Сағыныш самалы

Көл бетінде, көбік толқын қалықтайды,
Үмітсіз ойлар санамда шарықтайды..
Өміріңнен ғайып болып кетер едім,
Жүректі қайтем, сағынып жалықпайды..

Өкінбеші сүйген жүрек, өкпелеме,
Өкініштен өксік ойлар....
Өлеңдер
Толық

Қар қызыма

Қара жел қарғып тұрып үн қатады,
Ызғарымен кеудемді сыздатады..
Сағыныш, құлазыған мұң жанарың,
Неліктен жүрегімді мұздатады..

Көп кідірмей келемін алаңдама,
Мені жаным күтуге....
Өлеңдер
Толық

Əбдірей Сағыныш Байзақкызы | Мен үлгі тұтқан жан Ол кім


Талай қиындықты бастан кешіп,ел тағдыры қыл үстінде тұрғанда жанын аямай жауға қарсы тұрған,бейбіт күндері туған жердің көркейіп,қанат жаюына өз үлесін қосқан,бүгінгі таңда майдангерлер атанып отырған қазалылық азаматтарымыз аз емес.Оның көбі о дүниелік болып осы қызықты да жарқын күндерді көре алмай кетті.Қалғаны саусақтың санына да жетпейді.

Солардың ішінде XXғасырдың алапат соғысы Екінші дүниежүзілік соғыстың бір бөлігі саналатын Ұлы Отан соғысына қатысып,ер етігімен су кешіп,жеңісті сыйлаған жандардың бірі-менің атам,Ұлы Отан соғысының ардагері Əбдірей Əбішұлы болатын.

Менің атам 1941 жылы 21 жасында майданға аттанған.102атқыштар дивизиясы қатарында шайқасқан.Шайқас кезінде аяғынан жараланған.Сонымен қатар аяғы үсікке де шалдыққан."Ер шекіспей бекіспейді" демекші,менің атам жазылып шығысымен майданға қайта аттанады.Ал 1945жылы 2мамырда жеңіс туын тігіп,еліне,халқына мəңгілік қуаныш сыйлағандардың қатарында болды.

Ауыз толтырып айтар ерлігі бар,мен үшін үлгі тұтарлық алып тұлға саналатын,осы ашық аспан астында өмір сүруіміз үшін үлесін қосқан атамның ерлігі ескерусіз қалмасын деп осы бір үзік сырымды қағазға түсіруді жөн көрдім.

Менің атам Əбдірей Əбішұлы-мен үшін үлгі тұтарлық тұлға.Атам үлгі боларлық істерімен маған ғана ата емес,Қазалының əрбір жаны ескеріп,есімін жүрегінде сақтап,жасаған ерлік істерін мақтанышпен айта алатындай болса деймін.Атамның есіміне өз туған жеріндегі көше атауы берілсе деп ойлаймын.

.....
Әңгімелер
Толық

Мәңгілік сағыныш

Қымбатты менің анашым! Қайда барсам да, қандай көңіл күйде болсам да сен менің жанымдасың. Сенімен сырласу, сенімен ақылдасып жүру менің дағдыма айналғалы қашан?! Жаңа бір киім киіп айнаға қараған сәттерімде немесе ас уйде жаңа бір тәтті тағамды әзірлеген кезде Сіз менің сыртымнан бақылап, сүйсіне қарап тұрғандай сезінемін. Кейде іштей сөйлесіп тұрғанымда өз қуанышымды жасыра алмай бас изеп, қалай......
Шығармалар
Толық

Жанкелді Немеребай (Сағынып, сағынып сағынышты тауыстым)

Сағынып, сағынып сағынышты тауыстым.
Аңсап,аңсап ақыл-естен ауыстым.
Ғұмыр бойы қол созып,
Көз жетпейтін қиянға,
Сөз жетпейтін қиялға,
Бір арманнан адасып,
Бір арманмен қауыштым.
Жабығып,жабығып жабырқаулы күй кештім,
Зарығып,зарығып....
Өлеңдер
Толық

Сағыныш Намазшамова (Айғайқұм)

Шарпып өткенде таныс бір жалын
Шақырдың бізді, Айғайқұм.
Шыңыңа апарып табыстырғаның
Шимайы шығар маңдайдың.
Алға ұмтыламыз, алаңдамаймыз,
Ажырамастан қолымыз.
Артымызда әне, айғыз да айғыз
Айғайлап жатыр.....
Өлеңдер
Толық