21 ғасыр апат дерті діни сауатты жастарда
XXI ғасыр апат жеңісі діни сауатты жастарда.
Сағынай Б.Ш.
Қазақстан Ақтобе қаласы,
Хромтау ауданы, Көктау орта мектебі
Сағынай Б.Ш.
Қазақстан Ақтобе қаласы,
Хромтау ауданы, Көктау орта мектебі
Қазіргі кезде ақпарат құралдары да, көптеген саясаткерлер терроризмді XXI ғасырдың апаты деп бағалауда. Бірақ оның белең алуына байланысты туындаған ой шығар. Ал шын мәнінде оның түпкі тамыры ж тереңде жатыр. Қазақстан президенті Н.Назарбаев "Терроризмнің айдаһары қашан да болған және өз қарсыластарына ұдайы арамзалықпен соққы беріп отырған. Алайда дәл қазіргідей ашық та ауқымды болып көрген емес. Халықаралық терроризм осы уақытқа дейін болған және қазіргі бар ғаламдық өңірлік қауіпсіздіктің бәрін торпедалап бітті."-дейді.(1)
Терроризмнің тамыры тереңде жатыр. Бірақ оның "гүлдену" дәуірі өткен XX ғасырдың басталған еді. Оның дәлелдері 1972 жылы 5-маусымда АҚШ-тың Лос-Анджелес театрында Украинаның би ансамблінің гастролі кезінде театрға жарылғыш зат қойылған. Ал 1975 жылы БҰҰ жанындағы КСРО-ның тұрақты өкілдігі атқыланды. Тек 1981 жылдың үш айының ішінде Нью-Йоркте, Вашингтонда бес рет террористік әрекет жасалды. Бірақ мұның бәрі "кеңестік антисемитизмге қарсы күрес", "еврейлердің құқын қорғау" деп аталды.(З) Осылайша қоғамның дамуында ұлтаралык қатынастардың дұрыс шешілмеуінен, халықтың әлеуметтік проблемаларының заңды түрде толық шешімін таппағандығынан күштеу, зорлау, үрейлендіру әрекеттері әлі бәсеңдемей жалғаса беруде.
Ал қазіргі кездегі терроризм кешегі терроризм емес. Оның көптеген анықтамасы бар. Біреулер терроризмді әлеуметтік құбылыс деп санаса, келесілері басқа пікір айтады. Ал бүгінгі терроризм белгілі мақсат пен міндетті жүзеге асыру үшін күш көрсету идеологиясын тұғыр етеді. Терроризм көзқарастар мен идеялардың емес, әрекеттердің жүйесі, өйткені ол кара басының қамын күйттемейді. Ол өзінен-өзі әлеуметтік құндылық бола алмайды, алайда қызмет көрсетудің бір түрі ретінде айтарлықтай әрекетшілдік пен сұранысқа ие.
Терроризмнің таралуына дүмпу қарымы сақталынып отырған нәсілшілдік пен ұлтшылдық идеялары нәр беруде. Ұлтшылдықтың кез келген түрі терроризмнің таралуына қолайлы негіз болатынына ешқандай күмән жоқ. Бір ұлтқа екінші ұлттың үстемдігін орнату үшін ұлтшылдар терроризмді қолжаулық етуі әбден мүмкін.
Бүгінгі өмірде терроризмнің таралуының себепшісі ретінде діни фундаментализм жиі-жиі ауызға алынады. Фундаментализм өзінің нақты мәнінде белгілі бір ілімнің түпкі принципін сақтауға ұмтыла отырып, даму барысындағы ауыткқушылықгарды жеңуді білдіреді.
Қазіргі кезде ислам экстремизмі мен терроризмі деген ұғымдардың кеңінен тарап отырғанын атамай өтуге болмайды. Дей тұрғанмен, Исламның өз болмысында ешқандай да агрессияшылдык жоқ. Әрине терроризмнің көрініс табуына тағы бір себеп саяси радикализм болуы да мүмкін. Қоғамдық көңіл күйдің радикалдануының кез келген түрі белгілі бір топтардың мақсатын жүзеге асырудағы әдістері мен тәсілдерінің радикалдануына әсер етеді. Бұл ретте, терроризм туралы "оң" және "сол" радикализмнің көрініс табуының салдары ретінде сөз қозғауға болады.
Терроризм дегеніміз- деструктивті әрекет пен саяси радикализмнің ширыққан шындығы болатын болса, оның салдары белгілі бір партиялық топтардың қандай саяси реңктегі шептен табылуымен теңдесіп жатпақ. Әрі-беріден соң, саяси радикализм сынаса, терроризм өлтіреді деп айтуға да болады.(4)
Бүгінгі өмірде дүние жүзі аймақтарының дамуында сәйкессіздік бел алып бара жатыр. Осы ахуал әлсіз дамыған мемлекеттерде әлеуметтік қозғалыстардың етек алуына көп ретте қолайлы жағдай туындатып отыр. Әлуметтік қорғансыздық терроризмнің пайда болуы мен таралуына дем беретін фактор болып табылады. Атап айтсак оның нақты көріністері: жұмыссыздықтың биік деңгейі, табыстың төмендігі, болашақтың бұлыңғырлығы, әлеуметтік шиеленістің ширыға түсуі және т.б.с.с.
Оның үстіне қазіргі кезде терроризмнің таралуына террористік топтар ұйымдарының молығуы, насихаттауы әсер етеді. Терроризмді қаржыландырушылар да, демеушілері де баршылық. Осылайша, терроризм әлемге тарады. Террористік қызметтің жаһандануының салдары онымен тұрақты айналысатын адамдардың айрықша топтарының қалыптасуына алып келіп отыр. Сондай-ақ терроризмнің пайда болуы мен таралуында мемлекеттік-саяси және геосаяси факторлардың да өз орны бар.
Сонымен терроризм өткен ғасырдың ойлап тапқаны емес. Оның демі адамзат тарихын қашанда улаумен келеді, ол алғаш рет екі мыңжылдықгың тоғысында қаһарлы да ауқымды кейіпке енді. Ең бастысы-терроризмнің түркі себебі дамудың теңсіздігінде жатыр. Осыған қарсы террористер агрессивті жауап беруде. Оның салдары жазықсыз адамдардың қүрбан болуы, материалдық байлықтардың бұзылуы, психологияның бүлінуі, ой-өрістің күрделенуі, үрейдің, қорқыныштың, шарасыздықтың басым бола түсуі т.б.с.с. Осылардың барлығы таңдалған терроризм тақырыбының қазіргі кездегі тарих ғылымының көкейтесті, өзекті мәселелерінің бірі екендігін көрсетеді.
Айта кету керек, Қазақстан діни толеранттылық пен конфессияаралық келісім ісінде терең тамырлар мен көне дәстірлерге ие. Қазіргі Қазақстанның аумағында бірнеше ғасырлар бойы тәңіршілдік зороастризм, манихейлік, буддизм, христандық(оның әсіресе несториандық және яковиттік тармақтары), ислам сияқты әртірлі діндер мен наным-сенімдер ауысып, әсер етіп, басымдыққа ие болып өмір сүрген. Сондықтан, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтің әділ айтқанындай: «Бізге төзімсіздік немесе діни фанатизм жат. Бұл рухани дәстүр, бұл қандай шеңберде болмасын Құдайдың сөзіне деген ашықтық. Бұл Қазақстандағы конфессияаралық келісім мен диалогты сақтауымызбен танылдық. Біздің еліміздің өскелең дүниетанымдық әлеуеті бұдан ары қарай да сақталуға, дамытуға тиіс» - деп атап өткен.
«Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама» елде қалыптасқан жағдайды байыпты талдап, зорлықшыл экстремизмнің алдын алу жолдары мен тәсілдері айқындады. Бірақ, оның экономикалық, әлеуметтік және саяси астарларын есепке алмайды, эстремизм тәрізді зорлық түрін тек заңнамалық нормалардың тар аясында қарастырып, күрделі саяси-әлеуметтік, мәдени фактордардың нәтижесі екендігі ескерілмейді.
Бізде бұл істе тәжірибенің жоқтың қасы. Ақтөбе облысында 2011,2013, 2016 жылы экстремистік шабуыл қан төгіспен аяқталды. Бұл уақиғалар көзін жойған бір террористің орнына зорлық-зомбылық технологиясын меңгерген бірнеше терроршы келетінін көрсетті. Осылайша қанды уақиғалар жалғаса беруі мүмкін.
Өңірлік билік біртұтас мемлекетік механизмнің құрамдас бөлігі ретінде қалыпты тұрмыс-тіршілікті қамтамасыз еткенімен, төтенше жағдайларға мүлдем дайын болмай шықты. Бұның басты себебі: қалың бұқара экстремизмнің алдын алу жұмыстарында белсенділік танытпайды, бар үмітін құқық қорғау органдары мен арнайы қызмет өкілдеріне артады. Бір сөзбен айтсақ, пісіп жетілген қалыпты азаматтық қоғам әлі жоқ, өзін-өзі басқарудың жергілікті қоғамдық институттары дамымаған.
Еліміздің экономикалық, саяси, әлеуметтік және рухани саласындағы терең өзгерістер мен жаңалықтар дінге де үлкен қызығушылық туғызып отыр. Әсіресе, бұл қызығушылық жастардың арасында басым. Елімізде 14 пен 28 жас аралығында 4483 285 жастар бар. Бес облыста жастардың саны азаюда: Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан. Қазақстан халқы осылай қартая беретін сияқты. Жұмыс орындары көп Батыс өңірлерінде жастар саны өсуде. Атырау облысында жастар 150 мыңнан асады. Ел халқының 70,2%, ал, қазақтардың 98,3% мұсылмандар. Оның ішінде 15-19 жастағылардың 78,2%, 20-24 – 73,2%, 25-29 – 70,8%, 30-34 – 70,8%, 35-39 – 71,9% мұсылмандар. Ел халқының жасы өскен сайын дінге деген салқындығы байқалады: 40 пен 44 жас аралығындағылардың 72,6% мұсылманбыз десе, кейінгі буындарда бұл көрсеткіш азая береді, 70 жастан асқандардың тек 41,1% мұсылманбыз деген. Жастардың көбі ұлтына, тіліне, мәдениетіне қарамастан дінді үстіртін болса да өз дүниетанымының, ұлттық болмысының негізіне айналдыруға ұмтылады. Ал, бірқатар жастар үшін дін әлемді және өзін танудың жалғыз жолы ғана. [5] Студенттік қауым әрқашан да жаңа өзгерістерге, жағымды не жағымсыз ықпалға бейімделгіш. Жастардың сана-сезімдерінің қалыптасуына қоғамдағы діни ахуал үлкен әсер етеді. Сондықтан діни сауаттылыққа көп мән берілу керек. Бұл орайда , бүгін «Дінтану» пәнінің оқытуын жетілдіру, мазмұнын нақтылау мәселесі төңірегіндегі ізденістер жалғасуда. Дегенмен, діни тағаттылық, төзімділік пен ізгіліктің жолында басқа діндерді сыйлай отырып, «ҚР діни қызмет пен діни бірлестіктер туралы» заңына сәйкес «халықтың мәдениетінің дамуы мен рухани өмірінде ханафи бағытындағы исламның және православтық христиандықтың тарихи рөлін» негізге алып, «Дінтану» пәнін Қазақстанның тарихына, дәстүр ерекшеліктеріне негізделгені орынды, бірақ, онымен шектеліп қалмай, еліміздегі басқа діндер туралы да мағлұмат берілетіні сөзсіз. Қазақстан жастарының, әсіресе, қазақ жастарының ислам дінінің елімізге тарауы тарихынан, қазақ мәдениетінің терең бастауынан, ұлттық мәдениетіміз бен имани құндылықтарының байланысы мен сабақтастығын игеруінің тәрбиелік мәні зор
Пайдаланылған әдебиеттер:
Назарбаев Н. Сындарлы он жыл. Алматы, 2003. 21-22-бет.
Терроризм-қасірет.( Ана тілі, 2002, 7 қараша.)
Бұл да сонда.
Назарбаев Н. Сындарлы он жыл. Алматы, 2003, 32-бет.
«Религия и право. Информационный бюллетень. №3 Астана, 2008,103; 122-123беттер.
«Дін және дәстүр». І кітап. Алматы. 2014ж.
Сағынай Бақытгүл

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: шығарма 21 ғасыр апат дерті діни сауатты жастарда туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе сочинение про 21 гасыр апат дерти дини сауатты жастарда на казахском языке скачать бесплатно, эссе шығармалар шыгармалар жинағы жоспарымен, 21 ғасыр апат дерті діни сауатты жастарда