Экономика | Қаражанбасмұнай ААҚ ы бойынша еңбек ақыны талдау
Еліміздің әлеуметтік экономикалық жағдайында соңғы 2-3 жылда жалпы экономикалық және әлеуметтік ахуалды жақсартуда оң үрдістер айырықша көзге түседі. Атап айтқанда, еліміздегі экономикалық өсудің жоғары қарқыны тек шикізат ресурстарына қолайлы баға коньюнктурасындағы сыртқы факторлармен ғана емес, сонымен қатар өнеркәсіп өнімінің көлемінің артуы , ауыл шаруашылығының дамуында оң серпіннің сақталуы, шағын бизнес саласының ұлғаюы сияқты ішкі факторлар мен қатар инфрақұрылым салаларының дамуы да көрінерліктей болды.
Деректер бойынша 2003 ж. ішкі жалпы өнім 9 пайызды құрады, ал өнеркәсіп өндірісінің көлемі 8,4 пайызға артты. Мұның барлығы халықтың тұрмыс деңгейінің көтерілуіне қолайлы әсер етті. Адамдардың нақты ақшалай табысы өсті. Еңбек нарығында жұмыс күшіне сұраныс тұрақты болған сайын жұмыссыздық деңгейі төмендеп келеді. Атаулы орташа айлық жалақы және жан басына шаққандағы орташа табыс 15 пайызға өскен, ал осы орайда нақты көрсеткіш индексі 7 пайыздан аса құрады. Экономикалық өсу деңгейі жағынан Қазақстан ТМД елдері арасында көш бойы алда. Атап айтқанда, ішкі жалпы өнімнің жоғары деңгейі қатарынан төрт жыл бойы сақталып келеді. 2002-2003 жылдардағы кезеңде экономикалық өсу жиынтығы 49 пайызды құрады
Биылғы жылы мемлекеттік кәсіпорындар қызметкерлерінің еңбек ақылары мен зейнетақылары біршама өсірілгенмен, өндіріс саласында қызмет жасайтындардан әлі де біршама, шамамен 3,5-4 есеге жуық төмен. Облыс экономикасының негізі мұнай өндіру болса, бұл салада қызмет жасайтын отбасыларының саны облыс отбасыларының 30%-н құрайды. Инфляцияны есепке алсақ және оның үстіне ай сайын еселеп өсіп отырған коммуналдық төлемдерді ессептегенде-қазіргі еңбек ақы әрбір отбасының жан басына шаққанда күнелтіс шегінен әлдеқайда төмен. Біздіңше еңбек ақыны реттеу мемлекеттік іс болуға тиісті. Еңбек ақы көтеріліп, осыған ілесе тауарлар бағалары мен әртүрлі төлемдер көбейгенінен қандай қорытынды шығады деген заңды сұрақ туындайды. Сондықтан мемлекет нарықтық экономика жағдайына сай, қалай болған күнде де еңбек ақыны тәртіпке келтіріп реттейтін болса, жақсы нәтижелер берер еді деп есептейміз.....

Курстық жұмыстар