Қазақ мемлекеттiгi құрыла бастаған заманда хандар мен сұлтандардың өздерi iрiктеп алған жыраулары - хан мен қараның дәнекершiсi болды. Олар ханның ел басқару жетiстiгiн мадақтап қана қоймай, сондай-ақ қалың жұрттың мұң-мұқтажын және тiлегiн жеткiзетiн өрен ақындар едi. Жыраулардың ақындардан ерекшелiгi сол, олар халық рухына, ел бiрлестiгiне, хандардың билiк өнерiн жетiлдiруге белсене араласатын болды. Солардың бiрi – дала философы атанған Асанқайғы Сәбитұлы (ХIV-ХV) халық есiнде абыз, философ, ақын болып, мәңгi жатталып қалған. Оның бар ғұмыры халықпен бiте қайнасып өткен. Ауызбiрлiгi жетiспеген ортада елiнiң ертеңiн, қамын ойлап, үнемi мұңға батып жүретiндiктен замандастары оны “Асанқайғы” атап кеткен. Аңыз-әңгiмелерде Асанқайғы жүзден асып көп жасаған, үнемi ел кезiп сыншыл көзқарасты қалыптастырған Елдi ауызына қаратқан, көшпендiлердiң мiнез-құлқын жетiк бiлген, дәстүрлерiн құрметтеген ақылды, дана, сәуегей баба атанған. Ол ХV Ғ. Алтын Орда ханының, соның iшiнде ұлы Мұхамедтiң кеңесшiсi болған. Қазан қаласынан Дештi Қыпшақ жерiне қайтып оралған Асанқайғы Алтын Орданың орнында пайда болған ұсақ -хандықтардың өмiрi ұзаққа созылмайтынын болжай бiлген. Асанқайғы, Керей, Жәнiбек сұлтандар бастаған қазақ руларының Әбiлхайыр хандарынан бөлiнуiн жақтайды. Бiрақ сұлтандардың қазақтарды Жайық пен Жем бойына қоныстандырмақ ниеттерiн де құптамайды. Асанқайғы өз халқының “Жерұйығын” Шу, Сарысу бойынан, Ұлытау төңiрегiнен iздеуге тiкелей араласады. Сондағы дiттегенi: ежелгi скиф, қыпшақ даласынан безбеу, ел iргесiнiң берiк, ағайын ұжымының күштi болуы, “Ел бiрлiгiн нығайту, халық ауызбiрлiктi болса, мемлекеттiк билiк те берiк болады, ондай ел ешкiмге есе берiп, жеңiлмейдi” деген тоқтам. Асанқайғы дүниетанымында адамгершiлiк мәселесi негiзгi орын алады. Асанқайғы адамның өзiн-өзi танып бiлуiн, ашылып түсiнуiн, өмiрдегi орны мен деңгейiн дұрыс бағалайтын, әрекет-қимылдарын сын тұрғысынан саралай алатын қабiлетiн адамгершiлiктiң түпнұсқасына балайды. Оның өмiрге деген парасатты көзқарасы, елiне деген бекем сүйiспеншiлiгi, адамдықты құрметтей бiлген қабiлетi қазақ халқының сана-сезiмiн жаңа сатыға көтеруге зор ықпал еттi. Күнiнде өзiм болдым деп, Кең пейiлге таласпа. Ғылымым жұрттан асты деп Кеңессiз сөз бастама. Жеңемiн деп бiреудi Өтiрiк сөзбен қостама – деп, Асанқайғы азаматтық мiндеттiң жүгiне, күнделiктi нақты түрiне көңiл бөледi. Кiсiлiк қасиеттер - адамгершiлiк пен бiрлiктiң құт-берекесi. Асанқайғының ұғымында, жұртты бай, кедей деп немесе үлкен-кiшi деп жiктеу, бөлу жарамсыз. Ел-жұрт үшiн бәрiнiң де мiнез-құлқының жақсы болуы қажеттi, өзара оңды қарым-қатынас жасауы орынды. Абыздың пайымдағаны: “Таза мiнсiз асыл тас, су түбiнде жатады. Таза мiнсiз асыл сөз, ой түбiнде жатады”. Асанқайғы сөздiң нарқы мен парқын бiлiп, қадiрiн түсiнген шешен. Ол кiмнен болса да қасиеттiң рухын күттi. Өмiр сүрудiң негiзгi мәнi туралы айта келiп, Асанқайғы жақсылардан үлгi алып, жамандардан бойды аулақ салудың қажеттiлiгiн, жас ұрпақтың ата-анасын, үлкендердi сыйлап қастерлеуiн, олардың ақылын тыңдап үнемi басшылыққа алуын, iзгi ниеттi жайсаң жан болып өсу қажеттiгiн еске салады. Осыған орай жыраудың: “Арғымаққа мiндiм деп, артқы топтан адаспа, артық үшiн айтысып, достарыңмен сынаспа” немесе “Қарындасыңды жамандап, өзiңе туған табылмас” деген сөздерiнiң тәлiм-тәрбиелiк мәнi зор. Оның толғауларында адамға деген мейiрiмдiлiк, қайырымдылық, сұйiспеншiлiк қай жағынан болса да, бiрiн-бiрi толықтырып жатады, туған-туыстармен тiл тигiзiп қырқыспайтын, бет жыртысып көңiл қалдырмайтын татулық сезiмi айқын бiлiнедi.....
Үлкен ағартушы, ірі ғалым-лингвист, қоғам қайраткері. Сарытүбек деген жерде, қазіргі Торғай облысы, Жанкелдин ауданында туылған. Тоғыз жасынан бастап ауыл мектебінде кейіннен екі сыныптық орыс-қазақ училищесінде оқиды. Одан соң Орынбордағы мұғалімдер мектебіне түсіп, оны 1895 жылы бітіреді. 1895-1909 ж.ж. Ақтөбе, Қостанай және Қарқаралы уездеріндегі мектептерде, орыс-қазақ училищелерінде мұғалім болып қызмет атқарады. Патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы күресті тым ерте бастаған Ахмет Байтұрмынұлы осы үшін 1909 жылы Семей түрмесіне қамалады. Кейін қазақ жерінен тысқары жерлерге жер аударуға үкім шығарылып, ұзақ жылдар бойы "саяси сенімсіз" адам ретінде патшалық күзет қызметінің бақылауында болды. 1913 жылдан бастап "Қазақ" атты апталық газет ұйымдастырып, 1917 жылдың қыркүйегіне дейін оның редакторы қызметін атқарып келді. Ол қазақ мемлекетін қалпына келтіру үшін күрескен "Алаш" партиясы көсемдерінің бірі ретінде де белгілі. Қазан төңкерісінің жеңісінен кейін Ахмет Байтұрсынұлы біраз уақыт алашордашылар қатарында қалды, ал 1919 жылы бірқатар ғалым-зиялылармен бірге Кеңес өкіметі жағына өтуге мәжбүр болды. Осы жылдың маусым айында Ахмет Байтұрсынұлы қазақ өлкесін басқару жөніндегі эскери революциялық комитеттің (ВРК) мүшесі болып сайланады. 1922-1925 жылдары Халық ағарту комиссариатына қарасты ғылыми-әдеби комиссиясының төрағасы болды, Халық ағарту комиссары болып сайланды, Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитетінің Қазақ Орталық Атқару комитетінің мүшесі болып жұмыс істеді, одан соң Түркістан Компартиясының Орталық Комитетінің газеті "Ақ жолда" еңбек етті. 1925-1929 жылдары Қазақ халық ағарту институтында дәріс оқыды, сабақ берді. Ахмет Байтұрсынұлы қазақ әдебиеті мен сөз өнерінің дамуына айрықша еңбек сіңірді.....
Абайдың философиялық, көркемдік, әлеуметтік, гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі-қара сөздері. Абайдың қара сөздері-ұлы ақын сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Оның 6-7 үлгісі қысқа болса, қайсыбіреуі мазмұн, тақырып жағынан өзгешелеу, ауқымды болып келеді. Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зер салған. Сөйтіп көркемдік шеберлік пен ғылыми зерделік арқылы көркемдік сана мен философиялық санына ұштастырады. Абайдың қара сөздеріндегі гуманистік, ағартушылық, әлеуметтік ойлары дін туралы пікірлері мен бірігіп, тұтас бір қазақ халқының философиялық концепциясын құрайды. Абайдың қара сөздері сондай-ақ жалпы адамзат баласына ортақ асыл сөзге айналды. Оның қара сөздерінің бірнешеуі ең алғаш 1918ж Семейде шыққан «Абай» журналында жарық көрді. Кейіннен, Абайдың қара сөздері орыс, қытай, франсуз, т.б. көптеген әлем тілдеріне аударылды. Барлығы 45 сөз және бұған «Бірер сөз қазақтың түбі қайдан шыққандығы туралы» деген тарихи мақаласы да қосылды. «Абайды қара сөздерінің» соңғы нұсқасы Мүрсейіттің 1905, 1907 және 1910 жылдардағы қолжазбалары бойынша жаряланып келеді. Қара сөздер Абайдың 150 жылдық мерейтойы қарсаңында бұрын кеткен текстегі кемшіліктері түзетіліп, түпнұсқамен дәлдігі мүмкіндігінше қалпына келтірілген. «Қара сөздер» деген атау өлең сөзден бөлек дүниелер мағынасын білдіреді. Өлең өнерін қазақ қара сөз демейді.Қара сөз проза деген мағынада айтылған. Әдетте, адам ауызекі тілде өлеңді емес қара сөзді қолданады. Абай бұл жөнінде: «Қазаққа қара сөзге дес бермедім » - деп қара сөзді шешендік өнер мәнінде айтқан. Шаршы топқа шығып сөз айту әркімнің қолынан келе бермейтін іс. Абай осындай ниетпен айтқан сөздерін қағазға жазып қалдырған. Оны өзі бірінші сөзінде былай деп түйіндеген: «Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық-әурешілікті көре-көре келдік. Енді жер ортасы жасқа келдік: Қажыдық, жалықтық; қылып жүрген ісіміздің баянсызын, байлаусызын көрдік, бәрі қоршылық екен білдік. Ал енді қалған өмірімізді қайтып, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзін де қайранмын... ...Ақыры ойладым..осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, ия оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ». Қара сөз еркін ой білдіру формасы. Сірә, Абай өзінің ақындығының сол заман болсын, кейінгі заман оқырмандары болсын түсінуге қиындығын сезсе керек.....
Бөлтірік Әлменұлы (1771-1853) Жамбыл облысы, Шу ауданына қарасты Шоқпар жерінде дүниеге келген. Бөлтірік шешеннің жетінші бабасы Зорбайдың (лақап аты –Аузыүйген). Атамекені қазіргі жамбыл облысы, Талас ауданындағы Ойық аймағы, Талас өзенінің бойы екен. Оның атамекенінен ауып, Шу бойына келіп қоныс тебуінің өз тарихы бар. Зорбайдың атасы Ойық үлкен балалары Қызылғұрт пен Кәкшегөзді үйлендірген соң-ақ еншілерін беріп, бөлек үй етіп шығарды. Қартайған шағында Ойықтың қасында кейінгі екі баласы Сәтек пен Зорбай қалады. Сәтек балалы-шағалы, шаруаға мығым екен де, Зорбай төрт ұлдың кішісі болғандықтан шаруаға айналмай, семсерілік жасайды, жүйрік ат, қыран құс, алғыр тазы ұстап, саят құрады. Көзінің тірісінде Ойық Зорбайды үйлендіріп, өзі соның қолында қалып, Сәтекке де еншіні беріп бөлек шығаруды армандайды екен. Бірақ Зорбай әкесінің бұл тілегін орындамай, жиырма беске келгенде жігітшілік құрып жүреді. Сөйтіп жүргенде Ойық дүниеден қайтады. Өлерінің алдында көпті көрген қария балаларын шақырып алып, оларға ата жолымен іс істеп, ата жолыме тіршілік етуді, кенжесі Зорбайды аяқтандырып, ел қатарына қосуды өсиет етеді. Қызылғұрт, Көкшкгөз, Сәтек үшеуі әкенің аманатын орындап, Зорбайды үйлендіреді, салсерілікті тоқтатады. Ағайынды төртеуі бірігіп, әкелеріне ас беріп, ат шапқызады. Аға балалары Тасжүрек, Қоңыр, Селгетай сияқты бауырлары қолдап, Ойық бабаның аруағына үлкен құрмет көрсетеді. Жиын соңнда Зорбайға ата жолымен әкенің қара шаңырағын өзіне тапсыруды сұрайды. Сәтек бұған көнбейді. Егер ағалары қара шаңырақты Зорбайға алып беретін болса, онда ол өзінің елден де, жерден де кететінін ескертеді.Қара шаңырақты бермейтін болса, Зорбай да ауатынын, елден де, жерден де кететінін айтады. Қызылғұрт пен Кәкшегөз екі інісінің дауын ата жолына салып шешкенде, қара шаңырақты Сәтекте қалдырып, қара қазанды Зорбайға лайық көреді. Бұған көңілі толмаған Зорбай ағаларына өкпелейді де, бір түнде көтеріліп көшіп кетеді. Сол кеткеннен Зорбай Шу бойына келіп бір-ақ тоқтайды. Зорбайдың ұрпақтары үгін де сол Шу, Іле бойын мекендейді.....
1. (Көрсет!) Өтілетін сөздердің суреттерін тақтаға ілеміз. Балаларды кезекпен ортаға шақырып, суреттердің бірін атаймыз. Ортаға шыққан бала аталған сөзді көрсетіп, дереу орнына отырады. Ойын барлық бала шығып болғанша жалғасады.
2. (Доппен көзде!) Суреттер тақтаға ілінеді. Балаларды ортаға кезекпен шақырып, қолдарына жұмсақ доп береміз де, суреттердің бірін атаймыз. Балалар аталған суреттерді доппен дәлдейді. Ойын барлық бала шыққанға дейін жалғасады.
3. Боулинг. Өтілген сөздердің суреттері кегльдерге жапсырылған. Балалар кезекпен ортаға шығып, доппен кегльдерді құлатады. Әр құлатқан кегль үшін бір балл, ал құлаған кегльге жапсырылған суретті қазақша атаса, екі балл беріледі.
4. (Бұрыштарға жүгіру) Суреттерді бөлме ішіне қойып тастаймыз. Тақтадан көңілді музыка қоямыз. Балалар сол музыка ырғағында шеңбер жасап, айналып жүреді. Арасында музыканы тоқтатып, суреттерің бірін атаймыз. Балалар аталған суретке қарай жүгірулері тиіс. Балаларды тексеру мақсатында, мұғалім бір суретті атап, өзі басқа суретке қарай жүгіруі мүмкін.
5. Сымсыз телефон. Балалар шеңбер бойымен отырады. Мұғалім шетте отырған баланың құлағына бір сөзді сыбырлайды. Ол бала жанындағы балаға, ол келесі балаға айтып, соңғы балаға жеткен уақытта, ол бала тақтадағы суреттердің ішінен өзі естіген суретін алып келеді. .....
Осы, менің бір байқағаным, әдеби шығармаларды немесе шешендік кітаптарды оқып не естісем құлағымның құрышы қанғандай болады. Ондай әңгімелерді естісең қызыға,сүйсіне тыңдайсың. Ал, қазіргі таңда әдеби кітап, шешендік сөздерді оқитын жастар қайда!? Кейбіреулерінің аузынан сөзі, қойнынан бөзі түсіп тұрады.т Барынша кедей сөйлейді. Егін арасына шыққан арам шөп секілді, үиреншікті, бұралқы сөздермен сөйлейтін жастарымыз да аз емес, оны күнделікті өмірде де байқап жүрміз.......
Кіріспе Фразеология деген термин негізінен екі түрлі мағынада қолданылады. Бірінші мағынасы тілдегі тұрақты тіркестерді зерттейтін тіл білімінің саласы деген ұғымда қолданылады. Екіншісі – бір тілдегі фразеологизмдердің тұтас жиынтығы дегенді білдіреді.Фразеология жеріне жеткізе зерттеліп біткен ғылым деп айтуға болмайды. Фразеологизмдердің тек өзіне ғана тән өзгеше белгілері бар. Осы белгілер тілдің бұл категориясын өз алдына жеке сала ретінде қарастыруға итермелейді. Әрі тілдің басқа единицалардан айырмасын айқындайтын негізгі ерекшелік болып табылады. Бұл белгілердің түрі мына төменгідей: а) лексикалық мәні. ә) копаненттік құрамы. б) грамматикалық категориялардың түрі. Бұл белгілердің тек фразеологизмдерге қатысты екенін дәлелдеу үшін сол фразеологизмдерді тілдік единица сөзбен жәй сөз тіркесімен салыстыру қажет. Екеуінің де фразеологизмдермен ортақтасып кететін белгілері бар. Зерттеу жұмысының өзектілігі: Тіліміздегі фразеологизмдерді тіл білімінің синтаксис саласында зерттеу де оның ашылмаған сан қырының бірі.Фразеологизмдерді зерттеу арқылы тек тілдің өткенін,түп-тамырын ғана емес,сол тілді қолданушы мәдениетін терең білуге болады.Осыдан келіп фразеологизмдерді зерттеушілер синтаксисте оның ішкі байланысына ғана тоқталады.Сөз тіркесі негізінде іштей берік жымдасқан фразеологизмдердің сөйлем ішінде қалай байланысқа түсетіні жайлы зерттеу-тақырыптың өзектілігі болып танылады.....
КІРІСПЕ Фразеологизмдер тіл-тілдің бәрінде бар құбылыс және бұларды тілдің бөлекше бірсипаттыгы, шырыны мен сөлі таусылмайтын дәмді элементтері деп айтуға болар еді. Тілдің байлығы,тілдің сұлулығы, тілдің өткірлігі дегеніміздің айрықша көрінер жері осы фразеологизмдер маңы. Ойды әсемдеп айтуды үйренудің мектебі осылар. Сөзіңіз нақты, дәлелді болсын десеңіз, халықтың хас туьндысы-айрықша сөздер тобының тамырын басыңыз. Сонда ғана сіз тілдің қасиеті деген не, байлығы деген не сияқты сауалдарға нақты жауап бере аласыз (Ө.Айтбаев). Қай елдің, кай жазушысының қай шығармасын алсаңыз да тілдің осы халықтық элементтерінің сан түрін табуға болады. Яғни қаламгерлердің қай-қайсысы да сөйлеудің халықтық формасын пайдалануға бейім. Осының өзінен-ақ ғылымдағы фразсологизм проблемасының мейлінше кызық, мейлінше қиын проблема екенін байқау қиын емес. Осыларды ғылыми проблема ретінде қарастыратын әр алуан еңбектердің сөлін сүзсек, мұның не қилы мәселелері айқындала түседі екен. Біздің зерттеп отырған жұмысымыздың тақырыбы: " ТҰРАҚТЫ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ АУДАРЫЛУЫ" ....