Қазақстан нарықтық даму жолына түскеннен бастап, біздің өмірімізге көптеген біз білуге тиіс ұғымдар енді, дәл сол ұғымдар сіздің әрі қарайғы өміріңіздің қандай болатынын шешеді. Бизнес, кәсіпорын, кәсіпкерлік – осы бөлімнің негізгі қарастыратын мәселесі болмақ. Сіз өзіңіздің ісіңізді жүргізу үшін не қажет екенін, ақша табудың әдістері бар екенін білесіз. Инновация деген не, не үшін адамраға экономикалық еркіндік және бизнес ұйымының қандай формалары бар екенін білесіз.....
Бизнес саласында көп ретте мәселені кәсіпкерлер емес, шенеуніктер шешеді. Сондықтан бұл шешімдер бизнес мүддесіне сай келе бермейді. Прези¬дентіміздің шағын және орта бизнесті тексеруге мораторий жариялауы да осыдан туындап отыр. Жалпы, ерекше атап көрсететін бір мәселе, жемқорлықты тудыратын мемле¬кет емес, сол мемлекеттің саясатын қа¬лып¬тас¬тыратын бюрократия. Мемлекеттік органдар бизнеске араласқан сайын ше¬неу¬ніктердің ықпалы артады, құқы өседі. Бірқатар елдерде жемқорлықпен күресті науқаншылдыққа айналдырып жіберу кө¬ріністері етек алған. Осы науқаншылдық жағдайында бұқараның ойын басқа мәсе¬леге бұрып жіберу үшін түрліше тәсілдер де ойластырылған. Әлдебір қауіп түрлерін, қауырт мәселелерді ойлап тауып, жем¬қор¬лықпен күресті екінші сатыға ысыра салу мүмкіндігі қарастырылады. Алдағы уақыт¬та осыдан сақ болуымыз керек. Бұл бюро¬кра¬тияның үнемі құрал қылып ұстайтын тәсілі, үлкен амалы. Бәсекелестік – жем¬қор¬лықпен күрестің негізгі тетігі. Жемқорлықпен күрестің тағы бір тиім¬ді факторы – ол адамдық фактор немесе қоғамдағы азаматтардың белсенділігі. Мы¬нан¬дай бір жемқорлық пен азаматтық бел¬сенділік туралы социологиялық зерттеу¬лер¬дің қорытындысына талдау жасап көрейік. “Пара берудің себебі не?”деген сұраққа азаматтар былай деп жауап беріп¬ті: 1.Шенеунік дәметіп тұрады. 2.Өзіміз үшін сұрамай-ақ береміз. 3.Ол да менің бе¬ре¬тінімді, мен де оның алатынын айт¬пай-ақ біліп тұрамыз.4.Пара беруден басқа мәселені шешудің жолы жоқ. “Егер сіз бір азамат өз бастығының пара алғанын про¬куратураға хабарласа, сіз ол адамға қалай қарайсыз?” деген сұраққа азаматтардың 42 пайызы бұл таза адам, 6 пайызы нағыз батыр, 15 пайызы бұл ерсілік қылық ....
Кәсіпкерлік пен бизнесті қолдау мен дамыту мәселесі Қазақстанның экномикалық саясатының стратегиялық міндеттерінің қатарынан саналады. Соңғы жылдардағы кәсіпкерлікті қолдау жөнінднгі қабылданған заңдар мен бағдарламалардың шоғыры орталық басқару органдарының бұл салаға шынайы назар аударғанын айғақтайды. Мемлекет басшысының ‘Қазақстан-2030 ’ ұзақ мерзімді стратегиялық еңбегінде әлеуметтік-экономикалық дамудың басым бағыттарының бірі ретінде кәсіпкерлікті қолдау атап өтілген. Кәсіпкерлік пен бизнесті тиімді қолдау мен жеделдете дамыту міндетін орындау жекеленген тұлғаның , кәсіпорынның немесе шаруашылық саласының ғана емес , тұтас мемлекеттің экономикалық болашағын айқындайтын негізгі факторлардың бірі. Қазақстанда бизнесті қолдаумен қатар, оны экономиканың түрлі салаларында басқарудың да өзіндік ерекшеліктері жетерлік. Айталық , қызмет көрсету саласы біздің елімізде жеткілікті дәрежеде дамымай жатқанымен, кәсіпкер үшін оның мүмкіндіктері мол. Қызмет көрсету саласы кәсіпорындардың қызметінде болашақта кең көкжиектер аша алады. Бұл саланың басты ерекшелігі ретінде тұтынушылардың оны ұйымдастыру үрдісіне тікелей қатысатындығын айту керек. Сондықтан , қызмет көрсету оның ісін ұйымдастырған кезде кәсіпорынның келешектегі құрылымын , орналасуын және тұтынушыларға қызмет көрсетудегі күллі үрдістердің ұйымдастырылуын ескеріп , сұраныстың бағыт-бағдарын жіті қадағалап отыру қажет. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау жүйесінің құрылымы үш деңгейде қалыптасады: республикалық деңгей, аймақтық деңгей, жергілікті деңгей. Бизнесті қолдау жүйесінің жоғарыда қарастырылған үш деңгейінің арасында тығыз байланыс бар. Республикалық деңгейде шағын бизнесті қолдау құрылымдары құқықтық нормативтік және әдістемелік көмек көрсетіп қоймай,аймақтық және жергілікті деңгейдегі қолдау құрылымдарына тікелей қаржылар аудару арқылы да жәрдемдесуге тиіс. ....
Қазақстанның экожүйесi Орталық Азияда және тұтастай алғанда континентте биологиялық әртүрлiлiк бiрегейлiгiмен ерекшелiнедi. Өсiмдiктер мен жануарлар түрлерiнiң жоғалуы генетикалық деңгейдегi әртүрлiлiктi жоғалтуға және экожүйелердегi тиiстi өзгерiстерге әкеледi. Биоәртүрлiлiктi ic жүзiнде жоғалтудың негiзгi себебi өмiр сүру ортасының жойылуы және тозуы, ең бастысы, ормандарды жою, топырақтың эрозиясы, iшкi және теңiз су айдындарының ластануы, өсiмдiктер мен жануарлар түрлерiн тым көп тұтыну болып табылады. Таяуда ғана өсiмдiктер мен жануарлардың бөгде түрлердiң жерсiнуi де биоәртүрлiлiктi жоғалтудың алаңдатар жәйi деп танылды. Биоәртүрлiлiктi сақтау үшiн Қазақстан Республикасы 1994 жылы Биоәртүрлiлiк жөнiндегi конвенцияны бекiттi, биологиялық әртүрлiлiктi сақтау және теңгермелi пайдалану жөнiндегi ұлттық стратегия мен iс-қимыл жоспарын әзiрледi. Биоәртүрлiлiктi сақтаудың неғұрлым тиiмдi шарасы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру болып табылады. Республиканың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының ауданы 13,5 млн. гектарды немесе барлық аумақтың 4,9%-iн құрайды, бұл биологиялық әртүрлiлiктiң экологиялық теңгерiмiн сақтау үшiн тым жеткiлiксiз және 10%-тi құрайтын әлемдiк стандарттардан төмен. Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын дамыту мен орналастыру тұжырымдамасына сәйкес 2030 жылға дейiн олардың алаңын 17,5 млн. гектарға дейiн ұлғайту көзделген, бұл республика аумағының 6,4%-iн құрайды. Қазақстанда биологиялық әртүрлiлiктi сақтау мақсатында биоәртүрлiлiк объектiлерiнiң жай-күйiн бағалау және түгендеу, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың желiсiн ұлғайту және қазiргi табиғи және антропогендiк процестердi ескере отырып, оларды жасанды молықтыру және бұзылған аумақтарда қалпына келтiру жолымен табиғи популяциялардың сирек түрлерiн сақтау, елдiң ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын ЮНЕСКО-ның Дүниежүзiлiк табиғи және мәдени мұрасы және "Адам және биосфера" бағдарламасы шеңберiндегi биосфералық аумақтар тiзiмiне енгiзу жөнiндегi шараларды iске асыру қажет.....
d – элементтер периодтық жүйенің барлық қосымша топшаларында орналасқан. d элементтерді металдарға жатқызады, өйткені олар жоғары электр және жылуөткізгіштік көрсетеді және металдық жылтыры болады. Металдық байланысы өте берік болады. Сыртқы электрондық құрылыстары мынадай структураға сәйкес келеді. (n-1) da nsb a = 1-10 b = 1-2 Атом құрылысы тұрғысынан алғандағы, бұл элементтерге тән сипат, ол ондағы элементтердің ядро заряды артқан сайын сыртындағы s және p деңгейшелер емес, ішкі екінші d деңгейіне тола бастайды. Демек, олардың сыртқы деңгейшесі өзгеріссіз қалады, яғни онда 1 немесе 2 электрон болса, онда олар өзгеріссіз. Олай болса, d элементтердің валентті электрондары сыртқы және сыртынан есептегенде ішкі екінші деңгейше болады екен. Мысалы Sc – скандий 4s13d 1, итрий 5s2∙4d1. Оларға тән мұндай жалпы атом құрылымына орай, кейбір бірдей химиялық қасиеттер де болады. d қатарындағы барлық элементтер металдар және олар өзінің жоғарғы беріктілігімен, жылу және электр өткізгіштігімен сипатталынады. Олар өзара және басқа металдармен құйма түзеді. d элемент қосымша топшаларда орналасқан. Қосымша топшалар негізгі топшаларға қарағанда қысқарақ, себебі олардың бірінші элементі IV периодтан басталады. d элементтер ІV, V, VІ периодтарда s пен p элементтерінің арасына кіретін 3 декададан тұрады. d элементтерге жатады: IV периодта Sc – Ti, V, Cr, Mn, Fe, Co, Ni, Cu, Zn; V периодта Y – Zr, Nb, Mo, Tc, Ru, Rr, Pd, Ag, Cd; Vi периодта La, Hb, Ta, W, Re, Os, Ir, Pt, Au, Hg. ....
Биогеография –бўл тірі организмдердіѕ географиялыќ, экологиялыќ таралуы, аудандасуы,орналасуы туралы єылым саласы. Дјлірек айтсаќ,биогеграфия (биология-жјне география) екі саланыѕ ќосындысы, ол жалпы јр тїрлі биоцноздардыѕ, фауна мен флораныѕ (тїлердіѕ таксондыќ категориялардыѕ) таралуын єылыми тїрде ќарастыруын айтамыз. Биогеография ґз саласында мына тїрлерге бґлінеді: организмдер гоеграфиясы оныѕ ќўрамына: микроорганизмдер географиясы,ґсімдіктер географиясы, жануарлар географиясы,организмдердіѕ жалпы георафиясы, ал оныѕ ќўрамына: микробеоценоз гоеграфиясы, биоценоз географиясы, фитоценоз жјне зооценоз географиялары кіреді. Кейбір авторлар (француз єалымы Э. Мартонн,советтік єалым В.Г.Гептнер, финдік зерттеушілері Л.Аарио жјне Х. Янус) олардыѕ ойынша, Б зоогеорафия мен ботаниќалыќ географиялардыѕ жиынтыєы,ал (В.Б.Сочава совет єалымы) оныѕ пікірі, бўл географияныѕ жалпылама жер шары бойынша органикалыќ зерттелуі.....
1500 ж. — жану процесі жүрмейтін атмосферада жануарлардың өмір сүре алмайтындығы дәлелденді (Леонардо да Винчи). 1609ж. — алғашқы микроскоп жасалды (Г.Галилей). 1628ж. — қан айналудың ашылуы (В.Гарвей). 1651 ж. — “Барлық тіршілік — жұмыртқадан” — деген қағида қалыптасты (В.Гарвей). 1661ж. — капилляр ашылды (М.Мальпиги). 1665 ж. — тоз (пробка) ұлпасында клетканың құрылымы анықталды (Р.Гук). 1668 ж. — шыбын дернәсілінің жұмыртқадан дамитындығы тәжірибемен дәлелденді (Ф.Реди). 1674ж. — бактерия мен қарапайымдар ашылды (А.Левенгук). 1676ж. — пластидтер мен хроматофорлар ашылды (А.Левенгук). 1677ж. — алғаш рет адам сперматозоиды анықталды (А.Левенгук). 1688ж. — түрге жүйелік (систематикалық) бірлігі ретінде анықтама берілді (Д.Рей). 1727ж. — көмірқышқыл газы ашылды (Дж.Блэк). 1766ж. — өсімдіктердің ауамен дем алатындығы дәлелденді (С. Гейлс). 1753 ж. — организмдерді жүйелеудің принципі мен бинарлық номенклатурасы жасалды (К.Линней). 1754ж. — сутек ашылды (Г.Кавендиш). 1778ж. — өсімдіктерден оттек бөлінетіндігі анықталды(Дж.Пристли). 1779 ж. — жарық пен өсімдіктердің жасыл түсі арасындағы байланыс анықталды (Я.Ингенхауз). 1809 ж. — органикалық дүниенің алғашқы эволюциялық теориясы қалыптасты (Ж.Б.Ламарк). 1814 ж. — арпа сықпасының (экстракт) ферменттер көмегімен крахмалды қантқа айналдыратындығы анықталды(Г.Кирхгоф). 1823 ж. — бұршақ белгілерінің доминантты және рецессивті болатындығы анықталды (Т.Э.Найт). 1828 ж. — ұрық ұқсастығының заңы қалыптасты (К.Бэр). 1831 ж. — клетка ядросы ашылды (Р.Броун). 1839 ж. — клетка теориясы қалыптасты (Т.Шванн, М.Шлейден, Р.Вирхов). 1841 ж. — клетка протоплазмасы анықталды (Я.Пуркине). 1845 ж. — алғаш рет бейорганикалық заттардан органикалық қосылыстар (сірке қышқылы)синтезделді. 1853 ж. — сперматозоидтың жұмыртқа клеткасына енгені сипатталды (Ф.Кебер). 1859 ж. — “Табиғи сұрыпталу жолымен түрлердің шығуы немесе тіршілік үшін күресте қолайлы өскен тұқымдардың сақталып қалуы” (Ч.Дарвин). 1862 ж. — крахмалдың фотосинтез нәтижесінде пайда болатындығы дәлелденді (Ю.Сакс). 1862 ж. — орталық жүйке жүйесінің тежелу құбылысы анықталды (И.Сеченов). 1864 ж. — биогенетикалық заң қалыптасты (Э.Геккель, Ф.Мюллер). 1865 ж. — тұқым қуалау заңдылықтары жарық көрді (Г.Мендель). 1868 ж. — нуклеин қышқылдары ашылды (Ф.Мишер). 1871 ж. — протеиндердің аминқышқылдарынан тұратындығы анықталды (Н.Любавин). 1871 ж. — қанттың спиртке айналуы ферменттердің көмегімен жүретіндігі дәлелденді (М.Манасеина....
Биологиялық қару қазіргі заманның қауіпті қаруларлық бір түрі және ол халықты жаппай қырып жою мақсатына арналған, оның потенциалы орасан зор: құрғақ биоматериалының әр грамм мөлшерінде жүздеген миллиард микробтар болуы мүмкін. Мысалы. таза кристалды ботулиникалық токсинның 1 граммы 8 млн. адамды уландырып өлтіре алады. Химиялық қару бірінші дүние жүзілік соғыста, ядролық қару екінші дүниежүзілік соғыста қолданылған болса, биологиялық қару әлі пайдаланылмаған. Сондықтан оның салдары ешкімге беймәлім. Айтарлық кейбір инфекциялы аурулар (тұмау) бір мезгіл кетерілісінде бірнеше мемлекет территориясына, бірнеше құрлыққа таралады - бұл құбылысты пандемия деп атайды. Химиялық қару сыңайлы биологиялық қару ғимараттарға, құрылыстарға, жабдықтарға тікелей озінің осерін тигізбейді, бірақ адамдарды ауруға ұшырату арқылы өндіріс тірішлігін мүлде тоқтату мүмкін. Биолгиялық қару құралдары ретінде жау мынандай аурулардың қоздырғыштарын пайдалануы мүмкін: - адамдарды зақымдау үшін - түйнек, обз, нағыз Шешек, туляремия, сан, мандам, тырыспа, сары қызба, орнитоз, іш сүзегі, қу-қызбасы, Цуцугамуши қызбасы, солар мен қатар ботулипикалық токсин; - жануарларды зақымдау үшін - аусыл оба сан, түйнек және т.б.; өсімдіктерді зақымдау үшін - астық тұқымдастарының тотоқтырғышы, күріш пирикуляриозы, картоп фитофторозы, мақта гоммозы, ж.т.б. Биологиялық қарудың негізін биологиялық құралдар қалайды. Олар: бактериялар, вирустар, риккетсиялар, саңырауқұлақтар; микробтардың өнімдері - токсиндер, мал және ауыл шаруашылық өсімдіктеріне зиян келтіретін жәндіктер мен зиянкестер, ауру қоздыратын микробтарды тасымалдайтын жәндіктер және өсімдіктерді I шірітетін синтетакалық химиялық заттар-гербицидтер мен дефолианттар. Биологиялық қаруды нысаналарға жеткізу немесе қолдану әдістерін екі топқа бөлуге болады: негізгі әдіс және диверсия жасау әдісі. ....
Акустика — өте ерте заманнан белгілі. Ол алғаш адам құлағы ести алатын дыбыс туралы ілім ретінде дамыды. Ертеде Пифагор (б.з.б. 6 ғ. естілетін дыбыс тонының биіктігі мен перненің не кернейдің (трубаның) арасындағы байланысты тапты. Аристотель (б.з.б. 4 ғ.) дыбыс шығаратын дененің ауаны қысатындығын, оны сирететіндігін, ал жаңғырық дыбыстың кедергіден кері қарай шағылу құбылысы екендігін түсіндіріп берді. Леонардо да Винчи (15-16 ғ.) дыбыстың шағылуын зерттеді, дыбыс толқындарының таралуы дыбыс көздеріне тәуелсіз болатындығын (тәуелсіздік принципі) тұжырымдады. 17 ғ-дың аяғы мен 18 ғ-дың басында Г. Галилей дыбыс шығаратын денеде тербеліс пайда болатындығын және дыбыстың биіктігі оның жиілігіне, ал қарқыны дыбыс амплитудасына тәуелді екендігін тапты. Ауадағы дыбыс жылдамдыдығын алғаш рет франсуз физигі М. Мерсенн анықтаған. 17 ғ.-дың аяғынан 20 ғ-дың басына дейін Акустика механиканың бір бөлімі ретінде дамыды. Механикалық тербелістердің жалпы теориясы, дыбыс толқындарының (сер-пімді) белгілі бір ортада таралу және пайда болу заңдылықтары, дыбыстың негізгі сипаттамаларын (дыбыс қысымы, импульсі, энергиясы, дыбыстың таралу жылдамдығы, т.б.) өлшеу әдістері Ньютон механикасына, Гуктің серпімділік теориясының негізгі заңына, Гюйгенстің толқындық қозғағалыс приципіне негізделіп жасалды. Сөйтіп дыбыс толқындарының диапазоны кеңейіп, Акустика инфрадыбыс (16 Гц-ке дейін) пен ультрадыбыс (20 кГц-тен жоғары) аймақтарын қамтыды. Ағылшын ғалымы Т. Юнг пен франсуз ғалымы О. Френель толқын интерференциясы мен диф-ракциясы теориясын, аустриялық ғалым X. Доплер дыбыс көзінің бақылаушымен салыстырғандағы қозғалуы кезіндегі толқын жиілігінің өзгеру заңын тұжырымдады. Күрделі тербеліс процесін қарапайым құраушыларға жіктеу әдісінің (Фурье әдісі) жасалуы дыбыс анализін және гармониялық құраушылардан күрделі дыбыс синтезін алудың негізі болды. ....
Сараптау жүйелері – бұл негізгі пәндік обылыстағы мамандардың білімін жоғарылататын күрделі программалық комплекс . Жалпы мен , осы рефератта сараптау жүйесінің қызметін , жалпыланған құрлысын , сипатталуын қарастырдым . Негізі нағыз сараптау жүйесі бұдан да күрделі құрылымда болуы мүмкін. Сараптау жүйесін қарастырған кезде біз жасанды интеллект пен білім базасымен кездесеміз . Ал , білім түсінігімен жасанды интеллект негізінде құрылған жүйелерді құру барысында кездесеміз. Білімдер бұл кез-келген қолдану саласына қатысты мәселені мамандарға шешуге мүмкіндік беретін және кәсіби тәжірбие , практикалық қызмет нәтежесінде алынған осы қолдану саласының заңдылықтары қағидалары және байланыстары. Бәріне де білім базасы мен мәліметтер базасының арасындағы байланыс, көптеген пайдаланушылардың арасында қызығушылықты туындатады . Мәліметтер сияқты білімдер өңделу барысында келесі түрге ие болады : 1. Ойлау қабілеті нәтежиесіндегі адамның есіндегі білімдер 2. Білімдерді материалдық тасығыштар 3. Білімдер шебері . Қолдану саласы обьектінің , олардың атрибуттарының және де байланыс заңдылықтарының шартты түрі . 4. Білімдерді ұсыну түрлерімен сипатталған білімдер , яғни, продукциондық модельдер , фреймдер , семантикалық желілер , логикалық есептеулер ; 5. Білімдер базасы машиналық тасығыштарындағы ақпарат Білімдер бұл – қатаң құрылымдағы мәліметтер , метамәліметтер білімдерді сақтау үшін білім базасын қолданады . Білім базасы кез-келген интелектуалдық жүйенің негізгі компоненті болып табылады . Құрылымдық ерекшелігі бойынша білімдер қолдану саласы туралы фактілерден және ережелерден тұрады . Факт- қолдану саласы туралы қысқа мерзімді білімдер. Білімдер ережелер – фактілерді өңдеу алгоритімін анықтайтын ұзақ мерзімді білімдер . . Сонымен білім базасы фактілер , ережелер жиынтығы және осы жиынтықта қызметін қамтамасыз ететін заңдылықтар . Білімдер базасы технологиясы өз даму барасында мәліметтер базасы технологиясының дамуының жалғасы болып келеді. Мәліметтерден білімдерге ұласу – ақпараттық құрылымдарының дамуының және күрделенуінің логикалық күрделі нәтежиесі: ....