Зейнетақы қорындағы ақшаны пайдалану: қайда, қашан, қалай?

Қазақстан үкіметі зейнетақы жинағының бір бөлігін үй жағдайын жақсарту, емделу немесе инвестициялық компанияларға беру мүмкіндігін қарастырып, шара қабылдап жатыр. Осыған орай 2021 жылы 21 қаңтарда зейнетақы төлемін тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін пайдалану ережесі бекітілді. Ал 23 қаңтар күні Бірыңғай жинақтаушы зейнеатақы қоры мен “Отбасы банкі” акционерлік қоғамы Еnpf-otbasy.kz сайтын ашты.

Бизнес және қаржы
Толық

Зейнетақы ақшасын тұрғын үйге қалай алуға болады?

Қазақстанда біржолғы зейнетақы төлемдерін тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін пайдалану қағидалары күшіне енді. Бұл туралы  «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ мәлімдеді. 


«2021 жылдың 23 қаңтарынан бастап Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалануға өтініш тапсыра алатын арнайы онлайн платформаны іске қосылды»-, деп хабарлады банк өкілдері.

Банк мәліметінше, біржолғы зейнетақы төлемдерін Қазақстан....

Бизнес және қаржы
Толық

"Бала-шағамды зейнетақымен асырап отырмын": Роза Рымбаева карантиндегі өмірі жайлы

Қазақстанның алтын дауысы атанған әртіс қазір әншілер халыққа көмек көрсететін жағдайда емес екенін, өзі қаңтар айынан бері жұмыссыз отырғанын айтты

29 жасында Қазақстанның халық әртісі атанған әнші Роза Рымбаева сахнада жүргеніне 45 жыл толуына орай күзде жеке концерт береді. Өнер иесі елдегі жағдайға байланысты бірнеше айдан бері жұмыссыз, балаларын зейнетақымен асырап отыр. Дегенмен карантин кезінде шығармашылығын тоқтатып қоймаған. Бұл туралы ол Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында айтып берді.
Жаңалықтар
Толық

Қазақстанда 1 қаңтардан бастап зейнетақы мен жалақы мөлшері өсті

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен елімізде жалақы, зейнетақы және жәрдемақы көлемі өсті деп хабарлайды Премьер-министрдің сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Жаңалықтар
Толық

Экономика | Қ Р Зейнетақымен қамсыздандыру құқығы түсінігі

Зейнетақы – азаматтарды әлеуметтік қамсыздандырудың бір
түрі және орталықтан, жинақтаушы зейнетақы қорларынан
төленетін зейнетақы төлемдерінің жиынтығы болып
табылады.
Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан
Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен
зейнетақымен қамсыздандырылуға құқылы.
Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты
тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, егер
Қазақстан Республикасының заңдарында және халықаралық
шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының
азаматтарымен бірдей зейнетақымен қамсыздандырылу
құқығын пайдаланады;
Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін
арттыру Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген
тәртіппен жыл сайын жүргізіледі ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Қазақстан Республикасының әлеуметтік экономикалық дамуындағы зейнетақы қорлары

Әлемнің көптеген елдерінде зейнетақы қорларының жұмысы қайтадан түрлендірілуде. Бұл әсіресе ТМД елдерінде кеңінен етек алады.
1998 жылы Қазақстан ТМД елдерінің арасында бірінші болып өзінің зейнетақы қоры жүйесін реформалауға кірісіп кетті. Зейнетақы реформасына еркіндік беріп, даңғыл жол ашқан (Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы 1997 жыл 20 маусым) Қазақстан Республикасының заңы болған. Осы негізде бүгінгі күні жаңа зейнетақы жүйесі аяғынан тік тұрды деп айтуға болады.
Қазақстандық зейнетақы қорларының жүйесінің негізінде Чилидегі зейнетақы қорларының жүйесі жатқандығын баса айта кетуге болады. Өйткені бұл жөніндегі Чилидегі 20 жылдық тәжірибе біршама ден қоюға тұрарлықтай. Чили мемлекетінде зейнетақы активтерін зейнетақы қорлары басқарады, олар зейнетақы қорларының салымшыларына зейнетақымен қамтамасыз етудің түрлі схемаларын ұсынады. Ондағы халықтың зейнетақы жинақтары ЖҰӨ-нің 55%-ын құрайды. Зейнетақы қорларының инвестицияларының есебінен елдің тұрғын үй қорының 60% тұрғызылған. Бұл зейнетақы жүйесінің қазіргі кезеңде мемлекеттің әлеуметтік – экономикалық өмірінде қаншалықты маңызды роль атқаратынын байқауға болады.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік – экономикалық дамуындағы маңызды рольді Қазақстанның зейнетақы қызмет көрсету нарығы алады. Бұл бүгінгі таңда тұрақты түрде дамып келе жатқан нарықтардың бірі. Қазірдің өзінде-ақ зейнетақы қорларын реформалау оң нәтижеге беріп отырғанын нық айтуымызға болады.
Халықты зейнетақымен қамтамасыз ету мәселесі әр кезде әр елде өте маңызды болған. Бұл жүйенің дамуы елдің ерекшелігіне, әлеуметтік – экономикалық дамуына қарай қалыптасқан деуге болады. Соның ішінде Қазақстан Республикасында таңдалған зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесі өзінің ерекшелігіне ие. Бұл жүйенің ары қарай дамуы бүгінгі таңда актуалды мәселелердің бірі. Ол көп аспектілі және де талдау, талғау, зерттеуді қажет ететін жүйе депсанаймын. Ол неғұрлым түсінікті, жеткілікті, жан – жақты тармақталған жүйеге айналса соғұрлым оның дамуы, тұрақтылығы нығая түседі.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қазақстан Републикасының зейнетақы қорларының инвестициялық қызметіне талдау

Қазақстан Республиканың егемендік алуымен әлеуметтік мәселе жөнінен әр-түрлі туындай бастады. Осы мәселенің ішінде зейнетақымен қамтамасыз ету мәселесі алдынғы орынға шықты. өйткені зейнеткерлер қамқорлықты қорғауды қажет ететін тұлғалардың алдыңғы қатарына жатады. 1990 жылдардың басты кезендерінде зейнеткерлерге зейнетақы төлемдері ретінде төлейтін қаражаттардың болмауы олардың әлеуметтік жағдайының нашарлауына әкелді. Зейнетақымен қамтамассыз ете алмау мәселесі келесі себептерге байланысты болды:
1 мемлекетте қарттардын көбеюі
2 зейнетақы жарналарын есепке ал ып отыратын арнайы үйымның болмауы.
3 өз бетімінен жүмыс істеп жатқан тұлғаларға деген бақылаудын болмауы
4 Бюджеттік емес қорлардың қолдануындағы бақылаудың болмауы
5 әрбір облыстын жағдайын есепке алмай жергілікті бюджеттен ақша төлеудің мүмкіндігінің болуы және т.б.
1998 жылдың 1 қантарынан бастап зейнетақы нарығында күрделі өзгерістер пайда болуы негізінде 1997 жылдың 20 маусымында жарық көрген Қазакстан Республикасындағы зейнетақы мен қамтамассыз ету туралы заң жатыр. 1998 жылдын 1 қантарына дейінгі зейнетке шыққан тұлғалар және еңбек етуші тұлғалар, олар зейнетақы төлеу орталықтары арқылы зейнетақы алу мүмкіндігіне ие болды. Ал 1998 жылдың 1 қаңтарынан бері қарай еңбек етерлі тұлғалар өздерінің жеке зейнетақы шоттарын ашып, қаражат жинақтау мүмкіндігіне ие болды.
Активтер басқаратын компанияның жұмысы дұрыс көрсетілмей жатыр деп агенттік зейнетақы қорына айтса, онда қор басқа компанияны тандауына болады. Зейнетақының белгілі бір бөлігі депозит түрінде болады. Ал, көп бөлігі бағалы қағаздарға салынады. Көбінесе мемлекет бағалы қағаздарды сатып алуға жүмсалады, қандайда компанияның банкроттыққа үшырауынан тек 10 % -ды жоғалтады. Ал, 90 % қолда қалады. Осы мәселелерді мен анықтау үшін алдыма мынандай мақсаттар қойдым:
1. Жинақтаушы зейнетқаы қорларының түсінігін анықтай отырып, Қазақстан Республикасында қалыптасқан жағдайларды анықтау;
2. Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық жағдайына талдау жасау; ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ МЕН ҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРІН ТАЛДАУ

Тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының нарықты экономикаға өтудегі стратегиялық бағдарламаларының біріндегі негізгі экономикаға өтудегі стратегиялық бағдарламаларының біріндегі негізгі макроэкономикалық мәселе еңбеккерлерді әлеуметтік тұрғыдан қамсыздандыру. Экономиканы мемлекеттік реттеудің қажетті объективті факторларын қарастырғанда әлеуметтік сфераға ерекше көңіл аударылады. Әлеуметтік сфера салаларының мәселелері нарықтық қатынастар жағдайында өздігінен шешілуі мүмкін емес. Сондықтан Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес арнайы мемлекеттік шаралардың орындалуын қажет етеді.
Қазақстан халықты әлеуметтік қамсыздандыру реформасын жүзеге асырған ТМД елдерінің арасында бірінші ел болып табылады. Халықты әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің өзгерісі ҚР Үкіметінің 1997 жылғы 12 мамыр N 819 үкімімен бекітілген, Қазақстан Республикасындағы зейнетақылық қамсыздандыру жүйесін реформалау концепциясымен байланысты болды. Шетелдің халықты зейнетақымен қамтудың кең ауқымды тәжірибесін қарастырып және қорытындылап, еліміздің мемлекеттік органдары бұл сұраққа өз бағытын ұсынды. Бұл оң әсерлі экономикалық жағдай, яғни мемлекеттің халықтың әл- ауқатын өсіруге талпынуы өмірдегі әлеуметтік қамтудың жаңа жолдарын шұғыл енгізуді қажет етті.
1998 жылдың 1 қаңтарында тәуелсіз Қазақстан өмірінде тарихи қоғамдық маңызды жағдай болды. Ол – еліміздің зейнетақы жүйесі айналымының реформалау жолына түсуі. Яғни, зейнетақымен қамсыздандырудың «біріккен» жүйемен қатар, Кеңес Одағында болмаған жинақтаушы жүйесі енгізілді. Бұл жүйе кезінде жұмыскерлердің зейнетақы мөлшері соңғы жұмыс жылындағы жалақысына, еңбек стажына, жасына байланысты еді және сонымен қатар зейнетақымен қамсыздандыруда мемлекеттік монополия болды. Бұл жүйе экономикаға нұқсан келтіріп, зейнеткерлердің барлығын бірдей зейнетақымен қамсыздандыра алмады. Себебі, зейнетақы салым көлемі мен алым көлемінің арасындағы тіке байланыстың жоқтығы, сондай-ақ әр мекеме жұмыскерлерінің зейнетақы салымдарын уақытылы және толықтай аударған-аудармағанына қарамастан зейнетақыны уақытылы алып отырды. Осы жүйенің сақталып тұруы, оның дағдарысқа ұшырауын тездетіп, зейнетақы төлеудегі ұзақ үзілістерге әкелер еді. Осыған байланысты осы қабылданған заңның шығуына сәйкес жаңа жинақтаушы зейнетақы жүйесі енгізілді. Бұл жүйенің ерекшелігі әр азамат табысының 10%-ын міндетті зейнетақы төлемі ретінде жинақтаушы зейнетақы қорына аударып отыруымен қатар, болашақ зейнетақысын өзі қамтамасыз етіп отыруында.
Қазақстан Республикасы биылғы жылдан бастап 2005-2007 жылдарға арналған әлеуметтік реформаларды одан әрі тереңдету бағдарламасын іске асырып жатыр. Соның нәтижесінде қазір ең төменгі зейнетақы мөлшері 10300 теңгені, ал зейнетақының орташа мөлшері 12000 теңгені құрады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Зейнетақы жүйесі | ҚАЗАҚСТАНДА ЗЕЙНЕТ АҚЫ ҚОРЛАРЫНЫҢ ДАМУЫН ТАЛДАУ

КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасында зейнетақы қамтамасыз ету жүйесінің реформасы салыстырмалы аз уақыт ішінде басталып өз дамуын алды – жаңа зейнетақы жүйесіне әлі төрт жыл да болған жоқ. Жаңа зейнетақымен қамтамамсыз етудің жүйесі бір орында тұрып жатқан жоқ – ол үздіксіз даму процесінің үстінде екенін атап айтқан жөн. ¦сынылған еңбекте жинақтаушы зейнет ақы қорының не екенін біліп, оны жан-жақтан зертей аламыз.
Осындай көлемдегі зейнетақы реформасы ТМД елдер кеңістігінде Қазақстан Республикасында бірінші жүргізілді. Қазіргі кезде де ТМД мен Балтық елдерінің мемлекеттерінің бірде-біреуінде зейнетақымен қамтамасыз етудің осындай реформасы әлі іске асқан жоқ. Осымен қатар, зейнетақы реформасы өз уақытында жүзеге асырылды деп күмән келтірмей айтуға болады. Ал қиындықсыз еш нәрсе болмайды.....
Курстық жұмыстар
Толық