Жұмбақтар жауабымен: Құстар (2)

Өреді қайраңдап,
Келеді байпаңдап.
Қарғып түсіп өзенге,
Малтиды тайқаңдап.
Қаз

Қық-қық етеді,
Кезіп жүріп көшені.
Жата қалса орнына,
Ақ доп тастап кетеді.
Тауық

Судан шықса баладай,
Тәй-тәй басып қалады-ай.
Қаз
Жұмбақтар жауабымен
Толық

Жұмбақтар жауабымен: Техника, көлік, шеберхана құралдары (1)

Шаңға толған шанағы,
Қоқыр-соқыр – тамағы.
Шаңсорғыш

Онда би де, күйің де,
Қызығына қанбайсың.
Отырып-ақ үйіңде,
Дүниені шарлайсың.
Теледидар

Су бетінде үйрек жүр,
Қалт-құлт етіп билеп жүр.
Қайық
Жұмбақтар жауабымен
Толық

Жұмбақтар жауабымен: Табиғат (2)

Жұмбағым жұтылды,
Ойға қарай құтылды.
Құйын

Бір нәрсе жер мен көкті шарлап тұрған,
Дамылсыз бәйіт айтып зарлап тұрған.
Тамаша қылығына қарап тұрсам,
Арасын жер мен көктің барлап тұрған.
Жел

Бір нәрсеге қарап тұрсаң дүбірлейді,
Алыстан көзін салсаң күлімдейді,
Екпіні сонша қатты болса-дағы,
Ұстасаң қолыңызға білінбейді.
Жел
Жұмбақтар жауабымен
Толық

Жұмбақтар жауабымен: Оқу жабдықтары, білім

Бойлаған сайын тереңге,
Шығасың биік белеңге.
Білім

Бір шыққан соң орнына қайтып кірмес,
Қай жақтан келерін де адам білмес.
Азаттығы сонымен дүниенің,
Онсыз тірі ешкім де дәуір сүрмес.
Сөз

Тыста – арқаңдамын,
Сыныпта – партаңдамын.
Портфель
Жұмбақтар жауабымен
Толық

Жұмбақтар жауабымен: Жануарлар (кит, жылан, маса, тышқан, балық, мысық, қасқыр, қоян, түлкі, піл, сиыр)

Көзі бар, қанаты бар балық дене,
Сияқты зор тұлғалы алып кеме.
Кит

Бір мақұлық бар екен төрт аяқты,
Тағыпты арқасына мың таяқты.
Ашуланса, аяқ-қолын көрсетпейді,
Көресің көзің салсаң ғажайыпты.
Кірпі

Дене мен аяқ-қол жоқ, құйрық пен бас,
Бұрыннан жан-жәндікке ойлаған қас.
Бес-алты ай демалыста күн көреді,
Оншалық керек етіп жемейді ас.
Жылан
Жұмбақтар жауабымен
Толық

Жұмбақтар жауабымен: Жануарлар (жылқы, ит, ат, қошқар, бұғы, суыр, тасбақа, бақа, есек, кенгуру, түйе)

Қамыс құлақ,
Тостаған тұяқ
Мінсең – қанат
Сүті – дәрі,
Еті – тамақ.
Жылқы

Адамға серік,
Күзетке берік.
Ит

Денесіне қапталған,
Сырты түбіт тоны бар.
Дыбыссыз кіріп шығады,
Бүкірейген жоны бар.
Мысық
Жұмбақтар жауабымен
Толық

Жұмбақтар жауабымен: Егіс пен өсімдіктер өлкесі (1)

Тасты жапқан түк кілем,
Тамыры жоқ, мүк кілең.
Қына

Тасты тесіп, күресіп,
Терең жайып тамырын.
Ақ күлгін шөп тұр өсіп,
Қарсы ап дәйім таң нұрын.
Тау гүлі

Шөлде
Гүлдейді, құлпырады,
Суда
Өмірі қырқылады.
Сексеуіл
Жұмбақтар жауабымен
Толық

Жұмбақтар жауабымен: Оқу жабдықтары, білім (1)

Денесi бар шыбықтан,
Темiр тұмсық құдықтан,
Сусын алып iшедi,
Ойы iз боп түседi.
Қаламсап

Iлулi тұр кең алаң,
Керегiмдi мен одан.
Жазып алам көшiрiп,
Сүртем сосын өшiрiп.
Тақта

Үстiнде есiгi,
Өзi орындық, әрi үстел,
Оқушылар бесiгi.
Парта
Жұмбақтар жауабымен
Толық

Жұмбақтар жауабымен: Техника, көлік, шеберхана құралдары (3)

Қара нар қатарынан бір озбаған,
Боз інген ботасы жоқ құр боздаған.
Қызыл ат желмей, жортпай алысқа ұзап,
Аяғын анда-санда бір қозғаған.
Поезд

Бір керуен қатарында өңшең түйе,
Аузынан жалын шығар қара күйе,
Жүрмейді ұрса-дағы басқалары,
Бәріне жалғыз бура болған ие.
Поезд
Жұмбақтар жауабымен
Толық