Технология | ШҚ голштинофриз тұқымды сиырларының сауын маусымы бойынша сүт өнімділік көрсеткіштері

Отанымыздың азық-түлікпен (ет, сүт, сүт тағамдарымен) қамтамасыз ету үшін ірі қарамал шаруашылығының маңызы өте зор, себебі сүт өнімі оның 99%-ын құрайды, ал ірі қара еті 40-45%-ға дейінгі деңгейде. Сонымен қатар ірі қара мал терісі де жеңіл өнеркәсіп шаруашылығында көп қолданылады, әрі ірі қараның қиы егін шаруашылығында, әсіресе кейінгі уақыттарда, кеңінен органикалық тыңайтқыш ретінде пайдаланылуда.
Ғылыми техниканың ерекше дамуына байланысты ірі қара малы шаруашылығы да ерекше дамуда, әрі одан алынатын өнімдерде көбеюде.
Ал кейінгі жылдарда ірі қара мал тұқымдарының асылдануын ерекше көрсеткен жөн, сонымен қатар жаңадан асыл-тұқымды ірі қара малы шығуда, ал осы асыл тұқымды ірі қара малдары экономикалық табиғи аймақтарға жақсы бейімделген. Оған ерекше әсер еткен селекция жұмыстарының жақсаруы болып табылады. Себебі селекцияның дамуына генетика, биотехнология ғылымдарының негізгі және электронды есептеу техникасының әсері өте зор болып жатыр.
Жалпы қазіргі уақытта мал шаруашылығына аса көңіл бөлініп, іштей мамандандыру арқылы, әрі осы саланың интенсивті жолға көшуіне байланысты ерекше дамуда. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Ветеринария | Сиырдың іріңді катаралды желінсауы

Тақырыптың өзектілігі : Бүгінгі таңда сүт өндіретін шаруашылықтар Қазақстан Республикасы бойынша өз жұмысын жандандыра бастады. Солардың ішінде бірнеше ірі сүт өндіретін шаруашылықтарда бар атап айтсақ: Ақмола облысындағы «Родина» шаруашылығы, «Астана-өнім»; Алматы облысында «Адал», «Фудмастер», «Аиршир», «Байсерке-АГРО», СПХК «Алматы» АШӨК, «Амиран», «Медеу- Коммерц» және тағы басқалар, сонымен қатар бірнеше шаруа қожалықтары бар.
Осы күнге дейін мал шаруашылығында, атап айтсақ сүт өндіретін шаруашылықтарда сиырлардың желінсауы жиі кездеседі. Соның салдарынан жоспарда белгіленген сүт өнімі ойдағыдай алынбай келеді. Аталған аурулар жұқпалы емес, бірақ антисанитарлық жағдайда асқынып кетуі әбден мүмкін, сонымен қатар індетті ауру салдарынан да асқынып, малды істен шығаруға тура келеді. Ғылыми әдебиеттегі мәліметтерге сүйенетін болсақ желінсаулар 15 - 20 % туғаннан кейінгі кезеңде кездеседі. Сондықтан бұл аурулар шаруашылыққа орасан зор зиян шектіреді.
Жоғарыдағы жағдайды ескеріп, Біз дипломдық жұмыстың мақсаты ретінде: Сиырдың іріңді-катаралды желінсауының алдыналу іс-шараларын ұйымдастыруды алдымызға мақсат етіп таңдап алдық.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Ветеринария | Сиырдың туу патологиясын емдеу және алдын алу

1 КІPІCПЕ
1.1 Тақыpыптың өзектілігі мен практикалық маңыздылығылорло
Халықты жануаpолтекті азық түлікпен қамтамаcыз ету, cүт және ет бағытындағы мал шаpуашылығыныңолэкономикалықолтиімділігі мал баcын көбейтуге байланыcтыоюлржлотюипдрбоннпмпгл
Малдыолкөбейту – мал өcіpу мен мал шаpуашылығынан шикізать алу технологияcыныңлдқұpамдаcоолобөлігі болып табылады. Ол мал шаpуашылығыныңджүнемділігін, pентабелділігін және мал баcының өнімділігн анықтайды. Оcыған оpай малдшаpуашылығы өнімдеpін өндіpудің ең біp іpі қоpы – бұл cиыpлаp мен құнажындаpдыңлдбедеулігін және қыcыp қалуынджтөмендету үшін күpеc болыпджтабылады. Бүгінгі таңда мал өcіpу мәcелелеpі аcа маңызды, көкейтеcті мәcелелеpгеджайналды [1].
Жоғаpы өнімді малдыңджбедеулігі мен қыcыpждқалуы – күтіп – бағу мен азықтандыpу еpежелеpінің нашаpлауы cалдаpынан болғанлдакушеpлік – гинекологиялық патологиялаpданджқалыптаcады. Ол көбінеcе көбею ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Ветеринария | Сиыр лейкозын балау

Сиыр лейкозы үлкен экономикалық шығынға ұшыратады. Малдың өнімділігі төмендейді, малды ерте жарамсыздыққа шығаруға, сонымен қатар міндетті түрде лажсыз сойылған малдың ұшасын жоюға тура келеді. Қазіргі уақытта лейкоз мәселесі бірінші орында тұр. Ең алдымен жоғары өнім беретін сиырлар зақымдалады. Әсіресе қазіргі нарықтық жағдайда айтарлықтай зиян келтіруде. Лейкозбен күрес шараларының басты буыны балау.
Осыған байланысты жұмыстың мақсаты ҚР АШМ “Республикалық ветеринариялық зертхана” РМҚК Алматы өңірлік бөлімшесі зертханасында сиыр лейкозын серологиялық балау әдістерін меңгеру болды. Бұл мақсатты шешу үшін төмендегідей міндеттер қойылды:
1. ҚР АШМ “Республикалық ветеринариялық зертхана” РМҚК Алматы өңірлік бөлімшесі зертханасы жұмысына талдау.
2. Алматы өңірі бойынша сиыр лейкозын балау нәтижелерін талдау.
3. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы “Адал” АӨК-де сиыр лейкозына індеттанулық талдау жүргізу.
4. “Адал” АӨК сиырларының қан сарысуын лейкозға тексеру. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Ветеринария | ЖШС Амиран шаруашылығындағы суалған буаз сиырлардың желінсау ауруын емдеу шараларын зерттеу

1.1 Тақырыптың өзектілігі мен практикалық маңыздылығы.
Сүтті ірі қара шаруашылықтарына едәуір зиян келтіретін аурулардың бірі. сиырдың желінсау (мастит) ауруы. Желінсау сүт бездерін қабындыратын қатерлі кесел. Ол жылдың кез келген мезгілінде, сиыр сауылып жүргенде, тіпті суалған кезінде де пайда болады. Желінсау ауруынық әсерінен кейбір шаруашылықтардың сүт өндіру көрсеткіші едәуір төмендейді. Желінсау ауруы. сүт бездерінің зақымдануының әсерінен болады. Ол аурудын, белгілері сипатына қарай білінбей (суб.клиникалық) немесе ұйыма түрде (серозды), катаральды, фибринозды, іріңді, геморралогиялық қабыну түрінде етіп, малды өлім.жітімге ұшыратуы да мүмкін.
Әсіресе клиникалық белгісінің байқалмауынан және оны ажыратудың қиынға соғуына байланысты субклиникалық желінсау өте қатерлі болып табылады. Өйткені, субклиникалық желінсаумен ауырған сиырдың сүтін пайдалану адамның немесе жас бұзаулардың денсаулығына да зиянды болады. Мұндай жағдайда, желінсаудың бұл түрінде сүттің түсі әдеттегі сүттен айырмасы болмайды, бірақ оның құрамында патогенді (патогенный) немесе токсигенді микрофлора болады. Ол адам мен жануарлар үшін де зиянды. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Бейімбет Майлин | Мұқыл сиыр қызыл бұзау


Берденде айнала санағанда үш-ақ тұяқ бар: жауыр қара ат, мұқыл сиыр, қызыл бұзау. Ашаршылық, жұттан бері осы үш малының саны артқан да емес, кеміген де емес.

Қатыны Кәкіш ашуына мінгенде Берденді кейде бүріп алады:

— Жұрттың бір малы екеу болып, ілгері басып барады. Ашаршылық жылы Дәуқараның адал қарасы қалмап еді, осы күні 10 шақты мал қылып алды. Сенің берекең жоқ, ырысың жоқ — деп күйдіреді.

Кәкіштің ашулы сөзіне Берденнің құлағы үйреніп болғандықтан елемейін десе де, адал қарасы жоқ адамдардың жылдан жылға мал санын арттырып бара жатқандығы есіне түскенде Берден ойланады:

"— Апырмау, солар қалай өсіреді екен? Мен ретін келтіре алмай қойдым: азғана астық ішуден артылмайды. Жалғыз сиырдың бұзауы жыл сайын жұмсалумен келеді — бір жылғысын баламның қайнына қалың малға бердім, келер жылғысын қатынның төркініне азаға салдым, былтырғы бұзауын құдаға сойып берген тоқтының төлеуіне бердім. Осының ішінде орынсыз жұмсаған жерім бар ма? Жарлымын деп жегжат адамдармен алыс-беріс қылмай қалай тұрасың? Жыл тәулігінде келетін құдаға тоқты соймай неғып шыдарсың?!.." Берденнің ойы қызыл бұзауға келіп тоқырады. Қызыл бұзау — ұрғашы. Қызыл бұзау қолда тұрса, бірер жылдан соң бұзаулайды. Сиыр болады. Сиырдың саны екеуге толады. Екі сиыр бұзауласа, жылына екі төл қосып отырса, Берден ілгерілемегенде, кім ілгерілейді?!.......
Әңгімелер
Толық

Жұмбақтар жауабымен: Жануарлар (сиыр, қоян, мысық, ешкі, тасбақа, зебра, аю, мал, бота, түйе)

Айран берген, құрт берген,
Шелек-шелек сүт берген,
Айтыңдаршы балалар,
Бұл қандай мал, кім білген?
Сиыр

Басында мүйізі бар,
Үстінде киізі бар.
Сиыр

Өзінше ноян
Қорқақ кім?
Қоян
Жұмбақтар жауабымен
Толық

Сиыр

Көк сиыр бұзау туғанда,
Қамап қойдық қораға.
Көк сиыр тұрды мөңіреп,
«Қайда менің балам», — деп.
Тақпақтар
Толық