Сіздерді мерейтойыңызбен құттықтаймын! 5 жыл — бұл аз емес! Сізге бір-біріңізге нәзіктік пен құрметпен қарауды тілеймін! Сіздердің бірлескен өміріңіз ғасырлар бойы ағаштар сияқты берік және сенімді болсын. Сізге күнделікті бақыт! Денсаулық, қуаныш, өркендеу, өзара түсіністік, жауапкершілік, шынайылық және үлкен махаббат! Бір-біріңізді бағалаңыз, құрметтеңіз және қолдаңыз! Сіз кереметсіздер!
КІРІСПЕ Эрих Фромм неміс-американдық философ, социолог және психолог, неофрейдизмнің негізгі өкілі. Ол 1900 жылы Франкфуртте, Германияда дүниеге келген. Фромм отбасының жалғыз ұлы болды. Ол екі түрлі дүниені – ортодоксалды еврейлік және християндықты біліп өсті. 1922 жылы Гейдельберг Университетінде философия докторы атағыналды, 1923-1924жылдар Берлиндегі Психоаналитикалық институтта психоанализ курсын өтеді, 1929-1932 жылдары - Франкфуртта әлеуметтік зерттеу Институтының қызметшісі болды. Кейіннен 1933 жылы АҚШ-қа келіп У.Уайт атындағы психиатрия институнда жұмыс істейді. Колумбиялық және Йельдік университеттерінде сабақ береді. 1951-1967 жылдары Мексикада тұрады, Мехикадағы Ұлттық университетте психоанализ Институтын басқарады. 1974 жылы Швейцарияға келеді. Европада бірінші дүние жүзілік соғыс басталған кезде Фромм 14 жаста болатын. Ол осы соғыстың адамдық иррационалдылығы мен қиратушы бейімділігіне қайран болды. Кейіннен ол, "Мен бұл соғыс қалай пайда болды, және адамдар табының мінез-құлығының иррационалдылығын қалай түсінуге болады, деген сұрақтар ойландыратын өте терең қамданған бала едім" деп жазды. Осы сұрақтарға жауабында оған З.Фрейд пен К.Маркстің үлкен әсер еткені көрінеді. Фрейд еңбектері, оған, адамдар өз жүріс-тұрысының себебін түсінбейтінін ұғынуға көмектесті. Марксті оқи отырып, ол әлеуметтік-саяси күштер адамдар өміріне маңызды әсер еткенін түсінді. Фромм Фрейд пен Маркстің ойларын салыстырады, олардың көзқарастарының қайшылықтарын көрсетіп синтез жасауға тырысады. Фромм Марксті Фрейдке қарағанда өте терең ойшыл деп есептейді; және психоанализді негізінен Маркстегі кемшіліктерді толықтыру үшін қолданады. Фроммға сонымен бірге Спиноза мен М.Экхарттың ойлары үлкен әсер етті. Фроммның негізгі еңбектері: "Еркіндіктен қашу" 1941 ж., "Адам өзі үшін" 1947 ж., "Салауатты қоғам" 1995 ж., "Махаббат өнері" 1956 ж., "Зигмунд Фрейд миссиясы" 1959 ж., "Карл Маркстегі адам концепциясы" 1961 ж., "Адам жүрегі" 1964 ж., "Үміт революциясы" 1968 ж., "Адам деструктивтілігінің анатомиясы" 1973 ж., "Иелену немесе болу" 1976 ж. Фромм Маркстік, философиялық-антропологиялық, экзистенциалдық және психоаналитикалық идеялардың жалпылығын білдіретін ілімді жасай отырып адам тіршілігінің дихотомиясын шешудің тәсілін табуға, адам жатсынуының түрлі формаларының жойылыуын шешу тәсілін, батыс өркениетінің дұрысталу жолын анықтау тәсілін табуға және тұлғаның еркін және творчествалық даму болашағын көрсетуге тырысады. Фрейд биологизмнен бас тартып, Фромм әлеуметтік мәдени себептермен қамтамасыз етілген, басылған сексуалдыққа жанжалды жағдайды араластыра отырып бейсаналық символикасын қайта қарайды, адам психикасы мен қоғамның әлеуметтік құрылымы арасындағы байланыстырыушы түйіні ретінде "әлеуметтік сипат" ұғымын еңгізеді, батыс мәдениетінің даму тенденцияларын зерттейді. Экзистенденциялды лихотомияның жеке шешіміне Фромм адамның махаббатқа, сенімге, және ойлауға адамның ішкі қабілеттерін байланыстырады.....
Үштұғырлы тіл: бәсекеге қабілетті ұлт болудың бірінші сатысы Елбасы 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы ассамблеясының XII құрылтайында «Үш тұғырлы тіл» туралы идеяны жария етті. Ал 2007 Жолдауында “Тілдердің үштұғырлылығы” атты мәдени жобаны кезең-кезеңмен іске асыруды ұсынды. Бұл идеяның негізі мынадай: Қазақстанды бүкіл әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде тануы керек. Олар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қарым-қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі. Яғни мемлекеттік тілді дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз және ағылшын тілін үйренеміз......
Өзін-өзі жетілдіре алатын бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеудегі оқыту технологияларының тиімділігі Жоспары: I. Кіріспе Оқушының белсенділігін арттырудағы жасалған жұмыстың жаңа технологиямен байланысы
II. Негізгі бөлім «Өзін -өзі жетілдіру» әдісіне қойылатын басты талаптар
«Өзін-өзі жетілдіру» әдісін өз тәжірибемде қолдана білу ерекшеліктерім III. Қорытынды бөлім Нәтижелерге сараптама I. Кіріспе Оқушының белсенділігін арттырудағы жасалған жұмыстың жаңа технологиямен байланысы - Зерттеудің көкейкестілігі: Қай замандарда да мектеп қоғамның әлеуметтік, экономикалық және мәдени салаларындағы өзгерістерге икемделіп отырған. Әр кезеңге сай оқыту теориялары, оқыту процесін ұйымдастыру мәселелері де өзгеріп, жаңа сұраныстарға жауап берердей бейімделген. .....
Кіріспе Қазір қоғам да, қоғамдық көзқарастар да күннен – күнге өзгеру үстінде. Әрі бұқаралық ақпарат және қарым–қатынас құралдарының жұмысындағы барлық шектеулердің алынып, ақпарат тарату еркіндігіне кең жол ашылуы балалардың сана – сезімі мен рухына кері әсер етуде. Қазақ бола тұра қазақ тілін ұмытып, ата – бабамыздың салт – дәстүрі мен әдет – ғұрпынан ажырап қалған, шетелдік компьютерлік ойындар мен қатыгездікке құрылған фильмдердің еркіне кеткен жастарымызды қайтсек дұрыс жолға саламыз? Бүгінгі таңда бұл сұрақ ұлтымыздың болашағын ойлайтын санасы сергек барша қауымды толғандыруда. Соңғы уақытта қоғам жеткіншек жастағы балалардың ауытқушылық мінез-құлқы ретіндегі қатыгездік, агрессиялық, жағымсыздық, асоциалды мінез-құлықтарын қарқынды түрде зерттеуді талап етіп отыр.Осындай ауытқушы мінез-құлықтың дамуына ықпал ететін факторларды зерттеу – психология ғылымының негізгі мәселелері. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудың мақсаттары мен міндеттерін, құрылымы мен мазмұнын және негізгі стратегиялық бағыттарын айқындайтын «Білім беруді дамыту тұжырымдамасы» мемлекеттік тәуелсіздікті қалыптастыру мен нығайтудың, елдің прогресшіл дамуының негізін құрайды. ....
Курстық жұмыстың өзектілігі: Халқымыз бала тәрбиесіне қашанда ерекше мән берген, өйткені бала біздің болашағымыз, өміріміздің жалғасы. Сондықтан бүгінгі таңда да балаларлы қорғау - әлеуметтік мәні зор халықтық іс болып табылады. Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау, оларды тәуелсіз мемлекетіміздің білімді, білікті, мадениетті азаматы етіп тәрбиелеу барысында жасалып жатқан тың жұмыстар, өмірімізге еніп жатқан жаңалықтар осыны дәлелдейді. "Бала тәрбиесі — бесіктен басталады"— деген ұлы қағидаға сүйенсек, 1,5 – 6 жас аралығындағы сәбилерге білім және тәрбие беретін мекемелердің орны да маңызды да ерекше. Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің халыққа арналған «ЖАҢА ӘЛЕМДЕГІ ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН» атты Жолдауының «Тоғызыншы бағытында – Жоғарғы технологияларды енгізуге және инновацияларды қолдауға бағытталған біртұтас мемлекеттік стратегия жүргізу жүйесін өте мұқият зерделеген жөн » деп атап көрсетті. Тіл-адамзат қоғамында қатынас, сөйлесіп пікір алысудың құралы ретінде қызмет атқаратын құбылыс. Тіл мен қоғам өзара тығыз байланысты, біріншіден, тілсіз ешбір қоғам өмір сүре алмайды. «Тілсіз ұлт құрымақ». Тіл адамзат қоғамының өмір сүруінің қажетті шарты. Екіншіден, тіл қоғам бар жерде ғана өмір сүреді. Қоғам — тілдің өмір сүруінің шарты. Қоғамның өмір сүруі үшін, тіл қаншалықты қажет болса, тілдіқ дамып, әрбір халық өз тілінде асыл армандары мен әсем жан дүниесін, барша жақсылық атаулыға құрметін, адамзат бақытына кесір келтіретіндерге лағнетін бейнелеген. Тіл — оны жасаушы халықтың тарихы, шежіресі, бүкіл өмірінің жаңғырығы мен ізі; арманы мен алдағы үміті, қайғысы мен қуанышы, күллі рухани өмірінің үні естіліп тұрады. М.Жұмабаев тілдің осы бір қасиеттері жайында былай дейді. «Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе желсіз түнде тымық, әсіресе құйынды екпінді тарихы, cap далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі — бәрі көрініп тұр» [1, 10-11б]. Ана тілі, сонымен бірте, бүкіл ақыл-ой дамуының негізі және бүкіл білімдердің қазынасы. Өйткені балаларға ғылым негіздерінен жан-жақты білім мен дағды беретін, сауатты жазу мен мәдениетті сөйлеуге төселдіріп, тіл материалын меңгеретін де осы пән. Тіл дамыту бәрінің басын біріктіретін негізгі мәселе ретінде қарастырылады. Мұның өзі балаларды түсініп оқуға, еркін сөйлеуге және сауатты жазуға үйретуді көздейді. Алайда қазақ тілі пәніне арналған бағдарламалық материалды оқытуға айрықша көңіл бөлінгенімен, осы берілген грмматикалық тақырыптарды оқыта отырып, әр тіл материалын игертілу ерекшеліктеріне қарай, тіл дамыту жұмысын қалай жүргізу керек деген мәселе өз шешімін таппай келеді [2, 23-25 б].....
Зерттеу жұмысының өзектілі: Көркем әдебиет тілі алғаш орыс тіл білімінде зерттеу нысаны болып, бұл бағытта В.В. Виноградов, В.Винокур, Л.В. Щерба, М.Н. Кожина, А.Н. Гвоздев, Р.А. Будагов, А.И. Ефимов т.б ғалымдар көркем шығарма тілін, стилистикасын жан –жақты қарастырған. Ал кейінгі жылдары қазақ тіл білімі де біршама еңбектермен толықтырылды. Бұл ретте Р.Сыздық, Е. Жанпейісов, М. Серғалиев, Х. Кәрім, Б.Шалабай еңбектерін атауға болады. Зерттеулерде көркем шығарма тіліне қатысты құнды пікірлер айтылып, шығар өнер туындысы ретінде қаралды. Көркем шығарма тілін зерттеу – жазушының суреткерлік шеберлігін, эстетикалық мүмкіндігін қарастыру көркем әдебиет стилистикасы - әдебиеттану ғылымы мен лингвистиканы байланыстыратын ғылыми саласы, аралық пән. Көркем туындының табиғаты өте күрделі. Онда тілдік материал мен идеяның біртұтас бірлігі қалыптасқан. Шығармадағы композициялық тұтастық, образдар жүйесі тілдік құралдар арқылы беріледі. Көркем шығарма тілінің бүгінгі даму мен шарықтауы арынды да тым асқақ. Әсірелеп айтқанда, ол бейне бір тау басынан нәр алып, сай – салалармен сарқырап құйылып жатқан бұлақ суларымен молығып, толықси аққан үлкен өзен арнасын көз алдыңа елестететін сияқты. Сондықтан болуы керек, оның айдынды ағысында лайы мен тұнығы араласқан иірімдері, тас домалатар ұрымтал тұстары, қалтарыста қалып қойған қойнау – қолтықтары да жоқ емес. Әрине, көркем шығарма тілі – қыры да, сыры да мол дүние. Әрбір қалам қайраткерінің, табиғи талантын, дүниетанымын, қабілетін, білім дәрежесін былай қойғанда, сөз өнерінде өзіндік қолтаңбасы, сөз қолданыс тәсілі, сөз саптау мәнері бар. Көркем сөздің жан дүниемізге рухани нәр беріп, әсерлі де әсем сезім ұялататын сиқырлы сыры оның эстетикалық қызметіне байланысты. Сөз қолданыстың сан алуан тәсілдері мен шынайы шеберліктің өнегесін біз, міне, осы тұста айқын көреміз. Басқаша айтқанда, әрбір жазушының әр қврвнан көрінер, өзгеден дараланар өзіндік сөз өнері, топ жарған таланты сарапқа салынар кезі тілдің осы қызметіне байланысты. Кез – келген жаңа саланың ауқымы кең, қарымы құлаш болуы заңды. Көркем әдебиет тілі зерттеуге түскенімен, оның ашылмаған не жете зерттелмеген нысандары өте көп. Көркем шығарма тілін, стильдік ерекшелігін зерттеуде, ішкі монологтың берілу жолдарын талдап көрсету тек әдебиеттану ғылымы үшін ғана емес, лингвистика ғылымы саласы үшін де аса қажет. Сол себепті көркем шығарманың стилін, мәтін құрылымын тілдік тұрғыда зерттеу - бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Көркем прозадағы бейнелеу тәсілдердің бірі – ішкі монолог (кейіпкердің ішінен айтылатын сөз, іштей сөйлесу, өзіңмен – өзіңнің сырласуың, өзіңді –өзің іштей саралау) көрінісі жан – жақты қарастырылып, арнайы зерттеу обьектісіне айнала қойған жоқ. Ал, ішкі монологсыз күрделі де көркемдік дәрежесі биік, нағыз танымды туындының дүниеге келуі мүмкін емес ....
Курстық жұмыстың өзектілігі. Халқымыз бала тәрбиесіне қашанда ерекше мән берген, өйткені бала біздін болашағымыз, өміріміздің жалғасы. Сондықтан бүгінгі таңда да балаларлы қорғау - әлеуметтік мәні зор халықтық іс болып табылады. Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау, оларды тәуелсіз мемлекетіміздің білімді, білікті, мадениетті азаматы етіп тәрбиелеу барысында жасалып жатқан тың жұмыстар, өмірімізге еніп жатқан жаңалықтар осыны дәлелдейді. "Бала тәрбиесі — бесіктен басталады"— деген ұлы қағидаға сүйенсек, 1,5 – 6 жас аралығындағы сәбилерге білім және тәрбие беретін мекемелердің орны да маңызды да ерекше. Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің халыққа арналған «ЖАҢА ӘЛЕМДЕГІ ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН» атты Жолдауының «Тоғызыншы бағытында – Жоғарғы технологияларды енгізуге және инновацияларды қолдауға бағытталған біртұтас мемлекеттік стратегия жүргізу жүйесін өте мұқият зерделеген жөн » деп атап көрсетті. Тіл-адамзат қоғамында қатынас, сөйлесіп пікір алысудың құралы ретінде қызмет атқаратын құбылыс. Тіл мен қоғам өзара тығыз байланысты, біріншіден, тілсіз ешбір қоғам өмір сүре алмайды. «Тілсіз ұлт құрымақ». Тіл адамзат қоғамының өмір сүруінің қажетті шарты. Екіншіден, тіл қоғам бар жерде ғана өмір сүреді. Қоғам — тілдіқ өмір Сүруінің шарты. Қоғамның өмір сүруі үшін, тіл қаншалықты қажет болса, тілдіқ дамып, әрбір халык өз тілінде асыл армандары мен әсем жан дүниесін, барша жақсылық атаулыға құрметін, адамзат бақытына кесір келтіретіндерге лағнетін бейнелеген. Тіл — оны жасаушы халықтың тарихы, шежіресі, бүкіл өмірінің жанғырығы мен ізі: арманы мен алдағы үміті, қайғысы мен қуанышы, күллі рухани өмірінің үні естіліп тұрады. М.Жұмабаев тілдің осы бір қасиеттері жайында....
Диплом жұмысының өзектілігі. Тіл - адамзат қоғамында қатынас құралы, сөйлесім пікір алысудың құралы ретінде қызмет атқаратын құбылыс, біріншіден, тілсіз ешбір қоғам өмір сүре алмайды. «Тілсіз ұлт құрымақ» (Ахмет Байтұрсынов). Тіл адамзат қоғамының өмір сүруінің қажетті шарты. Екіншіден, тіл қоғам бар жерде ғана өмір сүреді. Қоғам - тілдің өмір сүруінің шарты. Қоғамның өмір сүруі үшін, тіл қаншалықты қажет болса, тілдің дамып өркендеуіне қоғам да соншалықты қажет. Тіл - тірі тарих. Себебі онда халықтың ғасырлар бойы жинақтаған іс-тәжірибесі мен даналығы бар. Сананың аздығы мен көптігіне қарамай, әрбір халық өз тілінде асыл армандары мен әсем жан дүниесі, барша жақсылық атаулығы құрметін адамзат бақытына кесір келтіретіндерге лағынетін бейнелеген. Тіл — оны жасаушы халықтың тарихи шежіресі, бүкіл өмірдің жаңғырығымен мен ізі, арманы мен алдағы үміті, қайғысы мен қуанышы, күллі рухани өмірінің үні естіліп тұрады. Мағжан Жұмабаев тілдің осы бір қасиеттері жайында былай дейді: «Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе желсіз түнде тымық, біресе құйынды екпінді тарихы сар далада көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінді - бәрі көрініп тұрады» Демек, айтылғандардан шығатын қорытынды, тіл - адам қоғамның рухани өмірінде объективті тіршілік ететін, қарым - қатынас құралы Тіл негіздерін бастауыш мектепте бір-бірімен тығыз байланыста, тіл білімнің қайнар көзін сөйлесім құралы ретінде оқытудың маңызы ерекше. Осындай оқыту процесі арқылы балалар өз сөздерін еркін құрастырып, өз ойын анық, дәл жеткізеді. Соңдықтан, бастауыш сыныптарда сөз тіркесі туралы ұғым беру арқылы біз оқушылардың сөз бен сөйлем туралы білімдерін дамытамыз. Қазіргі заман бастауыш мектепке арналған оқулықтарда сөз тіркесі туралы мағлұматтар аз берілген. Мұндай құбылыс қазақ тіліне арналып шыққан соңғы екі ғасыр уақытқа тән. Оқулықтың сапасы оның методикалық негізіне байланысты, сондықтан оқулықтар алдыңғы қатарлы методикалық жетістіктерге сүйеніп жазылады. Біздің ойымызша сөз тіркесінің ерекшеліктерін анықтап, оны дұрыс тани біліп, сөз тіркесінің өзіне ұқсас тілдік құбылыстарын ажыратып, оның басты қасиеттерін нақтылай түсу қазақ тілі оқыту процесінде жүргізілетін практикалық жұмыстардың түрлеріне, мазмұнына, тиімділігіне байланысты. Аталған тілдік құбылысты игерту оқушының логикалық ойлау қабілетін, олардың ауызша және жазбаша тілін дамытуда маңызды роль атқарады. Қазақ тілі сабағында орындалатын практикалық жұмыстар негізінде оқушылар грамматиканың, оның ішінде синтаксистік құбылыстарды игере отырып, оны сөйлеуде, әр түрлі сөйлеу жағдаяттарында қолдана білуге дағдыланады. Оқушы алдымен тілдік жаттығулар орындау арқылы синтаксистік ұғымдар мен ережелерді, олардың тілде дұрыс қолдану ерекшеліктерін меңгереді. Осы тұрғыдан тақырып өзекті. Бұл тақырып жөнінде бүгінгі таңға дейін ғылыми зерттеу жұмыстары орындалмаған. Сондықтан аталған диплом жұмысы алғашқы жұмыстардың бірі. Диплом жұмысының мақсаты. Бастауыш мектеп оқушыларына сөз тіркесі туралы ұғым беру, олардың сөйлеу тілін дамыту арқылы тілдік қабілеттерін жетілдіру. ....
Әлемдік білім кеңістігінің даму тарихы, оның әр кезеңіндегі айқындаған тенденциялары әр халықтың гүлденіп өркендеуінің, қоғамдағы прогрессивтік өзгерістердің білімге байланыстылығын, жалпы білім саласының маңыздылығын дәлелдейді әрбір мемлекеттің интелектуалдық, экономикалық, парасаттылық және оның даму мүмкіндіктеріне тікелей байланысты екендігін педагогика ғылымы мен білімнің даму тарихы айқындайды . Әрбір тарихи кезеңде қоғамда туындаған туындаған талаптарға сай жас өспірім ұрпаққа берілетін білімнің мәніне жаңа сипат беріліп, жаңа ұстанымдар негізінде ұйымдастырылады. Әдетте бұл жеке мемлекеттің білім жүйесіндегі реформалармен жалғасады. Жүргізілетін реформалар тереңдігі, ауқымы сол қоғамның білім мәні бойынша алған ұстанымына байланысты. Қоғам дамуының әр кезеңінде жас ұрпаққа берілетін білімніңққ құрамы мен құрылымына қойылатын жаңа талаптар мен соған сай енгізілетін өзгерістердің сипаты сыртқы және ішкі факторлардың негізінде айқындалады Осы тұрғыдан жалпы білімберу жүйесіндегі бетбұрыстардың себепшісі болып жатқан саяси әлеуметтік,экономикалық өзгеістер, әлемдік деңгейдегі білім берудің жаңашыл үрдістері жатады. Еліміздегі саяси өзгерістердің нәтижесі болған егемендіктің арқасында білім саласында қоғамның басқа салалары сияқты бетбұрыс басталды. Ең бастысы кең ауқымды ізденістерге бағыт бағдар берерлік нормативтік құқықтық база құрылып, білімберу саясаты айқындалды. Дәлірек айтсақ; «Білім туралы», «Ғылым туралы» Заңдар мен оларды жүзеге асыруға бағытталған Үкімет қаулылары қабылданды. Аталған заңдар мен қаулыларды жүзеге асыру шаралары аясында «Білім беруді қолдаудың мемлекеттік бағдарламасының жобасы дайындалды. Сонымен қатар, кейінгі кезде мемлекеттік деңгейде қабылданып жатқан Қазақстан Республикасы дамуының стратегиялық жоспарларында білім саласының дамуына да үлкен мән берілді. Білім беру жүйесін реформалауға қатысты қабылданған, жоба деңгейінде дайындалған құжаттарда білім беру салаларының мақсат, міндеттерін, құрылымын, мазмұнын бүкіл әлемдік талаптар тұрғысынан жаңа сапалық деңгейге көтеру және ұлттық болмысқа сай жаңарту көзделген». Қазақстан Республикасы білім жүйесін 2015 жылға дейінгі дамыту тұжырымдамасында «әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдастырылған және тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын көп деңгейлі үздіксіз білім берудің ұлттық моделін қалыптастыру үшін білім беруді дамытудағы стратегиялық басымдықтарды белгілеу» -деп атап көрсетілген. Ал, білім беруді ұйымдастырудың тұжырымдамалық - әдіснамалық негіздеріне келсек, «Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептердің тұжырымдамасында: «Жалпы білім беретін мектептердің оздігінен дамуының ішкішарты – оның тұтас оқу - әдістемелік жүйесін жасау», - деп атап көрсете келіп, «Мектепті қайта құру барысында ізгілендіру, демократияландыру, ұлттық және аймақтық ерекшеліктерді ескеру, даралап және саралап оқыту сияқты жетекші принциптер басшылыққа алынады» – делінген.Сондықтан жалпы білім беру жүйесіндегі басты ұстанымдардың бірі, ғылымның барлық салаларынан білім беру болды. Сөйтіп білім мазмұнының құрамы мен құрылымын анықтауда пәндік принцип басшылыққа алынды.....