ҰБТ – 2019. Қандай өзгерістер болмақ?
Бүгін елімізде ақылы Ұлттық бірыңғай тестілеу басталады, деп хабарлайды «Хабар 24».
35 мың үміткер осы жылдың алғашқы сынағынан сүрінбеу өтуге тырысып көрмек. Айта кетейік, биылдан бастап бірыңғай тестілеу жылына төрт мәрте өтеді.
Ықылас Айбасов – Әлкей Марғұлан атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы. Бүгінгі өзгеріс енгізілген ұлттық бірыңғай тестілеуде бағын сынап көрмек. Болашақта заңгер болуды көздейді, сондықтан адам құқықтары мен дүние жүзі тарихын қосымша пәндер ретінде таңдады. Оның айтуынша, алдымен қысқы және көктемгі сынақтарды байқап көріп, жазғы тестілеуге күш салмақ. Ықылас Айбасов, Ә.Марғұлан атындағы №40 орта мектебінің оқушысы:
– 11 жыл оқыған білімімді тексеру. Алда келе жатқан жазғы ҰБТ-ға дайынмын ба? Дайындалу деңгейім қандай? Екіншісі, бұл – ҰБТ-да болатын атмосфераны байқау, бойымда қандай эмоциялар болатынын, қандай көңіл-күй болатынын анықтау.
Биылдан бастап тестілеу жылына төрт рет өткізіледі. Осыған дейінгі қаңтар, маусым және тамыз айларына енді наурыз қосылды. Осылайша, жаздағы негізгі сынаққа дейін үміткерлер екі мәрте өз шама-шарқын біле алады. Ескеретін жайт, мемлекеттік грантқа қол жеткізу үшін оқушылар міндетті түрде маусым-шілде айларындағы тестке қатысып, жоғары балл жинауы тиіс. Ал өзге үш сынақ тек ақылы бөлімге түсуге мүмкіндік береді.
Гүлжазира Сәдуақасова, Ә.Марғұлан атындағы №40 орта мектептің 11-сынып жетекшісі:
– Көбісі эмоцияға беріліп, бір балл болсын, айырылып қалған жағдайлар кездесті. Енді 4 рет тапсыруға мүмкіндік туып отыр. Бұл балалар үшін зор мүмкіндік болады деп ойлаймын.
Бүгін 3 санатқа жататын 35 мың үміткер тест тапсырады. Бұл – 11 және 12-сыныптың оқушылары, жоғары оқу орындарында шартты түрде білім алып жатқандар мен шығармашылық мамандықтан өзгесіне ауысатындар. Соңғыларын тесттен бөлек, тағы екі емтихан күтіп тұр.
Қуаныш Мәліков, ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары:
– Мысалы, оқушы спорт және денешынықтыруда оқып жатыр. Ол жерге шығармашылық мамандық тапсырды. Енді бала қазір заңгер болғысы келсе, бір семестрден кейін құқықтану мамандығына ауысқысы келеді. Яғни ол құқықтанудың екі таңдау пәнін қайтадан тапсыруға тиісті.
Осылайша, биыл қазақстандық оқушылардың үміті артты. Олай дейтініміз, алғашқы сынақтан сүрінген бозбала мен бойжеткеннің енді сағы сынбайды. Бекітілген жаңа талаптарға сай шекті балл жинай алмағандар наурызда қайтадан тест тапсыруға мүмкіндік алды.

Авторлары: Нұршапағат Несіпбаев, Ержан Рахманбердиев
Қарап көріңіз 👇
kz | Жаңалықтар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: тестілеу, бірыңғай, мүмкіндік, Бүгін, тапсыруға, ақылы, Марғұлан, атындағы, қандай, мектептің, сынып, оқушысы, қайтадан, елімізде, заңгер, Айбасов, Осылайша, маусым, шығармашылық, жазғы, ұбт 2019, ент 2019