file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Сағыныш самалы

 Сағыныш самалы

Көл бетінде, көбік толқын қалықтайды,
Үмітсіз ойлар санамда шарықтайды..
Өміріңнен ғайып болып кетер едім,
Жүректі қайтем, сағынып жалықпайды..

Өкінбеші сүйген жүрек, өкпелеме,
Өкініштен өксік ойлар көп келерме..
Күзде ұшқан аппақ құсты күтемін деп,
Жол беріп қоймашы енді өкпелерге..

Еңсем түсіп несіне мен мұңданамын,
Бір көңілге, тең келерме бір ғана мұң..
Көл жағасын саяласа өзге біреу,
Міне сонда аппақ құсым қызғанамын..

Кеткенмінбе бос қиялдар жетегінде,
Үміт оты сөнген болар кетеріңде..
Аппақ құсын ұшырғанда, айна көлім,
Айналмасын қарғалардың мекеніне..

Биылғы күз, салқындауын кешіктірді,
Жаздың соңы, жайсыз күйді кешіп тұрды..
Шығысынан үміт күткен айна көлде,
Сағыныштың ақ самалы есіп тұрды..
(Самайымнан, салқын самал есіп тұрды)

Дархан Мұратов

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру