Қазақстандық қыз-келіншектер арасында перзентті дүниеге әкелуге ерекше дайындалып, босанатын перзентханасы мен дәрігерін жан ұшыра іздеп, олардың қалтасын алдын ала қампайтып қою сәнге айналған.
Оңтүстік Қазақстан облысында жылда жүздеген жасөспірім қыз жүкті болып қалады. Мамандар ерте жүкті болғандар қоғамда кемсіту мен шеттетуге ұшырайтынын айтады деп жазады Азаттық.
Тұтова Гүлшат Әбсаттарқызы - актриса. Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара қаласында дүниеге келген. 1993ж. Қазақ Мемлекеттік Т.Жүргенов атындағы Театр және кино институтын (қазіргі Ұлттық Өнер академиясы) театр-кино актері мамандығы бойынша бітірген. Театрда осы жылдан бастап қызмет етеді. Сахнадағы негізгі рольдері: Ұлттық классика мен заманауи драматургияда: А.Сүлейменовтің «Кегінде» әйел (реж. Ә.Рахимов), Д.Исабековтің «Әпкесінде» Көрші әйел (реж. Б.Омаров), Д.Амантайдың «Сәлеметсің бе, қоңыр мұңында!» Әйгерім, Ә.Ақпанбетұлының «Дүние-думанында» Бибіш (реж. Қ.Сүгірбеков), Қ.Ысқақ, Шахимарденнің «Қазақтарында» Шолпан (реж. Т.әл-Тарази), Р.Мұқанованың «Мәңгілік бала бейнесінде» Күләй, Қ.Ысқақтың «Жан қимағында» Бағдат (реж. Б.Атабаев), Т.Нұрмағанбетовтің «Ескі үймен қоштасуында» Зира (реж. Е.Обаев), Ө.Боранбаевтың «Әңгүдігінде» Зина, Б.Мұқайдың «Сергелдең болған серілерінде» Айжан (реж. О.Кенебаев), Ә.Әмзеұлының «Қара кемпірінде» Жеңгей, Н.Келімбетовтің «Үміт үзгім келмейдісінде» Қарлығаш (реж. Е.Обаев), С.Асылбекұлының «Күзгі романсында» Назгүл (реж. Ә.Рахимов), Мәдина Омарованың «Көмбе нанның дәмінде» Ағира (реж. А.Кәкішева), Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібегінде» Қамқа (реж.Е.Нұрсұлтан) т.б.....
Сүйіншәлина Бибігүл Ақтанқызы - актриса, кәсіби модель. 1991 жылы 4 шілдеде Алматы қаласында дүниеге келген. Кішкентай кезінде ата-анасымен бірге Мәскеуге қоныс аударған. Еңбектегі алғашқы тәжірибесі – 2 жаста теледидар жарнамасында кішкентай жапон баласының рөлін ойнаған. 9 жаста НурМур «Жұлдызым» тобының музыкалық клипіне түскен. 15 жасында келісімшарт жасап Сингапурде және Тайландта модель болып жұмыс істеген. 2006 жылы ресейлік белгілі «Громовтар. Үміт үйі» телевизиялық сериалында Файка рөлін ойнаған. Осы рөлден кейін Бибігүлді басқа жобаларға да шақыра бастады. 2007 жылы режиссер Олег Фесенконың «Сага о хантах» фильміндегі рөлде ойнады. 2009 жылы қатарынан 3 фильмде: «Трубадур» – Зарина басты рөлінде, «Астана – менің махаббатым» – Маржан басты рөлінде, Әмір Қарақұловтың «Виртуальная любовь» фильмінде – Эля басты рөлінде ойнады. 2013-2014 жылдары ресейлік «Выжить после» 12 сериялық телевизиялық фильмінде Айжан рөлінде, барлығы Бибігүл 12 кино және сериалдарда ойнаған. Қазіргі кезде ол ресейлік мемлекеттік аграрлық университетінде спорттық ат баптау мамандығы бойынша сырттай дәріс алуда. Сонымен бірге, Берлин қаласында неміс тілін үйренеді. Фотосуретке түсіру және сурет салу өнерімен шұғылданады. ....
Гүлжамал Мұқажанқызы Қазақбаева (1949 жылы 7 ақпанда Алматы облысы Кербұлақ ауданында туған) — актриса. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1992). Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1984). Құрмет орденінің иегері. Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы мемлекеттік степендиясының иегері. Гүлжамал Мұқажанқызы 1949 жылы 7 ақпанда Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Көксай ауылында дүниеге келген. 1966 - 1968 жылдары М.Әуезов атындағы академиялық драма театры жанындағы студияның актерлік бөлімін тәмамдады 1994 - 1996 жылдары Қазақ ұлттық өнер академиясы (бұрынғы Алматы мемлекеттік театр көркем сурет иниституты) "драма және театр актрисасы" мамандығы бойынша....
Гүлмира Тынышбекқызы Дайрабаева (1972 жылы 10 қарашада Алматыда туған) — қазақстандық танымал тележүргізуші, журналист, актриса. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Қазақстан Республикасы Ақпарат саласының Үздігі. Білімі 1995 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар мамандығы бойынша бітірген 1995 жылы Францияның СОФИ АНТИПОЛИС шет елдіктерге арналған институтында тәжірибеден өтті. Еңбек өтілі Еңбек жолын 1990 жылы «Қазақстан» телеарнасында жүргізуші болып бастаған 1990-1997 жылдары «Қазақстан» телеарнасында редактор, «Таңшолпан» бағдарламасында жүргізуші, коммерциялық бөлім қызметкері...
Данагүл Қайырсапқызы Темірсұлтанова (1964 жылы 9 мамырда БҚО Казталов ауданында туған) — қазақстандық танымал кино және театр актрисасы. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2008). Республика жұртшылығына "Тамаша" әзіл-сқақ театрынан кеңінен танылған дарынды артист. Данагүл Қайырсапқызы 1964 жылы 9 мамырда Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданында дүниеге келген. 1983 - 1987 жылдары Қазақ ұлттық өнер академиясының "театр" бөлімін КСРО Халық артисі, профессор Шолпан Жандарбекова мен Қазақстанның халық артисі Тілектес Мейрамовтың сыныбын бітірген. 1987 жылы жолдамамен Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамыа алынады. Сол жылдан бастап оыс қара шаңырақта еңбек етіп келеді. 1989 жылы "Тамаша" әзіл-сқақ театрына Лұқпан Есеновтың шақыртумен келеді. Осы кезден бастап республика жұртшылығына кеңінен таныла бастайды. ...
Гүлнар Абдуллақызы Досматова - (5.11.1964 жыл, Алматы) - киноактриса, тележүргізуші, ҚР халық әртісі,. ҚазҰУ-ды бітірген (1989). Кинодағы алғашқы елеулі рөлі "Даладағы қуғын" (Бандыны қуған Хамит) фильміндегі - Әйгерім (1979). Сол фильмнен Гүлнар кішкентай болғанымен де бірден атақты бола шықты. 1985 жылдан "Қазақфильм" киностудиясының актрисасы. Досматова 20-дан астам фильмге түскен. Мысалы, "Жеңімпаз" (1982), "Мерекенің үш күні" (1981), "Кардиограмма" (1995), т.б. Отандық "Тоғысқан тағдырлар" телесериялында ойнады. 1985 ж. Минскіде өткен Бүкілодақтық кинофестивальда "Адамдық фактор" фильміндегі ролімен "Ең үздік әйел бейнесі" үшін жүлдесін жеңіп алды. 2000 ж. "Жыл таңдауы" байқауында "Жылдың үздік актрисасы" атанды. Ал 1982 жылы оны диктор болуға телевизияға шақырылды.....
Гүлфайрус Мәнсүрқызы Ысмайылова (15 желтоқсан 1923, Алматы — 12 мамыр 2013, Алматы) — қазақ кескіндемешісі, театр және кино суретшісі. Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері (1965).Қазақстанның халық суретшісі. "Платинды Тарлан" сыйлығының иегері (2002). Өмірбаяны Шын есімі — Күлпәш Тансықбайқызы Қоңарбаева. Гүлфайрусты кішкентай кезінен Мәнсүр Ысмайылов асырап алған, ол оның бес қыздарының үлкені болды. 1949 жылы Алматы көркемсурет училищесін бітірген. 1956 жылы Ленинградтың Репин атындағы кескіндеме, мүсін және сәулет өнері институтын (М.П. Бобышевтің кескіндеме класы бойынша) бітірді.....