Шалқыған біздің жақтың көлдері бар, Ағашты биік таулы жерлері бар. Өзен, су, көлдер жайлап, тау қыстайтын Меймандос, берекелі елдері бар. Думанды шалқар көлдері-ай, Еркін дала белдер-ай. Каздай қатар....
Жақсы жігіт ел - жұртының қаласындай, Жақсы әйел әмме жұрттың анасындай. Жақсыға ешкімнің де жаттығы жоқ, Көреді бәрін де өз баласындай. Жақсы жігіт сөзіне.....
ХХ ғасырдың басында Қазақстан Россия империясының капитализмге дейінгі өндірістік қатынастар үстем болған аграрлы-отарлық шет аймағы болды. Отарлаушылар қазақ халқының жері мен оның табиғи байлығының айтарлықтай бөлігіне иелік етіп қана қойған жоқ , олар қазақтарды рухани жағынан да отарлады: халықты тілінен,діннен,ділінен айыру бағытында қатыгездікпен ойластырған шаралар жүйесін жүзеге асырды.Бұл жөнінде Міржақып Дулатов 1907 жылы жазылған «Қазағым менің,елім менің» атты мақаласында былай деп ашына жазған еді. «... Ең алдымен қазақ халқы – Россияға тәуелді халық оның ешқандай правосы жоқтығы кек тудырады. Халықтан жиналған салық қаражатының көп бөлігі халыққа, тіпті, керек, емеснәрселерге жұмсалды... Енді чиновниктер (патшаның отарлау жүйесінің ресми өкілдері – Қ.Н.) біздің дінімізге,атадан мұра болып келе жатқан әдет-ғұрыптарымызға,біздің моллаларға ғана тиісті неке мәселелеріне араласа бастады,діни кітаптарды тұтқынға алды» ....
Міржақып Дулатов 1885 жылы 25 қарашада бұрынғы Торғай облысы,Торғай уезіне қарасты Сарықопа болысында,қазіргі Торгай облысының Жанкелдин ауданында, «Қызбел» совхозының жерінде туған. Әкесі Дулат әжептеуір ескіше оқыған,өз дәулеті өзіне жетерліктей дөңгелек қана шаруасы бар тауфихты адам болса керек.Балаларының үлкені Асқарды әуелі мұсылманша,сонсоң орысша оқытып,заң қызметіне бейімдеп үлгірген Дулат кіші баласы Міржақыпты да сол дәстүрмен әлдегенде ауыл молдасына береді. Бірақ Жақаңның (Міржақыпты кейін ел осылай атап кеткен) өз айтуынша,екі жыл азап шеккеннен басқа ештеңе ала алмағаннан кейін,әкесі молдадан шығарып алып,ауылдық мектепте орысша оқытатан Мұқан Тоқтабайұлы деген мұғалімге береді. «Менің алғаш білімге көзімді ашқан сол кісі еді» - дейтін Жақаңның тағы бір сөзі оның өнер - білім жолындағы ұзақ жылдар бойғы жемісті ізденістерінің бастауы дәл сол Торғайдың өз топырағында жатқанын аңғартса керек. ....
Пародонт ауруларын комплексті емдеуде тістерді таңдап егеу негізгі шаралардың бірі болып табылады, окклюзиялық бұзылыстарды қалпына келтіру және тістерің тірек тіндерін жарақаттаушы окклюзияны реабилитациялау және алдын алу үшін стимуляциялы, функциональды қысымды қалпына келтіру болып табылады. Жарақаттаушы окклюзия – бұл бір тістің немесе бір топ тістердің функциональды қысымынан болатын тіс қатарының патологиялық жағдайы, ол пародонт тіндерінің өзгерісіне, бұлшық ет дисфункциясына, самай – төменгі жақ буынының ауруларына алып келеді. Жарақаттаушы окклюзия интакті пародонт кезінде де болуы мүмкін, тым көп немесе бағыты бойынша дұрыс емес окклюзиялық қысымнан және пародонт ауруларында тістің тірек тіндерінің әлсіздегенде болуы мүмкін. Бұл кезде қалыпты окклюзияның өзі де тіс тіндерін қоршаған толеранттылыған жоғарылап қарапайым окклюзияның өзі жарақаттаушы факторларға айналады. Комбинирленген жарақаттаушы окклюзияның жоғары қысыммен пародонт ауруларының бірігуінен пайда болады. Клиникада көбінесе тістердің ерте түйісуінен болатын травматикалық окклюзиямен науқастар кездеседі, ол керексіз бүйір қысымға алып келеді( горизонтальды және қисық), ол пародонт ауруының негізгі патогенетикалық факторы болып келеді. Окклюзиялық түйісудің үш класын ажыратады. Бірінші класс- төменгі моляр және премолярдың ұрт төмпешіктерінің вестибулярлы бетіндегі локализациясы, тағыда төменгі күрек және сүйір тістердің вестибулярлы бетінде. Екінші классқа жоғарғы моляр және премолярлардың таңдай бетіндегі таңдай төмпешіктерінің алдын ала түйісуі жатады. Үшінші класс- жоғарғы моляр және премолярлардың ұрт бетіндегі таңдай төмпешіктердің ерте түйісуі. Ерте түйісу дара тістердің немесе топ тістердің қажалуының болмауынан, тағыда породонттың зақымдалуынан тістердің орнының өзгеруінен болады. көрші тістің болмауы, антогонист тістің окклюзиялық бетінде пломбаның қатты қажалуы, жақтың дамуының аномалиясы тіс қатарының окклюзиялық бетінің деформациясына алып келеді. Бұл кезде тістерді таңдап егемейді оның орнына окклюзиялық бетті өзгертетін тіс бөліктерін егейді. Тістерді таңдап егеу тістемнің ақауында, тіс қатарының ақауында, тістің қатты тіндерінің бір қалыпты қажалмауында, төмпешіктердің физиологиялық қажалуының болмауында көрсетілген. Тістерді таңдап егеудің көрсеткішіне пародонт тіндеріне қысымның артық түсуінің клиникалық және рентгенологиялық әдістердің болуы: бөлек тістердің қатты қозғалғыштығы, тіс мойынының және түбірінің жалаңаштануы, жоғарғы немесе төменгі күрек тістердің алға шығуы, желпігіш(веер) тәрізді орналасуы, жақтардың түйісуінің орталық, бүйір және алдыңғы окклюзия кезінде тістердің ерте түісуі кезінде, жақтардың қозғалысына кедергі жасайтын тістердің окклюзиялық бетінің бөліктерінің болуы. Тістерді таңдап егеуді тіс қатарының көптеген түйісу нүктелері болу үшін жасалынады, пародонт тіндеріне функциональды көп қысымның түсуін жою үшін және төменгі жақтың свободной кинематикасы үшін жүргізіледі. Тістерді таңдап егеудің уақыты аурудың клиникалық суретіне байланысты. Жарақаттаушы окклюзиясы бар және пародонттың айқын қабыну симптомы бар науқастарда тістерді таңдап егеуді тек қабыну үрдісін жойғаннан кейін жүргізу керек. Егер клиникалық суретте сүйек қалталары бар сүйек тінінің деструкция симптоматикасы алда тұрса онда тістерді таңдап егеу операция алды кезеңінде немесе хирургиялық ем кезінде жүргізіледі. Себебі репаративті процесс кезінде окклюзиялық жарақатты болдырмау үшін.....
Ыбырай Жақаев! Қазақ халқының бұрынғы, қазіргі мемлекетіміздің тарихындағы ірі, іргелі тұлғалардың бірі. Еңбек сүйгіштіктің, адамдықтың, адалдықтың, азаматтықтың өлшемі.
Мен таңғаламын: Ыбекең күріштен дүниежүзілік рекорд жасады. Ал көршілес Ақтөбе облысынан Шығанақ Берсиев тары дақылынан сондай әлемдік ірі көрсеткішке қол жеткізді. Қазақтың осы екі қара шалының, еңбектің пайғамбарларының дүниежүзілік рекорд жасауы кездейсоқтық па, әлде заңдылық па? Елдің, жердің, судың қасиеті ме, әлде ата-бабаның аруағының құдіреті ме. Бәрінің де қатысы бар сияқты мұнда. Оның үстіне күріш, тары керемет дақылдар ғой. Күріштен жағымды, жұғымды, жеңіл, денсаулыққа пайдалы әлденеше тағамдар дайындауға болады. Шығыс халықтарының дендерінің сау болып, көптеп өсіп-өнуінің салиқалы себебі осы күріште деген де пайым бар. Патшаның баласының: “Халық қарны ашса неге сыр күріш жемейді?” (сыр күріш – сүтке пісірілген күріш ботқа) дегені де тегін емес шығар.
Ал тары дақылының қасиеттері де ерекше. Одан сөк, талқан, жас балаға беретін жарма, көже, майсөк, жент жасайды. Майсөк қазақтың белгілі астарында құрметті қонағына ұсынатын қадірлі тағам.Ақтөбеліктер сөкті шайға салып ішеді. Оның қасиеті сол, ол адамның қарнын аштырмайды да, шөлдетпейді де. Сондықтан да ежелден оны үлкен кісілер ораза тұтқанда, таң сәріде сүтке, айранға салып, майға бұлғап жеп алады, күн батқанша былқ етпейді. Қызығы сол: үлкен кісілердің тісі бола бермейді ғой, оның үстіне ас дұрыс қорытылуы үшін оны 25 рет шайнау керек. Ал адамның туғаннан бастап жаралған кемшілігі – ешкімнің де оған шыдамы жете бермейді, сондықтан олар жеген кезде бір тояды, біраз уақыт өткен соң шала шайналған сөк, бөртіп, көлемін ұлғайтып екінші рет тойдырады, сөйтіп жүргенде кеш те болады.
Бірде Сталин Қазақстан басшылары Скворцов пен Шаяхметовтен: “Сіздерде бір стратегиялық маңызы бар дақыл өседі дейді”, — деп сұрапты. Екеуі: “Біз бірден жауап беруге дайын емеспіз, елге барып мән-жайын біліп баяндайық”, – дейді.
Алматыға келіп ғалымдармен, мамандармен, диқандармен ақылдасып ол дақылдың тары екендігін Сталинге баяндапты. Міне, сол күннен бастап бұл дақылдың бағы жанып, оны өсіруге мән беріліп, нәтижесінде Шығанақ Берсиев дүниежүзілік рекорд жасайды. Осының өзі біздің халқымыздың дәрежесін, мүмкіншілігін, қарым-қабілетінің артық болмаса, ешкімнен де кем еместігін көрсетіп тұрған жоқ па? Сондықтан да жақсылықты да, жаңалықты да өз елімізден, өз жерімізден, өз халқымыздан іздеуіміз керек.....
Күн энергиясы. Күн — Күн жүйесінің орталық және ең үлкен денесі. Күн массасы Жер массасынан 333 000 есе артық және қалған барлык, планеталардың жиынды массасынан 750 есе көп. Күн — энергияның аса қуатты көзі, оның энергиясы электромагниттік толқындар спектінің барлық бөлігінде — рентген және ультракүлгін сәулелерден бастап радиотолқындарға шейін ұдайы сәуле шығарып, таратып тұрады. Бұл сәулелер Күн жүйесіндегі барлық денелерге күшті әсер етеді: оларды қыздырады, планеталардың атмосферасына әсер етеді. Жердегі тіршілікке қажетті жарық пен жылу береді. Сонымен қатар, Қүн — бізге ең жақын жұлдыз, өзге жұлдыздардан оның айырмашылығы, біз оның дөңгелек шарасын бақылай аламыз да, телескоптын көмегімен өлшемі бірнеше жүз километр шамасындағы ұсақ бөлшектеріне шейін зерттей аламыз. Күн — нағыз жұлдыз,. сондықтан оны зерттеу жалпы жұлдыз атаулының табиғатын түсінуге көмегін тигізеді. Жер орбитасының эллипстігіне байланысты Күннің көрінетін бұрыштық диаметрі едоуір өзгеріп тұрады. Орташа алғанда ол 32 немесе 1/107 радиан. Ендеше Күн диаметрі 1/107 а. б., яғни 1 400 000 км-ге жуық, Жер диаметрінен 109 есе артық деген сөз. Жер атмосферасының шегінен тысқарыда күн сәулелеріне перпендикуляр орналасқан 1 м2 ауданға Күннің 1,36 кВт сәулелік энергиясы сәйкес келеді. Осы санды радиусы Жерден Күнге дейінгі қашықтыққа тең шар бетінің ауданына көбейтіп, Күннің толык сәуле шығару куатын (оның жарқырауын) табамыз, ол 4 • 1023 кВт-қа жуық. 6 000 К (Күннің эффектілі температурасы) температураға шейін қыздырылған дене осындай куатты сәуле шығарады. Жердің Күннен алатын энергия ағыны шамамен оның толық энергиясынын, 1/2 000 000 000-іне тең.....
«Немістер өз кітаптарын өте әдемі жүргізеді және жазуларын өте ұқыпты жазады. Олар Италяндықтардан үйренді»- деп жазды Ян Импин. [цит: 151, с 83]. Бірақ олар бұның бастысын емдеу жағынан қабылдады. Немістердің идеясы италяндықтар секілді қаржылық әскерелеу есебіне сәйкестендірілген жоқ, керісінше материалды жауапты тұлғалы факторлармен ішкі есептерді ашу болып табылады. 1531 жылы Иоган Готлиб италяндық бугалтерияны немістің факторы мен қолдануға әрекет жасап көрді. Немістік және Италяндық синтездеу идеясын жалғастырушы немістің ірі бухгалтерлері Вольфганг Швайкер (1549ж) және Христоф Хагер (1654 ж) болды. Есептің мақсаты: В. Швайкер бухгалтерияны табысты есептеудің және анықтаудың есебі ретінде құрастырды. Әр ұйым және қожайыны үлкен, Есепшілікті білуге тиіс Тексергісі келгенде басқаны Қанша қаражаты білгісі келгенде Дәл осы жар ойды ол бұдан неғұрлым үлкен жоспарға анықтады: ретсіздікті немесе анығырақ айтқанда ретсіздіктен реттілікті дүниеге әкелді. Біз В. Швайкердің жұмысында біз бухгалтеряны анықтығын таба аламыз, ол сол уақыттың ерекше «іскер адамдардың» типтік есебін көрсетеді: «Бухгалтеря басқа бір есептерге ұқсамайды, ол сауданың және келісімін епті суреттемесіне» немесе жазбасы. Осыған қоса ол үй жұмыстарында, кіріс кезінде, түсім және басқада операциялар кезінде және тауарды жіберу, қабылдап алу, сатып алу, сату т.б. Есепті көріністерде есептің дұрыстығы және епті тәсілмен есептеу қатесіз, тез және қиындықсыз соңғы шешімге келеді. Қаржылық есептің шапшаң нәтижесі үшін тағы да төрт ой келді. Факторлы бухгалтерияның шеңберінде Х. Хагер ой қозғады: «Бухгалтерлік есеп- ол әдемі, бейнелі, мұхият сараланған, барлық шығыстармен кірістердің құралу және жасалу жолдарын, оған қоса девиторлар мен кредиторлардың есебін әр уақыт, әр мезгіл, әр сағат немесе әр минут істің мән жайын біліп отыру үшін, және олардың (ілгерілік) прогресс жағдайында ма әлде (кері кету) регресс жағдайында ма, қысқаша айтқанда мүлік иесінің ұтылып немесе ұтып жатқанын көрсетеді»- деп жазды Х. Хагер. Сонымен бухгалтерлік есептің мақсаты- мүлік иесінің ұтылыс жағдайында және ұтыс жағдайында екенін көрсету, шеттен алып шығару, бірақ ол барлық Италяндық неміс бухгалтерлер үшін емес. ....
Дулатов Міржақып (1885 жылы, қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданы – 1935 жылы туған, Карель АКСР-ы (Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы), Беломорск ауданы, Сосновец темір жолы стансасында жерленген, 1996 жылы еліне әкелініп, қайта жерленді) – көрнекті қазақ ақыны, жазушы, педагог, қоғам қайраткері. 1920-жылдардың бас кезіндегі қазақ мәдениеті мен әдебиетінің көнкеті өкілі. Торғайдағы 2 сыныптық орыс-қазақ педагогикалық училищесін бітірген (1902 жылы). 1902-1911 жылдары Торғайда, Қызылжарда мұғалім, 1911-1918 жылдары «Айқап» журналында , « Қазақ » газетінде қызметкер, 1917-1918 жылдары «Алаш» партиясын, Алаш автономиясын, Алашорда үкіметін құрушылардың бірі болып, Қазақ мемлекетін құру ісіне белсене атсалысты. 1920-1928 жылдары « Ақжол » газетінде ( Ташкент қаласында ) редактор, Семейде сот қызметкері, Орынбор қазақ ағарту институтында оқытушы, Қазақ мемлекет баспасында саяси редактор, «Еңбекші қазақ» газетінде жауапты хатшының көмекшісі. 1928 жылы желтоқсанда репрессияға ұшырып, 1935 жылы айдауда жүріп қайтыс болды. 1988 жылы 4 қарашада ақталды.
2. Шығармалары Дулатов Міржақып әдебиет пен мәдениетте жаңа демократиялық бағыттың кеңінен орын алып, дамуына зор үлес қосты. Бұл идея «Оян, қазақ! » атты өлеңдер жинағында (1909 жылы) қуатты ұран болып естілді. «Бақытсыз Жамал» атты тұңғыш романы (1910 жылы) , «Азамат» (1913 жылы), «Терме» (1915 жылы) тағы басқа жинақтары, «Бүркіттің иесі» поэмасы (1917 жылы), «Балқия» пьесасы (1922 жылы), «Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов» (1914 жылы), «Ахмет Байтұрсынов» (1922 жылы) атты мақалалар, сондай-ақ әдебиет, мәдениет, тарих, этнография мәселелері жөнінде жүздеген мақалалар мен зерттеулер жазған. А.С.Пушкиннің, М.Ю.Лермонтовтың, И.А.Крыловтың шығармаларынан кейбір туындыларын қазақ тіліне аударған. Міржақып Дулатов – библографиялық көрсеткіштің ( 1-2 бөлімі, 1926 жылы) , «Есеп құралы» (1921 жылы, кейін 8 рет басылды) мен «Оқу құралы» атты оқулықтардың авторы. Оның шығармалары мен оқулықтары қазақ даласына кеңінен тарап , өлке халқының оянуына , саяси күреске араласуына үлкен әсерін тигізді.....