай өзгерткенін түсіндіру;
5.3.1.1 ежелгі мемлекеттердің саяси құрылымының ерекшеліктерін сипаттау
Сабақ мақсаттары: шығыс монархтарының сәтті билігінің құпиясын ашу.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

21 ғасыр апат дерті діни сауатты жастарда

Қазіргі кезде ақпарат құралдары да, көптеген саясаткерлер терроризмді XXI ғасырдың апаты деп бағалауда. Бірақ оның белең алуына байланысты туындаған ой шығар. Ал шын мәнінде оның түпкі тамыры ж тереңде жатыр. Қазақстан президенті Н.Назарбаев "Терроризмнің айдаһары қашан да болған және өз қарсыластарына ұдайы арамзалықпен соққы беріп отырған. Алайда дәл қазіргідей ашық та ауқымды болып көрген емес. Халықаралық терроризм осы уақытқа дейін болған және қазіргі бар ғаламдық өңірлік қауіпсіздіктің бәрін торпедалап бітті."-дейді.(1)

Терроризмнің тамыры тереңде жатыр. Бірақ оның "гүлдену" дәуірі өткен XX ғасырдың басталған еді. Оның дәлелдері 1972 жылы 5-маусымда АҚШ-тың Лос-Анджелес театрында Украинаның би ансамблінің гастролі кезінде театрға жарылғыш зат қойылған. Ал 1975 жылы БҰҰ жанындағы КСРО-ның тұрақты өкілдігі атқыланды. Тек 1981 жылдың үш айының ішінде Нью-Йоркте, Вашингтонда бес рет террористік әрекет жасалды. Бірақ мұның бәрі "кеңестік антисемитизмге қарсы күрес", "еврейлердің құқын қорғау" деп аталды.(З) Осылайша қоғамның дамуында ұлтаралык қатынастардың дұрыс шешілмеуінен, халықтың әлеуметтік проблемаларының заңды түрде толық шешімін таппағандығынан күштеу, зорлау, үрейлендіру әрекеттері әлі бәсеңдемей жалғаса беруде.

Ал қазіргі кездегі терроризм кешегі терроризм емес. Оның көптеген анықтамасы бар. Біреулер терроризмді әлеуметтік құбылыс деп санаса, келесілері басқа пікір айтады. Ал бүгінгі терроризм белгілі мақсат пен міндетті жүзеге асыру үшін күш көрсету идеологиясын тұғыр етеді. Терроризм көзқарастар мен идеялардың емес, әрекеттердің жүйесі, өйткені ол кара басының қамын күйттемейді. Ол өзінен-өзі әлеуметтік құндылық бола алмайды, алайда қызмет көрсетудің бір түрі ретінде айтарлықтай әрекетшілдік пен сұранысқа ие.......
Шығармалар
Толық

Жастың қуаты - білім білегінде

«2019 жыл- Жастар жылы» деп елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстандықтардың әл -ауқатының өсуі табысымен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауында жариялаған болатын.

Жалпы жас келсе іске дейтін дана қазақ жастардың мүмкіндіктерін бағалай білген. «Он үш жаста отау иесі» деп жастарға үлкен үміт артқан. Қазақ жазушысы Ілияс Жансүгіров «Жас мұраты білім, тәлім -талабы, өнер оқу- жастықтың қару жарағы» деп жырлағандай , жастардың талапты, білімді, негізгі мақсаты оқу екендігін анық айтқан. Жастарға үлкен сенім артып «Болашақ» бағдарламасы, «Дипломмен ауылға» «Жүз жаңа есім» сияқты түрлі жобалар ,бағдарламалар жастарды қолдау мақсатында жүзеге асырылып жатыр.

Бізге ,яғни жастарға үлкен сенім арттып , болашақ біздің қолымызда болғандықтан әрбір жас жауапкершілікті сезінсе екен. Себебі ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсынұлы ұлағатты сөзінде «жастардың оқу - тәрбие жұмысы түзелмей, жұрт ісі түзелмейді»деген. Яғни, жастар ел болашағы , тәлім -тәрбие алу ғана емес , соны дәріптеу өскелең ұрпаққа жеткізу қажет. Балаларды оқуға шықырған, білімді азамат болуларын қалаған Ыбырай Алтынсарин «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы»деген. Ең бірінші жас ұрпақты тәрбиелеуде білімді болу керек. Сапалы білім- саналы ұрпақ кепілі, тәрбиенің негізгі бастауы ол білім. Білімсіз істің реті болмайды. Болашағымыз жарқын болу үшін жастар талмай еңбек етуіміз қажет. Әрбір жас елдің тірегі, елдің , жердің дамуына үлес қосу тиіс деп санаймын. Заман талабына сай құзырлы болу үшін үш тілді еркін меңгеру, инновациялық технологияларды қолдана білу, бәсекеге сай зайырлы қоғамда өз ойын ашық жеткізе алатын, өмірге деген көзқарасы айқын , жетістіктерге қолжеткізе алатындай еркін өмір сүруі керек. Өзге елге еліктемей, өз елінің тарихын, шежіресін құрметтеп, дәстүрін сыйлап, насихаттауы қажет. .....
Шығармалар
Толық

Жастардың қуаты – білім білігінде

Мен білімді болғым келеді. Болашақта өзімді жан-жақты, көзі ашық, білікті азаматтардың қатарынан көремін. Бұл менің ғана қалауым емес, ұстаздарымның және ата-анамның да қалауы. Сабақтан бос уақытымда ғаламтордан, теледидардан елімізде болып жатқан кей жаңалықтарды оқып, тыңдап отырамын. Ара-тұра шәй үстінде әкем екеуміз мемлекетімізде болып жатқан оқиғаларды талқылайтынымыз да бар.

Жуырда мен Қазақстаннан өткен жылы 300 мың адамның шетелге тұрақты түрде жұмыс істеуге кеткені туралы ақпарат оқыдым. Елімізден көптеген жастардың Корея, Түркия, Америка, Ресей секілді шет мемлекеттерге жоғары жалақы үшін кетіп жатқанын білемін. Бірақ бір жылда 300 мың жастың бірден шетел тұрғынына айналып кетуі мені біраз ойландырды. «Сонда барлық жастар, аға-әпкелеріміз басқа елге жұмыс істеуге, сонда өмір сүруге осылай ағылып кете берер болса, Қазақстанда кім қалады? Үлкендер болашақ жастардың қолында дейді. Олай болса болашағымыз не болмақ?» деген ойға қалдым.

Өз басым, мен мұны қолдамаймын. Шетелге кетпей-ақ, Қазақстанда да жайлы әрі жақсы өмір сүруге болады. Ол үшін елімізде барлық мүмкіндік бар. Жоғары білім алғысы келетіндер үшін жақсы деңгейлі оқу орындары жетерлік. Жыл сайын талапкерлерге сан мыңдаған гранттар бөлінеді. Әр жақсы оқыған студент шәкіртақы алады, жатақханамен қамтамасыз етіледі. Кәсіп бастап, табыс тапқысы келетіндер үшін де жеңілдіктер бар. Түрлі мемлекеттік бағдарламалар негізінде өз ісін бастағысы келетін жастарға қаржылық қолдау жасалады, бизнес бастауды үйретіп, оны оқытатын курстар да аз емес. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев жастарға көп көңіл бөліп келді. Биылғы жылдың «Жастар жылы» деп аталуы да осының дәлелі. Ол кісінің сындарлы саясатын жалғастырып жатқан қазіргі Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев та жастардың рухын көтеріп, оларды білімге, еңбекке шақыруда. Яғни, еңбек еткісі келетіндерге елде ешкім кедергі емес. Елімізде бейбіт, мамыражай заман орнап тұр. Соғыс, қырғын-жойқындардан аулақпыз......
Шығармалар
Толық

1917 жылғы ақпан буржуазиялық-демокртатиялық революциясы және оның Қазақстанға әсері ? (Қазақстан тарихы, 9 сынып, І тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімдік жоспардағы тарау: 9.1 А. ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан
Сабақ тақырыбы: 1917 жылғы ақпан буржуазиялық-демокртатиялық революциясы және оның Қазақстанға әсері ?
Оқу мақсаты: XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси үдерістерге баға беру
Сабақ мақсаты: Ақпан революциясының себеп-салдарын анықтап, төңкерістен кейінгі өзгерістерге баға беріңіздер.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Сәдуақасты қызы Зейнелдің жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Дүние жалған келмес-ай,
Алғанды қинап бермес-ай.
Елім деп жүрген әкем-ай,
Өзіңдей ешкім болмас-ай.
Үстіне киген көрмесі-ай,
Құрып та қалсын тұрмыс-ай.
Шақпаған шыбын етінен
Талайды тамның бүргесі-ай.
Шақырту келді қағазы,
Оқылмай қалды намазы.
Елден бе асып аты әлем
Айтылмай кетті азаны.
Әуелі құдай оңдасын,
Халқының асыл жолдасын!
Арманы кетті бойында ....
Өлеңдер
Толық

Уа, жеңгелер, жеңгелдер (Қазақ ауыз әдебиеті)

Мінезім бар кей уақыт құдай атқан,
Борндатқан, бұрқаған, дауылдатқан.
Сол мінезім жақпай ма құрбыларға,
Кездерім көп қыздардан тауым қайтқан.

Қайырмасы:

Уа, жеңгелер, жеңгелер,
Мінез деген өзгерер.
Маған лайық бір сұлу,
Қайдан кез келер?.....
Өлеңдер
Толық

Дуай, дуай (Қазақ ауыз әдебиеті)

Әлди, әлди, ақ бөпем,
Ақ бесікке жат, бөпем,
Бурыл тайға мін, бөпем!
Ақ қызы бар ауылдың,
Балпаң, балпаң үйіне
Бұрала барып түс, бөпем!
Қымызынан іш, бөпем!
Қымызынан ішпесең,
Қызын ала қаш бөпем!
Ашуланса ағасы,
Іштен шалып жық, бөпем!
Кекеңдесе жеңгесі
Жынға басын тық, бөпем! .....
Өлеңдер
Толық

Ай-уәй (Қазақ ауыз әдебиеті)

Естілсе ет елеңдер үбір-дүбір,
Жігітті дүбірлетер жиырма бір.
Барында оралыңның ойна да күл,
Келмейді қайта айналып өткен өмір.

Жігітті жиырма бесте қағар пері,
Қатпайды суыт жүрген аттың тері. ....
Өлеңдер
Толық