Медеу Демеу Медеуұлы (Сүйеді жүрек тек сені)

 Медеу Демеу Медеуұлы (Сүйеді жүрек тек сені)

Сен мені түсінбедің,
Қазандай бір қайнайды ішімде мұң.
Бірақ, мені ұмыта алмайсың сен,
Біткенше күшің-демің.

Сен мені ұқпадың да,
Өзге жанның кеткен соң ықпалында.
Білесің бе, жаным-ау, сүю атты,
Қарсы жүзе алмадың мықты ағынға.

Сен мені қорсынасың,
Десем-дағы өзіңді «жансың асыл».
Күні ертең-ақ келесің маған қайтып,
Тастап кетсе бір күні «қарсыласым».

Сен мені елемейсің,
Азап шегіп мен үшін көрсін дейсің.
Өзгелермен сүйісіп таң атқанша,
Жеңер болса жырымен жеңсін дейсің.

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу
Пікірлер 1
  1. Ерасыл Қобдабай
    0 + 0 -
    Медеу Демеу ағамыздың инста парақшасын таба алмай қойдым инстадан? Ағамыздың парақшасын жазып жіберсеңіздер?