Корей қыздарының құпиясы: бет терісін тазарту мен ылғалдандыру

Көбіміз корей қыздарының бет терісіне қызығамыз. Бірақ сұлулық сыры олардың шығаратын косметикалық құрылғылары мен маскаларында шығар деп жылы ысырып қоя саламыз да, өзіміздің үйреншікті кремдерімізді жағып жүре береміз. Негізінде корей қыздарының балғын терілерінің сыры – олардың қолданатын құрылғыларынан гөрі, дұрыс күтімінде. Яғни олардың косметикалық құралдарының баламасын біздің елде де табуға болады, мәселе оны ретімен пайдалануда жатыр. Бүгін біз сіздерге теріні дұрыс тазарту мен ылғалдандыру әдістерін үйретеміз. Бұл процедура біраз ұзақ болатындықтан оны көбі ерініп, жасамауы мүмкін. Бірақ мінсіз бет терісін армандайтын қыздар үшін қарапайым әдістерді дағдыға айналдыру түкке тұрмайды деп ойлаймыз. ......
Кеңестер
Толық

Мінезімді түзеймін десеңіз

Қолыңызға қағаз бен қалам алып, тізім жазуға кірісіңіз. Бір жағына өзіңізге ұнамайтын қасиеттеріңізді, екінші жағына өзіңізге қажетті қасиеттерді тізіп жазыңыз.

Сіздің қандай негативті жақтарыңыз бар екен жақындарыңыз айтып бере алады. Бұл жолмен сіз өзіңізге сырт көзбен қарай аласыз. Жақындарыңыз сізге бар шындықты айтсын десеңіз, оларға ренжімей, сынды дұрыс қабылдай біліңіз.

Тізіміңіз дайын болған соң, жағымсыз қасиеттеріңізді түзейтін амалдарды жазуға кірісіңіз. Мысалы, жалқаулықты қандай да бір белсенді әрекетпен, пессимизмді позитивті ойлармен, ашу-ызаны мейірімділік, ізгілікпен, батылсыздықты ойдағы нәрселерді іске асыруға әрекет жасаумен түзеу секілді тәсілдерді тізіп жазыңыз.

Мінезіңіздің өзгеруі өміріңізге қандай өзгерістер алып келетінін елестетіп көріңіз. Алайда, бұл әрекет оңай емес екенін ұмытпаңыз.

Кейде сырт келбетіңізді өзгерту мінезіңіздің өзгеруіне де септігін тигізеді, әсіресе, әйелдер қауымында.

Мінезіңізді түзеу үшін, ең алдымен, ішкі жан дүниеңіздегі, түйсігіңіздегі тұрақталып қалған қағидаларды өзгерту керек, себебі, онсыз мінезіңіз өзгерсе де қысқа мерзімге ғана жетеді.......
Денсаулыққа пайдалы кеңестер
Толық

​Аяқтан өткен суықты ыстық картоп емдейді

✅ Аяқтан өткен сызды дер кезінде емдеу керек Қыс мезгілі былай тұрсын, жаз мезгілінде далада қапырық, қырық градус ыстық кезде аяғы мұздап, терлеп жүретіндер сіздердің де араларыңызда бар шығар. Жанына батып ауыртпаған соң тексерілуді құнттамайды. Жә, жарайды. Ол кезде аяғыңыз мұздаса да бойыңыз жылы жүреді емес пе?!

✅Ал қыс мезгілінде аяғыңыздан суық өткізіп алудан сақтаныңыз. Өйткені аяқтан өткен сыз басыңыздан бір-ақ шығады. Мұрныңыз пысылдап, көзіңіз жасаурап, жөтеліп, түшкіріп шыға келесіз. Әсіресе, қысы ылғалды болатын Шымкент жұртшылығына өте таныс жағдай болса керек. Қар жауып тұрғанымен, аяғыңызбен су кешіп жүресіз. Бұл енді табиғаттың құбылысы. Ал біз өз жағдайымызды ойлайық.......
Кеңестер
Толық

Нан қандағы қант деңгейін төмендетеді

Бүтін дәнді және бидай наны денсаулық үшін аса маңызды. Ол диабеттің өршу қаупінің алдын алады.

Шығыс Финляндия Университеті мамандары зерттеу жүргізіп, жасұныққа бай бүтін дәнді нанды жиі тұтыну қандағы қант деңгейін төмендетуге және екінші дәрежелі диабеттің өршу қаупінің алдын алатынын дәлелдеген.

Қара және бидай наны да инсулинге төтеп беру реакциясын жақсартады, ал ақ нанның қанты жоғары адамдарға да, дені сау адамдарға да аса пайдасы жоқ екені дәлелденген. ......
Кеңестер
Толық

Жидек десертін жасап үйренейік

Панна котта – кілегейден жасалатын танымал итальян десерті. Оны әдетте жеміс-жидек пен тәтті соуспен бірге қонақарға ұсынады. Панна котта итальян тілінен аударғанда қайнаған кілегей деген мағына береді.

Оны дайындау үшін:

- 1/3 стақан майлылығы 10 пайыз болатын кілегей;
- 1 ас қасық желатин;
- 2 стақан сүт;
- 100 гр қант үгіндісі керек болады......
Кеңестер
Толық

Неліктен жаз мезгілінде балалардың іш өтуі көбейіп кетеді

- Жұқпалы жедел ішек ауруларының бас көтеретін мезгілі қазіргідей жаз айлары болып есептеледі. Ішектің ауруға шалдығуынан, кейде іштің бұзылуы организмінің кейбір тағамдарды қорыта алмауымен байланысты. Ішек инфекциясы- жұқпалы ауру. Инфекция ауыз арқылы жұғып, қоздырғышы ішекте өсіп жетіледі де, микробтары нәжіспен ілесіп сыртқы ортаға тарайды. Инфекция гигиеналық тазалықтың төмен дәрежеде болуынан, азық-түліктерден, мәселен, жуылмаған көкөністерден, пісірілмеген сүттен, сапасыз тағамдарды пайдаланғаннан, шала пісірілген тағамдарды қолдану, сондай-ақ, ауыз суды қайнатпай ішкендіктен, лас суға түскендіктен жұғады. Жаз айларында инфекцияны көп жағдайда шыбындар таратады. ......
Кеңестер
Толық

Банк ісі | ҚР-ғы екінші деңгейлі банктердің ипотекалық несиелеу қызметі

Кіріспе
Курстық жұмыс өзектілігі. Кез-келегн жанұя өзнің жеке үйін немесе пәтерін қалайды. Совет Үкіметі кезінде қалыптасқан дәстүрлі схема Қазақстанда ұзақ жылдар бойы жүргізіліп келді. Біз білетіндей Совет Үкіметі кезінде барлық қаржы бір орталықтан басқарылатын болғандықтан, тұрғын үй құрылысына қаржы мемлекет тарапынан бөлініп, кейін кезекте тұрған халыққа тегін таратылып берілетін. Қазақстан өз егемендігін алғаннан кейін және нарықтық экономикаға өткенннен кейін бұл жүйенің тиімсіз екенін біле бастады. Нарықтық экономикаға өткеннен соң мемлекет тарапынан тұрғын үй құрлысына және халықты үймен қамсыздандыруға қаржы өте аз мөлшерде бөліне бастады, сол себептен нарықтық экономикасы дамыған елдердегі сияқты енді тұрғын үйге қажет қаржы ресурстары халықтың өз қалтасынан немесе банк несиесі арқылы алына бастады. Мұндай қалыптасқан жағдайда тұрғын үй құрлысына ұзақ мерзімді несие қажет болды. Бұл несиеге инфляция қарқыны минималды әсер ету керек және оның уақытылы қайтарымдылығы максималды түрде қамтамасыз етілу керек еді. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Психология | Қарым-қатынас және зейін үрдістерін теориялық талдау

Кіріспе
Қазіргі таңда психологияның алдыңғы міндеттері қоғам дамуының бағдарламаларын анықтайды. Еңбек өнімінің дамуы, техника мен технологияның дамуына білім беру мен денсаулық сақтау жүйесін жақсарту, осының барлығы адамға қатысты мәселелерді ғылыми зерттеуді талап етеді. Жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру мемлекеттің ең басты міндеттердің бірі. Өмір сүру барысында дамитын тұлғаның ерекшеліктерін меңгеретін білімнің көлемі мен сипаты, қызығушылығы, кез келген ортада қарым-қатынасқа түсе білуі, зейін қасиеттерінің жоғарғы деңгейде болуы, адамгершілік қасиеттері, осылардың барлығы адамның белгілі бір жағдайға еркін жауап қайтаруына белсенді және мақсатты түрде әсер етеді. Студент тұлғасының қарым-қатынас үрдісіндегі зейін қасиеттерінің жоғарғы деңгейде болуы студенттердің оқуда, еңбекте, қоғамдық өмірде белсенділігін дамыту жолдарын ашуға мүмкіндік береді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Психология | Қалыпты және көру бұзылысы бар балалардың зейінінің психофизиологиялық негіздері

КІРІСПЕ
Қалыпты және көруі өте нашар балалардың зейінінің дамуымен қалыптасуының жалпы заңдылығына ортақ.
Бірақ көру қызметінің бұзылуы күрделі немесе тіптен соқыр болса онда заттың бейнесін және қоршаған ортаның шынайылыгын қабылдауы к немесе тіптен мүмкін емес.
Зейін соқыр адамдардың психикалық қызметтің бір жағы сияқты жай нашар көретін балалар және ересектер жайлы аз зерттеген. Барлық тифлопсихологтар және тифлопедагоггар көру кемістігінің салдарынан түзетуде зейіннің маңыздылығы жоғары екендігін атап өткен.
Соқыр балаларды бақылағанда олардың зейіні төменгі деңгейде екендігін және бұл қоршаған ортаға деген енжарлықты байқатады.
Сонымен қатар көруі бұзылғанда сыртқы қоздырғыштардың аздығымен зейіннің тұрақтылығы төмендейді. Соқыр адамдардың өмірі тітіркендіргіштері арқылы ұзақ уақыт тыңдау жалығуға әкеп соға, сонымен қатар зейіннің шашырауын туғызады.
Мәселенің өзектілігі: К. Бюрклен, П. Виллей, А.А. Крогиус атты тифлопсихолгтардың айтуынша соқыр адамдарда танымдық сезімдік аймақтардың қысымы зейінге кері әсер береді, сонымен бірге, ол көрініс қалыпты адамдарда да болуы мүмкін деген.
Тифлопедагогикада А.Г. Литвактың айтуынша соқыр адамдарда ым ишараға зейін қойып отырған адамның қимыл-қозғалысын үйретуге көптеген күш жұмсалған бірақ барлығы осы уақытқа дейін олардың бәрі сәтсіздікпен аяқталады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Педагогика | Қазіргі кездегі оқу мекемелеріне сипаттама (гимназия, лицей, колледж)

КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі кезде қоғам дарынды, қабілетті адамдарды қажет етеді. Қазақстан Республикасының "Білім туралы заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет "Әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту" сияқты өзекті мәселелер енгізілген. Осыған орай мектепте 2—11 сыныптар арасынан қырық бес оқушы "Қабілетті оқушылар" қатарына іріктеліп, картотека жасалған. Картотекадан жеке оқу туралы толық мәліметтер алуға болады. Оларға кәсіби біліктілігі жоғары мұғалімдер жетекшілік етеді. Жетекші мұғалімдер арнайы бағдарлама түзіп, оқушы мектеп бітіргенше тұрақты жұмыс жасайды.
Білім мен сенім — егіз. Қазіргі кезде көп жерде айтылып жүрген "Ауыл мектебіндегі білім нашар" деген көзқарас ауыл балаларының психологиясына кері әсер етеді. Оның үстіне ауыл балаларының ұяң болып келетіні тағы бар.
Әрине, қаламен салыстырғанда ауылда ақпарат көздері аз, ауыл мектептерінің материалдық-техникалық базасы бүгінгі өміршең талаптарға сай келе бермейді. Алайда білімді де білікті мұғалімдср мен ата-аналар бар жерде қандай қиындықты да жеңуге болады. Мектебімізде жоғарыда айтылғандай түрлі шараларды ұйымдастыра отырып әрбір баланың біліміне, ерік-жігеріне деген сенімін қалыптастырып келеміз. Өйткені, біз бүгін әлемдік мәдениет пен білім беру кеңістігіне кіріскен ашық қоғамда өмір сүрудеміз.
Курстық жұмыстың мақсаты: Өркениетті қоғамға тән толыққанды тұлға тәрбиелеудің негізгі алтын діңгегі — ата-ана, өскен ортасы, өмір сүріп жатқан қоғамы. ....
Курстық жұмыстар
Толық