Күләш Ахметова (Кеніш)

Қызғанамын бөтені, бөгдесінен,
Келем дейді біреулер кеудесімен.
Алам дейді біреулер теңгесімен —
Даласына бабамның қадалады,
Қандай амал табайын енді осы мен?!
Көзім көрді алғанды, тасығанды,......
Өлеңдер
Толық

География | Қызылорда облысының Құмкөл мұнай кеніші орналасқан жердің физико-геогафиялық ерекшеліктері мен климаттық жағдайы

Кіріспе
Қазіргі кезде ғылыми – техниканың қарыштап алға басуы, адамзат өмірін жақсартуға тікелей игі ықпал етумен қатар, қоршаған орта – табиғатқа орны толмас зор зиян тигізіп отыр.
Бүгінгі таңда экологиялық жағдайдың нашарлауы мұнай және газбен ластану есебінен де жүріп отыр. Жылу – энергетикалық ресурстарды тым артық пайдалану, соның бірі – мұнай, қоршаған ортаның ластануына, яғни экологиялық жағдай қаупі дәрежесінің артуына әкеліп отыр.
Мұнай кеніштерін өңдеу барысында топырақ және ландшафтарға әсер ету факторлары механикалық бұзылу және химиялық ластану болып табылады. Топырақ жамылғысының механикалық бұзылуы іздеу, ұңғыларды барлау және технологиялық объектілер құрылысы кезінде жүреді. Нәтижесінде өсімдік түрлері жойылады, топырақ горизонттарының жоғарғы бөлігі тығыздалады және бұзылады, ал ол өз кезегінде эрозия үрдісінің дамуына әкеліп, екінші ретті тұздалуының себебі болады.
Қазақстан – мұнай және табиғи газға бай елдердің бірі. Мұнай қоры бойынша әлемде 12 – ші орында, ал мұнайды өндіру бойынша 23 – орынды алып отыр. Республикамызда қазіргі кезде 208 – дей мұнай кеніштері бар, олар территориямыздың 62% – ын алып жатыр. Осы мұнй кеніші қатарына Қызылорда облысы да жатады. Болжам бойынша бұл жердегі мұнайдың қоры 350 млн тонна болса, 100 млрд м³ газ үлесі алып отыр.
Ластанудың негізгі себептері:
● Ластаушы заттармен атмосфераның, жер бетіндегі және жер астындағы
сулардың, топырақтың ластану.
● Технологиялық құрал – жабдықтардың төменгі сапасы мен олардың
апатқа ұшырау мүмкіндігінің жоғарлылығы.
● Топыраққа түсетін ауыр техниканы пайдалану.....
Курстық жұмыстар
Толық

География | Жаңажол кенішінде тереңдігі 3900 м пайдалану ұңғымасын бұрғылау

КІРІСПЕ
Өндіріс өнімдерінің ішінде мұнай өнімдерін тұтыну мен мұнай және газ өндіру үлкен маңызға ие болады.
Сондықтан біздің Республикамызда мұнай өндірісінің дамуына зор мән береді. Ғылыми-техникалық процестің жедел даму міндеттерін шешу үшін жаңа кен көздерін ашып іске қосумен бірге, бұрғылаудың техникалық-экономикалық көрсеткіштерін еңбек өнімділігін және еңбекті ұйымдасты-руды жақсарта отырып шұғыл түрде бұрғылау жұмыстарының көлемін арттыру. Бұрғылау өндірісін жаңа техникалармен және технологиялармен жабдықтау.
Негізгі назар өндірісті кеңейту, қашаудың бұрғылау мен шегендеу құбыр-ларының сапаларын арттыруға аударылады. Ұңғы бұрғылаудың техникалық процестер жүйесін басқаруды автоматтандыру, дамытуға үлкен көңіл бөлінуі тиіс.
Қазіргі кезде бұрғылау әр түрлі бұрғы қондырғыларымен іске асырылады.
Ұңғы құрылысының толық циклі төмендегі негізгі элементтерден тұрады:
1. Мұнара құрылымының құрылысын салу және тұрғызу.
2. Ұңғыны бұрғылау жұмысына дайындау.
3. Бұрғылау процессі.
4. Жер қыртысын ашу.
5. Бұрғылау мұнарасы мен жабдықтарын бұзып жинау.
Қазіргі кезде еңбекті және ортаны қорғауға үлкен көңіл бөлінеді. Ұңғы құрылысы бөлінген жерді пайдаланған кезде, оған қолданылатын жуу сұйық-тарында, әртүрлі физико-химиялық қасиеттеріне, химиялық реагенттердің улылығына, бұрғыланған жыныстардың құрамына және басқа да факторларға байланысты.
Жоба оқу кезіндегі алынған білімімді көрсету мақсатында жасалынады.
Әрбір бөлімді дайындап әзірлеуге үлкен көңіл бөлінеді. Ұңғы құрылысын салғанда, қоршаған ортаға зиян өте аз мөлшерде зор ықлас бөлінуі керек.
I ТАРАУ. ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ
1.1. Жұмыс ауданының климаттық-географиялық жағдайы
Жаңажол кен орны Мұғаджар тауы мен Ембі өзенінің алқабының ортасында орналысқан Оралманы платосы шамасында жатыр. Әкімшілік жағынан Ақтөбе облысы Мұғаджар ауданы құрамына кіреді. Облыс орталығы Ақтөбе қаласы қарастырып жатқан кен орнынан солтүстік жағында 240 км жерде орналасқан.
Осы алқаптың рельефі аздап тауланған жазық, дараланған арқалықтан және жыралардан тұрады және плюс 125- тен плюс 270 м-ге дейінгі белгілермен мінезделеді. Төменгі мәндері Ембі өзеніне қарай тартылған. Өзендегі су минералдалған және ол техникалық қажеттіліке ғана қолданылады. Ал тұрмыстық мақсатқа су құдықтан алынады. Құдықтағы және Ембі өзеніндегі судың мөлшері 2 м және одан астам.
Ауданның ауа райы құрғақ, тез өзгергіш, температураның жылдық және тәуліктік ауытқуы тез және ылғалдылығы өте төмен температура қыста минус 40 С –ға дейін түседі, ал жазда плюс 40С –қа дейін көтеріледі. Қантар мен ақпан айлары ең суық болып табылады. Алғашқы қардың жатыу қарашаның ортасында басталады және ол наурыздың соңына дейін сақталады.
Атмосфералық жауын- шашынның жылдық орташа мөлшері көп емес, ол жылына 120-140 мм- ге жетеді. Ең ыстық ай болып шілде мен тамыз табылады.
Аудан аз қонысталған, ең жақын елдімекен болып Жаңажол совхозы табылады.Ол солтүстік-шығыс жағында 15 км жерде орналасқан. Және солтүстік- батыс жағында 35 км жерде Кеңкияқ мұнай кәсіпшілігі орналасқан. Атырау- Орск мұнайқұбыры 100 км қашықтықта өтеді.
Кен орнын Октябрьск және Жақсымай өндірісті- техникалық қызмет көрсету және құрылғыларды комплектациялау базалары материалды- техникалық құрал- жабдықтармен қамтамасыз етеді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Ел іші өнер кеніші




Ел іші – өнер кеніші

Кез келген ұлттың өзіндік кескін – келбеті мен болмыс – бітімін айқындайтын ұғымды оның өзіне тән ұлттық мәдениеті десек, өнер сол мәдениеттің ең маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Әсіресе, қазақ халқының сонау ықылым заманнан келе жатқан салт – дәстүрі, әдет- ғұрпы, мәдениеті мен бар болмысы өнермен байланысты. Сондықтан өнердің қай түрі болмасын ата- бабамыздан қалған асыл мұрамыз, таусылмас қазынамыз екені даусыз.

Халқымыз ұлт болып қалыптасқаннан бері қазақ өнері тек қана алға жылжып, дамып келеді. Қазақ халқы басынан не өткермеді? Тарихқа бір сәт үңілер болсақ, көшпеліліктен бастау алатын қазақ халқы сан түрлі соғыстарды, кең байтақ жерімізге көз тіккен жаулардың шабуылдарын бастарынан өткеріп, Ресей патшалығының отарлау саясатын да өткере білді. Қиын- қыстау күн туғанда, тілінен де, дінінен де айырылу қаупі төнген шақта ұлттық құндылықтарымызды сақтап қалу жолында халқымыз көп күресті. Соның нәтижесінде, міне, егемендігімізге қол жеткізіп, өнерімізді дамытып келеміз. Өнер біткеннің қайнар көзі халық шығармашылығында жататыны мәлім. Әр талапкер өзінің туған топырағындағы дәстүрлі өнерді игеріп, оны ілгері дамыта отырып, өркен жаяды.

Өнер салаларының өсу жолында талай тамаша талаптар бой көтеріп, өркен жайған. Қызының да, ұлының да өнерге деген талабына сүйсініп, табыстарын тамашалап, шабыстарына шаттанып, жүзден озған жүйрігін жүдетпеуге, жібекті жүн, алтынды мыс етпеуге тырысып баққан. Ұлдан ардагер азамат, қыздан ақылына көркі сай асқан аруды мәпелеп, өнерге баулып өсірген. Данышпан Абай атамыздың «Туғанда дүние есігін ашады өлең,өлеңмен жер қойнына кірер денең» деген сөздері қазақ өмірінің бүкіл тыныс-тіршілігі өлеңмен өрнектелетінін айқын көрсетеді. Шындығында сәби дүниеге келгенде «бесік жырымен» әлдилеп қарсы алып, адам дүниеден өткенде «жоқтау» айтып шығарып саламыз. Қадым ғасырлар қойнауынан басталатын осы тамаша дәстүр әлі күнге дейін жалғасын тауып келеді. Бүгінгі күн жастарының тойы да «жар-жар», «беташармен» өтетіні ата- баба салтына адалдықтың, өнерге деген махаббаттың айқын көрінісі іспеттес. Орыстың атақты ғалымдарының бірі Г.Потаниннің «Маған бүкіл даласы ән салып тұрғандай көрінеді» деген сөзі қазақ тұрмысының осындай даралығынан туған тұжырым болса керек. Ән бесігінде тербетіліп өскен ұлтымыздың аса бай ән өнерін дамытуға Абай бастаған, Біржан сал, Ақан сері, Балуан Шолақ, Үкілі Ыбырай, Әсет,Нартай сияқты халық композиторлары өлшеусіз үлес қосып, оны сапалық жаңа биікке көтерді. Олардың мол шығармашылық мұрасы қазақ операсы мен балетінде және классикалық музыкалық туындыларда кеңінен пайдаланып, әлемнің ең әйгілі музыкатанушылары тарапынан жоғары бағаға ие болды. Осындай суырып салма ақындардың бірі, халық композиторы әрі әнші Құлтума Өтемісұлы өзінің туып өсіп, кіндік қаны тамған Ақмола өңірінде ғана емес, Ақтөбе, Сыр елінде, Орынбор, Қызылжар, Кереку қалаларында да өнер көрсетіп, халқының еркесіне айналған. Өнер адамдарының барлығы да шабыт құшағында отырғанда қуатты келетіні анық. Құлтуманың шабытқа берілетіні сонша, айтқанда шиыршық атқан тұлпардай, тіпті, бір орнында отыра алмайтын болған. Халық ақыны Мұзафар Әлімбаевтың Құлтума жөніндегі мына өлеңі ақынның шабыт тұлпарының үстінде отырған кезеңін дәл бергендей:

Құландай құйқылжыған құйын ақын,

Құлтума – жүйрік ақын, қиын ақын.

Төбесі көрінгеннен құдіреттінің,

Халайық қаптай дүмек жиылатын.

Ал, өзінің мына жыр жолдары дүлдүл ақынның рухының биік, сөз саптасының асқақ , бейнелі екенінің айқын дәлелі:

Аузынан лебіз бұрқылда,

Қаламдай біткен он саусақ,

Дөңгеленген он тырнақ

Сан алтындай жылтылда...

Мен – өр Алтайдың өрені

Атақты жүйрік Құлтума...

Оқып отырсақ, ақынның өзін көріп, өзін тыңдамасақ та, өлеңнен тараған күш- қуат, екпіннің күштілігі бірден сезіледі. Құлтума Өтемісұлының әнші – композиторлығы жөнінде қазақ музыка өнерінің асқан білгірі академик Ахмет Жұбанов: «Құлтума әндерінің ішіндегі бір шарықтау шегу, биігі, шыңы «Үш көтерме», әнде үлкен рухани күш бар. Онда лирикамен қатар бір драмалық элемент те бар сияқты. Өрлеп басталған күш көпке дейін әлсіремейді, қайта үдей түседі» деп өте жоғары баға берген. Рас, оның барлық өлеңдерінен осындай сарынды сезінуге болады. Әнші – сазгер ақындардың ішінде тек Құлтума Өтемісұлы ғана емес, Үкілі Ыбырай, Арыстанбай Тобылбайұлы сынды сол кездің хас шеберлерінің де өлеңдерінің екпіні күшті екенін атап өткеніміз дұрыс. Олардың туындылары қазақ ән өнерінің қайталанбас бөлшегі болып табылады. Қазақ өнерін бағалай білетін, оның дамып, өркендеуіне атсалысып жүрген әнші – сазгер аталарымызды біз құрметтеп, әндері әуелетіп, шырқай беруіміз керек. Талай сыннан сүрінбей өткен қазақ әндерін қазіргі жастар жоғалтып алсақ, ол бізге ғана емес, бүкіл халқымызға үлкен сын. Халық әндерінің айнымас бөлігіне айналған әнші- сазгер ақындардың әнін сезіне білмейтін, түпкі мағынасына үңіле алмайтын жастардың көзқарасын, өнерге деген ойларын өзгерту тез қарқынмен жүрсе нұр үстіне нұр болар еді. Себебі, бізден кейін де келетін ұрпақ бар. Өзіміздің әрі келер ұрпақтың рухани байлығын арттырып, жан азығын толықтыруда қазақ ән өнерінің алар орны зор екенін ешқашан ұмытпағанымыз жөн.

.....
Әңгімелер
Толық

Болат Кенішбаев (Қазақстан Ұландары)

Қазақстан, Қазақстан Ұландары!
Отан үшін, Отан үшін пида жаны.
Әскердегі, әскердегі ұлан болу,
Жігіттердің, жігіттердің армандары.

Қазақстан, Қазақстан Ұландары!
Отанымның, Отанымның.......
Өлеңдер
Толық