Экономика | Бизнес бастамасы

Экономика | Бизнес бастамасы

Бизнес бастамасы
Кәсіпкерлік
Кәсіпкерлік дегеніміз не?
Көбінесе, кәсіпкерлік деп, кәсіпорын - өндірісін орнын (зауыт, фабрика және т.б.) иеленушіні немесе басқарушыны адамды айтады. Бірақ, экономистер бұл терминді кең мағынада қолданады, кәсіпкер деп ресурстарды пайдаланудың неғұрлым жаңа, әрі тиімді жолдарын табатын адамды айтады.
Кәсіпкерлік дегеніміз не? Қызметтің түрі ме? Жүргізу әдісі ме? Мінез қыры ма?
Кәсіпкерлік – пайдалы іс жүргізу ұйымдастыру арманы, жетістікке талпыну, практикалық зеректік сияқты шаруашылық жаңалығы. Кәсіпкерлік нарықтық экономика шарттарына негізделіп, өндіріс факторы бола алды. Дамыған елдердің экономикалық құрылымдарын еркін кәсіпкерлік жүйе деп бекер айтпаған.
Кәсіпкерлік – экономикалық белсенді форма, бәсекелестік аясында жаңа кәсіпорын құра алатын белсенді, қайратты тұлғаның эияткерлік қызметі, яғни, экономикалық белсенділіктің ерекше түрі.
Кәсіпкерлік – табыс табуға бағытталған, жеке адамныңнемесе бірнеше тұлғаның қауіп – қатерге бас тіре отырып тәуекел еткен өзіндік бастамасы, әрекеті.
Кім кәсіпкер бола алады? Адамдардың өз жеке ісін жүргізуіне түрлі себептер әсер етуі мүмкін. Жеке бас тәуелсіздігі, пайда табуға берілген шексіз мүмкіндіктер және өзі қалаған уақытта сүйікті ісімен шұғылдана алу еркіндігі – бұл тек себептердің бір бөлігі. Кім де болса кәсіпкер бола алады. Кәсіпкерлердің жас шамасына шекктеу қоылмайды. Мысалы, американдық бала Дэрил Бернстайн 15 жасына кітап жазды. Ол өз кітабында ақша табудың 50 әдісін сипаттады.
Қалай десек те кәсіпкерлердің мінездері әр қырынан көрінеді. Бірақ олардың ортақ сипаттары да бар:
Пайдаға ұмтылу. Табыс табуға ұмтылу – еркін кәсіпкерлік жүйесіндегі негізгі қозғаушы күш. Пайда табу үшін кәсіпкер қажетті тауарлар мен қызметтерді өндіру керек. Бұл үшін тиімді технология шығару керек. Өндірісті қаржыландыру керек және тауар мен қызметін шығынды өртейтін бағада сатуы керек.
Тәуекелге бару. Жетістікке жету кепілі болмаса да кәсіпкерлер бизнеске ұмтылады. Егер олардың есептері дұрыс болмаса, онда олар қаржы, уақыт және басқа да ресурстарын жоғалтады. Кәсіпкерлер өте қырағы келеді және әрбір мүмкіндікті пайдаланып қауіпті төмендетуге тырысады.
Дербестік. Қауіп – қатерге қарамастан тәуекелге бара білген адам, шешім қабылдаудағы еркіндік құнын бағалай біледі, ол бұдан кейін біреудің қас қабағына қарап қызмет ете алмайды.
Стратегия. Кәсіпкер ол өз ойын іске асыру үшін күндіз – түні тынбай жұмыс істейтін адам, олар да ншығармашылық адамдары секілді байыптв келеді. Көпшілік кәсіпкерлерді ұшқыр ойлы, жолы болғыш бизнесмендер деп ойлайды. Мұндай кәсіпкерлер көбінесе төмендегідей жолды таңдайды.
- ешқашан көрмеген немесе ешкім қолданбаған мүмкіндіктерді қолданады.
- нарықтың өзгерген шарттарын қолдана біледі.
- өнім мен процесті жақсарту жолын таба біледі.
- бар тауарға балама тауар мен қызметтер табады.
- қоғамдағы өзгерістерді анықтап (мысалы, демографиялық), оны пайдаланады. Стратегияны таңдау кәсіпкердің шығармашылығы мен қуатына байланысты. Сәттіліктің негізгі кілті – нарықты түгелдей игеру және өз мүмкіндіктерін білу.
Инновация және кәсіпкерлік. Инновация - істі алға жылжытудың құралы. Тек инновация бар жерде – жаңаны енгізу – нағыз кәсіпкерлікке орын бар. Инновайия – тек жаңа тауарлар мен қызметтер, жаңа жабдықтар мен технологиялар ғана емес, сонымен қатар ұйымдастыру жаңашылдығы.
Электронды коммерция – электрондық пошта арқылы тұтынушыларға тауар ұсынатын немесе тауарлар мен қызметтерді жарнамалайтын және сататын инновация түрі. Бұл қызметтер Интернет байланысы арқылы атқарылады.
Интернет бизнесі басқару жолдарын өзгертеді. Әр түрлі фирмалар арасындағы іскер адамдар Интернет байланысы арқылы хат алысып, іс жүргізеді. Кәсіпкерлер бұл салада жетістіктерге жетуде. Олардың ойлары мен қызметтерінің өзгеруіне электронды коммерцияның енуі себеп болды. Жаңалық 90 жылдардың басында енді.
Қазіргі таңда Интернет – коммерция 1,2 миллион адамды жұмыспен қамтуда. Дәл сол адамдар желі бойынша сатып алады. Жуықтағы зерттеулердің көрсеткіші бойынша, ең танымал тауарларға кітаптар, компьютерлер бағдарламамен қамтамасыздандыру, әуәндер, туристік жолдамалар, киім және электроника кіреді. Электрондық комморция – экономиканың тек бір саласы, мұнда кәсіпкерлер тәуекелге бел буады және пайда алу үмітімен жұмыс жасайды.
Экономикалық еркіндік. Кәсіпкерлік еркіндігі – жекеменшік фирмалардың экономикалық ресурстарды қалаған тауарларды өндіруге қолдану және ол тауарларды таңдаған базарларда сату құқығы.
Экономикалық еркіндік тауарлар мен қызметтерді өндіру және тұтыну саласында мемлекет тарапынан қандай да бір күштеу мен шектеудің болмауынан сипатталады.
Шағын бизнес
Шағын бизнес дегеніміз не? Шағын бизнес – коммерциялық айналымы мен жұмысшыларының саны шағын болатын тәуелсіз бизнес – кәсіпорын.
Қазақстан Республикасында заңдарына сәйкес шағын бизнестің субъектісі – заңды тұлғалар және кәсіпкерлікпен айналысатын заңды тұлғалар болып табылмайтын жеке тұлғалар. Шағын кәсіпорынның орташа жылдық жұмысшылар саны 100 адамнан аспауы керек, ал актив құны 60 мың ретті есептік көрсеткіш.
Шағын бизнес (шағын кәсіпкерлік)- жұмысшылар санының шектеулілігімен және өндіретін өнім мөлшерінің шағын көлемімен сипатталатын кәсіпорын.
Біздің республика үшін шағын бизнес қоректік орта болуы тиіс, мұнда жаңа ойлар туындап, іске асарылады, мұнсыз тиімді экономикаға жету мүмкін емес. Қазақстанда шағын бизнестің көптеген жетістіктері бар. Оларда миллиондаған қазақстандықтар қызиет етуде. Мысалы, Ақтөбе облысында шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қорғау және дамыту аймақтық бағдарламасы сәтті жүгізілуде. Қазіргі таңда шағын кәсіпкерлік аясында облыс бойынша 52 мың адам қызмет етуде (барлық жұмысшылардың санынан 30%). Облыс орталығының өзінде 2000 жыл 0,863 шағын кәсіпкерлік субъектісі, оның ішінде жеке фермерлік шаруашылық болды. Жұмыс Істеушілер саны 29000 құрайды, олар өнімді 8 млрд. Теңгеге өндіріп, өңдеді, оның ішінде 840 млн. Елдің бюджетіне аударылды.
Шағын бизнестің қандай басымдықтары бар? Көлеміне қарамай шағын бизнестің өзінің басымдықтары бар. Шағын кәсіпорын иесі біршама тәуелсіз, одан бастапқы төменгі копитал талап етіледі. Сонымен қатар, шағын бизнестің зор қоғамдық мәні бар. Себебі, ол жұмыс орындарымен қамтамасыз ететін бірден – бір бизнес.
Шағын бизнес басымдықтары:
- иесінің тәуелсіздігі.
- Аз капиталды талап етеді.
- Негізгі талаптарды қанағаттандара алу мүмкіндігі.
- өзгерістерге бейімделу қасиеті.
- Жұмыс орындарын құру.
Шағын бизнес алдында қандай мәселелер тұр? Шағын кәсіпкерліктің жетіспеушілігі неде? Қандай басымдықтары болса да, шағын бизнес тәуекелге тап келген кәсіпорын болуы мүмкін. Кем дегенде үш – төрт жыл ішінде екі – үш кәсіпорын сәтсіздікке ұшырайды.
Экономиканың ауыр кезеңдері шағын бизнес үшін оңай болған жоқ. Шағын кәсіпорынның банкрот болу мүмкіндігі ірі кәсіпорындарға қарағанда жоғары. Ол екі себеппен түсіндіріледі.
1. Дұрыс басқармау. Көптеген кәсіпкелер шағын бизнестің қыр – сырын жұмыс барысында біліп аламыз деп ойлайды. Менеджмент саласының маманы Питер Дракер – «Жаңа бизнесмендер тәуекел еткенненн емес, не істеу керегін білмегеннен сәтсіздікке ұшырайды» - дейді. Сол себепті көптеген сарапшылар бизнесті ашқанға дейін игеру керектігін айтады.
2. Ресурстарға деген қажеттілік қаржыландыру мүмкіндіктерімен сай келмейді. Ең кіші бизнестің өзінде шығындар бар, істі әрі қарай жүргізу үшін оларды жабу керек. Ең негізгі қаржылық мәселе – салық, сәтсіз сауда, несие құнының жоғарылығы болып табылады. Көп жағдайда шағын бизнес иелері шығындарын өтей алмай жатады.


Бизнесті ұйымдастыру формалары
Фирмалар – негізгі мақсаты пайда табу болып табылатын кәсіпорындар. Барлық фирмаларды олардың ұйымдастыру формасына сәйкес топтауға болады. Барлық елдерге тән бизнес ұйымдарын топтау формасы келесідей: серіктестік, копорация (акционерлік қоғам).
Жекелік иелік. Жекеше иелік – жалғыз адам иелік ететін бизнес. Бизнесті ұйымдастырудың бұл формасы біршама кең тараған, бірақ бұл кәсіпорындардың көлемі шағын. Кең тарау себебі – бизнесті ұйымдастырудың арзан әдісі, әрі барынша қарапайым. Сонымен қатар, мұндай кәсіпорын иесі бүкіл пайдаға өзі билік жүргізеді, кез келген өзгерістер еңгізе алады, өз күшінің арқасында жетістіктерге жете алады. Жекеше иелік етудің кемшіліктері де бар: Соның бірі – кәсіпорын иесінің толық мүліктік жауапкершілігі. Бизнеске байланысты барлық міндеттер мен проблемалар оның иығына түседі. Егер фирма банкрот болған жағдайда жеке меншік иесі өзі барлық қарызды өтейді
Серіктестік. Серіктестік – екі немесе одан да көп ортақ иеленуші басқаратын кәсіпорын. Серіктестіктің бірнеше басымдықтары бар:
- Әріптестердің бірігуі қосымша қаржының болуына әкеледі.
- Әрбір әріптес ұғымға жаңа идеялары мен талантын қосады.
- Ұйымдастырылуы қарапайым түрде болады.
Серіктестіктің кемшілігі де бар:
- Әр серіктестікте әр әріптестің шексіз мүліктік жауапкершілігі болады.
- Серіктестікте капитал көлемі шектеулі. Ол фирма мүлігімен анықталады.
- Бірігіп басқару қиыншылығы. әріптестердің көзқарастары қайшылығынан (серіктестікті тоқтатуға әкелетін) ымыраға келе алмауы мүмкін.
Корпорация. Корпорация (Латын тілінен аударғанде «corporatio» - біріктіру) – акционерлік қоғам түрінде ұйымдастырылатын, кәсіпорындардың немесе тұлғалардың ортақ іс жүргізу үшін бірігуі.
Меншік құқығы акцияға бөлінген, сондықтан корпорацыя иелерін акционерлер деп атайды. Корпорацияда акционерлер саны көп болуы мүмкін. Корпорацияның негізгі артықшылығы сот корпорацияны заңды тұлға деп қабылдайды. Ол сотқа шағымдана алады.
Бизнесті ұйымдастырудың бұл формасының басымдықтарын төмендегідей көрсетуге болады.
- Шектеулі жауапкершілік. Серіктестік мүшелері мен жеке меншік иелеріне қарағанда акционер көп мөлшердегі қаржысын жоғалтуы мүмкін (ол – жеке акцияға төленген соманы жоғалтады).Шектеулі жауапкершіліктің қажеттілігі сондай, ағылшын тілді елдердегі корпорациялар көп жағдайда өз атауларына «LTD» (шектеулі) аббревиатураны қосады.
- Операция жүргізу қарапайымдылығы. Акция иелері корпорация акцияларын сату немесе сатып алу арқылы сол корпорацияға кіреді, сондай – ақ шыға алады.
- Қолдану шексіздігі. Ационер қайтыс болған жағдайда бұл жағдай корпорацияның бұдан арғы қызметі үшін айтарлықтай әсерін тигізбейді, себебі акция мұрагерлеріне табысталады.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру