Отбасы – ежелден қалыптасып қана қойған жоқ, сонымен бірге қоғамның әлеуметтік құрылымының негізгі элементтерінің біріне айналды. Отбасы ерлі-зайыптылардың арасындағы, ата-ана мен балалар арасындағы, басқа да туыстық тұрпаттағы қарым-қатынастарды негіздей отырып, өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың дамуына орай қоғаммен, мемлекетпен органикалық байланыста болады. Отбасында пайда болып, тұрақты орныққан әлеуметтік жағдайды сараптау, оның мән-мазмұнын ашу, сонымен бірге сол ортадағы әке мен шешенің, олардың ұрпақтарының алатын орнын, рөлін, отбасының ішкі құрылысын, атқаратын функциясын және т.б. зерттеу әлеуметтану ғылымының алға қояр аса маңызды талаптары. Отбасы – белгілі бір әлеуметтік нормалар, санкциялар, мінез-құлық (жүріс-тұрыс), құқық және міндеттер үлгілермен, ерлі-зайыптылар, ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынастарды реттеушілікпен сипатталатын әлеуметтік институт болып табылады. Сонымен қатар отбасы – некеге немесе қаны бір туыстыққа негізделген, ал оның мүшелері тұрмыстың ортақтығымен өзара жауапкершілікпен және өзара көмек көрсетумен байланысқан шағын топ. Неке отбасындағы қатынастарды қалыптастырушы болып саналады. Некенің маңызды принциптері бар. Олардың қатарына жар таңдау еркіндігі, сүйіспеншілік , өзара сыйластық, т.б. жатады. Қоғам некелік байланыстардың нығаюына, отбасының тұрақтылығына мүдделі. Мемлекет отбасына өзінің отбасы және неке туралы заңдарымен ықпал етіп, отбасы мүшелерінің бір-бірімен және олардың қоғаммен, мемлекетпен қарым-қатынастарын реттеп отырады. Отбасы көптеген қоғамдық ғылымдардың: әлеуметтанудың, экономиканың, құқықтанудың, этнографияның, психологияның, педагогиканың, саясаттанудың және демографияның зерттеу объектісі болып саналады. Оладың әрқайсысы өз пәндерінің ерекшеліктеріне орай отбасының өмір сүруі мен дамуының ерекше жақтарын жете зерттеп қарастырды. Мысалы, әлеуметтану отбасына талдау жасағанда ең алдымен оны некенің негізінде құрылған және белгілі бір әлеуметтік қызметтерді атқарушы әлеуметтік институт ретінде қарастырады, сөйтіп некенің тұрақты немесе тұрақсыздығының себептерін және отбасын нығайтудың жолдарын зерттеуге көңіл аударады. Осыдан келіп әлеуметтік институт пен шағын әлеуметтік топтың белгілерін өз төңірегіне жинақтаған отбасының пайда болуы, оның өмір сүруі мен дамуы заңдылықтарын зерттейтін әлеуметтанудың тағы бір саласы – отбасы әлеуметтануы қалыптасты. ....
Әрбір жанжал себебінің туындауы бойынша қайталанбас және де істің нәтижесі тәртібі бойынша екі немесе одан да көп жақтары өзара әрекеттестік формада болады. Осыған орай жеке адам және кез-келген қоғам болсын, басқа да адамдармен қарым-қатынаста өздерінің жанжалдық ситуациядағы тәртіп стилінде бір-біріне деген рухани көмекті және келісу манерасын айқындайды. Бірақ барлық жанжал мінез-құлық стилі және келіспеу манерасы жалпы бір белгіге ие. Осы мәселенің шешімі бірінші ретте жанжалға түскен жақ айқындалса ғана, онда бұл оларды іс-әрекетте серіктес болуға ықпал жасайды. Барлық жанжалдың стандартты даму схемасы болады: қақтығысқа әкелетін тікелей себептер,- бұл қызығушылықтары мен мақсаттары ұқсас болмауынан, болады. ....
Мыңжылдықтар тоғысында, индустриялы қоғамның постиндустриялы қоғамға айналып, барлық халықтар мен өркениетті елдер өздерін шырмауықша орап ғаламдастырудың құшағында қалып қойған бұлтарысы көп тарихи кезеңде ғалымдар мен мемлекеттік қызметкерлер алдында бұрын соңды болмаған күрделі де аумақты мәселелер туындады. Бұл түбегейлі өзгерістің мәнін түсіну, әрі қарай дамудың үрдісін көре білу, оңдаған, жүздеген миллион адамдардың мүддесіне сай келетіндей ең тиімді қайта құру стратегиясын таңдай білу өмірдің өзекті талабына айналды. Дүниежүзілік қауымдастықтың мүшелері арасында өзінің лайықты орнын алу үшін әрбір мемлекет өз әлінше алға ұмтылып жатқан кезеңде Оңтүстік Азия субконтинентінің кеңістігіне орналасқан Пәкістан сияқты мемлекеті де әлемдік және аймақтық істерге белсене қатысты. Пәкістан Ислам Республикасы – Оңтүстік Азия субконтинентінің солтүстік-батысында орналасқан. Оңтүстік батысында Иранмен, батысында және солтүстік батысында Ауғанстанмен, солтүстік-шығысында Қытай Халық Республикасымен, шығысында Үндістанмен шектеседі. Территориясы – 803 943 мың кв. км, халқының саны – 140,7 млн (2001 ж.). Астанасы – Исламабад қаласы. Әкімшілік жағынан: Пенджаб, Синд, Белуджстан, Солтүстік-Батыс Шекаралық провинцияларға бөлінеді. Халқының 97%-ы – мұсылмандар. Тақырыптың өзектілігі. Пәкістан Еуразия континентінің Азия бөлігіндегі маңызды мемлекеттердің бірі болып табылады. Бұл осы елдің географиялық жағдайы мен экономикалық потенциялына ғана емес, сонымен бірге оның геосаяси процестерге әсер ету дәрежесімен де байланысты. Соңғы кездері Пәкістан аймақтық және жаһандық қауіпсіздік мәселелеріне көптеп көңіл бөлуде. 1998 жылы Пәкістан үндістан ядролық сынағына жауап ретінде өзінің ядролық қаруларын пайдаланды,
Тақырыптың мақсаты мен міндеттері. Пәкістанның сыртқы саясатындағы ұстанған бағыттары мен принциптерінің әлемдік деңгейдегі қызығушылықтарын ғылыми жағынан ашу; елдегі ішкі және сыртқы саяси жағдайлардың шиеленісуі, мемлекет арасындағы қайшылықтарды реттеу, елдің саяси және әлеуметтік өмірін, халықаралық жағдайды және ұлттық аймақтардағы халықтардың жалпы жағдайын негізге ала отырып, жан-жақиы зерттеп, Пәкістан мен Үндістанға қатысты Кашмир мәселесі, және де Ауғаныстан қатынасындағы қайшылықтардың себептерін, оның аймақтық мәселеге қатысы, сыртқы саясатқа әсерін анықтау. Аталған мәселелерді жүзеге асыру үшін жұмыстың алдына төмендегідей нақты міндеттер қойдық: - қарастырып отырған кезеңдегі Пәкістан мемлекетінің сыртқы саясатына қатысты қауіпсіздік мәселелеріне талдау жасау; - Пәкістан, Үндістан ұстанған факторларын салыстыра отырып талдау жасау ....
Кіріспе Тақырыптың өзектілігі. Әр ғасыр адамзат тарихында өзіне ғана тән ерекшеліктерімен із қалдырып келген. XX ғасыр әлемде бейбітшілікті сақтау және қауіпсіздік туралы жаңалықтар енгізді. Ғылым мен техника, мәдениет пен рухани саласындағы жетістіктерден тыс халықтардың әлеуметтік, саяси, экономикалық, денсаулық жағдайындағы өзгерістерді және ғаламдастыру, оның әлемге енген бағыттары туралы атаған дұрыс. Соңғы жылдары ғаламдастыру термині адамның күнделікті тұрмысына тез қарқынмен еніп, бұқаралық ақпараттар құралдарында жиі қолданылып жүр. Ғаламдану – ұлттық экономикалардың бүкіл әлемдік жүйеге бірігуі.ол соңғы онжылдығында пайда болған капиталдың еркін қозғалысына,әлемнің ақпараттық жаңалықтарға ашытылығына,те [1]. Ғаламдану – бірмезгілде мемлекетаралық және трансұлттық формаларды дамытатын екі жақты процесс. Ғаламдастырудың бағыттары: мемлекеттер, мемлекеттік одақтар, халықаралық ұйымдар, мемлекеттік емес ұйымдар. Бұлар олигополистикалық бағыттар. Ғаламдану – бұл нарықтық процесс, өмірді гомонегизациялау [2]. Оның жүйесіне азық-түлік, оның бағасы, денсаулықты сақтау деңгейі, нарықтық табыстардың деңгейі, банктік проценттік баға жатады. Бұл принциптер әлем деңгейіндегі беталысты теңдестіруге және әлемдік экономика процесінің құрылымына өзгерістер еңгізуге бағытталған. ....
Ақтөбе облысы Кеңқияқ ауылының тұрғыны Гүлдана Тұрғалина күйеуінің соққысынан шаршаған келіншектердің бірі. Тұрмыстық жанжалдан әбден мезі болған ол әйелдер құқығын қорғайтын ұйымға жүгінгісі келеді.