Әдебиет | Міржақып Дулатовтың өмірбаяны

Әдебиет | Міржақып Дулатовтың өмірбаяны

ХХ ғасырдың басында Қазақстан Россия империясының капитализмге дейінгі өндірістік қатынастар үстем болған аграрлы-отарлық шет аймағы болды.
Отарлаушылар қазақ халқының жері мен оның табиғи байлығының айтарлықтай бөлігіне иелік етіп қана қойған жоқ , олар қазақтарды рухани жағынан да отарлады: халықты тілінен,діннен,ділінен айыру бағытында қатыгездікпен ойластырған шаралар жүйесін жүзеге асырды.Бұл жөнінде Міржақып Дулатов 1907 жылы жазылған «Қазағым менің,елім менің» атты мақаласында былай деп ашына жазған еді.
«... Ең алдымен қазақ халқы – Россияға тәуелді халық оның ешқандай правосы жоқтығы кек тудырады. Халықтан жиналған салық қаражатының көп бөлігі халыққа, тіпті, керек, емеснәрселерге жұмсалды... Енді чиновниктер (патшаның отарлау жүйесінің ресми өкілдері – Қ.Н.) біздің дінімізге,атадан мұра болып келе жатқан әдет-ғұрыптарымызға,біздің моллаларға ғана тиісті неке мәселелеріне араласа бастады,діни кітаптарды тұтқынға алды»
Қазақ ауылының басқаратын әкімшілік жүйе патша үкіметінің отарлау-өміршілдік аппаратымен біте қайнасып кеткен байшонжарлар өкілдерінің қолындаболды.
Қазақ өлкесіндегі әлеуметтік – экономикалық және саяси хал-ахуал,негізінен,аграрлық,ұлттық және белгілі дәрежеде таптық мәселелердің шиеленісуімен ерекшеленеді.Қазақстанда осы шиеліністен туындаған аграрлық және ұлттық-азаттық қозғалыс ең алдымен отаршылыққа қарсы бағытталды.
Басқа сөзбен айтқанда, ұлттық-демократиялық интеллигенция басшылары бірінші орыс ревалюциясы жылдарында империяда,оның ішінде Қазақстанда да, қалыптасқан қоғамдық-саяси хал-ахуал жағдайында орталықтың(центристік) позицияда болуға тырысты. Өз бастамаларын халыққа түсіндіріп,оларды жүзеге асыру үшін әрекет жасау барысында ұлттық интеллигенция жетекшілері екі жақтан – сол және оң бағыттардағы саяси күштерден сынға ұшырап, қарсылыққа кездесті.Солшыл бағыттағы саяси күштер (социал – демократтар мен социалист-революционерлер) қазақ интелигенттердің орталықтық позициялары ревалюциямен халыққа қарсыпозиция депайыптады.Ал,оңшыл бағыттағы саяси күштер(монархистер мен оларды жоқтаушылар) қазақ интеллигенттерін солшылдарды қостаушылар және біртұтас империялық мемлекеттің негізін шайқалтуға бағытталған саясат жүргізушілер деп байбалам салды.
Қазақ зиялылары жалпыдемократиялық мәндегі ұлттық тең құқылық,халықтың мәдениетін көтеру,әйел теңдігін қамтамасыз ету,отаршылдардың жер мен суды тартып алуына наразылық білдіру сияқты маңызды мәселелерде өз шығармаларының өзекті тақырыптарына айналдырды.Жалпыдемократиялық мазмұндағы талаптілектердің өзі халық арасында обьективті,табиғи түрде отарлық езгіге қарсы саяси хал-ахуалды қалыптастыруға қызмет етті. Осындай өмірлік сұраныстан туған және оған жауап берген санаулы дүниелердің бірі 1909 жылы Уфа қаласында жарық көрген Міржақып Дулатовтың «Оян,қазағы» еді.Кітапқа эпиграф ретінде алынған:
«Көзіңді аш,оян қазақ,көтербасты,
Өткізбей қараңғыда бекер жасты.
Жер кетті,дін нашарлап,хал һарам бол.
Қазағым,енді жату жарамасты».-
деген шұмақ «Оян,қазақтың» айтайын деген басты идеясын дәл берді. Сол кезде Ахмет Байтұрсынов қаламынан туған,біріқ оның 1911 жылы Орынборда жарық көрген «Маса» жинағына цензура енгізбей тастаған мына жолдар да жоғарыда келтірілген Міржақып өлеңімен сабақтас;
«Қазағым,елім,
Қайқайып белің
Сынуға тұр таянып.
Талауда малың,
Қамауда жаның,
Аш көзіңді оянып».
Қазақты сынау мен ояту үрдісін үлкен ұлттық мәселе ретінде ХІХ ғасырдың соңғы ширегі мен ХХ ғасырдың басында ұлы Абай негіздеген еді.ХХ ғасыр басында оны Міржақып Дулатов пен Ахмет Байтұрсынов жалғастырды. Міржақыптың «Оян,қазағында»ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық , қоғамдық-саяси өміріндегі өзгерістер көркем сөзбен шыншыл кестеленген. Патшалық Россияның отарына айналған ел мен жердіңтағдыры,оқу-ағарту мен дін жағдайы, жетімдер мен жесірлер халі,ауылдағысайлау ісі сияқты мәселелер – «Оян,қазаққа» тақырып болған мәселелер. Сонымен бірге Міржақып қазақ жастарына оқып,білім алуға, өркениетті елдерденүлгі алуға шақырады. Міржақыптың өз сөзімен баяндасаң, ол халқының «өткенін сайрап, өз өмір сүрген сол кезеңнің кемшілігін зарлап айтты». «Оян, қазақ» ең алдымен патша үкіметінің отарлық саясатын әшкерлеумен құнды. Патшалық отарлаушылар, дейді М.Дулатов, ең алдымен қазақтың жерін тартып алды. «Әйтеуір ата – бабам мұсылман» деген дүрмекті қоятынкезең келді дей отырып, Міржақып Дулатов «Қазақтың көп жерінде мешітіжоқ,жоғына себеп болған миссонер поп» депбасып айтты. М.Дулатов қазақтың езілген, адасқан,тығырыққа кез келген халін барынша дәл көрсетті. Осылай болудың басты себептері патша үкіметінің саясатына (жерге,дінге,әкімшілік сайлау жүйесіне тікелей қатынасы бар) байланысты деп түсінді, алайда ол басты айып жаңа дәуірге (Россияның отары ретінде метрополиямен бірге капиталистік қатынастарға ене бастаған дәуірге) ыңғайласа алмаған халықтың өзінде деп санады.
ХХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында қалыптасқан қазақ интеллигенттерінің басым көпшілігі тек қана бір кәсіби мамандықтың тізгінін ұстаумен шектелмейді, әмбебап мамандар ретінде қызмет етті, олар оқу-ағарту ісімен де, қазақ тілінде басылымдар шығару қамқарекетімен де, жан-жақты шығармашылық жұмыспен де қатар айналысты. Осылардың барлығына ортақ қасиет, ортақ ерекшелік олардың қазақ қауымының қоғамдық-саяси сұраныстарына мүмкіндігінше толық жауап беруге ат салысуы еді.
Зиялылардың саяси көзқарастарының қалыптасып, қоғамдық-саяси қызметке араласуына бірінші орыс революциясы белгілі дәрежеде ықпал жасады.
Осы жылдары қазақ интеллигенциясының алғашқы легінің белгілі өкілдерінің көпшілігі (Ә.Бөкейханов, Х.Досмұхамедов, М.Тынышбаев, Ж.Ақбаев, Ж.Досмұхамедов, Б.Қаратаев, М.Дулатов, т.б.) бірінші орыс революциясы ықпалымен елде орын алған саяси хал-ахуалға сергектікпен әрі сын көзімен қарады, ал содан кейін барып сол кезде империяның орталықтарында пайда болған саяси ұйымдардың қайсысынан үлгі алу мәселесін шешуге тырысты.
Солардың алғашқы көрінісін бірі 1905 жылдың соңында Орал қаласында өткен Ә.Бөкейханов, Ж.Сейдалин, М.Дулатов, Б.сыртанов, Б.Қаратаев сияқты қазақ өкілдерінің «Бес облыстық дегегаттар съезі» аталған бас қосуда жасаған «Қазақ конституциялық» саяси партиясын құру жөніндегі әрекеті болды. Бұл әрекет сол кезде Петербургте оқуда жүрген Халел Досмұхамедов тарапынан да қолдау тапты.
Жаңадан дүниеге келген осы саяси ұйымның жетекшісі болып Ә.Бөкейханов бірауыздан мойындалды. Осы кезден бастап ғалым-экономист, публицист, әрі әмбебап терең білім иесі Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың жалпыұлттық саяси тұлғаға айналу жолы басталды.
Демек, бірінші орыс революциясы жылдарында Әлихан Бөкейхановтың төңірегіне топтасқан қазақ зиялылары өздерінің саясатқа араласқан алғашқы қадардарында сол кезде патша үкіметіне оппозоцияда болған кадеттер партиясы өздеріне белгілі дәрежеде үлгі тұтты.
Сондықтанда да 1905-1907 жылдары қазақ интеллигенциясы кадеттер ұсынған Россия қоғамын реформалау талаптарын жүзеге асыру жолында жүргізілген саяси науқандарға қатынасуда айтарлықтай белсенділік көрсетіп нақтылы іс-әрекеттерге барды. Олар атап айтқанда, біріншіден, қазақ қауымын басқарудың ең болмағанда уездер мен болыстар шеңберіндегі отарлық сипатын өзгертуді талап етті.
Қазақ зиялылырының белсенділігі І және ІІ мемлекеттік Думаның жұмысына тікелей араласуымен шектелген жоқ. Олардың кейбір өкілдері бірінші орыс революциясы жылдарында өріс алған Россия мұсылмандарының қоғамдық-саяси алған Россия мұсылмандарының қоғамдық-саяси қозғалысына қатынасты, мемлекеттік Думаның мұсылмандар фракциясының қызметінің сапалы атқарылуына жәрдемдесті, Түркістан мен Қазақстаннан Думаға депутат болып сайланғандарды олардың сайлаушыларымен байланыстырып тұрды.
1908 – 1913 жылдардағы қазақ ұлттық-демократиялық интеллигенциясының саяси қызметі үшін өзіне тән айтарлықтай ерекшеліктері бар уақыт болғандығын байқау қиын емес. Осыған орай мына жәйттерді ерекше атау қажет сияқты: 1) 1908-1912 жылдары Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі кейбір жекелеген қайраткерлердің орнын қоғамның көкейтесті проблемаларын білетін, оларды шешудің жолдары мен әдістерін анықтауға қабілетті зиялы қауымның белгілі топтары алмастырды; 2) Қазақ интеллигенциясының осы жаңа буыны өзінің шығармашылық еңбегі арқылы халықтың тарихи зердесіне барлау жасай отырып, оның ұлттық сана жоқ жағына себебі болған миссионер поп, деп басып айтты.
Түптеп келгенде М.Дулатов халықты оқу, өнер үйрену, оянуға, мұсылманшылық арқылы имандылыққа шақырды.
Қазақты сынау мен оятудың Міржақып Дулатов уағыздаған идеясына ұқсас, сонымен сарындас сөздерді Ахмет Байтұрсынов та, Әлихан Бөкейханов та, кейін Алаш қозғалысын бастаған зиялылардың көпшілігі айтты. Мәселен, 1911-ші жылы жазылған Ахмет Байтұрсыновтың «Қазақтың өкпесі» атты мақаласында мынандай жолдар бар: «... Ата жолдасы надандық, өнерсіздік қазір қазақтан айырылатын емес. Надандықтың кесапаты өр жерден-ақ маңдайымызға тисе де, ата жолдасымыз болған соң, біз де қиып айырылмай келеміз... Жоқты барға теңгерген ғылым мен өнерді керек қылатын қазақ аз... » Осы ғалым мен өнерді керек қылатын «қазақтардың» көбеюі Ахмет Байтұрсыновтың ойынша халықты тығырықтан шығаратын сара жол болып табылады. Осыны ұққысы келмегендерге, халықты өркениетті елдер қатарына қоссам деп өзін-өзі азапқа салғанда сөз ұғып, жөнді жолға түсу былай тұрсын, оның өзіне қастандық жасап, абақтыға жаптырғандарды А.Байтұрсынов «көк есектерге теңеді, ашу-ызыға булықты.
«... Қинамады абақтыға жапқаны,
Қиын емес дарға асқаны, атқаны.
Маған ауыр осылардың бәрінен
Өз аулымның иттері үріп, қапқаны».
Ахмет Байтұрсынов: «... газет - халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек... Жұртым деп халықтың арын арлап, зарын зарлап, халықтың сөзін сөйлеп, пайдасын қорғап, зарына қарсы тұрып, қарғаға көзін шоқытпасқа тырысады», - деген тұжырымы арқылы мерзімді баспасөздің қоғамда алатын орнын, оның саяси маңызын барынша айқындап берді. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру