file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Болат Кенішбаев (Қазақстан азаматы)

 Болат Кенішбаев (Қазақстан азаматы)

Сөзі мен әнінің идеясы: М.Е. Мұхамедияров.
Сөзі: Б.Р. Кенішбаев.
Әні: А.Ж. Есмұханов.
Орындаған: А.Ж. Есмұханов.


Туған жерден нұр ап өстің,
Туған елден рух ап өстің.
Жерім үшін жан пида деп,
Ер боп өстің, өр боп өстің!

Халқымыздың ұланысың,
Еліміздің ұранысың,
Қазақстан қыранысың,
Достарыңның жыр-әнісің!


Қайырмасы:

Қазақ, Қазақ азаматы!
Ел серігі, ел ағасы.
Алғаны оның ел алғысы.
Арманы оның ел ырысы!
Қазақ, Қазақ азаматы!
Ел серігі, ел ағасы.
Алғаны оның ел алғысы.
Арманы оның ел ырысы,
Ел ырысы!


Шапағаты ел-жұртыңның,
Махаббаты жан жарыңның,
Шығарады әлі талай,
Биігіне арман шыңның!


Қайырмасы:

Қазақ, Қазақ азаматы!
Ел серігі, ел ағасы.
Алғаны оның ел алғысы.
Арманы оның ел ырысы!
Қазақ, Қазақ азаматы!
Ел серігі, ел ағасы.
Алғаны оның ел алғысы.
Арманы оның ел ырысы,
Ел ырысы,
Ел ырысы,
Ел ырысы!

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру