✅ Біздің денсаулығымыздың мықтылығы - ертеңгі күннің кепілі. Сондықтан денсаулық сақтаудың әдістерін қолданып, өзімізге өзіміз күтім жасауымыз керек. Назарларыңызға ішек тазалаудың әдістерін ұсынамыз.
✅ Айран мен қарақұмық ұны. Қанның құрамындағы қант мөлшерін азайту, ішек пен қан тамырларын тазарту, зат алмасу үдерісі мен ұйқы безінің қызметін қалыпқа келтіруге айран мен қарақұмық ұнынан жасалған қоспа көмектеседі.
✅ Сұлы киселі. Сұлу киселі көптеген сырқаудың бетін қайтарады. Жасұнықтың (клетчатка) көп мөлшерлі болуының арқасында ішекті тазарту, асқазан ауруларын емдеу, артық салмақтан құтылу мен бүйрек ауруын емдейтін қасиеті бар. ......
Құқық бұзушылық – заңды, оның қағидаларын құқықтық нормалар жүктеген міндеттерді бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау. Ол адамдардың іс-әрекеті, қылығы, мінезі немесе әрекетсіздігімен сипатталады. Адам өзінің іс-әрекеті, қылығы арқылы басқа адамдармен, қоғаммен, мемлекетпен қарым-қатынасқа түседі. Заң бұзушылық адамның мінез-құлқы арқылы байқалады. Адамның ой-желісі заңмен реттелмейді. Бірақ қандай да болсын іс-әрекет, мінез-құлық, ойдың, сана-сезімнің қатынасуынсыз жасалмайды. Олар ойдың елегінен өтіп, бақылауында болады. Ақылы дұрыс адамның іс-әрекеті ерік пен ойдың арқасында жүзеге асырылады. Демек, заңды бұзушылық қоғам мен жеке тұлғаларға зиян келтіретін және құқықтық нормаларға қарсы әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады. Әрекет – бұл құқық нормаларының іс-қимыл жасай отырып жүзеге асуы, ал әрекетсіздік құқық нормаларының талаптарын ешқандай іс-қимыл орындалмаса да бұзу арқылы орын алады. Заңды жауапкершілік – жеке адам, қоғам, мемлекеттің мүддесін қорғайтын бірден-бір жол болып табылады. Ол құқықтық нормалардың бұзылуы нәтижесінде пайда болып, құқық бұзуға мемлекеттік күштеу шарасын қолдану нысанымен сипатталады. Құқық бұзушыға жауапкершіліктің белгілі бір шарасы көзделген құқықтық норманың санкциясын қолданудан тұрады. ....
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Жалпы ғылымы жоқ ел тұл, ғылымы дамымаған елдің болашағы күмәнді, қазір қарап отырсақ, жер жаһандағы ізгі жетістіктердің барлығы дерлік ғылымның адамзатқа тартқан сыйы, тартуы іспеттес. Тәуелсіздік туын желбіреткен он жылдан бері Қазақстан ғылымы да дамып, әлемге әйгілі бола бастады, кез-келген ғылым саласында ілгері дамушылық көрінісі айқын. Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес біздің мемлекетіміз демократиялық, құқықтық, әлеуметтік, зайырлы мемлекет болып табылады. Еліміздің өркендеуіне, мемлекетіміздің нығаюына құқық нормаларын, құқық саласы ғылымын жетілдірудің маңызы ерекше. Құқық нормалары барлық қоғамдық қатынастардың реттеуші тетігі, кез-келген қоғамдық қатынастар жалпыға бірдей, әділ заң нормалары арқылы жүзеге асырылуы қажет. Заң талаптарың құқық нормаларын құрметтеу және оны бұлжытпай жүзеге асыру әрбір азаматтың қасиетті борышы. Құқықтық мемлекеттілікті орнатуда, оның тетіктерін одан әрі жетілдіруде құқық ғылымы салаларының атқаратын міндеті зор болып отыр. Сондай ауқымды міндет заң ғылымының негізгі салаларының бірі — қылмыстық құқық ғылымына да жүктеліп отыр. Қылмыстық құқық ғылымында алда кешенді ғылыми проблемаларды жүзеге асыру, оның ішінде қылмыстық жазаны тағайындау, бас бостаңдығынан айырмайтын шараларды белгілеудің ғылыми негіздері, өлім жазасын қолдануды жою, өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын орындаудың құқықтық - нормалық қырларын жетілдіру сияқты іргелі зерттеулерді жүзеге асыру міндеттері түр. ....
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Жалпы ғылымы жоқ ел тұл, ғылымы дамымаған елдің болашағы күмәнді, қазір қарап отырсақ, жер жаһандағы ізгі жетістіктердің барлығы дерлік ғылымның адамзатқа тартқан сыйы, тартуы іспеттес. Тәуелсіздік туын желбіреткен он жылдан бері Қазақстан ғылымы да дамып, әлемге әйгілі бола бастады, кез-келген ғылым саласында ілгері дамушылық көрінісі айқын. Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес біздің мемлекетіміз демоқратиялық, құқықтық, әлеуметтік, зайырлы мемлекет болып табылады. Еліміздің өркендеуіне, мемлекетіміздің нығаюына құқық нормаларын, құқық саласы ғылымын жетілдірудің маңызы ерекше. Құқық нормалары барлық қоғамдық қатынастардың реттеуші тетігі, кез-келген қоғамдық қатынастар жалпыға бірдей, әділ заң нормалары арқылы жүзеге асырылуы қажет. Заң талаптарың құқық нормаларын құрметтеу және оны бұлжытпай жүзеге асыру әрбір азаматтың қасиетті борышы. Құқықтық мемлекеттілікті орнатуда, оның тетіктерін одан әрі жетілдіруде құқық ғылымы салаларының атқаратын міндеті зор болып отыр. Сондай ауқымды міндет заң ғылымының негізгі салаларының бірі — қылмыстық құқық ғылымына да жүктеліп отыр. Қылмыстық құқық ғылымында алда кешенді ғылыми проблемаларды жүзеге асыру, оның ішінде қылмыстық жазаны тағайындау, бас бостаңдығынан айырмайтын шараларды белгілеудің ғылыми негіздері, өлім жазасын қолдануды жою, өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын орындаудың құқықтық - нормалық қырларын жетілдіру сияқты іргелі зерттеулерді жүзеге асыру міндеттері түр. Қылмыстылықпен күрес, қылмыскердің тұлғасына ғылыми негізде зерттеу, орын алған қылмысты құбылыстардың себептері мен оған мүмкіндік жасайтын мән - жайларын анықтау, бүгінгі күні заң ғылымдарының келесі міндеттерінің бір болып саналады.....
Заңды білу - заман талабы. Бүгінде Қазақстан Республикасында демократияға бағытталған құқықтық мемлекет кұру идеясын жүзеге асыру үшін әрбір азамат өз құқықтарын жете білуі, соған сай сана - сезімдерін қалыптастыру керек. Азаматтың міндеті - заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан, өзіне жүктелген міндетін орындау. Өйткені заң дегеніміз - өмірдің нәрі. Заңның мықтылығы - адалдығы мен әділдігінде. Заңның ең басты мақсаттары - қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу. Ата заң - мемлекеттік құрылыммен қатар жариялы - билік институтын белгiлейтiн ереже ғана емес, сонымен қатар, мемлекеттің қандай кұндылықты сақтау керек екендiгiн айқындайтын басты құжат. Конституция қағидаларын жүзеге асыру қоғам мен мемлекеттің өсiп - өркендеуiне, адам құқығының сақталуына, бiрлiк пен тұрақтылыққа жол ашады......
Дүние жүзінің тарихи дамуындағы қай кезеңді алып қарайтын болсақ та, негізгі мәселе меншіктің айналасына топталады. Сондықтан да болу керек, меншіктің адамзат даму процесіндс алатын орны ерекше. Меншік ұғымын екі мағынада түсінуіміз қажет. Біріншіден, экономикалық категория, екіншідсн құқықтық категория ретінде. Меншік экономикалық тұрғыдан алғанда, өндіріс құрал-жабдықтары мен оның өнімдеріне иелік ету жөнінде пайда болатын қоғамдық катынастар. Меншік қоғам өмірінің негізі, яғни алғанда базистік сипаттағы экономикалық санат. Меншік құқығы қон-дырманың элемент болып саналғанмсн қоғамның белгілі бір даму кезеңінде санатқа (базисқа) кері әсер етіп қана қоймай, алдыңғы қатарға да шығуы мүмкін. Меншік құқығы объективті және субъективті мағынада анықталуы қажет. Объективті мағына тұрғысынан алғанда, меншік құқығы осы институтгы реттеуге бағытталған нормативті актілердің жиынтығы болып табылады. Меншік құкығы субъективті мағынада белгілі тұлғаның нақты мүлікке байланысты құқықтық қатынасын анықтайды. Меншік иесіне мүлікті пайдалану, иелену және билік ету құкықтары тиесілі. Иелену құқығы дегеніміз - мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге асыруды заң жүзінде қамтамасыз ету, яғни айтқаңда тұлғаның өз қалауынша мүлікке ықпал жүргізудің мүмкіншілігі. Мыс: азамат ұзақ командировкаға кеткенмен өз мүлкінің меншік иесі болып қала береді. Ол мүлікке басқа біреудің қол сұғуға құқықтық мүмкіншілігі жоқ. Сонымен қатар, мүлікті тиесілі құқығы басқа субъектік берілуі де ықтимал. Мысалы: жалға беру жәке т.б. шарттар. Азаматтық заңдарында көрсетілгендей иелену заңды, адал және арам ниетті де болуы мүмкін. Пайдалану құқығы дегеніміз-мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі. Пайда кіріс, өсім, жеміс, тел алу жөке өзге де нысандарда көрінуі мүмкін. Пайдалану, яғни меншік иесінің өз иелігіндегі мүліктен өзінің тұтынушылық және басқа да қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіншілігі. Билік ету құқығы дегеніміз - мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі. Билік ету құқығы меншік иесінің өз мүлкіне байланысты кез келген заңға қайшы келмейтін әрекеттерді жүзеге асыруға мүмкіншілік береді. Мысалы: сату, айырбастау, сыйға беру, жойып жіберу және т.б. Сонымен қатар, меншік иесінің өз мүлкіне байланысты өкілеттігін жүзеге асыруы басқа тұлғалар мен мемлекеттің құқықтарын және заңмен қорға-латын мүдделерін бұзбауы тиіс. Меншік иесі өз құқықтарын жүзеге асырған кезде азаматтардың денсаулығы мен айналадағы ортаға келтірілуі мүмкін зардаптарға жол бермеу шараларын қолдануға міндетті. Меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез-келген әрекеттер жасауға, соның ішінде бұл мүлікті басқа тұлғалардың меншігіне беріп, иелігінен шығаруға, өзі меншік иесі болып қала отырып, оларға мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету жөніндегі өз өкілеттігін тапсыруға, мүлікті кепілге беруге және оған басқа да әдістермен ауыртпалық түсіруге, оларға өзгеше түрде билік етуіне құқылы. ....
Кіріспе Лениндік ұлт саясатын жүзеге асыра отырып, орыс жұмысшы табы мен қазақ еңбекші шаруаларының одағын нығайтуда 20-жылдардың басындағы жер реформалары ерекше маңызды роль атқарды. Өлкеде жердің біршама көптігіне қарамастан патша өкіметінің жерді жаппай әрі жөн-жосықсыз тартып алуы маусымдық жайылымдардың аумағын күрт тарылтты, жер пайдалану шекаралары ауысты, малды жая жүріп көшетін және суға жететін жолдар жабылып қалды, көшпелі аудандарда қазақ еңбекшілерінің үлкен-үлкен топтарының пайдаланып отырған шүйгін жайылымдары, ал отырықшы аудандарда — арықтар мен каналдар жүйелері бар суармалы жерлері тартылып алынды. Жер мәселесіндегі отаршылдық саясаттың зардаптары патша өкіметінің Жетісу, Сібір және Орал қазақ әскерлеріне алып берген территорияларында ерекше ауыр болды. Жайылымдарды, шабындықтар мен егіс алқаптарын, қыстауларды пайдаланғаны үшін қазақ халқы көп аренда ақысын төледі, егін алқаптарында еңбек етіп, қазақ ұлықтарының малын бақты, астықтың недәуір белігін бөліп берді.....
КІРІСПЕ Жұмыссыздық-бұл әлеуметтік – экономикалық құбылыс.Жұмыссыздық кезінде экономикалық белсенді халықтың бір бөлігінің мәжбүрлі түрде жұмыс істемейді. Жұмыссыздыққа көзқарас қоғамның әлеуметтік-экономикалық критерийі ретінде уақыт өту барысында өзгерді.20-ғасырдың басында әлемдік масштабта жұмыссыздықтың көлемі үлкен болған кезде жұмыссыздық-әлеуметтік жамандық, зұлымдық болыпсаналған және онымен барлық тәсілдермен, соның ішінде міндетті түрде мемлекеттік реттеу құралдарымен күресу керек деген пікір болған. Кейінірек,20-ғасырдың ортасында, әлеуметтік еңбек қатынастарының дамуы мен нарықтық экономикалық қоғамдарның құрылуымен жұмыссыздыққа жаңа көзқарас қалыптасты. Ол енді әлеуметтік құбылыс ретінде қарастырылып, уақытшы сипатта болатын және мемлекет үшін күрделі проблема болмайды деген пікір қалыптасты. Қазіггі кезде көптеген экономистер жұмыссыздықты тұрақты қалыптасқан элеуметтік-экономикалық құбылыс деп санады. ....
КIРIСПЕ Салықтар нарықты экономиканы реттеудiң ең тиiмдi нысаны болып табылады. Салық негiзiнде құрылатын мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiне қарай, мемлекеттiк кәсiпкерлiкпен айналысуының және әлеуметтiк-кепiлдiк қызметiнiң мүмкiндiгi белгiлi болады. Салық мөлшерiмен заңды құқы бар мекемелер мен жеке адамдардың кәсiпкерлiк белсендiлiгi, төлем қабiлетi бар сұраным көлемi реттеледi. Салық саясаты, аса нәзiк және күрделi аспап, ол жеңiлдiктер мен жазалау шаралары арқылы шаруашылық қызметтiң барлық жақтарына нысаналы түрде әсер етедi. Нарықты экономикасы дамыған елдерде салықтардың тiзiмi бiрнеше бетке сыйып кете алады, ал жеңiлдiктер мен жазалау шаралары, оларды пайдалануға түсiнiктемелер тұтас томдарды алып жатады. Әкiмшiлiк-әмiршiлдiк жүйе жағдайындағы экономикада салық адам мүддесi үшiн қызмет көрсетедi. Ал нарық қатынастары дамыған елдерде салық мемлекет қазынасын толтыруға қызмет ете түседi.Соданда болар Америкада iскер адамның екi туған күні бар деп есептеседi: бiрiншiсi - өзiнiң туған күні және екiншiсi – оның салық инспекторымен есеп айырысқан күні. Салықтар мемлекетік бюджетінің негізгі табыс көзі болып табылады және мемлекеттің өмір сүру қажеттілігі. Мемлекет өзінің қызметтерін атқыру үшін белгілі салық жүйесін қалыптастырады, сонымен бірге әр бәр салық түрә бойынша салық объектісі, субъектісі, ставкалары, төлеу және есептеу тәртіптері, жауапкершілік көлемі анықталады, салықтық органдарының құрылымы – қуатты білікпен қамтамасыз етілген мемелекеттік органдарының жиынтығы- белгіленеді. Салықтық органдарының басты мақсаты- салықтық түсімдерінің мемлекеттік бюджетке уақытылы және толық көлемде т.суін қамтамасыз ету.....