Өзіне сенімділік бұл – жақсы тәрбиенің жемісі деуге болады. Тәрбие барлығына белгілі бала құрсақта пайда болғаннан басталады. Сондықтан сәби кездегі тәрбие ананың ақ сүтімен.....
Әкелерге (папа) пайдалы кеңестер | Аналарға және әйелдерге кеңестер
Бір жігіт жылына тек қана бір сөз айта алады екен. Сөйтіп ол бір қызды сүйіп қалыпты. Содан әлгі жігіт алты жыл сөйлемей, сөздерін жинапты. Алты жылдан кейін сүйген қызына.....
Кемшіліктер мен артықшылықтар Өзің кемшілігің деп санап жүргендеріңнің кемшілік екеніне сенімдісің бе? Қарап көрейік. Кейде ірі, толық қыздар өзінің толық денесінен ұялып жатады. Олар өзін түрлі диеталармен, жаттығулармен зорықтырады. Мұның барлығы сенің толық болу жаман деген пікірге сенімді болуыңнан пайда болады. Толық болған жаман деп саған кім айтты? Тек сәнбикелер ғана жұрттың алдында қылдай жіңішке белімен, артық салмағы жоқ сымбатты денесімен жарқ-жұрқ етеді. Ал күнделікті өмірде барлығы бұлайша біртекті емес.
Стильді әрі көңілді томпақ қыздар ең сәнді, ұзын сирақты арық қыздарды жолда қалдыра алады. Сондықтан өзіңе ұнамағанның бәрін кемшілік деп ойлаудан аулақ бол. Асықпасаң уақыт өте келе өзіңді түсініп, бағалауды да үйренесің. Ал әзірге бір-екі кеңесті қабыл ал.
Өзіңнің жетіспейтін тұстарыңды мойында. Бұл сенің табиғи болмысың. Сондықтан өзіңді осы қалпыңда жақсы көруді үйрен. Өзіңнің кемшіліктеріңді жасырып, артықшылық-тарыңды көрсете білуді үйрен. Үйлесімді шаш үлгісі, макияж, киім, аксессуарлар, өзіңді ортада ұстай білуің мен адамдармен қарым-қатынасың - міне өзін сыйлайтын кез-келген қыз білуге тиісті әйел құпиясының сыры осында.
2 - кеңес
Бастысы өзіңді таныта білу
Кейбір қыздар көпшілік көзіне бірден шалынып, өзіне жұрттың назарын аударып тұрады. Ал сол қыздарға зер салып қарасаңыз олардың басқа қыздардан еш айырмашылығы жоқтығын байқай-сыз. Соған қарамастан олар өзіне бірден назар аудартады. Мұның себебі неде? Өйткені олар өзін көрсете.....