Туған жердің кереметі бітпейді
Туған жердің бейнесі еске енеді,
Еске енеді, көзіме жас келеді.
Қазақ елін кезіктірсе өз жолында,
Айдаһардай жаулар да сескенеді.
Ел тарихы 91-ден басталмайды.
91 деп бөтен жолмен басқан дайлы.
Терең ой мен ақиқатты негізге алсаң,
Исатай мен Махамбеттей от лаулайды!
Туған жердің негізін кім қалаған?
Ол қаланған уақытты кім санаған?
Талай ғалым,ойшылдардың уақыты өтті,
Бірақ та оның астарына кім қараған!
550 жылдан астам тарихы бар.
Тәуелсіздік, 28 жылдығы бар.
Осы уақытты көрінісін сипаттайтын,
Талай әні, күй шертерлік жырлары бар.
Туған жерім деп жырлады қанша адамдар.
Хан жанында ақыл қосқан би, жыраулар.
Ардақтылар таусылды деп айтсаң егер,
Бар арыстар, бәйтеректер, зиялылар.
Солтүстігі Қызылжармен шектелмейді.
Оңтүстікте біртуғандар дес бермейді.
Осындай ұлан-байтақ дала ұлты,
Шығыстағы Қытайдан да сескенбейді.
Батысында орналасқан Астрахань.
Дін Ислам тамыры жер табысқан.
Теңізі бар Каспий дей орны бөлек.
Су бетінде бес елдің басын қосқан.
Оңтүстігі бөтен емес ешбір жанға.
Түркі тілдес, ұқсастық бар біздің қанда.
Өзбегің мен қырғызың, түрікмендер,
Қонақ жая қарсы алар бас қосқанда!
Бөтен емес солтүстікте орысың да,
Шошқа жейді демесең, қазақ ол да.
Европаға жол ашты біздер үшін.
Күмәндансаң, бетін аш та, тарих қара.
Головкиндей саңлақтарды берді бізге.
Бағындырған әлемді бұл боз бала!
Ел тарихы басталмайды Алматыдан.
Жер тарихы басталмайды Астанадан.
Өткені мол, тарихы зор қалалар бар.
Ақмешіттей бұрынғы бас қаладан.
Оңтүстікте “Сыр елі” мен Түркістан бар.
Қызылорда, Шымкентті қоныстаңдар.
Жамбыл ата өніп-өскен Тараз жері,
Бір атадан тараған туысқандар.
Өскемен мен Семейің шығысыңда.
Көк жайлауың биік таудың ығысында.
Көрінеді Абайдай сөзге шешен,
Ұрпақтары таңның күні атысында.
Батысыңда орналасқан Оралы.
Арна қосқан талай судың торабы.
Орналасқан Ақтау менен Атырау.
Теңізіне арна барып толады.
Мағжан менен Қанапиядай ұлдары.
Солтүстігің мақтануға тұрады.
Орман, тоғай! Табиғаты бір бөлек.
Сақтау керек мұндай асыл мұраны!
Алматыға бөлек шумақ арнаймын.
Ол туралы әлі талай жырлаймын.
Мұнда жүрген әрбәр күнді, минутты.
Бітпесін деп уақытты кері бұраймын.
Әттең оның пайдасы жоқ тигізер.
“Жетпейді маған! Үлгермедім!” дегізер.
Келген жанның махаббатын, сезімін.
Тауларына, табиғатқа бергізер.
Жаңа атқа ие болған Нұр-сұлтан.
Дамып жатыр, гүлденуде бар тұстан.
Үлкен үміт күттіретін астана,
Баға алуда әлемнен тек оң тұстан.
Туған жердің кереметі бітпейді.
Оны айтуға мың шумақ та жетпейді.
Сан жүздеген тарихы бар бұл жерден,
Өскелең ұрпақ ешқайда да кетпейді.
Әлішер Молдахмет
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: туған жер, өлең