Зейнетақы ақшасын тұрғын үйге қалай алуға болады?
Қазақстанда біржолғы зейнетақы төлемдерін тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін пайдалану қағидалары күшіне енді. Бұл туралы «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ мәлімдеді.
«2021 жылдың 23 қаңтарынан бастап Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалануға өтініш тапсыра алатын арнайы онлайн платформаны іске қосылды»-, деп хабарлады банк өкілдері.
Банк мәліметінше, біржолғы зейнетақы төлемдерін Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін мынадай мақсаттарға пайдалануға жол беріледі:
1. Ислам банкінің қаржыландыруы шеңберінде тұрғын үйді сатып алу, ислам банкінің тұрғын үй сатып алу жөніндегі мәмілені қаржыландыруы шеңберінде берешекті ішінара, толық өтеу. Сіз кез келген банктен немесе ипотекалық компаниядан алынған тұрғын үйдің немесе банктің бір несиелік келісімшарты шеңберінде жөндеу жүргізе отырып тұрғын үй алу қарыздары бойынша берешегіңізді ішінара немесе толық өтей аласыз. Сондай-ақ, сіз тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі бойынша жеке тұрғын үй немесе жеке қосалқы шаруашылық салу үшін жер телімін алуды қоса алғандағы несиені төлей аласыз.
2. Ипотекасыз тұрғын үй алу (толық өтеу). Сіз пәтер, жеке үй, жатақханадан бөлме сатып ала аласыз. Тұрғын үйді бастапқы немесе қайталама нарықта, сондай-ақ салынып жатқан нысандардан ҚР заңнамасына сәйкес, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы кепілдігі бар, жекешелендіру, бөліп төлеу, айырбастау шарттары бойынша көп пәтерлі тұрғын үйдегі үлесті беру туралы келісімшарт арқылы сатып алуға болады. Осы мақсатта тұрғын үйді зейнетақы жинақтары есебінен де, зейнетақы мен жеке қаражат есебінен де сатып алуға болады.
3. Отбасы банкінде тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі бойынша ипотекалық тұрғын үй займын алу. Сіз пәтер, жеке үй, жатақханадан бөлме сатып ала аласыз. Тұрғын үйді бастапқы немесе қайталама нарықтан сатып алуға болады. Сондай-ақ, банктің бір несие шарты шеңберінде жөндеу жұмыстарын қоса есептегенде тұрғын үй сатып алуға немесе жеке тұрғын үй салуға болады (жеке тұрғын үй салу немесе жеке қосалқы шаруашылық салу мақсаттарымен жер учаскесін қоса алғанда).
4. Ипотекалық несие алу үшін бастапқы жарна төлеу (оның ішінде ислам банкі қаржыландыру шеңберінде). Сіз пәтер, жеке үй, жатақханадан бөлме сатып ала аласыз. Тұрғын үйді бастапқы немесе қайталама нарықтан алуға болады. Сондай-ақ, банктің бір несие шарты аясында сіз жөндеу жұмыстарын қоса есептегенде тұрғын үй сатып ала аласыз.
5. Тұрғын үй құрылысы бағдарламалары мен дағдарысқа қарсы бағдарламалар шеңберінде берілген сатып алу құқығымен тұрғын үйді ұзақ мерзімді жалдау шарттары бойынша берешекті ішінара немесе толық өтеу.
6. Жеке тұрғын үй құрылысы (жер учаскесін алуды қоса есептегенде). Сіз зейнетақы жинақтары есебінен немесе зейнетақы жинақтары және өз қаражатыңыз есебінен жеке тұрғын үй салуыңызға болады (жеке тұрғын үй салу немесе жеке қосалқы шаруашылық салу мақсаттарымен жер учаскесін қоса алғанда).
7. Ипотекалық тұрғын үй заемын қайта қаржыландыру. Басқа банктерден тұрғын үй сатып алуға (жөндеу жұмыстарын қоса есептегенде), жеке тұрғын үй құрылысына (жер учаскесін қоса есептегенде) арналған ипотекалық несиелерді «Отбасы банкінде» қайта қаржыландыруға болады.
Өтініш берместен бұрын, қолданылу мерзімі аяқталмаған, қызмет алуға жарамды электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) болу қажет. Зейнетақы жинақтарының қолжетімді көлемін ҚР БЖЗҚ порталынан нақтылауға болады.
Тұрғын үй жағдайын жақсартуға және (немесе) емделу ақысын төлеуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдерін ережелерде белгіленген әр түрлі мақсаттарға шектеусіз рет пайдалануға болады.
Оператордың интернет-ресурсында ЭСҚ немесе басқа электронды құралдар арқылы авторизациядан өту қажет. Өзіңіздің жеке кабинетіңізді ашып, арнайы шотқа өтініш беріңіз.
Сондай-ақ, банк өкілдері қаражат жіті қорғалатынын мәлімдеді. Ал, ақшаны өтініш берушінің басқа қарыздық міндеттемелері бойынша өндіріп алу мүмкін емес.
- «Біржолғы зейнетақы төлемдерін тұрғын үй жағдайын жақсарту және (немесе) емделу ақысын төлеу мақсаттарына қолдануды көздеп отырған БЖЗҚ салымшылары 13 қаңтардан бастап «Отбасы банкінде» онлайн режимде ағымдағы арнайы шот ашып жатыр. Бүгінгі күннің өзінде Банкте 57 000 астам арнайы шот ашылды»,- деді «Отбасы Банк» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.
Ереженің толық мәтінімен жүктеу арқылы танысуға болады.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: зейнетақы, ақша, тұрғын үй, үй, қалай