Тістерді таңдап егеу шықшыт буыны ауруын емдеуде бағытталған комплексті шаралар тіс жақ жүйесінің бұзылуы

Тістерді таңдап егеу шықшыт буыны ауруын емдеуде бағытталған комплексті шаралар тіс жақ жүйесінің бұзылуы

Тістерді таңдап егеу, шықшыт буыны ауруын емдеуде бағыттаалған комплексті шаралар, тіс жақ жүйіесінің бұзылуы.

Пародонт ауруларын комплексті емдеуде тістерді таңдап егеу негізгі шаралардың бірі болып табылады, окклюзиялық бұзылыстарды қалпына келтіру және тістерің тірек тіндерін жарақаттаушы окклюзияны реабилитациялау және алдын алу үшін стимуляциялы, функциональды қысымды қалпына келтіру болып табылады.
Жарақаттаушы окклюзия – бұл бір тістің немесе бір топ тістердің функциональды қысымынан болатын тіс қатарының патологиялық жағдайы, ол пародонт тіндерінің өзгерісіне, бұлшық ет дисфункциясына, самай – төменгі жақ буынының ауруларына алып келеді.
Жарақаттаушы окклюзия интакті пародонт кезінде де болуы мүмкін, тым көп немесе бағыты бойынша дұрыс емес окклюзиялық қысымнан және пародонт ауруларында тістің тірек тіндерінің әлсіздегенде болуы мүмкін. Бұл кезде қалыпты окклюзияның өзі де тіс тіндерін қоршаған толеранттылыған жоғарылап қарапайым окклюзияның өзі жарақаттаушы факторларға айналады. Комбинирленген жарақаттаушы окклюзияның жоғары қысыммен пародонт ауруларының бірігуінен пайда болады.
Клиникада көбінесе тістердің ерте түйісуінен болатын травматикалық окклюзиямен науқастар кездеседі, ол керексіз бүйір қысымға алып келеді( горизонтальды және қисық), ол пародонт ауруының негізгі патогенетикалық факторы болып келеді.
Окклюзиялық түйісудің үш класын ажыратады. Бірінші класс- төменгі моляр және премолярдың ұрт төмпешіктерінің вестибулярлы бетіндегі локализациясы, тағыда төменгі күрек және сүйір тістердің вестибулярлы бетінде. Екінші классқа жоғарғы моляр және премолярлардың таңдай бетіндегі таңдай төмпешіктерінің алдын ала түйісуі жатады. Үшінші класс- жоғарғы моляр және премолярлардың ұрт бетіндегі таңдай төмпешіктердің ерте түйісуі.
Ерте түйісу дара тістердің немесе топ тістердің қажалуының болмауынан, тағыда породонттың зақымдалуынан тістердің орнының өзгеруінен болады. көрші тістің болмауы, антогонист тістің окклюзиялық бетінде пломбаның қатты қажалуы, жақтың дамуының аномалиясы тіс қатарының окклюзиялық бетінің деформациясына алып келеді. Бұл кезде тістерді таңдап егемейді оның орнына окклюзиялық бетті өзгертетін тіс бөліктерін егейді.
Тістерді таңдап егеу тістемнің ақауында, тіс қатарының ақауында, тістің қатты тіндерінің бір қалыпты қажалмауында, төмпешіктердің физиологиялық қажалуының болмауында көрсетілген. Тістерді таңдап егеудің көрсеткішіне пародонт тіндеріне қысымның артық түсуінің клиникалық және рентгенологиялық әдістердің болуы: бөлек тістердің қатты қозғалғыштығы, тіс мойынының және түбірінің жалаңаштануы, жоғарғы немесе төменгі күрек тістердің алға шығуы, желпігіш(веер) тәрізді орналасуы, жақтардың түйісуінің орталық, бүйір және алдыңғы окклюзия кезінде тістердің ерте түісуі кезінде, жақтардың қозғалысына кедергі жасайтын тістердің окклюзиялық бетінің бөліктерінің болуы. Тістерді таңдап егеуді тіс қатарының көптеген түйісу нүктелері болу үшін жасалынады, пародонт тіндеріне функциональды көп қысымның түсуін жою үшін және төменгі жақтың свободной кинематикасы үшін жүргізіледі.
Тістерді таңдап егеудің уақыты аурудың клиникалық суретіне байланысты. Жарақаттаушы окклюзиясы бар және пародонттың айқын қабыну симптомы бар науқастарда тістерді таңдап егеуді тек қабыну үрдісін жойғаннан кейін жүргізу керек. Егер клиникалық суретте сүйек қалталары бар сүйек тінінің деструкция симптоматикасы алда тұрса онда тістерді таңдап егеу операция алды кезеңінде немесе хирургиялық ем кезінде жүргізіледі. Себебі репаративті процесс кезінде окклюзиялық жарақатты болдырмау үшін.
Жарақаттаушы окклюзияның әсерінен тістердің патологиялық қозғалғыштығышы кезінде тістерді таңдап егеу қабынуға қарсы емнің алдында немесе ем кезінде жүргізіледі, себібі окклюзиялық қысым пародонттың тірек тіндеріне активті түрде әсер етеді.
Ерте түйісуді анықтау үшін бірнеше әдістер бар. Кейбір авторлар төменгі жақтың функциональды қозғалысынын артикуляторда жүргізу керек дейді. Бірақ Silverman M. (1962) төменгі жақтың естественных қозғалысын жүргізу дәлірек мағлұмат береді деген. Бұл төменгі жақтың индивидуальды функционалды қозғалысын анықтауға және қалыпты тіс қатарының түйісуінде сырғитын окклюзияны анықтауға мүмкіндік береді.
Тістердің ерте түйісуін анықтау үшін алдыңғы және трансверзальды окклюзия анализі кезінде тіс қатарының түйісу кезінде ғана емес төменгі жақтың экскурсиясы кезінде орталық окклюзиядан алдыңғы немесе трансверзальды окклюзияға ерте түйісудің табу әдісі артикуляциялық көшіру қағазын пайдалану болып табылады(Fakeras A., Szentpetery A., 1981).
Жұмысшы окклюзиограмманы алудың ең оңай түрі тіс қатарларының арасына астынан алюминий фольгасымен жабылған балауыз пластинканы қою болып табылады( Збарж Я.М. және басқалар., 1967; Драгобецкий М.К., 1978; Hurwitz S., 1953; Kontran M. et al., 1981).
Бюгель балауызының жіңішке пластинкасын мөлшері 3 4 см аздап қыздырады, алдын ала кептірілген жоғарғы жақтың бүйір тістеріне төсейді және тістердің, альвеола өсіндісінің контуры бойынша саусақтармен басады. Балауыз пластинканың ашық бетін антогонист тістерге жабыспау үшін сумен шылайды. Төменгі жақты дистальды (ретрузиялы) бағытқа апарады. Ол үшін науқасты креслоның арқасының вертикальды бағытта орнатып отырғызады, бас төсеуіштің ыңғайлы бағытта қойылады, шама келгенше бастың босаңсыған позициясы орнатылады бұлшық еттердің автивтігін төменднту үшін. Дәрігер науқасқа төменгі жағын мүмкіндігінше артқа жылжытуын сұрайды. Сосын науқас бірнеше рет осы бағытта аузын ашып жабу керек. Дәрігер оң қолының алақанын иекке қойып ал бас бармақ пен сұқ саусақты төменгі жақ тістердің шайнау бетіне қояды және науқасқа тістерін түйістіруін сұрайды. Науқас дәрігердің саусақтарын тістеп алмау үшін төменгі жағын арттқа қарай қозғалтады. Тістеудің соңғы кезінде дәрігер науқастың иегін аздап итереді. Осы әдістердің нәтижесінде науқас тіс қатарын максимальды дистальды бағытта түйістіреді, яғни дистальды окклюзияда. Балауыз қалып жарыққа қаралады, балауыздың қатты жұқарқан жерлерін қарайды.
Тістерді таңдап егеу бірнеше қабылдауда (2-5) жүргізіледі, интервал аралығы 5-7 күн. Бір қабылдауда жүргізу керек емес себебі науқасқа өте ауыр және тез қабылдаудан бір кезеңдер істелмей қалуы мүмкін.
Ерте түйісуді супраконтакттың классына байланысты әртүрлі пішінді алмазды бордың көмегімен коррекциялайды, абразив наборын қолданады: фигуралы бастары бар алмазды және карборундты (жіңішке структуралы), қағаз және алмазды сепарациялық дисктарды. Таңдап егеуді бормашина көмегімен және сумен жүргізген дұрыс. Тістердің окклюзиялық бетін таңдап егеуде орталық окклюзияның биіктігін өзгертпей тістің қатты тіндерінің физиологиялық қажалудың жастық белгілеріне қарап жүргізеді. Бұл талаптарды сақтау үшін орталық окклюзияның биіктігін жоғарғы моляр және премолярлардың таңдай төмпешіктері және олардың антогонисттерінің ұрт төмпешіктері ұстайды, ал жоғарғы ұрт төмпешіктері және төменгі тіл төмпешіктері төменгі жақтың бүйір қозғалысын қамтамасыз етеді. Осының себебінен ерте түйісуді орталық және бүйір деп бөлінеді.
Окклюзиялық түйісулерді коррекциялауда негізгі бағыт болып шайнау тістердің окклюзиялық бетінде үш- төрт нүктелі түйісу және алдыңғы тістерде сызықты түйісу болып табылады. Бұл заңдылықты қадаламағанда бір нүктелік түйісу болғанда тістердің қисаюы болады. Тістерді окклюзиялық түйісуден алып тастауға болмайды.
Тістерді таңдап егеудің соңғы кезеңінде егелген төмпешіктерді тегістеу және полировкалау болып табылады. Бұл манипуляцияларды науқаста ыңғайлы сезім болғанша полировкаға арналған жабдықтармен бірінен соң бірі жүргізілу керек (абразивті қағаз дискілер, резеңке дөңгелектері). Құрамында фтор бар полировкаға арналған пасталармен жүргізген жөн: детартриновая (Septodont), Hurgo (Германия)
Тістерді таңдап егеуден кейін науқасқа тістің қатты тіндерін флюоризациясын ұсынған жөн. Локальды аса көп емес тістерді таңдап егегенде бір рет фторизация жүргізген жөн. Толық тістерді таңдап егегенде тіс қатарын 2-3 рет 7 күндік интервалмен құрамында фтор бар препараттармен жабу керек. Электрофорез арқылы фтор препараттарын енгізуге де болады.
Тістерді таңдап егеуден кейін науқасты 6 ай аралығында бақылау керек, себебі бұл кезеңде самай- төменгі жақ буынының адаптация кезеңі жүреді, окклюзиялық қарым- қатынасы стабилизацияланады.
Дәрігерлердің тістерді таңдап егеудегі қателіктері 2 топқа бөлінеді: пародонт аурулардың терапиялық, хирургиялық, ортопедиялық комплексті емінде уақыттың және дұрыс анықталмаған көрсеткіші кезіндегі қателік, таңдап егеу кезінде кезеңдерді дұрыс сақтамаған кезінде.
Тістерді таңдап егеу тек визуальды қарап жасалмау керек. Бұл кезде дәрігер тым көп немесе аз егеуі мүмкін. Тістерді тым көп егеу тістемнің төмендеуіне алып келеді, тістердің температуралық, химиялық, механикалық тітіркендіргіштерге ауру сезімі болуы мүмкін. Ал аз егеген кезде көптеген ерте түйісулер жойылмайды және тіс пародонтының жарақаты ұлғая береді.
Самай- төменгі жақ буыны қосарланған байланыс болып табылады. Бұл буында блок тәрізді (блоковидные) қозғалыстар болуы мүмкін. Оның буын беткейлері түкті сіңірмен жабылған. Ол төменгі жақ басымен және самай сүйегіндегі төменгі жақ шұңқырынан тұрады. Төменгі жақ шұңқырының буын беті төменгі жақ сүйегінің буын басынан 2-3 есе үлкен. Бетінің пішіні эллипс тәрізді. Буын басы мен шұңқырдың инконгруенттігі буын дискісі арқылы түзеледі және буын капсуласының самай сүйегіне жабысуы арқылы жүргізіледі. (сур.1)

Сур.1
1-ligamentum laterale (articulatio temporomandibularis); 2-capsula articulationis temporomandibularis; 3-ligamentum sphenomandibulare; 4-ligamentum stylomandibulare; 5-foramen mandibulae; 6-arcus zygomaticus; 7- sinus sphenoidal; 8-fossa hypophysialis.


1971 ж. Ревматологтардың союзаралық съезінде артриттардың келесі классификациясы орнатылды: басқа аурулармен біріккен өзінше нозологиялық формалар және травматикалық артриттер. Бірінші топқа ревматоидты артритті жатқызады, ревматикалық полиартрит, спецификалық артрит, инфекциялы- аллергиялық полиартрит, Рейтер ауруы және т.б. екінші топқа аллергиялық аурулардан, зат алмасу бұзылыстарынан дамитын, қосалқы тіннің (соеденительная ткань) системалық жарақатынан, қан ауруларынан, өкпе, ас қорту жүйесінің, қатерлі жаңатүзілістерден және т.б дамитын артриттер жатады. Үшінші топқа механикалық жарақаттанудың әсерінен, олардың анатомиялық структурасынан дамитын артриттер. Артроздар буын ауруларының аса көп тараған түрі болып табылады, көбінесе 40 жастан жоғары адамдар ауырады.
Самай- төменгі жақ аурулары бар адамдарды қарау кезінде науқастың шағымын, ауру және өмір анамнезін, қарап тексеру мағлұматтарына, төменгі жақтың функциясын анықтауда, пальпация, рентгенография, қанның клиникалық және биохимиялық анализдеріне, иммунологиялық зерттеулурге нақты баға беру керек.
Артриттер.
Аурудың этиологиясына байланысты инфекциялық және травматикалық, ал ағымына байланысты – жедел және созылмалы болады. инфекциялық артриттер спецификалық және спецификалық емес болып бөлінеді. Жарақаттаушы артриттар механикалық жарақаттың себебі болады.
Жедел артрит. Самай- төменгі жақт буынының жарақат әсерінен жедел артриті ауыр механикалық әсерден болады: соққы, ауыз қуысын қатты ашу және т.б.
Инфекцияның әсерінен дамыған жедел артрит жедел тонзилит, қатты суықтану, тұмау және т.б әсерінен дамиды. Ревматикалық және ревматоидты артриттер гематогенді инфицирленудің немесе отит, мастоидит, төменгі жақ бұтағының остеомиелиті, іріңді паротит және т.б аурулар кезінде инфекцияның таралуынан болады.
Жедел артритті жедел отиттен, үшкіл нервтің невралгиясынан, перикоронариттен, және басқада клиникалық суретінде артропатия белгілері білінетін аурулардан, яғни подагра, вирусты этиологиясы бар жедел вирусты артриттерден, Бехтерев ауруынан, Бехчет синдромынан, инфекциялық- аллергиялық полиартриттерден және т.б аурулардан ажырату керек.
Жедел артриттің қайсы да бір этиологиясы болсын емдеуді буынға тыныштық орнату арқылы жүргізіледі. Оны жеке дара жасалған байлам арқылы және жарақаттанған бетке қойлатын тістемді көтеретін пластинка немесе прокладка арқылы жүргізеді. 2-3 күнге қояды. Тамақ сұйық болу керек.
Травмвтикалық артрит кезінде емді ауру сезімін басу үшін жүргізеді, буынға құйылған қанның сорылуын және төменгі жақтың толық қалпына келуін қамтамасыз ету болып табылады. Науқасқа анальгетиктер тағайындайды (анальгин 0,25 г күніне 3 реттен) және жергілікті гиперемияны 2-3 күндей, содан кейін УВЧ- терапиясын 10-15 мин 6 күн, электрофорез калий йодиді және новокаин (бірінен соң бірі). Бір уақытта ронидаза компресстері, парафино- немесе озокеритотерапия, балшықпен емдеу тағайындалуы мүмкін. Ауру сезімі басылмаса Бернердің диадинамикалық тоғын ұсыну керек (2-3 сеанс).
Ревматикалық және ревматоидты артриттердің емі консервативті жолмен ревматолог дәрігермен бірге жүргізіледі. Тағайындалатын комплексті терапия әдісіне қабынуға қарсы стероидты емес, антибактериальды, стероидты препараттар қалданылады. Стоматолог дәрігерінің мақсаты ауыз қуысын санациялау және тістемнің биіктігін қалыптастыру үшін тістерді рациональды протездеу.
Іріңді артрит кезінде науқасты оперативті жолмен емдеу керек: қабыну ошағын ашу және дренаждау. Бұл әдіс стационарда жүргізіледі.
Жазылу барысында науқастарға УВЧ- терапиясын, электрофорез, диатермия, копресстар тағайындалады.
Дер кезінде немесе емнің толық жүргізілмеуінде жедел іріңді артрит және травматикалық артриттер көбінесе балаларда анкилозбен асқынуы мүмкін.жедел ревматикалық және ревматоидты артриттер созылмалы түрге ауысуы мүмкін.
Созылмалы артриттер. Созылмалы артрит көбінесе буындарда созылмалы (ноющие) ауру сезімімен, буынның әрең қозғалуымен, дыбыстардың болуымен, тыныштық кезінде немесе таңертен буындарының тырысып қалуымен түсіндіріледі. Томенгі жақ функциясының қалпына келуінде жоғарылайтын тұрақты, өздігінен болатын ауру сезімі болады. науқас аузын 2-2,5 см ғана аша алады. Аузын ашқанда дыбыстар шығады және иек жарақаттанған буын жаққа қисаяды. Буынды пальпациялағанда ауру сезімі күшейеді.
Ревматикалық және ревматоидты артриттің емін дәрігер ревматолог жүргізеді. Жарақаттаушы артриттердің созылмалы түрге өткенде ультрадыбысты терапияны, парафино- немесе озокерито- терапияны, шайнау бұлшықеттердің массажын, ара уының электрофорезі, медициналық желч, йод препараттарын тағайындайды. Миогимнастика әдісі жақсы көмек береді (Рубинов И.С 1965).
Комплексті ем кезінде мұрын- жұтқыншақ және ауыз қуысының санациясы жүргізілуі керек, көрсетілімі бойынша тістерді протездеу жүргізілу керек.
Инфекциялы- спецификалық артрит. Көп кездеспейді. Гонореялы, туберкулезді, актиномикотикалық сифилисті артриттер кездеседі. Олар инфекцияның гематогенді (лимфогенді) таралуынан және буынға енуінен пайда болады.
Инфекциялы- спецификалық артриттердің емі басты аурудың жоюына бағытталған және армайы специалисттердің көмегімен жүргізіледі.
Артроздар.
Бұл аурудың негізінде дистрофиялық өзгерістердің әсерінен болатын процесстер жатыр, ұзақ уақыт бойы, баяу дамитын қабыну немесе созылмалы микротравма, оның ішінде негізгі орынды жартылай адентия бір жақты шектелмеген ақауда, тіс- жақ деформациялары және тістерді протездегенде дұрыс емес артикуляциялық қарым- қатынас жасалу кезінде болады. Қабыну және дегенерация процесстерінің бір уақытта өтуінен сіңір және сүйек тінінің деструкциясымен және пролиферациясымен жүретін самай- төменгі жақ буынының анатомиялық структурасының остеосклероз және остеопароз белгілері пайда болады, ол конгруенттің деформациясына және бұзылуына алып келеді. Бұл белгілердің ауқымдылығына байланысты склерозирлі және деформациялық артроздар болып бөлінеді.
Диагнозды клиникалық, рентгенологиялық және лабораториялық зерттеулердің нәтижесі арқылы қойылады.
Науқастарды емдеу комплексті түрде жүргізіледі: медикаментозды, физиотерапиялық, ортопедиялық және керек болса оперативті. Медикоментозды емді ревматологтар тағайындайды. Ол өзіне бруфен, вольтарен, В тобындағы витаминдер, стероидты препараттар кіргізеді. Бірақ стероидты препараттарды буын ішілік енгізгенде тек қосалқы маңызы бар және симптоматикалық терапия ретінде болады.Бұл әдіс аурудың соңғы кезеңдерінде екіншілік остеопароз кезінде және остеопароз белгілерінің пайда болуында жүргізілмеу керек. Себебі ол олардың асқынуына алып келуі мүмкін. Кортикостероидтарды пайдалану жарақаттаушы артроз кезінде қарсы көрсетілген.
Медикаментозды еммен бірге физиотерапияны тағайындайды: электрофорез, желч, ара уы, лидаза, йод препараттары. Тағыда: парафино- және озокеритотерапия, балшықпен емдеу, инфрақызыл сәуле және лазерлі сәуле тағайындалуы мүмкін. Шайнау бұлшық етінің массажын және миогимнастика тағайындалады. Жақсы нәтиже алу үшін тістерді рациональды пртездеу болып табылады. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру