Ветеринария | Құлын caльмонeллeзін пaтоморфологиялық диaгноcтикaлaу

1.1 Жұмыcтың өзeкті мәceлeлeрі жәнe тәжірибeлік мaңыздылығы
Жылқы шaруaшылығы мaл шaруaшылығының тиімді caлacының бірі.Қaзaқcтaндa нaрық экономикacынa бaйлaныcты мaл шaруaшылықтaры қолғa aлынып, қaйтaдaн өркeндeудe. Хaлықты мaл шaруaшылығының өнімдeрімeн қaмтaмacыз eту aуыл шaруaшылығы дaмуының бaғдaрлaмacы. Қaзіргі жaғдaйдa мaл шaруaшылығын жүргізудің өзіндік eрeкшeліктeрі бaр. Рыноктaғы қaтaң конкурeнцияғa бaйлaныcты, әрбір шaруaшылық aз шығын жacaп, өнім өндіруді көбeйтугe тырыcaды.
Бұл үшін acылтұқымды мaл eнгізілeді, жaңa жaбдықтaр қолдaнылaды, вeтeринaриялық қызмeткe қойылaтын тaлaптaр күшeйeді. Мaл дәрігeрлік қызмeтті caпaлы дeңгeйгe көтeру үшін мaл шaруaшылығындa өтe күрдeлі жәнe жaуaпты мәceлeлeрді шeшу қaжeт.
Көптeгeн жұмыcтaр мaл дәрігeрлік нeгізгі мәceлeлeрді жоюдa aтқaрылып жaтca дa, кaзігі уaқыттa жылқылaр мeн ірі қaрa мaлдaрдың жәнe оның ішіндe төлдeрдің aурулaры жиі кeздecіп мaл шaруaшылығының өнімділігін тeжeп жүр.Мaл шaруaшылықтaрынa мaлдың тығыз шоғырлaнуы инфeкциялық aурулaрдың тeз тaрaлуынa жол бeрeді. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Биология | Биологиялық активті заттарды полимерде иммобилизациялау

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазіргі коллоидты химияның өзекті мәселелерінің бірі, бұл-пролонгирлеуші емдік қасиеті бар жаңа полимерлі дәрілік препараттар алу. Практикалық медицинада қолданылып жүрген дәрілік заттардың кемшілігі фармакологиялық эффектсінің периоды (орташа 3-5сағат) аз болуы. Бұл кемшілікті жоюдың бір жолы жоғары молекулалық қосылыстар негізіндегі принципиалды жаңа дәрілік формалар алу .
Дәрілік заттарды шығаруда сапалы өзгерістер алып келген - жоғары молекулалық қосылыстар, биохимия, фармакология мен медицина ғылымдарынан туындаған жаңа дисциплинааралық –медико-биологиялық полимерлер химиясының интенсивті дамуы себеп болды. Мұндай жаңа полимерлер негізіндегі дәрілік препараттар тек пролонгирлік қасиетке ие болмай, сонымен қатар орган-мишеньге белгіленген программа бойынша енгізуге мүмкіндік туды. Полимерлі дәрілік формалар дәрінің улылығын, қосымша әсерін, қабылдау жиілігін және организмге тиетін препараттың жалпы дозасын азайтуға мүмкіндік береді. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Ветеринария | Қой эшерихиозына қарсы тірі вакцинаның тиімділігі

Тақырыптың өзектілігі: Қой өсіру – Қазақстан Республикасының мал шаруашылығының маңызды салаларының бірі. Қазіргі уақытта қой етіне деген сұраныс артып отыр, Қазақстан Иран, Қытай, Түркия, Сауд Арабиясы елдерімен келісім-шартқа отырып, қой етін экспорттауда. Жануарлар өнімділігін арттырудың және қой басының көбеюіне септігін тигізетін шарттардың бірі ферманың инфекциялық аурудан сау болуы, атап айтқанда эшерихиоз бойынша.
Эшерихиоздар, кең тараған антропоноздар, барлық климаттық-географиялық аймақтарда тіркеліп, адам, жануарлар және құстарды зақымдайды.
Ауыл шаруашылығы малдарының төлдері арасындағы инфекциялық аурулар арасында, эшерихиоз ең көп тараған. Ауру қоздырушысының көзі болып, ауру және ауырып жазылған мал болып табылады, олардың ішек-қарын жолдарында патогенді эшерехиялар ұзақ уақыт бойы сақталады. Көптеген елдердерде жүргізілген, індеттанулық зерттеулер көрсеткендей, жаңа туған қозылардың азық қорыту патологиялары негізінен, шығу тегі инфекциялар және оны энтеротоксигенді эшерехиялар тудыратынын көрсетті. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Ветеринария | Қой энтеротоксемиясын патоморфологиялық балау

1.1 Тақырыптың өзектілігі және практикалық маңыздылығы
Қой шаруашылығы - мал шаруашылығының басты саласының бірі. Қойдан күнделікті тұрмысқа қажетті жүн, тері, елтірі және тағамдық өнімдер - ет, май, сүт алынады. Халық шаруашылығында қой жүнінің алатын орны ерекше.Жеңіл өнеркәсіп үшін шикізат (жүн, тері, елтірі), бағалы азық-түлік (ет, май, сүт) өнімдерін береді. Қой өсіру адамзат тарихында неолит дәуірінен басталады. Қола дәуірінде Орталық Азия тайпалары қылшық жүнді қой өсірген. Биязы және биязылау жүнді қой тұқымдары осы кезеңде Кіші Азияда шығып, дүние жүзіне тараған.Қой өсіру қазақ халқының ата кәсібінің бірі болып табылады. Төрт түлік малдың ішінде жылқы мен қойға ерекше мән берген қазақ халқы қой жаюдың, оны көбейту мен тұқымын асылдандырудың өзіндік әдіс-тәсілдерін қалыптастырған. Мал шаруашылығына қолайлы табиғи ортаның мол болуы, соған орай қыстау, көктеу, жайлау, күзеумен байланысты көшпелі өмір салтының орнығуы қазақ халқының дәстүрлі қой шаруашылығын берік қалыптастырғандығының айғағы. Қазақстанда негізінен қылшық жүнді қазақы қой өсірілді [1,2]. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Ветеринария | Ит пен мысықтың кератит ауруының емін жетілдіру

1.1 Такырыптын озектилиги мен практикалык маныздылыгы. Елимиздеги мал шаруашылыгын дамыту казирги куннин ен озекти шешимин таппай турган маселелердин бири болып келеди. Биздин елдин коздеген максаты алемнин дамыган 50 елдин катарына косылу. Ол ушин елимиздеги ауылшаруашылыгын дамыту, ол – жануарлардын сан басын кобейту және артурли жукпалы емес және жукпалы аурулардын алдын алып емдеу.
Кератит Казакстан аймагындагы шаруашылыктар мен әр турли кожалыктарда торт тулик мал және баска да жануарлар арасында кенинен таралган.
Зерттеулерге караганда касан кабыктын кабынуы барлык кабынумен сипатталатын коз аурулары ишинде кездесу жиилиги бойынша 16,7% - ды курап, конъюнктивиттен кейинги екинши орынды алады.
Коз малга кез келген жагдайда козгалу үшин, азыктану үшин, коргану үшин керек. Кози кем малды жеке күту кажет. Кейде ауыл шаруашылык малдарынын эпизоотиясы кездеседи, бүкил табын индетке ушырайды. Коп жагдайда коз ауруларынын диагнозы койылмай, койылса да емделмей, аса кунды малдар ет комбинатына тапсырылып, малдын саны жагынан, онимдиликти ондирудин томендеуинен шаруашылык зардап шегип калады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Ветеринария | Cиыpдың тyғaннaн кeйінгі жacыpын эндoмeтpиті

1.1 Тaқыpыптың өзeктілігі мeн пpaктикaлық мaңыздылығы
Мaлды ғылыми тұpғыдaн aзықтaндыpып, opгaнизмдeгі бoлaтын физиoлoгиялық-биoлoгиялық пpoцecтepді дұpыc пaйдaлaнып oтыpca, oзық тәжіpeбиe көpceткeндeй әpбіp 100 cиыp мeн құнaжыннaн жыл caйын 100 aca бұзay жәнe жoғapы caпaлы өнім aлyғa бoлaды. Aл, бaғып күтyдің epeжeлepін caқтaмaй, жaнyapлapдың paциoның дұpыc құpмaй, мaл тұқымын acылдaндыpy мaқcaтындa oның физиoлoгиялық-биoлoгиялық мүмкіндіктepін бaғaлaмaй қaлaй бoлca, coлaй мaлды пaйдaлaнca, төмeндe кeлтіpілгeн гинeкoлoгиялық aypyлapғa мaл бacының шaлдығyы мүмкін. Гинeкoлoгиялық aypyлapдың caлдapынaн мaл бeдeyліккe ұшыpayы әбдeн ықтимaл. Aл, бeдeyлік мaл бacының көбeюінe кepі фaктop бoлып тaбылaды. Мінe ocыдaн шapyaшылыққa гинeкoлoгиялық aypyлapдың тигізep экoнoмикaлық зaлaлын бaca aйтyғa бoлaды.
Іpі қapa мaлдың гинeкoлoгиялық aypyлapының тapaлyын бoлдыpмay мaлдың жaлпы жaғдaйынaн бacқa oның көбeю, өcіп-өнy opгaндapының физиoлoгияcы мeн aнaтoмияcы, пaтoлoгияcы жөнінeн тepeң білімі бoлмaй мұндaй тaбыcтapғa қoл жeткізy мүмкін eмec. Гинeкoлoгиялық aypyлap мaлдың қыcыp қaлyының біpдeн-біp ceбeбі бoлып тaбылaды. Шapyшылық өpкeндeп, мaл тұқымын acылдaндыpy іcі күшeйгeн caйын ayыл шapyaшылық мaлдapдың бeдeyлігімeн күpecy тypaлы мәceлe өзінeн-өзі тyды. Coндықтaн гинeкoлoгия ғылымы, яғни aнaлық мaлдың бyaз eмec кeзіндe, тyap кeзіндe жәнe тyғaннaн кeйін жыныc cиcтeмacының aypyлapы тypaлы ғылым кepeк бoлғaн. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Ветеринария | Шымкент қаласындағы эндемиялық бұғақ ауруы

Эндемиялық бұғақ аурулары белгілі бір жерде пайда болады. Оның ошақтары көбінесе үлкен таудан аққан мұздан пайда болатын, өзендердің аңғарында және тау бөктерінде байқалады. Мұнымен қатар қазіргі зерттеулерге қарағанда мұндай эндемиялық ошақтар жазық жерлерде де болатын көрінеді. Оның себептері белгілі бір географиялық аудандарда йодтың жетіспеуі, соның арқасында организмде йод алмасу процесі бұзылады. Міне осы белгілер арқылы эндемиялық бұғақ ауру анықталады.
Иодтың жетіспеушілігі, әсіресе жасөспірімдер мен балаларға қатты әсер етеді; меңіреулік, құлақ пен тіл байлануы, қолдың тартылуы, қылилық және ергежейлілік ауруларына ұшырайды. Сондай-ақ йод жетіспеушілігі екіқабат әйелдерде түсік тастау, өлі не жетілмаген ауру бала туу қаупін тудырады. Йод жетіспеушілігінен ішті жатқан нәрестенің миы зақымданып, ақыл-есі кем балалар туылуы мүмкін. Сондықтан екіқабат әйелдердің денсаулығын мұқият бақылап, ағзадағы йод мөлшерін бір қалыпта ұстау қажет. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Ветеринария | Сиыр лейкозын балау

Сиыр лейкозы үлкен экономикалық шығынға ұшыратады. Малдың өнімділігі төмендейді, малды ерте жарамсыздыққа шығаруға, сонымен қатар міндетті түрде лажсыз сойылған малдың ұшасын жоюға тура келеді. Қазіргі уақытта лейкоз мәселесі бірінші орында тұр. Ең алдымен жоғары өнім беретін сиырлар зақымдалады. Әсіресе қазіргі нарықтық жағдайда айтарлықтай зиян келтіруде. Лейкозбен күрес шараларының басты буыны балау.
Осыған байланысты жұмыстың мақсаты ҚР АШМ “Республикалық ветеринариялық зертхана” РМҚК Алматы өңірлік бөлімшесі зертханасында сиыр лейкозын серологиялық балау әдістерін меңгеру болды. Бұл мақсатты шешу үшін төмендегідей міндеттер қойылды:
1. ҚР АШМ “Республикалық ветеринариялық зертхана” РМҚК Алматы өңірлік бөлімшесі зертханасы жұмысына талдау.
2. Алматы өңірі бойынша сиыр лейкозын балау нәтижелерін талдау.
3. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы “Адал” АӨК-де сиыр лейкозына індеттанулық талдау жүргізу.
4. “Адал” АӨК сиырларының қан сарысуын лейкозға тексеру. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Ветеринария | Қойдың хламидиоз ауруының диагностикасы мен алдын алу шаралары

Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасында қой шаруашылығы -мал шаруашылығының жоғары сапалы мол өнім беретін ұтымды саласы. Қойдың басын және өнімін көбейтуде инфекциялық ауруларға дер кезінде диагноз қойып, аурудың алдын алудың маңызы зор.
Саулықтарға буаздықтың соңғы кезінде іш тастататын, осы іш тастаудан кейін сепсистен саулықтарды өлтіретін, сонымен қатар әлсіз , тіршілікке қабілеті төмен төлдер туатын, ересек қозыларда пневмония , артрит тудыратын және саулықтарды қысыр қалдыратын хламидиоз ауруы үлкен экономикалық зиян кетіреді.
Хламидиоз ауруының қой шаруашылығында кең тарауына ауруға диагноз қою мен алдын алу шараларының әлде болса жеткіліксіздігі себеп болып отыр.
Сонымен қатар аурудың кең таралуына хламидиоз ауруынан кейін көп малдардың хламиди тасымалдаушы болып қалып, аурудың таралуына қолайлы жағдай жасайды.
Қой хламидиозына диагноз қою мен тәндік алдын алу осы күнге дейін зерттелуде.
Осы ауруды зерттеуде ТМД елдерінің көптеген ғалымдарының еңбектері зор (И.И.Носов, А.А. Волкова, 1965; А.Актаев,1970; Ю.Д. Караваев және басқалар 1971; Н.З. Хазипов және басқалар 1984 ; Х.З.Гафаров 1984; ) .....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Ветеринария | Қазақстандағы мал шаруашылығы Қарақұйрықтың кәсіптік маңыздылығы

Көне тарихы бар Қазақстан жері сонау ертеден-ақ табиғи байлықтары мол өлке. Ұзақ жылдар бойы аң терілерін дайындап, мемлекетке өткізуде Қазақстан екінші орын алып келген. Бұрынғы Одақ бойынша ауланатын 60 түрлі терісі бағалы аңдардың 52-сі Қазақстаңда кездеседі. Халықтың аң терілерінен істелген жылы киімдерге, тауарларға деген талап-тілегі өскен сайын, болашақта бұл аңдардың санын көбейту және оны тиімді пайдалану ісі түбегейлі проблема болып отыр. Жасыратыны жоқ, терісі бағалы аңдардың саны жыл сайын азайып келеді. Олардың құрып кету қаупі бар. Солардың ішіңде тауда — барыс, қызыл қасқыр, ақ тырнақты аю, құдыр, мензбир суыры, арқар, ормандарда — орман сусары, бұлан, шөл және шөлейт аймақтарда қарақұйрық, үстірт арқары, қарақөл, гепард, су жағасында — камшат, қара күзен, құндыз, жұпар тышқан сияқты хайуанаттар мекендейді. Қазіргі таңда бұл аңдар сирек кездеседі. Шетелдік тәжірибеге көз жіберетін болсақ, қорықтарға Германияда барлық жер көлемінің 2,4%, Англияда 4%, Жапонияда 4,22%, Оңтүстік Америкада 2,5%, Жаңа Зелаңдияда 5,93%-і жер бөлінген. Ал Болгарияда 100 мың шаршы километр жерге 27, Польшада 11 қорық пен табиғи бақ орналасқан.
Қазақстандағы бар болғаны 7 қорықтың жер көлемі республикамыздағы барлық жердің 0,15%-не ғана тең. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық