Туған жер туралы толғау

Көктем туа біздің өңірден терістікке бағыт алып, Көктемді канатына қондырып құстар ұшып барады. Жалғыз жарым емес, топ болып ерекше сәнімен, ерекше бір әнімен қиқулап өтеді. Қайда барады, деп сұраушы едік үлкендерден бала күнімізде. Туған жеріне барады, тағыда өмірге ұрпақ әкелу үшін асығып барады,дейтұғын олар, арманды жанарларымен ұзап бара жатқан лекке қарап. Сол құстар қазірде ұ шып өтеді,ертеңде ұшады,мәңгі ұша береді. Сазды да сағынышқа толы әндерін ертеңде айтып өтеді, мәңгілік айта береді. Соңыра күзде, кейін оралғанда да әндетіп қайтады. Ол ән көктемгіден мұңды, өзгеше, кейін қалған Атамекеніне айтып бара жаткан қош-қошы,жаз өмірін, мәз өмірін туған жер төсінде тайраңдап....

Шығармалар
Толық

Туған жер туралы жыр

Туған  жерім  кіндік  қаным  тамған жер,

Сен де  өсіп, сен  де  адам  болған  жер.

Шаңынды  иіскеп,  күн  батқанша  далада,

Топырағыңа  аунап, бойға  қуат  алған  жер.

 

Қымбат  маған  туған  жерім – ауылым,

Жанымда  әркез...

Өлеңдер
Толық

Ауыл туралы шығарма

Мен ауылым жайлы «Өз елін сүймеген адам еш нәрсені де сүйе алмайды» - деген Байронның сөздерімен өз ойымды бастағым келіп отыр. Әркімге туған жері, елі қымбат. Менің ойымша, адам баласы үшін туған өлкесінен асқан киелі нәрсе жоқ. Себебі, бұл мен түгілі аялаған анамыз, қолпаштаған әкеміз, туған - туыс, жора - жолдастың кіндігінен қан тамған туып өскен жеріміз. Қасиетті туған жерімде білім нәрін сусындаған мектебім, балалық шағым өтіп жатқан ауылым бар. Егер менен сен не үшін туған өлкеңді сүйесің десе, мен мүдірместен Мұқағали атамыз айтқандай, күн мен түнін, топырағы мен шаңын, қыбырлаған жәндігіне дейін сүйемін дер едім.

Менің туған жерім - Жаңатұрмыс ауылы. Тұғындарының....

Шығармалар
Толық

Туған жерімізді таза ұстайық!

Дархан даланы көсіле орналасқан Қызылорда облысының табиғатының көркем болғаны барлығымызға белгілі. Қазіргі уақыттағы қоғамның дамуы айналадағы қоршаған ортаны пайдаланумен тікелей байланысты. Екі жүз жылдан астам тарихы бар облыс тұрғындарының пейілінің кеңдігі, қонақжайлылығымен қоса жандары тазалықты сүйетіні тағы бар. Бәлкім,аумақтың тазалығы да сол адамдардың жер тазалығына қосқан үлесінің арқасы болар. Адам баласы табиғат игіліктерін, күнделікті қажеттіліктерінің бәрін табиғаттан алады. Ал табиғатқа келетін зардаптар өзімізге қайта айналып келетіні....

Шығармалар
Толық

Туған жердің кереметі бітпейді

Туған жердің бейнесі еске енеді,

Еске енеді, көзіме жас келеді.

Қазақ елін кезіктірсе өз жолында,

Айдаһардай жаулар да сескенеді.

Ел тарихы 91-ден басталмайды.

91 деп бөтен жолмен басқан дайлы.

Терең ой мен ақиқатты...

Өлеңдер
Толық

Оқырман, өз туған жеріңе қарашы!

Туған жер - адамның бір бөлігі. Жалғыз орын, әсіресе жан үшін қымбат, ондай жер ғаламшардың еш бөлігінде жоқ. Еш бөтен жер, кандай керемет болғанымен, туған жеріңді ауыстыра алмайды. Туған жер-бұл адам дүниеге келген орын.  Туған жер адамның өсіп, әлемді танып, алғашқы қадамдар жасап, өмір сүріп, достары пайда болған жер. Туған жерде тіпті ерекше сезімдер де толып жатыр: аспан мен ауа басқа, бөтен жақ сияқты емес. Туған....

Шығармалар
Толық

Туған жер – алтын ұя

Адам баласы дүние есігің ашқанда туған анасынан кейін құшақ жая қарсы алып,бауырына басатын екі ыстық ұясы болса,соның бірі - кіндік қаны тамған жері болып табылатын алтын ұя бесігі,ол – Туған жері.Туған жер туралы әңгіме қозғағанда не болмаса ой толғағанда «Туған жер - алтын бесігім»,«Туған жер - тұғырым» - деп жатамыз.Мұндай теңеулердің туған жерге қатысты айтылуы да заңдылық.

Туған жер – киелі ұғым.Мен үшін бұл ұғымның мәні мен мағынасы өте терең.Қарап отырсам,адамның Отанға,туған елге деген ерекше ілтипаты мен ұлы сезімі осынау аядай ғана шағын бесіктен,туып өскен жерінен,оның әр тау-тасын сүюден басталатын болса,бұл күнде біздің бойымыздағы таза....

Шығармалар
Толық

Құт мекен: туған жер туралы шығарма

Туған жер ұғымы ең асыл, ардақты қасиетті ұғымдардың бірі. Бұл әрбір адамның дүние есігін ашып, кіндік қаны тамған жер. Тәй-тәй басып, мектепке ең алғаш қадам басқан, өсіп-өңген асыл мекені. Ең бастысы Туған жер – ол отбасың мен жақындарың, жанында бола алатын. Жүрегінің төрінен ерекше орын алып,  алыстасаң ақсайтын құт мекен. Менің туған жерім ол дархан қазақ даласы, құс ұшса қанаты талатын, кең-байтақ, жан-жайсақ қазақ елі. Мен....

Шығармалар
Толық

Біздің туған жеріміз осы

Туған жер адам өмірінде киелі орын алады. Туған жер адамды елімен, өткенімен және болашақпен байланыстырады. Сондықтан  да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамдарда туған жерге деген махаббат сезімі оянады. Туған жер, туған өлке, туған қала немемсе мен үшін туған кент. Бірақтанда әр адамға өзінің....

Эсселер
Толық