Байлық, баршылық, тоқтық, кедейлік

Денсаулық — зор байлық.

Ай бетінде де дақ бар.

Құзғын ас таңдамайды.

Байлық не керек,
Адалдан жимасаң.
Билік неге керек,
Әділдік құрмасаң!

Су байлық —
Алты айлық.
Қар байлық —
Үш айлық.

Байлық байлық емес, бірлік — байлық.

Байлық мұрат емес,
Жарлылық ұят емес.

Бақыт — қолға қонған құс.
Байлық — қолға ұстаған мұз.
Құс ұшып кетеді
Мұз еріп кетеді,
Дүниенің қызығы — сіз бен біз.

Кедей мен бай жолдас болмас,
Қасқыр мен қой жолдас болмас.

Алтынды тот баспайды.

Аузы қисық болса да, байдың ұлы сөйлесін.

Қарыз қатынас бұзады.

Тіленшіге жел қарсы.

Базар – бай, алушы – кедей.

Жоқшылық жомарт ердің қолын байлар.

Жоққа жүйрік жетпейді.

Жіп жіңішке жерінен үзіледі.

Байлық — мұрат емес,
Кедейлік — ұят емес.

Ауызы қисық болса да
Байдың ұлы сөйлесін.

Ашаршылықта
Ашқарақ алдымен өледі.

Сараң бай союға қозы таппай
Жарлының жалғыз тоқтысын сұрайды.

Бар мақтанса, табылар,
Жарлы мақтанса, шабылар.

Көз бір уыс топыраққа тояды.
Мақал-мәтелдер
Толық

Байлық, ақша, бай, кедей, кедейлік

Бай мақтанса табылар,
Кедей мақтанса шабылар.

Жоқтық ұят емес,
Байлық мұрат емес
Байдың қатыны өлсе, төсек жаңғырар,
Жарлының қатыны өлсе, басы қаңғырар.

Жарлы болсаң да арлы бол.

Бірінші байлық – денсаулық,
Екінші байлық – ақ жаулық,
Үшінші байлық – он саулық
Мақал-мәтелдер
Толық

Экономика | Кедейлік ұғымы онымен күрес тәжірибесі Халықтың тұрмыс деңгейін көтеру жолдары

Қазақстандағы кедейлік табиғи, экономикалық, әлеуметтік-саяси себептерге негізделген. Кедейлікті зерттеудің негізгі көрсеткіші ретінде табыс, шығын, тұрғындардың өмір сүру деңгейі анықталған. Кедейшілік мәселесі қандай қоғамның болмасын өзекті мәселесіне айналып отырғаны баршаға мәлім.
Кедейлік дегеніміз салауатты өмір сүруді қолдауға қажетті материалдық және мәдени ресурстардың жеткілікті болмауы.
Кедейшілік – тұрғындардың немесе отбасылардыңбелгілі бір бөлігінің ең төменгі ақшалай, мүліктік және басқа да ресурстармен қамтамасыз етілуінің, дәлірек айтқанда өзінің жаратылыстану-физиологиялық, материалдық жіне рухани қажеттіліктерін қанағаттандырудың ең төменгі деңгейдегі әлеуметтік – экономикалық жағдайы. Кедей адамдар тек қана табысы төмен жандар емес, ол қоғамның нақты бір мүшелері болып табылады.
Кедейлік- адам мен отбасының өмір сүруінің барлық қырларын қамтитын әлеуметтік құбылыс. Бұл тұрғыдан алғанда, кедейлік адамның, не әлеуметтік топтың қоғамдағы белгілі бір құндылықтарға қол жеткізе алмауынан, ресми және бейресми сипаттағы шектеулерден көрінеді. Кедейлік, сонымен қатар,адамның интеллектуалдық, мәдени дамуымен , оның кедейлік туралы субъективті түсініктерімен анықталады.
Кедейлік тек қана экономикалық құбылыс емес. Кең тұрғыдан алғанда, ол әлеуметтік құбылыс. Кедей тап- әлеуметтік баспалдықтың ең төменгі баспасында тұрған төменгі тап Ол ең төменгі әлеуметтік статусқа ие, мәртебесі өте төмен жұмыстың түрімен айналысады, мамандығының деңгейі төмен, не мамандығы жоқ.
Кедейлік бірінші кезекте экономикалық құбылыс ретінле сипатталады. Кедейлік- тамақтың, киімнің, тұрғын үйдің жетіспеуі не жоқтығы. Кез келген елдің кедей бөлігі негізінен жұмыссыздар, не төмен деңгейдегі табыс табушылар.
Кедейлік бүгінде адамның өмір сүру деңгейінің көрсеткіші ғана емес, жалпы қоғамның тіршілік тынысын анықтайды. Кедейліктің ушығуы қоғамның әлеуметтік өміріне кері әсер етеді. Кедейлік тұрақты әлеуметтік құбылыс ретінде әлеуметтік құрылымның бұзылуына, оның жаңа түрлерінің қалыптасуынаалып келеді. Дүние жүзінде кедейліктің таралу ауқымы кеңи түсуде. Нақтылай айтсақ, қазір 1, 3 миллиард адам қайыршылық жағдайында өмір сүруде. Соңғы отыз жыл ішінде өте байлар мен өте кедейлердің арақатынасы 30 :1-ден 61: 1 дейін өсті.
Кедейлікті түсінуге байланысты үш түрлі көзқарасты бөліп көрсетуге болады:
1. кедейлікті табыс негізінде түсіну- кедейлік мәселесін тар ауқымды түсіну. Адамның табысы анықталған деңгейден төмен болса, оны кедейлер қатарына жатқызады.
2. Кедейлікті негізгі сұраныстар деңгейінен түсіну- кедейлік мәселесін кең мағынада түсіну. Бұл жерде кедейлік адамның сұранысын, тамаққа деген сұранысын қосқанда, ең төменгі деңгейде қанағаттандыруға қажетті материалдық алғы шарттардан тыс қалуы ретінде қабылданады.
3. Кедейлікті адамның потенциалдарының даму мүмкіншіліктері тұрғысында түсіну- адамның негізгі мүмкіндіктері мен таңдауының жоқтығын көрсетеді. Оған : салауатты және ұзақ өмір сүруге, қажетті білімге, қоғамдық өмірге араласуға, басқа да әлеуметтік- мәдени сұраныстарын қанағаттандыруда да шектеулі.....
Рефераттар
Толық

Бейімбет Майлин (Кедейлер)

Сенің арың зарлайтыным өмірде.
Сенің арын арлайтыным өмірде.
Сен не көрсең, мен де соны көремін,
Белді біғам ауырға да, жеңілге.
Сен жыласаң, көзден жасым тамшылар,
Сен қуансаң, қайғы.....
Өлеңдер
Толық

Жоқшылық, кедейлік

Кедейді тер қысса,
Керегесін арқалап тауға шығады.

Жеті кедей жиналғанмен,
Ортасынан бір бай шықпас.

Лашығы жоқ орданы аңсайды,
Желері жоқ жорғаны аңсайды.

Байдың қорасынан,
Жарлының жалғызы жоғалады.
Мақал-мәтелдер
Толық

Анджелина Джолидің құпиясы неде?

Анджелина Джоли есімі кино тарихына алтын әріппен жазылатын ат қана емес. Ол ең алдымен мықты әйел. Алты баланы тәрбиелеп отырған ардақты ана 21 ғасырдың сұлулық символы ретінде мойындалған.

Анджелинаның құпиясы неде десеңіз, басты құпиясы – бақытты болуында....
kz
Толық