Психология | Студенттердің қарым-қатынас үрдісінде зейін қасиеттерін зерттеу

Кіріспе
Қазіргі таңда психологияның алдыңғы міндеттері қоғам дамуының
бағдарламаларын анықтайды. Еңбек өнімінің дамуы, техника мен технологияның дамуына білім беру мен денсаулық сақтау жүйесін жақсарту, осының барлығы адамға қатысты мәселелерді ғылыми зерттеуді талап етеді. Жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру мемлекеттің ең басты міндеттердің бірі.
Өмір сүру барысында дамитын тұлғаның ерекшеліктерін меңгеретін білімнің көлемі мен сипаты, қызығушылығы, кез келген ортада қарым-қатынасқа түсе білуі, зейін қасиеттерінің жоғарғы деңгейде болуы, адамгершілік қасиеттері, осылардың барлығы адамның белгілі бір жағдайға еркін жауап қайтаруына белсенді және мақсатты түрде әсер етеді.
Студент тұлғасының қарым-қатынас үрдісіндегі зейін қасиеттерінің жоғарғы деңгейде болуы студенттердің оқуда, еңбекте, қоғамдық өмірде белсенділігін дамыту жолдарын ашуға мүмкіндік береді.
Жұмысымыздың өзектілігі :
Әлеуметтік, экономикалық дамуды жылдамдатуда болашақ мамандарды дайындайтын жоғарғы оқу орнының жауапкершілігі артып отыр. Біздің қоғамның болашағы болашақ педагоктарды, психологтарды, өндіріс және ғылым басшыларын тағы басқа мамандарды тек сауаттылыққа ғана емес, сонымен қатар белсенділікке, алдына қойған міндеттерге қызығушылықтарын қарауға байланысты.Соның негізінде позицияны белсенді, өз күшіне сенімді, орынды іс-әрекетке шығарылуын қарайтын тұлға қалыптастырады. Әрине қарым-қатынаста зейін қасиеттерінің деңгейі қалыпты болмаған жағдайда осындай сапалардың көрініс беруі қиындайды.
Әлеуметтік психология мен жалпы психология аймағында қарым-қатынас проблемасы мен зейін проблемасы жан-жақты қаралған. А.А. Леонтьев «Қарым-қатынас» ұғымын әмбебап коммуникативті іс-әрекеткетеңейді. В.А. Кан-Калик қарым-қатынасты адамгершілік құндылық потенциалына ие дейді.
Орыс психологы И.Н. Ланге зейінді объективтілік актісімен байланыстырды.
Т.А. Рибо өзінің ерікті зейін мен қиялдың қозғалыс теориясында зейіннің түрлерін зерттейді.
В. Вунд сана мен зейінді байланыстырады. Осы және тағы басқа ғалымдар мәселелерді қарастырғанымен әлі де жеткіліксіз жақтары көп. Әсіресе қарым-қатынас пен зейін қасиеттерінің байланыстары қаралмаған.
Зейін өзіндік психикалық процесс болып саналмайды, ол тек адамның психикалық іс-әрекетінің компоненті ретінде болады.
Зейінді іс-әрекеттің әр түрінен зерттей отырып біз оның бірліктегі мазмұны мен формасының шоғырлану құрылымын түсінеміз.
Зейін іс-әрекетте мазмұнды және осының негізінде оның қасиеттерінің, динамикалық ерекшеліктері мен функцияларының көпжақты байланыстары пайда болады.
Зейін – бұл адамдардың іс-әрекет процесі мен олардың өзара қатынасының шоғырлануына бағытталған.
Өзінің көріністерінде қарым-қатынасайналадағылармен контактқа түсудің рухани қажеттілігі ретінде болады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Психология | Студенттердің психологиялық - педагогикалық даму ерекшеліктері

КІРІСПЕ
Нарықтық қатынастар орныға бастаған тәуелсіз еліміздегі білім мекемелерінің алдына оқушыларға берілетін білім мен тәрбие сапасын көтеру және жақсарту міндеттері қойылды. Соңғы уақытта заман ағымына байланысты білім мазмұнында көптеген түбегейлі өзгерістер болуда.
Қазақстан Республикасының “Білім туралы заңында”[1], “Қазақстан Республикасы азаматтарының жаңа әлеуметтік мінез- құлқын қалыптастыру”[2],“Қазақстан Республикасы мәдени-этникалық білім беру”[3], “Білім мазмұнын гуманитарландыру”[4] тұжырымдамаларында білім беру ісінде жаңа рухани-мәдени құндылықтарды игеруге, ұлттық сананың қалыптасып өсуіне жағдай жасау, кәсіби білім берудің сапасын көтруге кең жол ашу талап етіледі.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру Мемлекеттік бағдарламасы қазіргі ақпараттық-коммуникациялық технологияларға бағдарланған болашақ мамандардың ақпараттық мәдениеті мен педагогикалық-психологиялық ерекшеліктерінің қалыптасуына объективті жағдай туғызуда. Бүгінгі білім саласында республикалық білім кеңістігін әлемдік деңгейге жеткізуге ұмтылыс байқалады және студенттерге тәрбие мен білім беру іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.
Елімізде болып жатқан әр түрлі бағыттағы өзгерістер егеменді еліміз жаңа XXІ-ғасырдың табалдырығын аттап, білім беру жүйесін дамытуда біршама табыстарға қол жеткізуде. Жаңа ғасыр бәсеке ғасыры болғандықтан, әсіресе болашағымыз ұрпақ тәрбиесімен айналысатын болашақ маманның педагогикалық- психологиялық даму ерекшеліктерін қалыптастыру қоғамның өзекті мәселелерінің бірі болмақ.
Қазіргі кезеңдегі ғылым мен техниканың даму қарқыны адамзат баласының талғамының өсуі, электронды есептеуіш (комьпютер) құралдарының кең көлемде қолданылуы, интернеттің т.б. ақпараттық құралдардың пайда болуы, білім беру саласында жаңа технологиялық әдістерді енгізуге ықпал етуде. Қоғамның даму кезінде білімнің қарқынды прогресімен ескі технологиялық идеялардың тез өзгеруімен, инноватциялық жаңашылдыққа көшуге болашақ мамандардың іс-әрекетімен байланыстыру ерекше сипат алады.
Жоғары оқу орындарында студенттердің біліктілігін жетілдіру мен қатар, кәсіби іс-әрекеттің ғылыми негіздерін іс-тәжірибелеріне қолдануға, адами-құндылық қасиеттермен қатар іскерлік пен дағдыны жетілдіру арқылы жаңа көзқарас, жаңа ой қалыптасады.
Қоғам талабына сай даму кезеңінде, ақпараттар тасқыны толассыз ағылған қоғамымызда әр студент өзінің болашақ ісіне қажетті өзгерістерді, әр түрлі тәжірибелер жөніндегі мағлұматтарды, жаңа әдіс-тәсілдерді дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білу керек.
Студенттердің психологиялық даму ерекшеліктері тұлғалық ақыл-ой қасиеттерімен қатар өзіндік іс-әрекерт ерекшеліктерімен бейнеленеді.
Студент проблемасын ерекше әлеуметтік-психологиялық жас ерекшелік категориялары ретінде негізгі еңбектердің бірі Б.Г. Ананьевтің [5] психологиялық мектебі.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Психология | Суицид - әлеуметтік қатер ретінде

КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі.
Қазіргі әлемді үрей билеп тұр. СПИД ауруына ем таба алмай басы қатқан адамзат атом бомбасын шығаруға ақылын аямай жұмсағаны анық. Ол адам қолы жасады дегенге сенбейтін әрекеттерге барып жатыр. Адамды қалыптастырған қоғам да, қоғамды құрған адам да қатыгездіктің шегіне жетті. Бір сөзбен айтқанда адамзат арыла алмайтын індет көп. Соның бірі – суицид. Суицид тақырыбы біздің бүкіл өмірімізге бойлай еніп, қай кезде болмасын өзінің көкейкестілігін жоғалтқан жоқ, қайта жас ерекшелігіне қарай оның маңызы арта түсті. Менің бұл адам шошырлық мәселені алғандағы себебімнің бірі, ол – осы суицид мәселесінің біздің қасіретімізге айналып бара жатқандығында.
Суицидке ұшыраушы адамдар әдетте, рухани күйзелістен зардап шеккен және стрестік күй-жайда болған, өз мәселесін шеше алмаған адамдар тобы. Олар жиі психикалық аурудан зардап шегеді, әсіресе депрессиялық күйде ұзақ болады және болашақтан өз үмітін кешеді [7]. Суицид бүкіл әлемде өлімге алып келетін жетекші себеп болып табылады, сондықтан ол қоғамдағы өзекті мәселенің бірі деп есептелінеді. Көптеген зерттеушілердің айтуы бойынша, суицидтің ресми статистикасы оның нағыз санын бағаламайды.
Өзіне-өзі қол жұмсау – глобалды геополитикалық құбылыстарға қарағанда маңызсыз құбылыс болып есептелінеді. Ал шындығына келгенде ол қоғамда болып жатқан жағдайларға белгілі бір баға береді және сол қоғамның нағыз келбетін сипаттайтын құбылыс.
Адам баласы бір үмітпен өмір сүреді. Ол бір мақсат, бір арманның жолына түссе, болашақтан үміті болса ғана адамша ғұмыр кешеді. Қандай қиыншылықтар кездессе де, үмітінен көз жазбауға тырысады. Алданышы бар адам күресе де, жұбана да алады. Ал мақсат-мұратсыз адамның көрінгеннің жетегінде кететіні айтпаса да түсінікті. Ондай адамдардың баз кешіп, бағдарынан адасуы да оңай. Әлеуметтанушылардың зерттеуіне сенсек, суицид құрбандарының түгелге жуығы тіршілік қиындықтарының әртүрлі себептерінің кесірінен өледі екен. Бірақ өтпелі кезеңде кім қиыншылық көрмеді. Замана жүгі талай адамның еңсесін түсірді емес пе. Егер солардың барлығы қиыншылық көрдім деп өле берсе, қанша пенденің мерт боларын кім білсін?! Сондықтан кішкентай ауыртпалыққа шыдамай өзіне қол салғандардың көбісі психикалық ауытқуларға ұшырағандар болып табылады. Зардап шеккен адам ең алғаш өлу жайында ойлана бастағанда оның санасында сол арам ойына қарсы тұрарлық иммунитеттік түйсік тірілуі қажет. Сонымен қатар сыртқы ортадан да психикасына да әсер етіп, өлімнен бас тартқыза аларлық көмек керек. Егер олай болмаған күнде адам санасында о баста ноқаттай ғана болып енген «қара ойдың» вирусы ұлғая келе сананы толықтай меңдеп, ақыры алып тынады.
Сонымен қатар, суицидтің зерттеу пәнінің кең және жан-жақты статистикалық мәліметтерінің бар болуы Батыс әлеуметтанушыларына нағыз табысты тапсырады. Осыған қарамастан, өзіне-өзі қол жұмсауды зерттеудің маңыздылығын да ұмытпаған жөн. Өйткені, өзіне-өзі қол жұмсау санының әлеуметтік өлшемі жалпы өлім өлшемінен тұрақты тұрақтылығымен және арта түсуімен сипатталады, сондықтан оны зерттеуде ең алғашқы орынды өзіне-өзі қол жұмсаудың жалпы көрсеткіштері – қоғамда болып жатқан тоқыраулардың жауабы ретінде қарастырылады. Қоғамда болып жатқан әрқилы жағдайларды әрбір адам өзінше қабылдайды. Мен бұл жұмысымда тек объективті фактілерге және олардың қазақ қоғамына қалай әсер еткендігін, әлеуметтанушылардың мәліметтер жинағы мен олардың анализдеріне сүйене отырып жүргіземін.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Психология | Табиғи апаттардағы тұлғаның қорқынышы мен мазасыздығын зерттеу

КІРІСПЕ
Адам баласы табиғатпен етене өмір сүріп келеді. Табиғат бізді қоршаған орта, ол адам баласының санасынан тыс, өздігінен пайда болған дүние. Адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Ол адам баласының ғасырлар бойы адамның психологиялық жетілуі табиғат пен адамның әлеуметтік – психологиялық қалыптасуына ерекше ықпалдар әсер ете бастады. Бұл табиғаттың өз мүмкіндігін көрсете, адамның ішкі дүниесіне әсер ететін құбылыстар пайда болды. Табиғат құбылыстарының апаттары : жер сілкінісі, су тасқыны, қар көшкіні адам бойында қорқыныш ұялатып, мазасыздық тудырады. Табиғат құбылыстарының адамға әсері жөнінде Кореленко И.П., Гостюшин А.В., Лебедев В.И., Черноушек М., Душков Б.А. еңбектері болса, қорқыныштың ерекшеліктерін В.А. Андрусенко, В.Б. Сапунов, Ю. Щербатых, мазасыздануды Ч. Д.. Спилбергер, Г.Н. Кассиль өз еңбектерінде қарастырған. Табиғи апаттардың адам психологиясына әсер ете, оның күнделіікті өмірде өзін ұстауы және әлеуметтік-психологиялық тұрғыдағы мінез-құлқының ерекшелігі, жеке қасиеттердің даму процесін қамтиды. Мүмкін болатын табиғат апаттарында адамның жеке қасиеттерімен бірге өзін ұстауы, саналы әрекет ете білуге қам жасау. Апаттардың болуы бұл адам психологиясына сол мезетте ғана әсер ететін ситуациялар емес, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын тіршілік бетіндегі өзгерістер. Тұлғаның барлық сферасы апаттардың әртүрлі қиындықтарын бөліседі.
Жалпы тұлғалық қорқыныш пен үрейленуге келетін болсақ, бұл қазіргі психология ғылымында әлі толықтай зерттелмеген адамның ішкі құбылыстарының бірі. Адамның табиғат пен қоғам дамуында алатын орнын, әрекетін ғылыми деректерге сүйене отырып баяндап, оның мәнін терең түсінуге болады. Жер шары бұдан төрт жарым миллиард шамасында пайда болды деген жорамал бар. Бұдан екі жарым - үш жарым миллиард жыл бұрын оның бетінде ешқандай психикалық құбылыс болмаған. Ұзақ дәуірлерге созылған эволюция нәтижесінде Жер бетінде тіршілік пайда болды. Соның арқасында тірі организмнің сыртқы ортаның әсеріне тітіркену қасиеті оянды. Бұл психика дамуында айрықша мәнді физиологиялық құбылыс. Психикалық бейнелеудің өзіндік сипаты, ең алдымен, жүйке жүйесінің қызметімен байланысты болса, екіншіден, мұндай бейнелеу адам санасында өз таңбасын қалдырып, жан дүниесінің сырына айналады. Адамның психикалық құбылыстарды бейнелеуінің тағы бір ерекшелігі – сыртқы дүние мен болмыстың адам миында қалай бейнелеуіне байланысты. Адамның басында жүйкелік әрекеттің қозуына байланысты, көңіл-күйінің өзгеріп, тамырының соғысы жиілеп кетуі қорқыныш пен мазасыздықтың белгісі. Адам көңіл-күйінің көріністері сезім мен эмоцияны ақыл-ой және сана билейді. Сана-психика дамуының ең жоғарғы сатысы. Кез-келген психикалық процесті адам санасының жемісі дейміз. Сыртқы күшті тітіркендіргіштердің организмге әсерінің күштілігі сондай, олар адамның психикасына күшті әсер етеді. Аяқ астынан қорқыныш барлық әрекетті алып тастайды. Мазасыздық адамды бір орнында тағат таптырмауы да мүмкін. Әсіресе, қалада соңғы жылдары табиғат апаттары туралы әртүрлі алып-қашпа сөздер тұрғындардың мазасын алуда.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Педагогика | Талдап оқыту әдістемесі

КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың сипаттамасы
Жұмыстың көкейкестілігі. Мектеп оқушыларының білім сапасын көтеру бүгінгі таңда өркениетті елдер қатарына қосылудың, бәсекелестікке барынша лайықты болашағымызды тәрбиелеудің басты бағдарына айналып отыр. «Өркениеттің аса маңызды міндеті- адамды ойлай білуге үйрету»- дейді амарикандық ойшыл, өнертапқыш Томас Эдисон айтқандай талдап оқыту терең, тиянақты білім алуға негіз қалайды.
Оқыту үрдісін сапаландыру үшін қажетті ақпараттарды таңдап алу маңызды, сол ақпараттарды қабылдаудың үш деңгейі бар:
1. Күнделікті тәжірибелік;
2. Нақты ғылыми;
3. философиялық, дүние танымдық.
Оқыту мен тәрбиелеудегі күрделі міндеттерді табысты шешудің жолы мұғалімнің біліміне, біліктілігіне, кәсіби шеберлігіне, шығармашылық еңбегіне байланысты. Ұстаз қызметінің мақсаты- өз пәнін жақсы үйретуден гөрі тереңіректе, ол- адамды қалыптастырушы адам, оқутыда талдап түсінікті дәрежеге өзіні- жеткіншектің еңбек ету арқылы жетуін ойластыруда. Талдап оқу әдістемесінің мәні- оқу үрдісінде керекті білімді бақылап, ұғып қана қоймай, түсініп, талдау арқылы білу және оқу материалдарын тұтас байланыстыруында. Сонда ғана оқу тиімді болада, оларды жүйелей білу. Адамның ең бір жетілген құралы- сөз, сөз адам ақыл- ойының ішкі мәдениетінің және тәрбие дәрежесінің көрсеткіші болып табылады. Олай болса, оқу-тәрбие жұмыстарында талдап оқыту, ойлау, үй тапсырмасын орындау, жаңа сабақты түсіндіру, үй тапсырмасын баяндауда оқу материалдарын жүйелеп, байланыстыру, оқу мен тәжрибе сабақтас ұғым екендігін сезуі, болу есте сақтап мәнін түсінуде атқарар рөлі зор.
«Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып көрсе, дүниедегі жақсы- жаманды танидыдағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам біліміді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады»- деген Абайдың он тоғызыншы ұлағатты қара сөзінің мәні үлкен, ол талдау, түсіну, тәжірибе алу, үлгі тұту арқылы әр адам жетіледі деген ойды білдіреді.
Сабақтың мақсаты- баланың басқаға ұқсамайтын қасиетін аша білу, ол үшін талдап оқыту әдістемесін зертделеу, меңгеру қажет, шәкірттың өзіне психологиялық бақылау жасау арқылы білімнің негізін анықтай түсуге, үйретуге ұмтылыс жасалады. Талдап оқыту әдістемесін зерделеудің қажеттілігі мұғалімнің өз сабағын тиянақты білуі керек, ол үшін талдап, терең түсінуі, үздіксіз бақылау жасап, оң жақсы қасиеттерін көріп дамыту қажет.
Талдап оқыту әдістемесінің мәні- баланың ықыласын ояту, қолынан іс келетіндігіне сендіру, сөзі мен ісінің жасанды емес шынайы болу басты шарттардың бірі, әсіресе шәкірттің кемшілігін емес, жеңісін ізде, әр бала табиғаттың құбылысы, сол үшін сыйлауға болады. Сабақ үстіндегі тыныштыққа көп ізденіспен, еңбекпен ғана, талдап оқытуға шәкірттердің ынта- ықыласын тыңдау арқылы жетуге болады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Психология | Танымдық процестердің этнопсихологиялық мәні және бала тұлғасын дамыту

КІРІСПЕ
Қазақ елі егеменді мен тәуелсіздігін жариялаганнан кейін этнос,халық,ұлт психологиясының сан салалы мәселелері жайлы зерттеулер көзге түсе бастады.Тек соңгы кездері ғана өз алдына дербес отау тіккен ТМД елдерінде де психология ғылымы кеңінен өріс алуда.Ұлттық мәселелердің қырлары мен сырларын зерттеуге кезінде әміршіл –тоталитарлық жүйе қарсы болды. Өйткені,жалған интернационлизмнің жалауын көтеріп, коммунизм орнатуды мақсат еткен қоғамға ғылымның осы саласы қажетсіз еді. Сондықтан этнопсихологиялық мәселелер тек оқтын-оқтын лениндік ұлт саясаты жайлы желеу сөз болғанда ғана жекелеген ғылымдардың жол-жөнекей, ат үсті жазған еңбектерінде сөз болып келді.Осының салдарынан күні бүгінге дейін осынау ғылым саласының зерттеу объектісі де, термин, ұғым атаулары да бір ізге түскен жоқ.Мәселен, ,,Психологиялық энциклопедияның ,, жоба сөз тізбегінде оның 30-ға жуық терминдері ғана(дәстүр ,салт,ритуал,табу,этностық стереотип,этноцентризм,психикалық тұрпат,этностық тұлға ,т.б )тіркелген екен.Еліміздегі тыныс-тіршілік кез келген саласында (мектеп, сауда, спорт, әкімшілік, әскери кызмет,т.б.) ұлттық ерекшеліктерді ескермей,бұларды ғылыми тұрғыдан сараптамай тиянақты жұмыс жүргізу қиын.Әсіресе, Қазақстан секілді көптеген ұлт өкілдерімекендеген елде этностық психологиямен үнемі санасып отыру аса маңызды. Мәселен, әр түрлі этностар мен халықтардың ұлттық мүдделерін қорғау, олардың әр қайсысының дәстүр-салты мен әдет-ғұрпына ұқыптылықпен қарау, ұлттық қатынастарда шиеленістерді болдырмау, осы айтылғандарды ғылыми негізде зерттеу, яғни экстремизм мен шовинизмнің, ұлтшылдық пен нәсілшілдіктің, этностық кемсітушіліктің, кез-келген көріністеріне жол бермеу үшін, этнопсихикалық зерттеулерді ерекше жандандыру қажет. Бізде 4-5жыл ішінде іспеттес мәселелерді арнайы зерттеу үшін этнопсихология ғылыми орталығын қуру мәселесі көтеріліп жүр. Жұртшылдықтың бұл тілегі әзірше үкімет тарапынан қолдау таппай отыр....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Психология | Тренинг арқылы тұлға дамуын зерттеудің психологиялық маңызы

КІРІСПЕ
Соңғы жылдары қоғамдық және әлеуметтік өмірдегі болып жатқан елеулі өзгерістер Республикамыздың білім беру жүйесінің алдына көптеген жаңа міндеттер жүктеп отыр. Әсіресе білім беру жүйесінде ұлттық және жалпы азаматтық рухани құндылықтар негізінде жастардың тұлғалық мәдениетін қалыптастыру, тұлғалық жан-жақты дамуына қолайлы жағдайлар жасау өзекті мәселелердің біріне айналып отыр.
Бүгінгі таңда жас ұрпақтың білім алуы мен дамуына ерекше ден қойылып, көңіл бөлінуде. Психологиялық-педагогикалық зерттеулерде жеке тұлғаның психикалық дамуын арттыру елеулі мәселелердің біріне айналып отыр. Алайда, ол мектепте жеке тұлғаның дамуын оқу қызметіндегі бірінші кезектегі міндет деп танығанда,оның психикалық дамуын қалыптастыруға ерекше мән бергенде жүзеге асады.
Мектеп қабырғасында оқу қызметтің негізгі және жекеше түрі болып табылады. Оны атқару барысында оқушылардың бойында жаңа психикалық құбылыстардың дамуына негіз қалайтын және ең алдымен заттардың пайда болу және даму заңдылықтарын ашуға бағытталған теориялық ойлау негізі және зейіні дамиды, жеке тұлға белсенділігі арта түседі. Жеке тұлғаны рухани дамыту - өзінің өмірдегі орнын, атқаратын міндетін, қазіргі және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігін, дүниенің күрделі құрылымын түсіну және өзін-өзі үздіксіз бірқалыпты жетілдіру. Жеке тұлға дамуы - өз мүмкіндіктерін үздіксіз кеңітіп, қажеттіліктерін арттырып отырумен байланысты. Осы даму деңгейі нақты адамға тән болған қарым-қатынастар аймағымен өлшенеді.
Даму дәрежесі мардымсыз тұлғаның адамаралық қатынастары да өте жай, ал даму деңгейі жоғары болған адам өзінің рухани мәртебелігімен, қоғамдық мәнді құндылықтармен ерекшеленеді. Мұның барлығына психиканы дамыту арқылы қол жеткізуге болады. Баланың өзiн-өзi ұйымдастыруы алдымен үлкендердiң әсiресе мұғалiмнiң жасаған және бағыттаған ұйымдастыруының нәтижесi. Баланың жеке тұлғасын дамыту ісінде тәрбие институттары ішінде мектепке ең күрделі міндеттер артылады. Алайда, ол мектепте жеке тұлғаның дамуын оқу қызметіндегі бірінші кезектегі міндет деп танығанда ғана іске асады. Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде мектепте бала тұлғасының мотивациялық құрылымында түбегейлі өзгерістер болатыны анықталды. Олар балалардың танымдық мүдделерінің жедел қалыптасуы негізінде оқу қызметі мотивтерінің қайта құрылуынан басталады. Олар мектеп жасының аяғына таман жинақталып қалыптасады да, баланың әр түрлі оқу материалына көзқарасы арқылы айқындалып, қызығуын қанағаттандыратын көздерді өз бетімен іздеуге жетелейді. Яғни, оқу-танымдық мотивтер оқуда ғана емес, оқушы тіршілігінің бүкіл жүйесінде жетекші орын алады. Өйткені, осы мүдделер ортақ ұжымдық қызмет барысында пайда болады, оларды бала толық қоғамдық формасы - топтық құндылық бағдары ретінде ұғынады.
Жеке адамның дамуы – бұл ең алдымен оның рухани өсу, жетілу үрдісі, іс-әрекетте өзін қоршаған өмір шындығын бейнелеуі, қоғамдық орта мен табиғи құбылыстарға, адамға қарым-қатынасы таным-білім жүйесінде болатын сапалық өзгерістер.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Психология | Тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеу мотивтерін, тәсілдерін талдап зерттеу

КІРІСПЕ
Өзін-өзі тәрбиелеу мәселесі қазіргі ғылым тұрғысынан қарастырғанда жаңаша қабылданады. Өзін-өзі тәрбиелеу құбылыс ретінде әрқашан философтарды, психологтарды, физиологтарды және педагогтарды қызықтырған және қызықтырады.
Өзін-өзі тәрбиелеудің нағыз негізі - адамға тән болып табылатын үйреншікті қатардағы жайларды жеңіп, өз өмір жолындағы үлкен, қызықты істерге ұмтылу. Бұл туралы Ковалев А.Г. былай деді: "Өздігінен жетілу адамға тән, өйткені ол шыншыл болса, ол ешқашан өзіне-өзі риза болуы мүмкін емес". Адамда бәрі дамыған, жетілген, бай болу мүмкіндігін пайымдауға барлық негіз бар және мұндай дамудың шын мәнінде шегі жоқ.[1 , 11 – 27-38 бб.]
Бірақ бізде жасырылған мүмкіндіктерді, біздің "Қалғып жатқан күштерімізді" ояту үшін, үздіксіз жүйелі өзімен - өзі жұмыс істеу қажет. Оны өзін-өзі тәрбиелеу деп атайды. Қытай даналары былай деген: "Үздіксіз ережесін қолданған, канша жерден надан болса да, міндетті түрде білімді болады, қанша жерден әлсіз болса да міндетті түрде күшті болады". [2 – 18-22 бб.]
Бірақ жемісті өзін-өзі тәрбиелеудің негізгі шарты - үздіксіз ережені қолдану, жан-жалқаулығына бейімділік, әр мінездің жетіспеушілігі, адам үшін жеңе алмайтын қиыншылық болады. Жан-жалқаулығы өзін-өзі тәрбиелеу жолындағы ең негізгі кедергі. Француз жазушысы Лабрюллердің пайымдауынша: "тілегенімізге жету үшін бізге тәсілдерге қарағанда, табандылық жетпейді"- деген. [3 –18-21 бб.].
"Дхаммапада" ежелгі әдеби қайнарында, қандайда болса ниетті жүзеге асыру үшін, өзінің әлсіздігін жеңудің мәнін айқын метафоралық, түрде көрсеткен: "Егер біреу шайқаста мың рет мың адамды жеңсе, ал басқасы өзін-өзі жеңсе дәл сол басқасы - шайқастағы ең ұлы жеңімпаз". [4- 98-102 бб.]
Соңғы уақытта өзін-өзі тәрбиелеу мәселесі оқуды белсендендіру туралы сұрақты зерттеумен байланыстырып жатыр.
ТҰлғаның өзін-өзі тәрбиелеуі - өзімен жұмыс істеуде бірінші қадам және күрделі үрдіс, бұл кезде сырттан көмек туралы мәселе пайда болады. Өзімен жұмыс істейтін тұлғаға беретін психологиялық көмектен, бағыттылықтан және ұйымдастырушылықтан өзін-өзі тәрбиелеудің эффективтілігі тәуелді болады. Сондықтан осы ғылыми зерттеу жұмысының өзекті мәселелерінің бірі тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуде психологиялық көмекті ұйымдастыру болып табылады.
Зерттеу мақсаты: Тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеу мотивтерін, тәсілдерін талдап зерттеу.
Зерттеу пәні: Оқушының өзін-өзі тәрбиелеу үрдісін қазақ тіліне бейімделген «талаптану денгейін анықтау» (Шварцвандердің) әдістеме көмегімен зерттеп талдау.
Зерттеу міндеттері:
- Өзін-өзі тәрбиелеуді талдаған ғылыми әдістемелік әдебиеттерге шолу жасау.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Психология | Х. Досмұхамедұлының психологиялық көзқарасы

Кіріспе
Егеменді қазақ мемлекетінің қалыптасуы өте күрделі тарихи кезеңдерде жүріп жатыр. Қазіргі мемлекетіміздің қалыптасуының әлеуметтік қиыншылықтары аз емес. Соның ішінен жекелеп айтып кетер бір саласы – қазақ халқының қоғамдық – саяси, әлеуметтік мұралары мен өскелең жас ұрпақтың туған халқының мәдениеті мен салт - дәстүрімен, ата – баба мұраларынан толық қол үзіп қалмауы елдігіміз бен егемендігіміздің негізгі критерийлері екендігі даусыз.
Елдің елдігі мен ертеңін ойлап, қам жеген, туған халқының көкірегіне сәуле құюға мақсат еткен қазақтың асыл азаматтарының бірі – көрнекті қоғам қайраткері, ағартушы ғалым – дәрігер, профессор Х. Досмұхамедұлының еңбектеріндегі психологиялық көзқарастары мен идеялары бүгінгі ұрпаққа баға жетпес мұра.
XX ғасырдың бас кезіндегі қазақтың демократиялық интеллигенциясының көрнекті өкілі, республика ғылымы мен денсаулық сақтау ісінің Қазақстан мен Түркістан республикаларында талантты ұйымдастырушысы, кезінде заңсыздықтың құрбаны болып, қуғын-сүргінге ұшыраған, күрделі де тағдыр иесі, халқымыздың алып тұлғасы екендігін қарастыра отырып, Х. Досмұхамедұлының туған тіліне, ұлтына, әдебиетіне, тәлім - тәрбиесіне, ұлттық психологиясына деген көзқарастары бүгінгі тапңда зерттеу қажеттілігін туындатып отыр.
Ғұлама ғалым педагог ретінде Қазақстанда жоғары мектептің қалыптасуы мен дамуы тарихында, оны ұйымдастыруда алатын орнын ерекше атап өтуге болады. Сонымен қатар Х. Досмұхамедұлы қазақ мектептері мен оқу орындарына арналған бірнеше қазақша оқулықтар мен оқу құралдарының авторы. Атап айтқанда, I және II сатыдағы мектептерге арналған «Өлі табиғат» (1922ж), «Зоология» 1-бөлім, омыртқалылар, 2-сатылы мектептерге арналған (1922ж); «Зоология». 2-бөлім (1926) омыртқасыздар (192ж); зоология. 3-бөлім; оқушылдар гигиенасы (1925ж) қазақ тілінде жарық көрді. Осымен орайлас «Анатомия және физиология», «Адамның тән тіршілігі» сияқты оқулықтары жаппай бастап ашылып жатқан қазақ мектептері үшін ауадай қажет кітаптар еді. Сондықтан да бұл оқулықтар 1922-1928 жылдар аралығында бірнеше рет басылды. Х. Досмұхамедұлы қаламынан туған оқулықтардың өне бойындағы ұтымды қолданыстар, тың балама сөздер ұлттық ғылым тілін, ұлттық психологияны дамытудың сүрлеуін салуға септескені дау туғызбайды.
Х. Досмұхамедұлының басшылық жасап және тікелей тығыз араласыумен мектеп типтері, мектеп бағдарламалары, ғылыми терминология жасалды, қазақ мектептері үшін бірқатар оқулықтар тәржімаланды.
Санкт-Петербургтағы әскери-медициналық академияда шартты рефлекстер туралы әйгілі ілімнің авторы, академик И. П. Павловтан дәріс тыңдаған бар болғаны екі – үш қазақ екен. Оның бірі - Х.Досмұхамедұлы, екіншісі – С.Асфендияров.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Психология | Ыбырай Алтынсариннің психологиялық ой-пікірлері

КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі
ХІХ ғ. Екінші жартысындағы қазақ жерін Ресей империясы түгелдей жаулап алуын аяқтаған болатын. Өлкеге ішікі жақтан қоныстанушылар ағыла бастады. Ел билігімен қатар, жер билігі де түгелдей патша әкімдерінің қолына көшті, жекелеген өнеркәсіп орындары, сауда-саттық, ақша қатынасы дами түсті. Патшалық езгіге қарсы күресте қанаты қатая түскен орыстың төңкерісшіл демократиялық мәдениеті әр түрлі келімсектер арқылы қазақ даласына еніп, ол бұқара халықтың жүрегін жылытатынын байқатты. Қала мәдениетінің ықпалы күшейді, ғылым мен мәдениетке қазақ жастарының ықпалы арта түсті. Дала халқының сана-сезімі ояна түскен осы тұста қоғамдық аренаға халқымыздың аяулы перзенті -ұлы демократ ойшылы Ы.Алтынсарин шықты./1/
Ол арнаудлы психологиялық еңбектер жазбаса да, оның адамның сан алуан психологиялық сипатын ашатын шығармаларымен (оқу құралдары, хаттары мен жазбалары, өлеңдері мен әңгімелері, аудармалары) қоғамдық, психологиялық мәселелерге орайлас көптеген деректер кездестіруге болады.
Әлемдік озық мәдениеттің шоқ жұлдыздарының, ғұлама ойшылдардың адамның жан жүйесі жайлы мұраларының қазіргі ұрпақ тәрбиесін оның жеке тұлға ретінде қалыптасып, дамып жетілуіне қосар үлесі өз алдына бір төбе.
Ы.Алтынсариннің ұлттық дәстүр, салт-сананы, адамның бойындағы сан қилы психикалық ерекшеліктерді, оқу-білімді насихаттап, көзі ашық, көкірегі ояу ұрпақтың болашағын өз туындыларының негізгі арқауы еткен психологиялық тұжырымдарының қазіргі заман талабымен үндесетін өміршең дүниелер./2/
Ы.Алтынсарин мұраларына зерттеп, тұңғыш өмірбаянын жасаған, оның педагогикалық, психологиялық ой-пікірі мен жұмысын жүйелі түрде талдаған орыс шығыстанушылары мен ғалымдары, оқу-ағарту жұмысының озық ойлы, ғалым-ұйымдастырушылары болды. /3/
Олар –орыстың белгілі шығыстанушы-ғалымдары В.В.Григорьев/4/ (1816-1881), Н.И.Ильминский (1822-1891)/5/, А.А.Бобровников (1822-1865)/6/, Орынбор оқу округінде әртүрлі дәрежелі мектептерді басқарған зертеуші-ғалымдар В.В.Катаринский (1846-1902)/7/, А.Е.Алекторов (1861-1918)/8/, А.В.Васильев (1861-1943)/9/, Н.А.Бобровников (1853-1921)/10/, М.П.Ронгинский (1866-1927)/11/, Еділ бойындағы аз халықтар арасындағы ағарту жұмысының жанашыры болған С.В.Чичерина (1868-1918)/12/, чуваш халқының озық ойлы педагог - ағартушысы И.Я.Яковлев (1898-1930)/13/, Қазан университетінің профессоры хакас Н.Ф.Катанов (1862-1922)/14/,белгілі пелагог-ұйымдыстырушы, Ыбырай Алтынсаринның шәкірті, әріптесі Ғ.Балғымбаев (1866-1943)/15/, тағы басқалары. Бұлардан басқа да Ыбырай творчествосы мен оның қазақ халқының тарихында алатын орны туралы айтқандар саны көп.....
Дипломдық жұмыстар
Толық