Тырнақ берік болуы үшін қандай дәрумендер керек

«Тырнақ сынып, шаш түссе, дәрумен ішу керек» деген сөзді барлығымыз айтамыз. Бірақ қандай дәрумен ішу керек екенін білесіз бе? Тырнағымыздың сұлулығы туралы ойлана бастасақ, ең бірінші дәрумендер еске түседі. Бірақ дәл қай дәруменнің пайдасы болатынын білесіз бе? Олардың қайсысын пайланаған дұрыс? Ол үшін алдымен тырнағымызды қандай мәселе мазалайтынын анықтау керек! Өйткені, проблемалардың түріне байланысты оларға әртүрлі дәрумендер қажет болады.

Ал «ТЫРНАҚ КҮТІМІ ҮШІН...» деген жазуы бар барлық затқа сене беруге болмайды. Мысалы сіздің тырнағыңыз сынғыш болса, С және Д дәрумендері жеткіліксіз деген сөз. Тырнақтың жұқа болуына B дәрумені және йод пен темір жетіспеуі себеп. Ал тым әлсіз болса, ақуыз жетіспейді деп түсіне беріңіз. Тырнаққа ақ сызықтардың пайда болуы ағзадағы темірдің аз екенінен хабар береді. Қандай дәрумендер қажет? Әрине, дәрумендердің басым бөлігін біз өзіміз тұтынатын тағамдардан ала аламыз. Бірақ ол үшін тамақтану роционының дұрыс болғаны маңызды. А және Е дәрумені жастықты сақтауға көмектеседі. Оны тағамдардан бөлек, арнайы таблеткаларды ішіп арттыруға болады. ......
Кеңестер
Толық

Тырнақ күтімі туралы кеңестер

Қазіргі таңда тырнақ күтімі маңызды рөл атқарып келеді. Қыздардың көпшілігі сұлулық салонына барып, қаражат пен уақытын сарп етуде. Сол себепті үй жағдайында қалай күтім жасау керектігі туралы бірнеше кеңес бергім келеді.

1 Қолыңызды жібіту үшін түймедағы тұнбасы қосылған немесе ас содасы бар жылы суға 15-20 мин қолыңызды салыңыз.

2 Егер тырнағыңыз желініп кетсе, онда тырнағыңызды жылы тұздық суда 10-15 мин ұстаңыз немесе йод жағыңыз.

3 Аптасына 1-2 рет өсімдік немесе зәйтүн майын жағып, маска жасаңыз.

4 Егеуіштің пластиктен және жұмсақ болғаны абзал.......
Кеңестер
Толық

Биология | Тырнақ аурулары

Денсаулық сақтаудың ұлттық жүйесін ұзақ мерзімді жаңғырту аясында біз елдің барлық аумағында медициналық қызметтер сапасының бірыңғай стандарттарын енгізуге, сондай - ақ медицина мекемелерінің материалдық - техникалық жабдықталуын бірыңғайландыруға тиіспіз.
Негізгі басымдықтардың бірі:
Профилактикалық медицина аурудың алдын алудағы басты құралға айналуы тиіс. Халықпен ақпараттық - түсіндірмелік жұмыс жүргізуге баса ден қою.
Соған орай менің ғылыми тәжірибелік жұмысымның негізгі мақсаты
Астана қаласы медициналық колледжінің студенттері арасында кездесетін тырнақ ауруларының этиологиясы, патогенезі, белгілері, диагностикасы, классификациясы, кең тараған қате пікірлер, аурудың асқынуына алып келетін факторлар, аурудың әлеуметтік психологиялық аспектісін тәжірибелік зерттеу......
Ғылыми жобалар
Толық

Жезтырнақ

Бұрынғы уақытта бір Шора батыр деген бопты дейді. Бұл Шора батыр өзі бай екен, өзі мерген екен, өзі сондай сауық құрып жүретін адам екен. Бірақ та басқа кішкене тапшы болса керек. Бұл адам жылына, я болмаса, екі жылда бір рет ылғи мергендікпен сауық құрып, бірнеше жолдасымен ел бармаған, жұрт бармаған жерге кетеді екен. Тоғайға, тауға барып аң аулап, бір ай, екі ай, болмаса, үш айға дейін далада жүріп қайтады екен.......
Ертегілер
Толық

Жұмбақтар жауабымен: Адамның дене мүшелері (тырнақ, шаш, ауыз, бет, тіс, бас, тіл, саусақ, кіндік, құлақ, көз бен мұрын)

Қолымда он жүзігім ал шығармай,
Бір бөрі мал жейді екен қан шығармай.
Төрт торы, екі сала жұмбағым бар,
Мұны тапқан мені алсын мал шығармай.
Он тырнақ, ұстара, жылдың төрт мезгілі

Бір жанды мақлұқ көрдім пошымы бөлек,
Бір тау бар ортасында дөп-дөңгелек.
Үстіне шыққан шөбі бәрі тегіс,
Мал жемес, шауып алып неме керек.
Сол таудың ортасында екі өзен.
Астында бұлағы бар, алды кезең.
Не астына, не үстіне шыққан шөп жоқ,
Адамзат көргенің жоқ ондай өзен.
Сол таудың етегінде жалғыз құдық,
Беткейде асыл таспен аузын қиып,
Ішіне кірген нәрсе тірі шықпас,
Асыл тас жібереді бәрін қиып.
Адамның басы, беті, аузы, тісі

Еңкейсем еңкейеді,
Шалқайсам шалқаяды.
Көлеңке
Жұмбақтар жауабымен
Толық

Қол мен тырнақ күтімі. Ерлер білуге тиіс 7 жағдай

Ерлердің тырнақ күтімі дегенде, әрине, біз тырнақ өсіру немесе оны бояп жүруді айтпаймыз. Саусақтың шымырлығын арттыра отырып, оның терісінің саулығын бақылаудың өзі бізге жетіп артылады. Егер қарапайым (саусақпен асылып, турникке тартылу, «груша» ұру сияқты) жатығулар саусақтарымызды шынықтырса, саусақтың саулығын күнделікті күтім ғана қамтамасыз етеді. Барыңызды базар етіп, «нан табатын» саусақтарыңызды күте білу заманауи жігітке қажетті қабілет. Сонымен, бастайық:

1) Егер осы мақаланы оқып отырған болсаңыз, қолмен қоқыс тазалап, кетпенмен арық қазуды кәсіп қылмағаныңызға шүкірлік етіңіз. Шүкір етіп ғана қоймай, табиғат ананың бізді жануарлардан ерекшелеп, епті қылған сыйлығына, яғни айналдырған он саусағыңызға мұқият көңіл бөлмеген болсаңыз, бүгіннен бастауға еш кедергі жоқ. Өйткені заман талабына сәйкес.....
Ерлерге (жігіт) пайдалы кеңестер
Толық