Сақтандыру | Қазақстан Республикасының әлеуметтік сақтандыру компаниясының қызметтеріне талдау

Кіріспе
Нарықтық экономикаға көшумен байланысты Қазақстан Республикасының сақтандыру жүйесінде елеулі өзгерістер болып жатқаны баршамызға мәлім. Бүгінгі таңда нарықтық экономика жолына баяғыда түсіп зор жетістіктерге жеткен өркениетті елдер тәжірибесіне үйрене отырып, сақтандыру жүйесі дамып жатыр.
Сақтандыру өмірдегі әртүрлі жеке азаматтарға, кәсіпорындарға, стихиялық және басқа да кездейсоқ жағдайлардың есебінен болатын шығындар мен зиянды қайтару үшін құрылған арнайы қордың қолдануда қалыптасатын экономикалық қатынастар жүйесі.
Сақтандыру туралы заңда Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің тиісті баптарынан, Жарлықтан, Қазақстан Республикасының заң актілерінен және соларға сәйкес қабылданған Қазақстан Республикасының Президент пен Үкіметтің нормативтік актілерінен тұрады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Әділет министрлігі | Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі

Әділет министрлігінің құқықтық мәртебесі Қазақстан Республикасының Үкіметі 11.03.99 жылы қабылдаған Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі туралы Ережеде бекітелген. Бір жағынан Әділет министрлігі Үкімет құрамына кіретін орталық атқарушы орган, ол өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасы бекіткепн халықаралық келісімдерге, заңдарға, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің нормативтік актілеріне және Әділет минстрінің бұйрықтарына сәйкес жүзеге асырады. Екінші жағынан, өз құрылымын вертикалды ұйымдастыратын атқарушы биліктің құрылымдық бөлімшесі бола тұра, Әділет министрлігі аумақтық әділет органдарына басшылық етеді, Республиканың барлық аумағында біртұтас құқықтық саясаты жүзеге асырады, заңдарды реформалау жағдайында үйлестіру қызметін атқарады, соттарды ресурстық жағынан қамтамасыз етеді және сот шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Саясаттану | Қазақстан Республикасының Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық Ұйымындағы төрағалықтың мәртебелі миссиясы

Кіріспе
Бүгiнгi Қазақстан - экономикасы қарқынды дамып келе жатқан, әлеуметтiк-экономикалық инфрақұрылымы өзiне сай қалыптаса бастаған, демократиялық қоғам құруға батыл кiрiскен бiрден-бiр мемлекет. Қазақстан тәуелсіздігін алған сәттен бастап өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға нақты үлесін қосып келеді. Семей ядролық полигонының жабылуы, қуаты жөнінен әлемдегі төртінші зымырандық-ядролық арсеналдан бас тарту және оның инфрақұрылымын толықтай жою еліміз үшін тарихи шешім болғаны белгілі.
Таяуда Қазақстанның бастамасы бойынша БҰҰ Бас Ассамблеясы 29 тамызды Ядролық сынақтарға қарсы әрекеттің халықаралық күні ретінде жариялау туралы қарар қабылдады.Қазақстан өңірлік және бүкіләлемдік экономикалық үдерістерге жауапты қатысушы ретінде өз рөлін толық сезінеді.Әлемдік нарыққа көмірсутегі шикізаттарының күннен күнге арта түскен мөлшерін сыртқа шығара отырып, біздің еліміз дүние жүзінің, соның ішінде Еуропаның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қомақты үлес қосуда.....
Курстық жұмыстар
Толық

Банк ісі | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРІ ҰСЫНАТЫН ИПОТЕКАЛЫҚ НЕСИЕЛЕР

К І Р І С П Е
Ипотека дегеніміз б.з.д. І-ІІ ғ. Рим шекарасында белгілі болған. «Ипотека» термин ретінде б.з.д. VІ ғ. Пайда болды. Ипотека грек тілінен аударғанда кепілдік деген мағына береді.
Қазақстанда ипотекалық несиелеу меншік туралы Кеңес Үкіметінің заңы қабылданғаннан кейін мүмкін бола бастады. Шын мәнінде алғашқы ипотекалық несиелеу тұрғын үй құрылыс мемлекеттік бағдарламасымен 1994-1995 жылы жүзеге асырыла бастады. Ал бүгінгі таңда коммерциялық банктердің дәстүрлі – базалық қызметі – экономиканы және халықты несиелендіру. Бұл қызмет банктік қызмет көрсету аясындағы маңыздыларға және банкінің актив операцияларына жатады. Көптеген елдерде ипотекалық несиелендірудің халықты тұрғын үймен қамтамасыз етудегі ролі баршаға белгілі. Шағын болса да тұрақты табысы бар халық топтары үшін тұрғын үй сатып алуға жағдайлар жасаумен қоймай, ипотекалық несие құрылыс саласына инвестициялар тартуға мүмкіндік беріп, қор рыногының жаңа сегменті - ипотекалық құнды қағаздар рыногының әрекет етуіне септігін тигізді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Саясаттану | Қазақстан Республикасының демографиялық жағдайы. 1999-2005 ж

КІРІСПЕ
Халықтың орналасу проблемаларымен арнайы ғылым – шұғылданады. «Демография» терминінің шығу төркіні грекше: «демос» - «халық», «графия» - «жазамын» деген ұғымды білдіреді, бұл термин ХІХ ғасырдың ортасында пайда болды, ол халықтың сандық құрамын, оның қозғалысын, физикалық, ойлау және рухани жағдайын зерттейтін ғылымның атын білдіре бастады.
Демография дербес ғылым ретінде ХХ жүз жылдықтың 20-шы, 30-шы жылдары қалыптаса бастады. Ең басында демографияны тар және кең мағынада пайымдаудың екі тәсілі айқындалды.
Тар мағынада демография немесе тұрғындар статистикасы халықты жынысы, жасы, жұмысы және т.б. бойынша құрылымын және оның қозғалысын, туын, қайтыс болуын, көші-қон үрдісін зерттейді.
Кең мағынада демография туудың, қайтыс болудың, көші-қонның сандық және сапалық заңдылықтарын, әлеуметтік, экономикалық, биологиялық, саяси, медициналық сипаттамалардың үлкен тобының, заңның демографияға әсерін, сондай-ақ демографиялық процестерге байланысты әлеуметтік-экономикалық проблемалардың жиынтығы. Тұрғындар мен ресурстарды, депопуляцияны, отбасын жоспарлауды, мигранттардың жерсінуін, урбанизацияны (латынша «urbaus» - қалалық), еңбек ресурстарын, кірісті қайта бөлуді және т.б. зерттейді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Ұлттық валюта | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ВАЛЮТАСЫ ТЕҢГЕ

Кіріспе
Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құкықтық актілерінен тұрады.
Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленген болса, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында қолданыста болады және Қазақстан Республикасының резиденттері мен Қазақстан Республикасының аумағында валюталық операцияларды жүзеге асыратын резидент еместерге қолданылады.
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде осы Заң Қазақстан Республикасының резиденттеріне қолданылады.
Қазақстан Республикасының Заңына сай валютаны ретке келтіру міндеттерін жүзеге асыру құқығы бар Мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасындағы валюталық бақылау органдары болып табылады.
Валюталық бақылау органдары өз міндеттерін жүзеге асыру үшін валюталық бақылау агенттерін жұмысқа тартады және олардың тиісті тапсырмаларды орындауы үшін біршама құқықтарды береді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Кіріспе
Өкіметтің таңдап алған эконмикалық саясаты негізінде жасалынатын әрбір дамып жатқан қоғамның экономикалық құрылымның құрылуына және дамуындағы алдыңғы, аңықтаушы рөлді мемлекеттік реттеу алады. Соның ішінде мемлекетке өзінің экономиалық және әлеуметтік реттеуін жүзеге асыруға беретін аса маңызды механизмдердің бірі - қоғамның қаржы жүйесі.Осы қаржы жүйесінің ең маңызды саласы — мемлекеттік бюджет. Осы қаржы жүйесі арқылы мемлекет мемлекет органдарына жүктелген қызметтерін орындауға мүмкіндік беріп, орталықтанған және орталықтанбаған қаржы қорларының құрылуына ықпал етеді. Бюджеттің рөлі, мәні және процедуралық аспектілері экономикада нарықтық қатынастардың белсеңді өзгеруі жағдайында түбегейлі өзгереді. Бюджет мемлекеттің саясатын жүзеге асыру бойынша негізгі құрал болып табылады. Сапалы мемлекеттік қызмет көрсету, ұлттық қауіпсіздік және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, денсаулық сақтау және білім сферасын дамыту, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыздандыруды көрсету.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ, ПАЙДАЛАНУ

КІРІСПЕ
Үкіметтің таңдап алған эконмикалық саясаты негізінде жасалынатын әрбір дамып жатқан қоғамның экономикалық құрылымның құрылуына және дамуында алдыңғы, анықтаушы рөлді мемлекеттік реттеу алады. Соның ішінде мемлекетке өзінің экономикалық және әлеуметтік реттеуін асыруға беретін аса маңызды механизмдердің бірі - қоғамның қаржы жүйесі. Осы қаржы жүйесінің ең маңызды саласы — мемлекеттік бюджет. Осы қаржы жүйесі арқылы мемлекет мемлекеттік органдарға жүктелген қызметтерін орындауға мүмкіндік беріп, орталықтанған және орталықтанбаған қаржы қорларының құрылуына ықпал етеді. Бюджеттің рөлі, мәні және процедуралық аспектілері экономикада нарықтық қатынастардың белсеңді өзгеруі жағдайында түбегейлі өзгереді. Бюджет мемлекеттің саясатын жүзеге асыру бойынша негізгі құрал болып табылады. Сапалы мемлекеттік қызмет көрсету, ұлттық қауіпсіздік және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, денсаулық сақтау және білім сферасын дамыту, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыздандыруды көрсету және де экономиканың нақты секторының дамуын қолдау сұрақтарын шешу бюджетке негізделеді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің құрылымы

Кіріспе.
Мемлекеттік қаржылар жүйесінде мемлекеттік бюджет басты орын алады.Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Қазақстан Республикасының бюджет жүйеснің құрылымы» бұл актуальды,тақырып, осы курстық жұмыста оны ашуға тырысамын. Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше экономикалық нысандар – бюджеттің кірістері мен шығыстары арқылы болып отырады. Әр бюджетте оның кіріс және шығыс бөлігін теңестірген, дұрыс. Осылар ескеріле отырып, І бөлімде мемлекеттік бюджет туралы түсінік және оның экономикалық мәні, кірістер мен шығыстардың құрамы мен құрылымы, бюджет тапшылығы және балансы туралы қарастырылған. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін жетілдіру маңызды орын алады. Қазақстан Республикасының егемен мемлекет болып қалыптасып, нарықтық экономиканың даму мен құрылу жолын қабылдауы оның әлеуметтік – экономикалық дамудағы жаңа деңгейін анықтайды. Ондағы басты орын мемлекеттік бюджетке тиесілі. Бюджеттік жүйе өте күрделі механизм. Ол сол елдің ерекшелігін, оның әлеуметтік – экономикалық құрылысын, мемлекеттік құрылымын білдіреді. Ел бюджетінің құрылымы сол елдің құрылымымен байланысты. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі.

Кіріспе
Республикалық бюджеттің түсім көздері - салықтар мен басқа да міндетгі төлемдерді құқықтық реттеу — республикалық деңгейдегі салық салу аясында салық механизмдерін қолдану, тұрақты бекітілген салыктық түсімдерді — салықтар мен өзге де міндетті төлемдерді алу, сондай-ақ олардың белгіленген тәртіппен республикалық бюджеттің кірісіне уақтылы және толығымен түсуіне тексеру жүргізу барысында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін салықтық құқықтың ерекше бөлімінің институты. Республикалық бюджеттің салықтық түсімдері аясындағы материалдық салыктық қатынастарды құқықтық реттеудін мақсатты бағдары мемлекеттік, сондай-ақ корпораииялық (және жеке меншік) шаруашылық жүргізу ауқымында туындайтын мемлекеттік қаржылық қатынастардың тиімді қалыптасуына қол жеткізуге бағытталады. Мемлекет меншігіндегі республикалық бюджеттін ресурстары Қазақстан Республикасындағы саяси құрылыстың тұрақтылығын, әлеуметтік мүдделерді және елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, сондай-ақ орын алуы мүмкін келеңсіз ішкі және сыртқы экономикалық факторларды болдырмауға септігін тигізеді.....
Курстық жұмыстар
Толық